ВЕРНУТЬСЯ

 Уа, аса құрметті халайық!Елімізде, Тәуелсіздік шапағатының аясында қол жеткен қазіргі кезде, кең байтақ республикамыздың әрбір аймағында елін, жерін қасық қаны қалғанша қорғаған батырларымызды еске алып, олардың рухына арнап Ас беру дәстүрі кеңінен құлаш жайып келеді. Соның бір айрықша көрінісі кезінде қайтпас ерліктің, өрліктің туын жоғары көтеріп, елін, жерін қорғаған Жылкелді батыр ұлы Рысалы батырдың рухына арналған бүгінгі Ас. Елін қызғыштай қорғаған батырлар туралы Маңғыстау түбегінің сұңғыла жырауы, Қазақстанның халық ақыны Жанғабылов Сәттіғұл:Шүберекке түйіп жандарын,Бекем де буып белдерін,Бостандық үшін айқасқан,Еңіреп туған ерлерім. Жайқалса жапан белдерім,Жаңғырса өлкем-жерлерім.Ұмытпас елім қиқұлап,Қызғыш боп өткен ерлерін – деп ұрпаққа деген үлкен сеніммен даналық сөз тастаған. Бұдан біз бұрынғы да, кейін де өмір сүріп, елін, жерін қорғаған батырлардың, сондай-ақ халқымыздың тарихында айқын із қалдырған шайқылардың, би-шешендердің, айтулы ақылгөйлердің аты өшпесін, ұрпағым әркезде де оларды еске алып отырыңыздар деген өсиетті ұғынамыз.Ас беру тағылымдық, тәлімдік өнегесі мол шара. Бұл тек Атырау мен Маңғыстау елі үшін ғана емес, қаптаған жаулар қаншалықты қанжар сілтесе де «еңіреп өткен ерлердің» жанқиярлық ерлігі арқасында іргесі сөгілмей, ақырында күні бүгінгі Тәуелсіздігімізге қол жеткізген бүкіл еліміз үшін маңызды шара деп білемін.Ақиық ақын қызымыз Фариза Оңғарынова: «Менің ұғымымда Махамбет тойына ең қымбат шашу – оның семсер жырлы ақын екенін естіп, сырттай мақтан ету емес, Махамбет жырларындағы парасаттық асқақ рухты қанға сіңіру, ел мен жерін ешқандай мансапқа, байлыққа сатылмайтын сезіммен Махамбетше сүюді үйрену»-деген. Ал Махамбеттен 100 жыл бұрын өмір сүрген Рысалы батыр да елін, жерін қалтқысыз сүйді емес пе, сондықтанда ол ел қорғаны бола білді. Олай болса, оның рухына тағзым ету тек кәзіргі емес, болашақ ұрпақтың да қастерлі борышы деп айта аламыз.Демек, Рысалы батырға Ас берілуі тарихи оқиға – бұл ұлттық рухымыздың әркез биіктен көрініп келе жатқанының  талассыз айғағы. Бұның өзі егемен еліміздің айбынының, Тәуелсіздігіміздің шапағаты аясында іске асып отыр.Мен ұзақ жылдар Бейнеу ауданында басшылық қызметте болған кезімде кәзіргі Рысалы батырға кесене тұрғызалған қауымда болмаған екенмін. Сол кездегі Кеңес өкіметінің саясатының салдары болар, өзге азаматтарда бұнда кімдердің жатқанындағы туралы ауыз ашқан жоқ еді. Міне, соңғы жылдарда ғана бұрынғы өткен Ата-Баба рухын тірілтуге аянбай, шаршамай-талмай ат салысып жүрген ініміз Ислам Мырзабекұлының  ізденімпаздығы, арабша сауаттылығы арқасында осы қауымда Жары Жетімекұлы Рысалы батырдың жерленгені нақтыланып, Ата ерлігіне риза ұрпақ еңселі кесене тұрғызып, қорымды Рысалы Ата зираты деп атап, онда белгі тақта орнатылған.Исламның Бекет-Атаның өмірі, шыққан тегі, әулиелік қасиеттері туралы мәліметтерді жатпай-тұрмай зерттеп, аяқ жетер жерлердің бәрінде – Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстанның аудандары мен ауылдарында, қалаларында болып, Атаға байланысты бұрын айтылмаған, жабулы жатқан көптеген дүниелерді жарыққа шығаруы екенін бірінің қолынан келе бермейтін үлкен іс.  Ал осы Астың ұйымдастырылуы да аудан басшыларының, өзге де ел азаматтарының қолдауы, араласуы арқасында іске асып отырғанын айтқанның өзінде де, Исламның айрықша тер төккен еңбегінің нәтижесі екені баршаға аян. Мырзабекұлының, сонымен бірге «Рысалы батыр, немесе,Жарыдан шыққан жайсаңдар» атты кітапты құрастыра отырып, өзі де бірнеше көлемді мақалалар жазған еңбегі де бір төбе.Құрметті халайық!Сіздерді Ата-Баба әруағы әркез қолдап жүрсін, Рысалы бабаның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!Құлсары,  28.09.2003ж.