ВЕРНУТЬСЯ

Шаншылығы
Алатаудың ұршығындай.
Шабыттың
шырқап биік ыршуындай.
Шолып тұр
шартарапты Абай шыңы,
Шытырман, жақпар-жақпар жыр шыңы.
Шыңдардың ақиығы. мұң баяғы.
Бөктерде балалаған құз құсады
Жап-жасыл аршаларға жар болады.
Қызықтап
Алматыны қыз карады.
Қалада
Абай жақта түр тағыда.
Жолығып жұрттан бұрын нұр таңына.
Тұғырын
түсіп өзі беруге бар
Көгерген аруағын ұрпағына.
Жоқ, түспе, тағыңда қал. Абай бабам!
Даламыз болмапты онша Абайша бай.
Шыға алсақ,
шың жетеді, тас жетеді,
Жүрмесек
жығылып қап абайламай...
1466