ВЕРНУТЬСЯ

      Ай, балбөбек, балбөбек, балдайсың,

Атқан жазғы арайлы таңдайсың.

Күлгеніңде көктемгі күндейсің,

Күн нұрымен
құлпырып гүлдейсің.

Бақыттысың, балбөбегім,

Тұр
алдыңда бар керегің.

Тез ер жетші, балбөбек,

Оқып білім ал, бөбек!

Ай, балбөбек, балбөбек, балдырған,

Келер күндер шығады алдыңнан.

Елге тұлға
ұлан бол, балақан,

Биік ұшар
қыран бол, балапан.

Бақыттысың, балбөбегім,

Тұр алдыңда бар керегің.

Тез ер жетші, балбөбек,

Оқып білім ал, бөбек!

27 тамыз, 1949.