ВЕРНУТЬСЯ

"   Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ысқақ БақыткерейЗәйкеұлы  /Қыпшақ/ 1945 жылы 9 мамырдаҚостанай аймағы, Арқалық ауданындағы "Қайыңды" кеңшарында туған. 1963 жылы А. Иманов кеңшарының     "Жаңа ауыл" орта мектебін бітіргенненкейін, 1968 жылға дейін Аманкелді және Арқалық аудандарынды шофер болып еңбекеткен. 1995 жылдан Аманкелді ауданының - "Құрметті Азаматы".{mospagebreak}            1968 жылы қазақтың Абай атындағы педагогикалықинститутының, тіл-әдебиет факультетіне түсіп, оны 1972 жылы бітіргеннен соң,Жазушылар Одағының Көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, 1975 жылданБаспа комитетінде аға редактор, 1976 жылдан "Жалын" баспасының балалар редакциясында, 1979 жылдан 1996 жылғадейін  "Жазушы" баспасының поэзиябөлімінде редактор болып істеген.            Б. Ысқақтың өлеңдері облыстық жәнереспубликалық газет, журналдарда 1962 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдержинағы 1975 жылы "Жалын" баспасынан шыққан "Көктем тынысы" атты жастар жинағынаенді.             Ақын, татар ақыны М. Хусайыннң"Сүйемін сені", моңғол ақыны Ж.Дошдондогтың "Күн шуақ", "Үш сайыс" атты өлеңкітаптарын аударды. Сондай-ақ Т.Шевченко, Тоқтағұл, М.Исаковкий, Б.Слуцкий, В.Кулемин,Я.Козловский, О.Фокина,М.Познанская, П.Засенко, И.Минтяк, А.Осмаев,А.Сафронов,Д.Нямая, А.Дулятов, Учкын, К.Вельц т.б. совет, отандас ақындардың өлеңдерінаударуға қатысты.            БақыткерейЫсқақтың өлең-жырлары орыс,татар, қырғыз, ұйғыр және моңғол тілдерінеаударылды. 60- тан астам жыр жинақтарына енген.Көптеген баллада, шағын толғаулар мен бірнеше поэмалардыңавторы.Тарихи тұлғалар өмірінен жазылған: "Көшпелілер" Тұмарқызжайлы), "Мүйізді Өтеген батыр","Жау жүрек Жәуке","Біртуар" (Қошқарұлы Жәнібектуралы), "Дала қыраны" (Аманкелд жайлы), "От шеңбер" (Құныскерей Қожахметовжайында), "От шайнаған- Ұл" (Мұстафа Шоқай туралы), "Тас мүсіндер сөйлейді"(Эстониядағы Саласпилс концлагері жайлы), "Әбдіғаппар хан" "Біртуар Бекзат-ай","Дүбірлі дәуір" (тың игерудің 5 жылдығына орай), "Өміршең -өнер өзегі"(Ә.Қастеевтің өмір жолы), "Арман асулар" т.б. осындай он бес шақты тарихи поэмалар жазы, оқырманға ұсынған. Бәріде баспасөз  беттерінде жарық көріп,көпшілігі кітапқа кірген.Жас ұрпақ тәрбиесі, аға буын өнегесі, адам тағдыры, өмірдегіигі өзгерістер, жақсы жаңалықтар нышаны ақын жырларының негізгі нысаны. Адалдостық, айнымас махаббат, адамгершілік туралы өлеңдері өзіндік бояу,  өрнегімен оқушы көңілінен жол тапқан.Бақыткерей қандай шығармасында болмасын өз ойларын, өрнектітілмен, поэтикалық үнмен, алымды үйіріммен жеткізуте шебер.Өз даусына лайық тақырып таңдап, оны өзінше жырлап, өмірқұбылысын қамту жағынан авторлық ойды бейнелу позициясы жағынан болсын өзіндіксипатпен көңілге жылылық ұялатып, оқырман мен ақын арасындағы жібек желініширата түскендей.Жарық көрген кітаптары:"Ғашық жүрек", "Тәкаппар таулар", "Маржан тұма", Шыршалы шың",  "Жол айрығы",  "Найзағай жарқылы",  "Бұлттар таудан тарайды",  "Бұлттағы бұлақ",  "Той төбе",  "Разбег",  "Горная высь",   "Бес тас", "Ханталапай",  "Қайыңдышоқы",  "Жүрегім-жұлдыздар ұясы",  "Өміршең өнер өзегі",  "Тәңір құсым",  "Күн ілгері", "Арман асулар".Бірнеше дүркін Республикалық, аймақтық жыр мүшәйраларныңжүлдегері   атанды."

Бақыткерей