ВЕРНУТЬСЯ

Шытырман оқиғалар жазудың шебері - Кемел аға

1984- шi жылдың 20-сыншы қаңтарында Ақтау қонақ үйiндегi бөлмемiзге телефон соғылды. Телефондағы дауысты бiрден тани кеттiм- облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Саламат Мұқашев екен. Сәкең, сiздер елге жүргелi жатырсыздар ма деп сұрап алды да, Дүйсенбi сен шытырман оқиғалар жайлы  кiтаптарды оқуды ұнатамын деушi едiң ғой.

Сөз зергері (Нұрым Шыршығұлұлының 160 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөз)

Осы конференцияға қатысып отырған әдебиет сүйер қауымға Нұрым таныс деп білемін. Ол Абыл бастаған ақындық ортаның көрнекті өкілі, дүлдүл ақын Қашағанның ұстазы. Сондай-ақ, өзі Абылдан үйренген «Қырымның қырық батыры» ерлік дастанын Қашаған, Ақтан, Мұрындарға ұластырған әйгілі жырау, жыршы және термеші. Нұрымның жырлары достыққа, туыстыққа, татулыққа құрылған. Оның осы уағыздары күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ және бұдан былай да жоюға тиіс емес.

Теңгесі жоқ дарын

(Мұрын жырау Сеңгірбекұлының туғанына 130 жыл толу мерекесінде сөйленген сөз.)Қазақ жырының мерейін аспандата көтеріп, көне тарихты халқымыздың әйгілі сүлейлері, дүлдүл ақындары Абыл, Нұрым, Қашаған, Сәттіғұл айтқан күйінде үздіксіз толғап, кейінгі ұрпаққа жеткізудің қасиетті жүгін мойны талмай көтере,  қастерлей білген, бұл жолда өзінің бүкіл өмірін сарп еткен кемеңгер айтушы, салиқалы жырау, «Қырымның қырық батырын»   алты ай бойы талмастан жырлаған Мұрын жыраудың өмірге келгеніне міне бүгін 130 жыл толып  отыр.

Ақбөбек - қайып хикаясы

Маңғыстау облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Саламат Мұқашев облыс   аудандарында  жиi болып тұратын әдетiмен  бiздiң Бейнеу ауданына да  шалғайда орналасанына қарамастан сапар шегiп, ел жәйiмен егжей- тегжейлi танысып тұратын. Сәкең Бейнеуге бір келген  сапарында ауданның “Жарқұдық” деп аталатын жерiнде түйе отарында болып, түйешiмен, оның отбасымен танысып, Сам құмының бiр қабат iшiндегi малдың су iшетiн құдығын көрдi.

Өнегелі өмір

Белгілі ғалым, жазушы Қабиболла Сыдиықұлының өнегелі өмір жолы, кең көлемдегі сан қилы ғылыми зерттеушілік қызметі, табиғи таланты жөнінде онымен үзеңгілес азаматтардың жылы лебіздеріне, айрықша құрметпен арнаған толғауларына толы көптеген естеліктер дүниеге келді. Сөз жоқ, бұдан былайда Қабекең туралы, оның шаршамай-талмай жүргізілген зерттеу жұмыстарының қыр-сырларын аша түсетін тұшымды еңбектер жазыла бермек. Солардың бірі таяуда ғана жарық көрген ізденімпаз жорналшы, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері Ә.

Страницы