ВЕРНУТЬСЯ

"Ғабиден Мұстафин (1902-1985) 29 қарашадақазіргі Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген.14 жасында Спасскзауытының табельшісінен бір жыл орысша оқып, сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебінің4-сыныбына түседі.Бұдан әрі оқуғамүмкіндігі болмай, туған ауылына қайтып оралады. Ауылда әр түрлі қызметтеболып, 1925 жылы білімін көтеру мақсатымен Қызылордаға келеді. Мұнда оқуға түсеалмай, өлкелік сотқа іс қағаздарын тіркеуші қызметіне орналасады. Жазушылықөнерге құмарлығы осы кезден басталады.{mospagebreak}Алғашқы әңгімесі"Сәрсен мен Боқаш" (1927) "Жыл құсы" журналындажарияланады.Тұңғыш әңгімелержинағы "Ер Шойын" (1929) деген атпен басылып шықты. 1930 жылыкөктемде Қарағандыға ауысып, үш жыл қара жұмыс істейді: слесарь, токарьмамандығын меңгереді. 1938 жылы "Қарағанды пролетариаты" газетініңжауапты хатшысы қызметіне тағайындалады. Көп кешікпей, Новосибирск қаласындаказақ тілінде "Қызыл ту" атты газеттің шығуына байланысты, сондажіберіледі. Газет жабылғаннан кейін (1938) Алматыға келеді. 7-8 жыл көркем әдебиеттенқол үзіп кеткенімен, журналистік жұмыста қаламы төселіп, өмір тәжірибесімолайып қалған оның Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазған тұңғыш романы"Өмір не өлім" - 1940 жылы жеке кітап болып басылды. Бұрын өндірістақырыбына "Алыптың кереметтері" (1936) очеркі мен "Керуен"(1938) атты әңгімесі жарияланған автордың аталған романы қазақ әдебиетінде бұл саладағыалғашқы күрделі туындылардың бірі болды. Он шақты жылдан кейін осы тақырыпқақайта оралып, "Қарағанды" (1952) романын жазды.Алғашқыда"Әдебиет майданы" (қазіргі "Жұлдыз") журналының қатардағықызметкері (1938-1940),Кейіннен редакторы(1940-1948) бола жүріп, жемісті шығармашылық еңбек етті. Колхоз-совхоз сахналарынаарналған бірнеше шағын пьесалар ("Айғақ", 1942), көптеген әңгімелержазды."Шығанақ","Дауылдан кейін" романдары мен "Миллионер" повесі ауылөміріндегі елеулі өзгерістерді суреттеуге арналды. Соңғы күрделі шығармасы -"Көз көрген". 1953-1957 және 1961-1964 жж. Қазақстан Жазушылар одағыбасқармасының төрағасы болып қызмет атқарды.ҚазақстанныңХалық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1958),Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Алтыншы сайланғанҚазак КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ленин ордені мен (2 рет) IIдәрежелі Отан соғысы, екі Еңбек Қызыл Ту (2 рет), Халықтар Достығыордендерімен, медальдармен марапатталған. "

Ғабиден