ВЕРНУТЬСЯ

Елдікті айту - әрбір ұлтшыл  үйге сын,Сөз бенен іс тапса қандай үйлесім.Біздің үйдің қазақтары бас алмайКөрдік бірде Бейбарыстың киносын.Бұл фильмді түсіріпті арабтар,(Арабтарға бұл өмірде сауап бар).Қорғап қалған мұсылмандар әлемін-Мәңгі өлмейді Бейбарыстай дарақтар.Ұлы дала төскейінде шыр еткен,Қыран бала туған батыр жүрекпен.Арабтардың  қастер тұтар тұлғасы-Беу, Бейбарыс, тектілікті ту етен.Сол ерлікті дастан етіп, дәріптеп,Тарихына жазған алтын әріппен.Он ғасырдай уақыт шіркін өтсе де,Бірге жасап келеді Ол халықпен.Бастан кешкен  баян ғұмыр көшелі,Зар заманда қайтпаған бір меселі.Мысыр елін билепті ғой бұл қазақ,Нар тұлғалы, мамлюктердің көсемі!Қайрат қылған елдің қамын шын арлап,Жат қоныста басқа қонған шынар-бақ,Беу, Бейбарыс, аласармас биігің,Ақын біткен ағыл-тегіл жыр арнап....Бір күндері таусылды да сериал,Қияларға кетті самғап бір қиял.Опасыздық жеткен ақыр түбіне,Бейбарысты о дүниеге кім қияр?!Өзгелердің жатқа бермей  Отанын,Қилы шақта желбіреткен жалауын,Бейбарыстай сұңғыла ойлы түркініУ бергізіп өлтіртіпті Қалаун...Әу басында кино көрген сүйініп,Он жастағы қызым кетті күйініп,Көзінен жас, қабағынан қар жауып,Қара аспандай қарайды кеп түйіліп!-Қалаунды өлтірейік, жауызды,Дос-серігін сатып кеткен нағызды...Дейді қызым, жұдырығы түюлі,Көргеннен соң кино-тарих-аңызды...-Қарағым-ау, заман заңын біліп қой,Қалауын да алмас қылыш жігіт қой.«Ханның басын хан алады»  деген бар,Тақ-таластық қанға сіңген ғұрып қой!.....Өлтірсе де қаны бірге әңгүдік,Жалпақ жұртқа даңқы жеткен жаңғырып,Тектілік пен көсемдіктің символы –Бейбарыстың өшпейді рухы мәңгілік!!!

Автор: