Сұлу жеңгей он орайтын қызыңды...
Сезім қылы аяқ асты үзілді.
Самайынан ағарған бір шаш көріп,
Сайтан көңіл сабындай-ақ бұзылды.
Жастық шақтың жабылғандай есігі,
Жанарына жас та келді есігі,
Шыныменен ақ шаш
па деп,
па деп,
Жеңгеміз
Шарайнаға қарады
ұзақ тесіліп.
ұзақ тесіліп.
Қарады ұзақ,
Қарады ұзақ түр-өңін.
Қайткенде де
табу керек бір емін.
табу керек бір емін.
Сол-сол екен,
Сұлық түсті диванға,
Селебемен қақ
жарғандай жүрегін.
жарғандай жүрегін.
Тіл тигендей
сәйгүлікке,
сәйгүлікке,
Пыраққа.
Түскендей бір алмас шалғы құраққа.
Сенесің бе?
Сенбейсің бе?
Өз еркің,
Содан сұлу жатты ауырып бір апта.
Қалжыңдасу жарасады құрдасқа,
Қарындастар жымияды құр босқа...
Бір тал болса
бір тал болсын
бір тал болсын
Сол шаштың
Сұлу үшін орны тіпті бір басқа!
Сол сұлулар - махаббатта үстемдер
Сері достар,
Бір харекет
істеңдер!
істеңдер!
Мүсәпір боп шыға
келер
келер
Осынау
Бір тал шаштың тұзағына түскендері
Бір тал шашта құдірет бар,
Жылу бар.
Бір тал шашта
табыну бар,
табыну бар,
Ығу бар.
Бір тал шашқа ақ түсті деп жыласа
Тектен-текке жыламайды сұлулар!
- 713 просмотров