ВЕРНУТЬСЯ

Булыойық

«Булыойық Оңтүстік Үстірт (Атанияз) өңіріндегі жер асты үңгірі. Тереңдігі 200-300 метр. Үш қабатты алып киіз үй тәрізді күмездерден тұратын бұл жұмбақ үңгірдің түбінде көздің жасындай мөп-мөлдір су көзі бар. Үңгірдің ішкі ауасы жаздың ыстық айларында айрықша салқын болады да, қыс айларында керісінше жылы болып, табанындағы судан көтерілген бу сыртқа шығып жатады. Осыдан үңгір Булыойық деп аталған. Үңгірдің сырттағы аузында қой тастан қашалған шағын астау бар.

Өресі биік өнер

Әр кез алуан өнер түрлері өресінің биік болып танылуы, немесе көмескі елес күйінде ғана қалуы көрермендердің берер бағасына тікелей байланысты десек, облыстық драма театрында қойылған белгілі ақын, драматург, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Сайын Назарбектің «Ақбөбек» атты екі актылы музыкалық драмалық спектаклінің алғашқы қойылымын тамашалаған көрермендердің «бұл бір өресі биік өнер болды» -деп бағалаулары шығарманың көңілден шыққанының айғағы еді. Шынында да спектакль басталар шақта сахынаның арғы жағынан әйгілі әнші Күріш Тасболатовтың Қайыптың әні «Жадау көкті» асқақтата шырқаған да

Аса қадірлі Ағаеке!

Сізді сексеннің сеңгіріне шыққан, ел ақсақалы болып отырған осынау жайсаң жасыңызбен Әріповтер әулеті–баршамыз болып қуана құттықтаймыз.Сіздің осы жылдар ішінде әрбір басқан қадамыңыз ерен ерлік істерге толы болып, жоғары адамгершілігіңіз, парасаттылығыңыз, айрықша ақылгөйлігіңіз арқасында өзіңізді білетін ел-жұрт алдында үлкен беделге ие болдыңыз.Буыныңыз бекімеген балғын жас кезіңіздің өзінде-ақ, сонау қиыр шетте жатқан Керел өңірінен сол кездегі қатынас тұрғысынан алғанда айшылық жердегі Атырауға арман қуып, білім іздеп аттандыңыз.Оқу орнын бітіріп келіп енді-енді еңбекке араласа бастаға

Еңбектен келген аброй немесе ер қадірін ел білер

Егемен еліміз қай жағынан да қарыштай дамып, ілгері қарай нық қадам басып келеді. Соның бір кепілі, соңғы жылдарда халықтың әлеуметтік- тұрмыстық жағдайының жақсарып,   елдің неше алуан дәстүрлерінің де кеңінен жаңғыра бастауы.

Ел мүддесін жырлаған немесе Мырзағали Іңірбаевтың поэзиясындағы азаматтық үн

Мен Мырзағалиды сонау жетпісінші жылдардағы жас кезінен, өзім басшылық еткен Бейнеу ауданындағы журналистік қызметінен білуші едім.Өзінің дағдысы солай болар, баспасөзде өлеңдері мейлінше  сирек көрінетін, бірақ шыққан өлеңдері ерекшеліктерімен зейін аудартатын. Сонымен бірге мені бұл қаламгердің өлке, ұлтымыз бен халықтар тарихына арналған мақалалары, этнографиялық, лингвистикалық этимологиялық еңбектері де, ел ішінің саяси- әлеуметтік мәселелеріне арналған толғамдары да қызықтырып жүретін.

Страницы