ВЕРНУТЬСЯ

          Жауынды жаздың
бірсыпырасы өткен. Шілдедегі жер беті
жайқалып тұр. Табиғат биыл мырзалығын мақтана көрсетіпті.
Ескі аңыздарды қодыраң басса, тастақ төбелердің,
бетегесі қоян жасырды. Егін бурыл тартса да бойлап
барады. Бойлаған сайын басын ие түседі. Колхоз даласы
қалың қамыстай. Жел үп етсе, сыбдыр етіп, сыбырласа жөнеледі. Бақшасы
белуарынан келіп, ыңыранған ауылдың ішінен скрипка үні естіліп тұр. Ешкім еш
уақытта естімеген жаңа үн, жаңа сарын, құлақ тояр емес, тіл сипаттап болар
емес.

Көңілді күндей жарқыратып, бойды қымыздай албыратып барады.
Біресе шарықтап, біресе құйылып, қалықтағанда осынау дүние алақаныңа, асқақ
арман табаныңа бір келген сияқты. Сезім патшасы сұлу үн колхоз клубынан шықты.
Клуб есігін ашсаңыз, нәресте жүз, сым саусақ, сөзі бал, мінезі жаз, жас
қайыңдай ырғалған Алманы көресіз. Қоршаған жастардың ортасында
"Күншуақ" күйін тартып тұр. Көп ізденіп, көп жүріп, Алматыда аяқтап
қайтты бұл күйді. Келісімен колхоз клубын қолына алған. Бос минутын колхозшылар
осында өткізеді. Музыка үйірмесі өз алдында. Біреулер газет, кітапқа үңіліп
отырса, біреулер дойбы, шахмат, бильярд ойнап жатыр. Клуб іші өмір айнасы. Қабырғаларындағы
диаграмма, қарта, сурет мақеттерден колхоздың ғана емес, бүкіл еліміздің
бейнесі байқалады. Алманың бұл "Күншуаққа" қоса әкелген бір жаңалығы.
Енді бірі - колхоз жастарының көркемөнерін көтере түсті. Оның маңына топталған
көркемөнер талапкерлері: әнші, биші, ғармоншы, домбырашы, мандолинші... Өз
ортасынан шыққан Алмасын, бәрі мақтана тыңдап, ұстазындай құрметтеп отыр. Осы құрмет махаббат - Алманы өлімнен

бір құтқарса,
бүгін "Күншуақты" тарттырып, өмір шыңына шығарды. Көңілі өскен, құмары артқан
Алма скрипқаны қабына салып, кетер алдында толқи тұра сөйледі:

-        Тәртіп бойынша сіздерге мен есеп беруге міндеттімін. Әуелі мынаған қараңыздар, -
деп өзінің

пионер күнгі
суретін көптің көзіне тосты. Осы клубтың сахнасында,
қолында жер шары, декламация айтып тұрған кезі.

-        Ақ лақ, ақ лақ әлі сондай тәттісің! -
деген дауыстар көтерілді. Алманы
жасында "ақ лағым" дейтін әкесі. Аңшы дос пен күзетші Мәмет қарт соны еске салып
тұр...

-        Өмірімнің бұл бір ұмытылмайтын шағы, -
деді Алма. -- Одан кейін, жетім кезімде, осы
үйдің алдынанауыл болып алыс жолға
аттандырғанда: "Жолың болсын,
қарағым, тез бітіріп қайт..." деген

дауыстар құлағымнан,
жылы сөз, жаудыраған көздер есімнен
әлі кетпейді. Соны сағынып, оқуды мерзіміненбұрын
бітіріп келген едім. Сол ауыл, сол дауыс, жылы сөз, жаудыраған көздер бұдан екі-үш ай бұрын
тағы да аттандырды. Тағы да айтты тілегін. Мен қазір көрмеймін. Сіздер көріп тұрсыздар. Орындалды ма, тілек?

-        Орындалды!

-        Артығымен орындалды!

-        Клуб іші күйге, нұрға толды.

-        Ризамын тағдырға! - деді Алма. - Көзімді
алса

да, көңілімді
алмады. Ризамын халқыма, көңілімді күйледі, "Күншуақтай"
күй берді. Сөзін бітірген соң, скрипкасы қолтығында,
таяғымен алдын шолып, сахнадан түсе берді. Көп дуылы бойын дуылдатып, қызыл түлкідей құлпыра
шықты клубтан. Қазір дағдылы жолдарды жолдассыз-ақ табатын. Шапшаң жүріп, қысқа адымдап үйіне
жеткенде:

-        Әже, мен бақытты екемін! - деді есіктен
кіре. - Жұрттың жүзін көрмесем
де, толқынды дауыстарданжүрегін
сездім. "Ақ лақ" деді ғой. Әлі сондай сүйкімді болсам, одан артық бақыт не! Папам ғана
айтатын еді. Ел айтты енді, ел айтты!

-        Бақытыңнан айналдым. Балаша қуанған ақ
ботам! - деп Дәмет бәйбіше өз қуанышын көз
жасымен білдірді. Алма
мұны да сезді.

-        Далаға шығып, бой жаз, әже. Мен отырам
үйде. Кемпір кеңесті қыздыруға бәйбіше кетті.
Аздан соң

танауы
желпілдеген қыз бала енді. Ентігіп болып тұр. Қолында
дәптері бар.

-        Бұл кім?

-        Мен, Алма тәте.

-        Айжанбысың?

-        Иә.

-        Тағы да музыка тыңдауға келдің бе?

-        Жоқ. Дәптер әкелдім, тәте. Біздің Қайнықештің қолында жүр, жазуы бар. Сіздікі емес пе?

-        Кәне, оқышы жазуын. Айжан оқи бастады. Биыл төртінші класты
бітірген, зерек бала. Алмамен
көрші. Күнде музыка тыңдап, декламация
айтып, билеп кететін. Дәптер
сөзіне түсіне алмай, көңілсіздеу
оқыды. Ел көздегені ғана емес, көңілдегіні де
біледі. Басқа түгіл өзімнен жасырған бір
сырым бар. Жүрек түбіне тықсам да сол сырды жұрт қоймады. Дәптерім, сен сақтап бер. Тәнім таза, жаньш қара бір жанмын.
Не болдымсонда? Адамшылық ар
асқар таудай алдымда тұр. Кеу-кеулеген
бір күш атта дейді содан. Аттамасам өртеп барады, аттауға адымым жетпейді.
Тылсым сынды, өмірдің бұл
қай қысымы! Тәнім таза болғанша, жаным таза болсайшы.
Жанымдай жақын Алманы қарайтқанша, қара күйедей
қарайсамшы. Бұл не ғажап! Жанышта дейді со жаралы
жанды. Қалай барар батылым! Өйтіп татқан ләззаттан, ішіп өлген у артық. У тек
өлтіреді. Ал, мынау, мынау... Бәріне,
Жомарт сен кінәлы. Неге тудың, неге көрдім.

Сенің терең көзіңнен,
терең теңіз тайыздау. Сенің асқақ ойыңнан
асқар тау да аласа. Егер, тылсым бар болса, сол тылсым
дәл сен дер ем. Аңдатпай алдың еркімді. Сала бер отқа
шыжысам да қабақ шытпан. Бірақ, бірақ, ақ бөпедей Алманы
шырылдатып кете алман, кете алман! Алтын сабыр мыс болмай, болат жігер бор
болмай, берілме, Жанат, берілме!.."

-        Бұл не дегені, кім жазған? Жанат
тәтемнің де аты бар, - деп оқып болған
соң Айжан кішкене иығын қиқаң еткізді.  Жаңа ғана қуаныш кернеп жайраңдаған Алманың көңілі
сұр бұлт көшкендей сапырылып кетті. Көзілдірік
орнында қарақат көз тұрса,
нажағайша жарқылдар еді.

-        Бара ғой, қалқам, бара ғой! -- деді
балаға. Оңаша қалса да үйге сыймай
жүр. - Дос, қуаныш дегендер осыма?!
- дегенде көкірегі қарс айрылады. - Енді не қалды?! Қос қарашық сөнее де
көңілдегі от сөнбеп еді?! Жаныма тең Жанатым жау болып су құйған соң, бықсып,
міне, шіп барам. Дос қанжарды жүректен салады
екен! Тасыған көңіл тартылса, тақыршақ екен! Ей, пасық дүние, тағы нең бар?! Әкел, әкел... Енді маған
бәрібір, - деп ақылы ауысқан
адамша, құшағын кең жая, сенделген Алма бір кезде
шошып оянғандай селт етті. - Қателесіппін! - деді де
скрипкасын ала сала "Күншуақ" күйін сарнатты. Балқып кетіп, тасып
кетіп, күй ырғағымен құйқылжып отыр. Мейірі қанған соң, - айықты көңіл -
Адасқан екем, - деп басын шайқады. - Оның да мендей тілегі, жүрегі бар. Мен
үшін екеуін бірден бұғаулап, отқа салған досыма, жаңа бер деп қалай айттым? Менің жаным сенікінен аяусыз ба десе не дер едім? Жанат достыққа шыдап
тұр. Шыдармын ба мен сорлы? Қолқа салды жүрекке! Жүрегін бермес

достардың салты
бізге керек пе? Шешілместей бір түйін тағдыр
тағы тастады. Жомарттың не ойы бар? Егер, оны да
осылай қинасам, екеуінің арасына біткен сары тікенек мен емей кім? Досың қайғы жұтқанда
рақаттың не сәні бар? Бөліп ішкен сол
қайғы махаббаттай мас қылар...Алма қатты қиналды. Долы қызғаныш сәуегөй сананың
бетінен алып тұр. Бітімге келер емес. Жанатты аяса, өзін аямау керек. Өзін аяса Жанатты аямау
керек. Кіріп келген Жомарт іштегі
оқиғадан ештеме сезген жоқ.

-        Құттықтаймын, Алочка! - деп қолын ұстады.
- "Күншуақ" жұртқа ұнапты. Клуб
та бір тұрге еніп қалыпты. Колхоздың өз сауығы өзінде енді. Алманың құлағына еніп те шықпады бұл сөз.
Сүйікті

"негріне"
іштегі шерді шертпек еді. Бір-бірінің жүзін жыртпаған әдет, тілді күрмеп
тастады. "ұят, ардың бетін ашсаң, аржағында не қалды?" деген ой,
айтқызбақ түгіл, енді бөгелсең
өңіңнен біледі деп, үйден шығуға асықтырды.

-        Үйде боламысың? - деді Алма. Оңаша
кетіп, ойын обден қорытқысы келді.

-        Болам, - деді Жомарт. Түйткілдене қараса да түк сезген жоқ.

-        Мен біраз суға түсіп құмға жатып қайтам.

-        Мен барайын ба, Жанатпен барасың ба? -        ұйқың
шала, тынықсаңшы. Айжанды ертіп барам.

Алма бөгелмей
шығып кетті. Жалғыз қалған Жомарт тым
көңілді. Егіс даласынан келді. Таяуда егін өнімі

мөлшерленбек.
Дәнденген егіннің сырын агроном әлден-ақ
түйген сияқты. Ала келген бес-алты сабақты бойына өлшеп,
дәнін санап, жымыңдап тұр. Сабақтарды кітап шкафының
үстіне апарып қойды. Оның ойында, қимылында ұйқыдан басқа уақытта тыным болған
емес. Қуатын уақытқа сыйғыза алмай
жүр. Бара салып электр плитаны жақты.
Ойында қазір электр... Әзірге жеті-сегіз
үй ғана пайдаланды. Егін пісе бәріне жеткізсем... дейді. Қолына кітап ала жантаймаққа столға келгенде, көзіне дәптер түсті. Ұйпаланған жат дәптер әлг сол орында
екен. Алма оқығанды бұл да оқып,
таң қалды. Үлкен жұмбақ дәптердің

қолға түсуі еді,
тез шешті. Бұдан екі күн бұрын Жақыптың үйінде электр плитасынан өрт
шыға жаздаған. Әлегі шыққаннан кем болған жоқ. Жанат библиөтеқасын терезеден
лақтыра бастады. Сонда топырлаған балалардың бірі дәптерді қолына ұстай
кетіпті. Жомарт мұны тапса да, Алмаға Айжанның оқып бергенін таппады. Білмейді деп отыр. Жүрек тайдай тулап тұр.
Жатып еді, жатқызбады. Жүріп еді, о да тыныс

болмады.
"Сен де жаз шыныңды" деп столға еріксіз отырғызды.
Сол дәптердің екінші бетіне Жомарт та жазды жан
сырын. Рас айтасың, Жанат! Ел көздегіні ғана емес, көңілдегіні де біледі. Қара
көзден қызыл ұшқын шашыраса, соқыр ма жұрт көрмейтін. Сол ұшқынның бірі ғана ішіме
түсіп, орткс айналған. Жансам да шыдап келіп едім, екі рет еріксіз балқыттың.
Бірі - сонау балбыраған көктемде, теннис алаңында көтеріп алдым жерден. Сен емес,
бүкіл жер қолыма келгендей болды, сонда. Кідірместен атып кеттің. Бүкіл әлемнен
айрылғандай болдым. Қуып жетіп, қолтығыңа жармасқанда, қолымды қағып кеттің. Бүкіл өмірден қағылғандай болдым. Көрген түстей сол секүнд неге екенін білмеймін,
соғады да тұрады. Енді бірі - осы дәптер!
Мен тек сөзін оқыдым. Ыстығым қырықтан асты. Сөз сенің жүрегіңнен шықты. Болат екенсің мыңдаған градустарға шыдайтын. Шыдамдылық - еріктің күші. Еріктіміз
дейтінің қайда? Алманың алдында еріксіз екенбіз. Сол нәзік жан жақындаған сайын
биік таудай биіктей береді. Тауды бұзу оңай.
Достық, махаббат қылын үзу мүмкін емес. Бұл не ғажап!
Ерікті де, еріксіз де бір өзің. Тағы да айтам, кең

көңілге екі
тілек сыймады. Несі кең оның?! Сен таппасаң, мен
дәрменсіз. Қаламым қолдан түсіп барады...

Дәптерді столдың тартпасына тығып, Жомарт жаңа жантайды. Жантайса да тыныштық ала алмады. Ауыр ойбасқан дене мең-зең боп албырап жатыр. Өңінен
іші көрінгендей еді. Көзсіз Алма көре алмады.
Есікті ептепашып, аяғын сыбдырсыз
басып төргі бөлмеге енді. Шашын тарап тұрғанда Жомарт барды қасына.

-        Маңдай шашың қисықтау бөлінді. Маған бер
тарақты.

-- Оятып
жібердім бе?

-        Несін аяйсың, Алочка?

-        Ол не дегенің?

-        Аяма дегенім де.

-        Өзін аямаған кісіні не оңдырады? Қалай
айттың бұл сөзді? Даусың да
өзгеріп тұр ғой?

-        Қайтып алдым сөзімді. Ая мені, ая! -
деді Жомарт. Шашын дұрыстап берген соң кетуге киіне бастады. - Конторға
кіріп шығайын. Кешікпеспін. Жомарт кетісімен Алма қойған жерінен дәптерді
іздеді.

Таба алмай, кішкене досы Айжанды ертіп келді.

-        Қарашы. Қайда қойып кетті екен? Екеулеп іздеп

ақыры тартпадан
тапты.

-        Бағанағы жерін оқиын ба, тәте? Басқасын
оқнын ба?

-        Басқа не бар екен? Сипалақтап
отырып екеуі Жомарттың жаңағы сөзінің үстінен шықты. Айжан оқып отырып, сықылықтап
күледі де, сұрап қояды.

-        "Бүкіл
жер қолымда тұрғандай болды сонда" дейді. Қалайша, тәте?

-        Оқи бер,
жаным, білерсің оны да!

-        Тауды бұзу
оңай. Достық, махаббат қылын үзу мүмкін емес? Сондай мықты қыл бола ма, тәте?

-        Болады, жаным, оқи бер....Жақындаған сайын
биік таудай биіктей береді дейді
сізді. Тау биіктей бере ме?

-        Биіктей береді.

-        Кәне, сіз биіктеген жоқсыз ғой?! Уланған
Алма, еріксіз күліп жіберді.

-        Тірі бол
Бәрін көресің, білесің, - деп дәптерді тартпаға салды Алма. Айжанның қолына бір
плита шоколад ұстатып, бетінен сүйді. - Бара ғой, қалқам, мен де сендей болған
едім бір кезде. Ойнақтап Айжан кетті. Алма диванда сұлық жатыр. Дәмет бәйбіше жаңа
қайтып, кірген бетінде ас үйде аз күйбеңдеді де, төргі болмеге енді.

-        Алмажан,
қандай тамақ істейін?

-        Білмеймін, әже. Көңілім ештемеге шаппайды.

-        Қуаныштікі, қарғам, қуаныштікі.
Кемпірлер де қуанып жатыр. Той жаса
деп жатыр. Ет асып жіберейін, суқайнап
тұр екен.

-        Тек ет аса көрме.

-        Пельмен істейін бе?

-        Ол ет емес пе?

-        Күріш қосып самса пісірейін?

-        Жұмыртқа, сүт, овощ қайда? Бәйбіше басын изеп, ауыз үйге шықты да:

-        Тамақ піскенше іше тұршы, - деп стақанмен
бір графин қымыз әкеп қойып кетті. Алма
қымыздан ауыз да тимеді. Басын да көтермеді. Ауыр оймен езіліп жатқанда Жомарт
қайтты. Қуанышын айта кірді есіктен:

-        Дүкен
үйінің электр установқалары бітіпті. Ерледі Ақаң. Ағаш мастерекойы да бітуге жақын. Тағы да бір ғазик алатын
болдық, заявқамызды қабылдапты. Ояумысың, Алочка?

-        Ояумын, - деді Алма әлден уақытта солғын дауыспен. - Бәрі қайырлы болсын.

Жомарт Алманың
қасына кеп жантайды.

-        Ойлап жатырсың ғой?

-        Иә.

-        Кәне, салшы ортаға.

-        Ортақтаспа, өзіңдікі де жетер. Жомарттың жүрегі жаңа ғана секем алды.
Бірақ, "өзіңдікі" деген сөздің жоруы
екеу. Жеке басына байланысты ма, көп қамына байланысты ма? Айыра алмай анық-

тай түсті:

-        Ойдан енші бөліп неғып жатырсың, Алочка?
Күн қабағы жабылса, жер қысылады. Сенің
қабағың жабылса мен қысылам.

-        Еріксіз айтқыздың-ау! - деді Алма
күрсініп. - Сені қысып күн болғанша,
жанып бітіп күл болам. Теңмін деуші ем
бір кезде, кеммін енді. Соны ойлап жатырмын.

-        Япырмай, кемсінген жерім болды ма?

-        Теңсің деуге әлі де аузың бара ма? Ар
алдындағы әділдік қайда? Досекең
айтушы еді ғой: "көкте жүзгенқыран
құйылып түсіп, сайыспай мауқы басылмас. Жорғалаған соқыр қоян қара құстан да құтылмас".

-        Осы ма, Алочка,
барың! - деп Жомарт басын көтеріп алды. Алманы
да көтеріп тұрғызып, бір стақан

қымыз ішкізді.
Өзі ішер алдында стақанды жоғары көтерді.

- Осы қымыздай
адал ниетпен айтам. Соқыр қоян емес, айдын
көлде қаңқылдаған аққусың. Аққу айдын көлде жүзсе,
сен айдын көңілде жүздің. Мақтанам да, таңданам. Серпінім темір үзгендей,
ойым әлемді, көзім қиырды көргендей. Бірақ, бәрі махаббат, достық алдында дәрменсіз.
Сол ғажап күш өзің екеніңді білсең аяр едің мені... Алма жылап жіберді. "Білем,
оқығам дәптерді" дей алмады. Өзін аяғанда шықпаған жас, екі досын аяғанда
егіліп кетті. Сорлы
Жомарт әлі ештеме сезген жоқ.

-        Нанбастай не жазып ем, ыстық жасың
қардай ерітті ғой!.. - деп уатып
отырғанда, бәйбіше телеграмма әкеп берді.
Жомарт оқи сала, Алманы көтеріп алып асықша атты...

-        Сүйінші, Алочка, сүйінші! Москва
шақырады, Москва. "Күншуақ"
Үлкен театрда ойналады...

-        Ризамын тағдырға, ризамын! -деді Алма.
Басқа сөзге келместен шырқап
жіберді. Жомарт қосыла жөнелді.

Уай, арман, сен
ақша бұлт жүзген көкте,

Тоймадым қарай-қарай
ерте-кеште!

Жалғанда сенен
көркем бар ма десе,

Бар адам
дауыстайды "жоқ" деп әсте!

Шіркін арман,

Етіп пәрмен,

Шақырады биікке!

Қалман, қалман,

Өрге талман,

Биікте көңіл,
биікте.

I

Жанат бұрынғысындай
жайраңдамайды. Мінезі, жүріс-тұрысы
ауырлап кетті. Әсіресе, кейінгі екі күн иығынан мықтап басқан. Үйден шығудан да
қалды. Төсегі жиюсыз. Отырғаннан
жатқаны, оқығаннан ойлағаны көп. Оңашада күрсіне
береді. Жақып Алматыдан Алмамен
бірге келген. Әлі ешқайда шыққан
жоқ. Өзі кеткелі болып жатқан үлкен өзгерістерді әңгімеден
ғана естіді. Аралап көрмекші еді, баласы өле-

өле қапы болған қарт,
Жанатының қасынан шыға алмай отыр.
"Ауырмаушы едің..." дей береді. Ар жағын айтуға аузы бармайда. "Ауырмаған адам
ауырса тез кетеді" деген ескі ұғым
есінде.

-        Алмамен қоштасып қалайын, - деп басын
көтерді Жанат. Үйден шықпаған
екі күнде Алманы көрген
жоқ.Жоғалған дәптер ғайыптан табыльщ, бар
сырды әшкерелей келген. Бірақ Алманың
білгенін бұ да білмейді. Жомарттың білгені-ақ жетіп жатыр. "Енді нең
қалды?!" деп жазғырған ар,
екі күннен бері жатқызып тастап еді.

-        Жылы киін, балам, -; деді Жақып.
Баласының суықтан емес, ыстықтан ауырғанын қайдан білсін. Далағашыққанына қуанып, шілдеде үстіне пальто
жапты.

- Жаппаңыз. Онсыз
да ауыр, - деді Жанат. Жақып сонда
да қарына іле шықты пальтоны.

Жомарт үйінің
маңы көпшілік. "Жолың болсын аман барып, абыройлы қайт!..." деген
дауыстар алыстан естіледі. Алма
қоштасып болса да, арбасына отырмады. Бәрінің ортасында
ойлы пішінмен сұлқ тұр.

-        Жанат үйде ме? -деді бір кезде. Мәметтің
даусы саңк етті:

-        Ауырып жатыр. Әйтпесе, әлдеқашан келмей
ме?

-        Бәсе, - деп Алма арбаға мінді. Қасында
Жомарт, көшірінде бала
Төлеубек. Жақыптікіне қарай тартты. Көп үні
тағы бір көтерілді. Көрмесе де Алманың көзі артында. Екі қолын бірден бұлғап барады. Жантас
қоштасып қалса да, боз атпен сондарынан
жүгіртіп келеді. Осы кезде үйден шыққан Жанат, бері беттеген пар атты,
аржағында бері ауған көп назарын көргенде, самсаған мылтықтың аузында тұрғандай
болды. Тайынбайтын қыз тайқақтап еніп кетті үйге. Жақып
тосып тұрып:

-        Жолың болсын, балам, - деді де, Алманы
өзі түсірді арбадан. - Кім ертіп
барады?

-        Мына Төлеубек ертіп барды. Москваны
көруге құмар екен, - деді Жомарт. Жақып таңдайын
қақты:

-        Жұмысты ойлағансың ғой. Адамнан жұмыс
қымбат болып па?

-        Мен емес, Алманың өзі таңдаған

-        Біздің бала оқуға барады, - деді Жантас.
- Алмаға ергені тіпті жақсы болды.

-        Бұл шіркін пысық өзі, - деп Төлеубектің
шолақ мұрнына ұзын саусағымен бір түртті де,
үйге бастадыЖақып. Жанат
өз бөлмесіне суық ас дайындап үлгерген екен. Үш-ақ орындық койыпты. Жақып пен Жантас түсінді де, жылжып кетті. Үш дос оңаша. Екеуі
айыпкер, біреуі тергеуші тәрізді,
мерейі үстем отыр. Портвейн құйды Жанат.
Өзі азырақ тастап алса керек, бетінің
ұшы қызғылт. Амандықтан әрі мандымаған әңгімені Алма қозғады:

-        Мен Жанаттың денсаулығына ішем.

-        Мең Алманың абыройлы қайтуына ішем!

-        Мен сорлы қағылып қалдым-ау! - деді
Жомарт. Үшеуі бірден күлді. Қапелімде тарылған тыныс аз да болса кеңи
түсті. Екеуінің сырын бірден білген Алма кетер алдында өз сырын да сездіргісі
келіп отыр. Қызғаныш пен аяныш кезек-кезек қинап, "жақ ашшы, кәне,
көрейін" деп тұрса да, тартынған жоқ:

-        Аяймын сендерді. Мен қазір философ.
Ойласам ең бақытты адам өзім. Аз
жасымда көп көріппін. Көргенімнің бәрі
сол әдемі қалпында. Еш уақытта өзгермейді. Шынында, олардың тозғаны да, жаңарғаны
да бар. Тозғанын көрмеймін. Жаңасы қалай
екен деп құмартам. Көңілімде тек сұлулық,
құмарлық жасайды. Тіршіліктің, бұдан артық сәні бар ма? Егер,
"Күншуақ" осыны айтып тұрса, одан
артық маған бақыт бар ма? Аяймын сендерді! Мүмкін
біз жақ сүйек салдырағанша жасармыз. Бәрібір сендерді
мен осы әсем қалыптарыңда елестетем. Ал сендер,
менің орнымда қу сүйектей сорлы кемпірді көрерсіңдер.
Қандай аянышты! Білем, қазір менің көзілдірігіме
қарап көңілдерің күңгірт тартты. Ойлаңдар бірақ,
тіршілік түйіні екеу-ақ. Соның бірі - тән. Екіншісі - жан. Тән шырайы - құлқын. Жан шырайы -
ар. Құлқын үшін бәрін құрбан қылғанда, ар үшін өзіңді де құрбан қыласың. Өмірдің бұл екі түйінін көзсіз-ақ шештім

осы екі күнде.
Қарамаңдар күңгірт көзілдірікке, көркем көңіліме
қараңдар! Қараңдар да, ойланыңдар, неге ұқсайды сол көркем көңіл?

-        Алочка, Алочка! -деді Жанат сөзді бөліп.
Көзінен жас парлап кетті. -
Томпиған топырағың да Алатаудайкөрінді
енді маған! Жанаттың көз жасын
даусынан сезген Алманың да көңілі
бұзылды. Өзін азар ұстап, сөзін тез аяқтатты:

- Алатаудай
көрінген топырағым емес, достығым болар.
Дос жүрегінен сондай орын берген ризамын тағдырға! Тек сондай бөгет қылмасын.
Онда менің жаңағы көркем көңілім - күн
түссе де күңгірт.

Жанаттың көзі
жарқ етті. Соңғы сөз зор бір нәрсе күрс құлап
кеткендей сезілді. "Бұл не ғажап?!" деген кескінмен Жомартқа қарады. Ол да аңырып қалыпты.
Алма орнынан тұрды.

-        Жүрелік.

Жанат асығыс
киіне бастады.

-        Тұра тұр, Алочка, тұра тұр. Киінейін.

-        Киініп қайда бармақсың?

-        Шығарып салам сені, Қарағандыға дейін
барам.

-        Жанатжан, байқа! Қайталап қаларсың... -
деп еді Жақып, Жанат қайталар
да, тоқталар да емес.

-        Жазылдым, Жәке! - деді. Үшеуі арбаға құшақтаса отырып, кетіп
барады. Ауылдан шыға шырқаған әндері естіліп тұрды. Ой, арман, сен ақша бұлт жүзген көкте.

III

Сексеннен асқан
аңшы дос пен елуден асқан
күзетші Мәметтің бас қосатын
жері ұста дүкені болды. Бұрынғыкөрік
үй өзгеріп кеткен. Жаңада қосылған бөлмеде тоқарыстан оқтары, слесарь столдары орнатылып жатыр. Ақмет өз бөлмесінде электр балғасымен істеп тұр.
Электр тазалықты да ала келіпті. Қоқырсып жататын ұста маңында ине жоғалар емес. Цемент еден сыпырулы,
тап-таза. Екі қарт рақаттанып
әңгімелесіп отыр...

-        Әй, былшылдата бермей, аржағыңдағы
түкіргішке түкірсеңші! - деді
Ақмет.

-        Құтыруын қараңызшы! - деп Мәмет Досқа
қарады. Дос Ақметке жығып берді Мәметті.

-        Қаршыға, бүркіт тазалыққа үйір. Қара құс,
күшіген өлексеге үйір. Аржағын
өздерің біле бер.

Қарқ-қарқ күлді
Ақмет. Түбі батыңқы шелек мұрны делдие
түсті. Ұшқын, күйе жеген теңбіл бетінде, қарқылбасылса
да, күлкі ойнап тұрды. Бойы тым сергек. Бұрынғыдай, ырс-ырс етіп, қызыл темірді
балғасымен қосыла соққанда сорғалайтын
тер жоқ. Балға өзі ұрып тұр. Балқыған темірді тек ауната береді. Көрік өзі
үрлеп тұр, көмірді тек жиыстыра береді.
Көп жылдарда қара күшпен жеңген сом
білекте қобыланған сіңірлер, бадырайған тамырлар көрінеді.
Қолы, көзі істе болғанмен, аузы сөзде. Сөзі

көріктей қызу,
балғадай нық. "Орыс мінез", "адуын мінез" стахановшы Ақмет дәл бүгін бар кемеліне
келген сияқты.

-        Бес сақалдың санына жете алмай
отырмысың? Қалай тарасаң да өшпесе өспейді.
Одан да кәрияның сөзін ұқ! -    дегенде, Мәмет жауаптан бұрын ұзақ ыңылдап
алды:

-        Е-е , тазасың сен, тазасың. Иманнан
туғанда жұрдай едің. Ауызға біткен сақалдан тазардың.
Одан қора толы малдан тазардың. Енді Зылиқа ғана қалды.

-        Сақалың аузыңда - бергенін айт. Малың қораңда  -   рақатын айт. Қолыңнан келсе Қарынбай
болмақсың. Несіне келдің дүниеге?

-        Сен сонда Атымтай бола қоярсың.

-        Әр заманның Атымтайы өзіне. Дәл сенің оңбайтыныңды Балғожа мойныңа белбеу салыпсүйрегенде-ақ білгемін. Дос
күлкіден шашалып, жөтеліп қалды. Құдайға нанса да, құлдыққа көп мойындамай,
сауықпен кеткен адам. Қартайған соң амал жоқ, ырымын істеп жүр.

-        Балғожа
кімді алдамады, - деп күледі. - Ақ сайтаны бар еді. Осы Мұсаның деген жігіт күні. Ұры кезі.Жалғыз үй отыратын. Аңнан келе жатып,
түсе қалсам үйінде бес-алты
пірәдәр, ортасында Мұса, кеукілдеп жатыр... Тіпті ес жоқ. Күре тамырлары
білеудей. Зікір дегенді көргенім
сол, төбе шашым тік тұрды. Жындының ортасына түсіппін.
Жөнеле бергенімде, Балғожа белбеуді мойныма салып
кеп қалды. Тарттым қамшымен! Е, құтырып кеттің бе?
Нең бар менде? Бейішке сүйремесең де барам, дедім де
шығып кеттім. Сол кезде Мәметті де жыққан ғой. Ақметтің
қарқыны үдей түсті. Сөзге тарықпайтын Мәмет,
мойындап күле береді.

-        Япырау! -деді бір кезде. - Сонда жұрт
немене! Балғожа бейішті саудалап жүргенде, Егінбайлар орысша білгенсіп
жүрді. Мына тұрған
күзеу қара "сайтан арба" жасамақ
болды. Жомарт, Жанаттар оқуым әлі аз дейді.

-        Күзеу қара дегеніне жетті, бірақ, - деп
Ақмет токті тоқтатты. -"Сайтан арба",
"сайтан шамдардың"

ортасында
отырсың. Міне, бұрынғы сегіз сағаттың жұмысын төрт сағатта бітірдім. Үйге барып
демалам. Тоқтай тұр әлі анау станоктар бітсін. Осы
маңдағы колхоздар ақшасымен қапшықғарын
ала келіп, есік босатпас.

-        Электріңді көрген соң сексеннен асқан
менің де ұста болғым келді, - деп
Досекең шықты.

Екеуін Ақмет
үйіне ертіп жүрді. Үйге таянған сайын, көк
исі мұрынды жарып, мүңкіп барады. Бір есікті көк

шарбақтың
іші балбырап тұр. Қызыл төбелі, жұмыртқадай ақ үй ағаш арасынан азар көрінді.
Бөлектеу салынған бұрыңғы мал қорасынан әрі қарай бақша егісі кетіпті. Жапырағы
жайқалған қора қалың тоғай тәрізді. Қоян жымыңдай жолдар болмаса, кісі
адасатын, шарбақ ішін күзеткен дәу, сұр овчарқа, жан жуытар емес. Көзінен от шашып,
тықыр сезсе күр-күр етеді. Злиқаның қолында шелек, екі баласын ертіп бақша
суарып жүр. Бітік бақшаға сүңгіп көрінбей кеткенде, майда қоңыр ыңылы ғана естіледі...
Ақмет конақтарын жазғы үйіне енгізді. Бұл үйдің сипаты қысқы үйден бөлек. Төбесі ақ брезент, қабырғасы шырмауық. Астына жоғарылатып тақтай
төсеген. Дөп- дөңгелек, қазақтың киіз
үйі бейнелес. Күз түсе төбесін, еденін
жиып алады. Жаз құра қояды. Үй маңындағы гүл, ағаштар
өзгеше бір шеберлікпен егіліпті. Қысқы үйдің

терезелері жазғы
үйге қарап тұр. Терезелер тұсында сирень
гүлі. Содан бергі жерді алуан түсті гүл жауып, әдемі шыттай шұп-шұбар. Әр шұбарда мән бар.
Шашыраған күн, шыпырлаған жұлдыз,
орақ балға, Кремль бейнелері салынған.
Екі үйге қатынайтын жалғыз аяқ жол гүлдердің дәл
ортасымен өтеді. Жол гүл жиектерін белуардан жоғары ағаш етіп, қоршап тастапты. Ағаштар
басындағы тығыз бұйра, алқара көк жапырақтарда
бір мін жоқ. Баса киген папаха
тәрізді. Қысқы үйден басталған
гүлдер алаңы. Айналасы алма,

қарақат сияқты түрлі
жеміс ағаштары. Жұпар иіс самал оқтын-оқтын
желпіп кетеді...

-        Малдан қол босаған соң үй маңын көркейте
түстім,

-        деді Ақмет, қонақтарына бақшасын
көрсетіп болып.

-        Тағы бір қиял келіп жүр басыма. Мәмет
елең етіп, жалт қарады Ақметке:

-        Тағы бір шатақ шығар оның?

-        Шатақ маған майдай жағады, - деп күлді Ақмет,-       мынау балбыраған қора шатақсыз жасалған жоқ.
"Жеміс ағаштары шықпайды. Тәңірдің
бермесін алмақ" деп күлгенсің
бәрің. Енді күліп көрші. Малды фермаға өткізудің де
шатағы аз болған жоқ. Мен қазір бұрынғыдан аз істеп, көп өндіретін болдым. Еңбек игілігін
қайсымыз артық көріп жүрміз?
Ойлаңдаршы.

-        Арманыңа жеттің, жеттің! Енді не керек
саған?

-        Норма ескіріп барады. Өсіру керек.

-        Ей, құдайдан безген! - деді Мәмет. - Осы
колхоз бұрынғы рулы елдің істемесін істеп,
бермесін берігі отыр. Әлі
де тоймаймысың? Ақмет бақшаны басына
көтере қарқылдап күлд:

-        Сорлы бессақал! Қазақы етекбастылық,
бейшара қанағатшылдық қашан
қалар екен, сендерден?!

-        Уа, Ақмет! - дегенде, Досекеңнің кәрі
басы қалтылдап кетті. - Сонау алтынды Мәйөзек, анау көмірліҚарағанды, мынау темірлі Теміртау, осынау
Қара Нұра талай заман сырын ішіне
бүгіп келіпті. Енді ғана ақтарылды. Соларды жайлаған қазақ та ақтарылған
сияқты. "Қонақ аз
отырып, көп сынайды", мен бір қонақ бұл заманға. Атым ерттеулі тұр, айтып кетейін. "Елу
жылда ел жаңа, жүз жылда қазан"
деуші еді. Осы қазақ отыз жылда-ақ "қазан" болды. Қайнап жатыр.

-        Қаттырақ қайнаса екен! -деп Ақмет құшырланғанда,
Мәмет оны санына нұқыды:

-        Ақырын. Сындырарсың. Шымырлап қайнаса бабымен піседі.

-        Бүркітімді алып, Жауыртаудың басына
шыққанда, жалған табанымда
жататын. Сенің мынау құтты қадам үйіңде
дәл сондай болып тұрмын. Даладағы әңгіменің жалғасын үйде бітіріп,
Досекең төрдегі көрпеге жайыла отыра бергенде, Ақмет тағы бір көрпе әкеп,
шынтағына екі жастық қойды.

-        Жантайыңыз, қария. Шаршаған шығарсыз.
Жастықтың ішінде радио бар, тыңдай жатыңыз.

Алматыдан
берілген қазақтың халық әндерін
кәрия тыңдап жатып, Мәметті ыммен шақырды
қасына. О да

келіп құлағын
тосты. Ақмет далада Злиқаны іздеп жүр.

-        Злиқа, әй, Злиқа! Қайдасың? Бітік
бақшаның ішінен Злиқаньщ өзі көрінбей, даусы ғана естілді.

-        Мұндамын.

-        Бері кел Қонақ бар үйде. Шалғын
арасында балапанын ерткен қоңыр қаздай боп, балаларын ерте Злиқа шықты.

-        Қонақ кім?

-        Досекең. Қасында бессақал

-        Бессақал да конақ па, тәйірі.

-        Қонақтан сол қиын. Оның аузы жай отыра
ма, - деп Ақмет Злиқаны жеңінен жетелей келді
де, жүресінен отырды. Жылы шүңкілге
үйренген Злиқа естігенше асық еді,
- мал сою керек, - деді.

-        Сүр ет те, жас ет те бар. Ысырап емес
пе, ауыл үйдің адамына...

-        Ауыл үйдің адамы айында, жылында бір
қонақ.

-        Неше қонақ болса да жетеді, малға обал болар.

- Е-ей,
Злиқа-ай! - дегенде ызбарлы Ақмет балқып кетті.
- Осы шал қанша жүрер дейсің. Оснімен біз де тұрабермеспіз. Қазір әр нәреенің басы қосылған
тәрізді. Жекеменшіктің бейнетінен құтылдық, электрді елден бұрын алдық.
Соның үстіне Досекең келгенде, өлі ет пен жөнелту сарандық болар, қойға қосып,
бір қаз сой! -Жақыпты, Баймағамбетті шақыр.

-        Қойшы. Зілқарамен тағы ілінісесің.

-        Ілінісем де ол шіркін есті ғой.
Келсін қыстан бері суысып кеттік, сағындым.

-        Сонда қойды қайдан аламыз?

-        Бессақалдың бір қойын әкеп соя сал Кейін
берерміз.

-        Сұрамай-ақ па?

-        Несіне сұрайсың. Ол қуанады оған. Злиқа әжетке жарап қалған еркек баласын
ертіп, конақ

жабдығына жөнелді.
Ақмет кішкене қызын жетелей, салқын сарайға барып, терең подвалдан дәу қастрюль
қымыз алып шықты. Бұл өзінің бұрынғы ала
биесінің қымызы. Ферма күн сайын
таңертең беріп жіберіп тұрады. Ыдыстарды дастарқанға орап қарына ілді де, кастрюльді қос қолдап әкеп қонақтардың алдына қойды.

-        Досеке, қымыз іше тұрыңыз. Мәмет, сен
ішпе, құйып бер.

-        Е мен неге ішпеймін.

-        Қазір Жақып пен Баймағамбет келеді. Арақ
ішеміз.

-        Досеке, осы үшеуі де бейішке бара ма? -
деді Мәмет. - Бес арамның бірін қалдырған жоқ.
Енді меніазғырады. Дос сары қымызды шайқай ішіп, күлімдей
сөйледі:

-        Егер, есепке отырсақ, талайымыздың
қоямыз ашылар. Ақмет бір қарқылдады да шығып кетті. Қаздардың бес-алтауын
фермаға бермей алып қалған. Біреуін сойып, жүнін жұлып, Злиқа келгенше дайын
қылды. Злиқа әкелген қойды Мәметке сездірместен жәукемдей берді...

-        Ал, қатын,
енді мені әурелеме! - деді сойып болған соң. - Қонақтармен бірге демалам.

Мазалайтын
ештеме қалған жоқты. Ол союға қасап болса,
Злиқа шекқарынға қасап. Самауыр қайнағанда қазан да шымырлай бастады. Ақмет сарайдан
шыққанда, шарбақ есігінен Жақып пен Баймағанбет көрінді.

-        Итің қайда? - деді Жақып дауыстап.

-        Біреуі байлаулы. Біреуі үйде, бос.

-        Сол босын ұстап тұршы. Ақмет үйге бұрын кіріп, Мәметті
желкесінен ұстады.

-        Ұстадым, кіре беріңдер! Жақып Доспен сәлемдесіп болған соң ұстасып
тұрған екеуге қарап, өзінің күлкісімен селкілдей
күлді...

-        Иті несіне, иесі итіне ұқсаған екен.

-        Жаның болса, жаны тіліңді, - деп Ақмет
Мәметті сонда ғана босатты.
Мәмет кідірген жоқ:

-        Қас жаман қасындағысын қарақтайды. Өзі
қор қонағын қорлайды, - дегенде:

-        Мынау екі жақтап ұрды-ау! -деді Дос. -
Осы пәлеге соқтықпаңдаршы! Жақып,
Ақмет соқтықпай отыра алмады. Мәметтің ащы тілі олардың қышыған жеріне тиеді. Біріне-бірі
батыра айтса, сол құрлы жаны енеді. Сөзге шорқақ Баймағамбет, үшеуінен бірер
жас үлкен де болса, бұндайда қосақ арасында кетіп отырды. Мәмет енді ауызды Баймағамбетке салды:

-        Байеке, қойлар семірді ме?

-        Жаман емес.

-        Басқа койлар егіздеткенде, сіздікі
сегіздететіні қалай?

-        Өсімтал ғой. Қайсыбіреуі өзінің
емшегінен де артық табады.

-        Біз, қошақанның аузын үріп, аяғын
сыпырамыз. Байекең де осынау майтұмсықты талай болпылдатты-ау!

-        Е, бар
болғыр, нең бар Баймағамбетте! - деп Дос шытынып қалды. Үшеуі біріне-бірі жымия
қарап жым болды. Қалжыңдары өрескел, мінездері қатал осы қарапайым адамдардың
ғажап бір нәзік жері бар. Әрқайсысы өз дегенін етпей қоймайтын теріс азу. Кейде
өзара қырын қабақ та боп қалады. Бірақ шынтуайтқа келгенде, бірін- бірі қиып
кеткен емес, Достың мана "мен бір қонақ. Атым ерттеулі тұр" деген
сөзі әрдайым естерінде. Осы қарт ренжімей аттанса деп отыр. Сондықтан,
Баймағамбетке қайта оралмай, басқа оңгімеге көшті. Шай дастарқаны жайылды.
Мосқал Злиқа, ақ бас Достың алдында келіншекше именеді. Ақмет жуан бөтелкені
қолына алды. Бір кезде зәрдей көрінетін арақ, өзі әлі ішпесе де, Досқа

өрескел көрінген жоқ. Жақыпқа бұрылды:

-        Мен бір
қонақ, - деді тағы да. - Айта кетейін, сақалы ақтың бәрі бірдей емес. "Тарт анауыңды" дейтіні де бар. Сонда, антұрғанның кигені орысша
пиджақ. Сен сақалыңды қырып
тастапсың. Анау күзепті. Мәметтікі қалпында. Осы дастарқанның үстінде тоғыз түрлі
дәм жатыр. Қымызы ғана бұрыннан
таныс. Шайы шала таныс. Бейтаныстан
безе берсе, жаңағы антұрған шал қайда сыяды!

-        Бессақал, енді де ішпеймісің? - деп
қалжыңдап еді Ақмет, Мәмет шындады:

-        Адуындамай, ақсақалдың сөзін ұқ! Заман жаңарғанын
айтып отыр.-Арағың да жаңалық па?

Ақметтің беті
Жақыпқа ауды.

-        Кел ішейік. Мастық үшін емес, қуаныш
үшін. Сонау қорада мал тұрса, менің
бөксем жер иіскер ме еді. Жеттім дегеніме.
Сен үшеуің езіп жүріңдер солай.

-        Аз уақытта, көп өзгеріс болыпты,- деді
Жақып, рюмкесін орталап қойып.- Бірақ, әлі көргенім
жоқ. Жаңада келдім. Жанатжан ауырып қалды... Ертең аралап көрем. Сенімен содан кейін сөйлесем.

Ет пісіп, дәу
табақ келгенше, бұлардың әзілі бітпеді. Қаз етін үстіне салып, табақты Ақметтің
өзі көтеріп әкелді. Жақып еттен шығарып бір әңгіме қозғады...

-        Мен осы
жолы бірсыпыраны көріп қайттым. Көрмегеніміз көп екен. Өзгеріп қайттым... Үйсін
деген ел малға бай, бірақ еттен гөрі нанға мырза екен. Жиырма мың қойы бар бір
колхозында болғанымда, осы табақты жиырма кісіге тартты. Ар жағындағы қырғыздардың тамақ берісі бөлек. Олар етті үнтақтап турайды.
Ақмет соны бір көрсе, былай турамас
еді.

-        Қырғызға бармай-ақ, көріп келген сенің
үйіңнен көрерміз.

-        Иә, иә, - деді Мәмет. Жақып күліп:

-        Бейсен мен Мәметтің ырзығын біздікінен
жазған ба? - дегенде, Ақмет:

-        Біздің де шайымызды оңаша ішкізбейді, -
деп еді, Мәмет Досқа қарады.

-        Беріп көрмеген, болып көрмеген
бейшаралар, болмашыны боталы түйе
қылады. Екеуі жиналып, меніңжұдырықтай
қарнымды тойғызбапты. Несіне мақтанады, осылар. Қария басы қалтақтап, рақаттанып күліп
отырды:

-        Ой шіркін, құрбылық, жолдастық, татулық!
Жалғанның сенсіз қызығы бар ма?

IV

Аэродром. Үлкен
ақ самолеттің пропеллері зырылдай бастады.
Жанат пен Төлеубек оңаша сөйлесіп тұр.

-        Алманың қасынан екі елі шықпа.

-        Шықпайым, тәте.

-        Сен оны бастасаң, ол сені бастайды.

-        Білем. Алма тәтеме Москваның бәрі таныс.
Үлкен тастрға
да, әскер мектептеріне де ертіп апарады.

Балалық қуанышы
қытықтап, Төлеубек күлімдейді. Жанат құшырлана бетінен сүйді де, қолын
қысты.

-        Қош. Жолың
болсын, жақсы оқы. Алма да Жомартпен қоштасып болып, құшағын кең жайды.

-        Кел Жаночқа! Шайлыққан жүрек, самолеттен сескеніп тұр. Кім біледі!.. Екеуі ұзақ құшақтасып, сүйісіп, азар
айрылды. Айрылған соң да, көздерінен жас тамшылай берді.

-        Тағы да айтам, - деді Алма. - Дос жүрегінен
Алатаудай орын алайық. Бірақ, Алатаудай бөгет болмайық.Екі
жақтап қолтықтап, Жомарт пен Жанат Алманы самолетке мінгізді. Көтеріліп, көзден
алыстағанша қолдарын бұлғап тұрды. Көңілге тоқ кісің аттанғанда, көңіл шіркін
бос қалған қотандай емес пе? Екеуі арбаға отырғанда иықтары салыңқы еді, былай
шыға Жомарттың кішкене көзі жайнай бастады. Бұлаңдатқан пар ат ырғаған солқылдақ
арба, желпіген самал жел, жайқалған кең дала. "Жастар, ендігісін өзің
біл" деп тұрған тәрізді. Жомарт аш қасқырдай жалақтап келеді. Тойған
қозыдай монтиып Жанат отыр. Басқадан хабарсыз, өзімен-өзі болып отырған секілді.
Жомарт "ой,
арман, сен ақша бұлт" деп шырқаса

да, Жанат
қосылған жоқ бұл жолы.

-        Қара түндей ой басса, құлан иек таң
болайын. Айтшы, Жанат, неге томсардың?

-        "Дос жүрегінен Алатаудай орын
алайық. Бірақ, Алатаудай бөгет
болмайық" демеді ме Алма.

-        Сол сөзімен зілдей салмақты алып тастады
бізден.

-        Жоқ. Ауырлата түсті.

-        Жоқ, алып тастады.

-        Дәлелдеші!..

-        Алма қабағы түйілсе, ашылмас еді
қабағым. Байланар еді қызыл тіл, әлсірер еді ет жүрек. Енді міне, иебермей... - деп, Жомарт үлкен ернін
оймақтай ауызға тақай бергенде Жанат
алақанымен тосып
қалды.

-        Дәлел емес.

-        Махаббат назы жүрек қанымен жазылған
дәптерді ал есіңе. Ақша бұлттай
арманның, алақанйіңа кеп қонған осы
бір минутты ал есіңе! - деп үлкен ерін төнгенде. Жанат тағы тосты алақанын.

-        Дәлел емес.

-        Махаббат патшасы Алма әділ әмірін естіртті. Нағыз достар
рақат пен азапқа бірдей ортақ. Егер осығантұр-саң...
- деп Жомарт үшінші рет ұмтылғанда, Жанат алақанын
ғана тосқан жоқ, бетін де бұрып әкетті.

-        Бір тоспадың, үш тостың. Сабырым да,
сөзім де бітті!.. -- дей келе,
Жомарт қапсыра құшқанда, Жанататып тұрды
орнынан. Елең етіп, қия тасқа шыққан маралдай тұр. Ақшыл беті сұрғылт аспандай,
қара көзі ойнап шыққан қара бұлттай.
Өңі суып кетіпті.

-        Тоқтал! -деген дауыс мірдің оғынан кем
емес. - Бұл қай құштарлық!
Адамдық па, айуандық па? Үлкенжанды,
кішкене Алма не тастап кетті! Рас, лұқсат берді. Бергенінен
бермегені жеңіл еді. Досына керек болғанда, көзінен
қанын ағызып жүрегін суыруға жарады. Оған керек  болғанда
біз неге суырмаймыз?! Достық деген айуандық құмар
болса, сол нақақ жан жемтіктей боп алдында жатыр. Егер, адамшылық болса, ақша бұлттай
аспанда тұр. Алочка самолетте
жоғарылағанда, сол ақша бұлтқа самғ-

ағандай, кешегі
оймен жерде қалған біз - жемтікте қалған құзғындай сезілді маған. Келтірген
барлық дәлеліңқұштарлықты ғана айтты.
Сенем. Рас айтты. Ал, сонда құштары
емесің бар ма?! Алкоголик рюмке араққа барын береді.
Ұры тиынға да жанын береді. Соған ұқсас пиғылдар толып жатыр. Ар болмаса, арға
серік ерік болмаса не болар
еді? Сен қазір құмарлық алдында ардан да, еріктен де
айрылып қалдың. Бұл екеуінсіз махаббат - тек сұғанақ нәпсі ғана. Сол нәпсіге еріп, Алочкадай
ақ жанға да ауыз салдың. Шырылдаған
нәресте дауысы келеді құлағыма. Қинарсың оны, Жомарт. Көмерсің. Сонда да оның

томпиған
топырағы Алатаудай болып жатар менің алдымда!.. Жомарт жақ ашпады. Қызыл
темір суға малса, шыжылдар да, шынығар. Қызба жүрек, суық сөзден дір етер де суынар.
Суынды ма, шынықты ма, тұнжыраған терең жүзінен белгісіз. Әйтеуір бір кең ойға
еніп кетіп, шыға алмай отырғаны анық... Бүлдіргенді өзек қалды, көз қырың бір
салмады. Міне, теңіздей толқып, Теміртау көлі жатыр. Көл ортасында, құманшықтай
боп, жалғыз төбе қылтияды. Қайықпен жүзіп қасына барсаң, бытырадан құсы көп,

оңаша арал, есіңе талайды салар еді. Бұған да бір қарамады: "Үлкен әулие,
кіші әулие" кеудесінде үңірейіп бауырында бұраңдаған Нұра, үш жағында үш
Шалқар, қызыл сүйір Жауыр көрінеді.
Көзге оттай басылса да, бұны да бірі
елемеді. Шайы шымылдықтай судырлап, жер бетінде жайқалған
тоғай-тоғай егін көрінеді. Сымдары сыбызғыдай ызылдап, электр столбалары,
малдары құмырсқадай қыбырлап
фермалар көрінеді. Біріне Жомарт қарамады. Осы
кезде қолы вожжыда, көзі атта болғанымен қолына таяқ
беріп, тертеге түйе жексең байқар емес. Жанындағы Жанат,
жылаған көзден ытып кеткен ыстық жасты, жасыған долы беті бірінші рет көрді.

-        Кең көңілге екі тілекті сыйғыза алмадым,
- деді Жомарт. - Ар алдында тізе бүккенім осы
шығар.

Кешіріңдер
қатемді.

-        Олай болса, адал ниет, ақ көңілмен
сүйем, - деп, Жанат өзі сүйді
Жомартты. Екеуі Алманың әнін
қосылып айтты:

Ой, арман, сен
ақша бұлт жүзген көкте.

-        Осыны айтқан Алма әулие емес пе?

-        Иә, дәл маған арнап айтқандай.

-        Әркімнің ақ көңілін тапқандай.

V

-        Балам, көңілің жақсы ма, шаршамай келдің
бе? - деді Жақып. Баласынан бұған дейін сұрарын
сұрап болған.

-        Онда, мақтанған істеріңді көрсек
қайтеді?

-        Көрейік. Жомартты ертіп алайық. Үш айдан аса көзден таса болған колхозды
Жақып қатты сағынған. Өзі жоқта не боларын әр
қилы жорыған. Әлі де денсаулығына
күдікті.

-        Мүлде жазылдым, Жәке, - деді Жанат.
Жомарт жайында Алматыдағы жолдастарына қыңқылдап
та байқады. Олар қостаудың орнына ел аралатты. Кеше, Ақметтің үйінде көрмегеніміз көп екен. Өзгеріп
келдімдегенде, сол елден көргендерін
қорғасындай қорытып айтты. Әйтсе де, "дейдіге" сенбейтін қатал
мінезі, Жанаттан бәріне қанса да,
"бала соққан
кездіктің басы жарық емес пе?
Байқа!" деп еді. Әкелі-балалы
екеуі Жомартты ертіп, әуелі мал қорасына
келді. Шатырлап жапқан сарайлар. Іші-сырты аппақ.
Кішірек терезелерін сүртіп, жалтыратып қойыпты. Малдың тұрқына шақтап,
түйетайлыға  жайылған едені тап-таза. Бір
шеті мен бір шеті талай жер, биік қора, адаммен қоса сөйлеп, саңғырап тұр.

-        Таза екен, - деді Жақып. Қабырғаны
жағалай шөп, жем науаларын бойлаған темір
трубаларға түсті көзі.Бұрын бұл трубалар жоқ болатын. Жомарт
енді малдың суы да алдында екенін айтты.

-        Мен мұны осы сапарда "Жеңіс"
колхозынан көрдім.

-        Олардікінен "Зарянікі"
жақсырақ. Біздікі екеуінен

де артық.
Тәжірибенің байыған күйінде жасалды - деді де
Жомарт бір болменің есігін ашты. Малдың жататын орнын
жуатын, сиыр сауатын, жуанды-жіңішкелі резеңке түтіктер
жатыр. - Біз енді электрмен сауамыз. Шапшаң сауылады,
сауыншы азаяды, сүт тазарады...

-        Бұны жаңа көрдім.

-        Ертеден бар. Профессор Власовты оқыңыз.

-        Оқымай-ақ көріп тұр ғой, Жәкем,- деді Жанат.- Власовтың "Зарясынан" біздің
"Аманкелдіде" бар табылабермейді.
Жоғары қараңызшы, Жәке! Жақып
жоғары қарады. Электр лампалары көрінді. Үндеген
жоқ. Ішінен: "тазалық, шам, резеңке түтіктер, су тұрбалары" Жомарттың қосқаны десе
де, сараң ауыз сыр-

тқа шығармады.
Екі қолын артына ұстап, жай басып бір қорадан
бір қораға ене берді. Жомарт пен Жанат, жаңалықтарды көрсете баяндап, оның тұнжраған
түрінен ештеме сезе алмай
келеді. Айтылған сөз шыңырау түбіне тастаған
тас тәрізді, шым батып кетіп жатыр... Әдемі ой, іс
болғанда балаша мақтау сүймей ме кісі? Әкесінің осы тереңдігіне талай сүйсінее де, Жанат
қазір түйсінгендей түйіле қарап қояды. Қоралар
бос, малдың бәрі далада, жазғы мекенде. Электр сымдарын, су трубаларын тартқан
Қарағанды, Теміртау жұмысшылары жүр. Олардың өзі некен-саяқ. Жұмыс
бітіп қалған. Шеткерілеу, шошқа қорасының ма-

ңында
күйбеңдеген дәу Баймағамбет еңкейгенде аю тәрізді.
Келе жатқандарға басын көтеріп, маңқия қарады. Май басып, табынға ере
алмаған нән шошқалар, маңында қой тастай деңкиіп-деңкиіп жатыр.

-        Бәке,
мыналарың әлден шайлапты ғой, - деді Жақып. - Қысқа дейін жарылар.

-        Басын
көбейткенше, майын көбейт деген соң, жарылсын Бұның арығынан жексұрын жоқ.

Баймағамбет денесі ауыр, қимылы орашолақ, даусы жуан
кісі. Асыққаны қызық.
Қорбаң-қорбаң етіп алға түсежөнелді.
Асыққаны мақтанғаны екен. Қораға ене:

-        Шошқаға да теңдік тиді, - деп күж етті. Жаңалықтарды
көрсеткен сайын Жақыпқа қарап бұ да
жалтақтайбереді. Құмары
"тамаша" деген бір ауыз сөз. Жақыптың аузынан
ол шықпады. Таңырқап тұрып:

-        Мына бөтелкелер не? - дегенде, өңі
өзгерген жоқ.

-        Торайлардың емізігі, - деді Баймағамбет.
Емізіктің бірін аузына салып
қалып еді, Жақып мырс етті.

-        Бала болдыңыз ба?

-- Көрсеткенім
ғой. Таза. Бұдан былай осымен еміземіз.
Сүтті жылытып береміз. Төлдің жаны бәрі бір.

Тақтай еден,
электр шам, қабырғада градуеник,
төбеде вентиляция. Науаларға бөтелке сүғатын тесіктер
жасалған. Бұрынғы сасып жататын қора, кірсе шыққысыз. Жем астауларына дейін жуулы.

-        Шошқа, енді адал, - деді Жақып, қорадан
шыға бере. Құмартып естіген бір сөзден
Баймағамбеттің, төбесі көкке
жеткендей болды.

-        Шошқаның электрін өзім қаздым! -
дегенде, ду күлді бәрі. - Қазғаным
өтірік пе? Баймақан солдат қыпжібере
жаздады. О, тоба! Жалқаусың демек. Кісі өз жұмысынан өзі аяна ма? Асығыста
ашуыңды келтірген кейбір қылық жайшылықта күлкіңді келтіреді. Электр
столбыларын орнатарда Баймақанның Баймағамбетті қысқанын айтып, былай шыға Жомарт
күлдіре түсті. Алдарында
қатар-қатар ұзын-ұзын,

биік маялар тұр.
Шөп тасыған көп көліктің ішінде грузовиктер
жүр. Тасығандары өзі өскен шөп емес, қолданеккен
жоңышқа бидайық, мысық құйрық. Мая мал қораларының
аралығынан кең, қырман қыршылған. Астыцементтеулі,
төбесі жабық, қабырғалары ашық. Қалқайта салған
панаға ұқсамайды, үлкен сарай. Соның астында молотилқалар,
астық кептіретін, елейтін машиналар көрінеді.
Басында Жантас. Қасында екі-үш завод жұмысшылары. Жақып басын шайқады.

-        Қора басындағы қырманға жол болсын?

-        Әлей болсын, - деді Жомарт. Жанат жөн
сөйле дегендей көзін қысты. - Бұл жер, қырман
ғана емес, Жақа. Мал, адам азығыньщ- фабригі де болмақ. Таяудағы егіндер осында
басылады. Сонда сабан мен астық бір-ақ тасылады. Шоп, сабан астықтың
тазартатын, жентектейтін машиналары қасында. Бәріне электр қолданылады. Мына жұмысшылар соны істеп жур. Бұл жаңалық Жақыптың миына онша қона
қоймағанын

сезіп, Жомарт
планшетқасынан планын суырды. Әлі түгел жасалып
болмаған жұмыс, планда толық суреттелген. Көзді жеткізіп
тұр.

-        Дұрыс, - деді Жақып шүйіле қарап болған
соң. Оның дұрысы басқаның
"тамашасымен"
бірдей.

Жантас үн-түн
жоқ, келіп қол ұстасты. Үш жақтап сұрағанда,
үш сөз айтты.

-        Уа, диқан баба! Қырманың үлкен көрінеді.
Тола ма?

-        Көрерміз.

-        Мен отыз ңентнер десем, Жақаң он бес те
қанағат дейді. Сіз айтыңызшы?

-        Бұйырғаны болар.

-        Егіннің пісуі қалай, Жәке? Оруды қашан
бастамақсыз?

-        Ертең. Басқа
сөзге келмеді. Бірінің бетіне қарамады. Жантас жүре
берді. Ойында тек егін. Түнде түсінен, күндіз есінен кетпейді. Өз ісіне мығым, үндемес Жантас
осы мінезімен-ақ жұртқа жағып болды. Азан шақырып койған аты қалып, колхоз ішінде көбінесе "диқан
баба", "герой" атанып барады.

Көрмегелі
бірсыпыра болған Жантастың да дағдылы мінезін
сағынса керек Жақып:

-        Бабында екен, - деп жымыңдап қойды.

-        Қайдан білдіңіз, Жәке? - деді Жанат.

-        Көңілді кезінде дамыл жоқ, үн жоқ,
бабына келген бәйге атынша тек тұра
алмайды. Көңілсізде қабағынан қан жауып,
беттен бір алып қалатыны да бар. Жантас электр жайын білмесе де, молотилке
жанындағы жұмысшыларға барып, қадалып тұр еді. Жомарт Жақыпқа
сыбыр етті:

-        Несиеге сенбейді. Біткенін көзімен
көрмек.

-        Әлі ремонттап жатыр ма?

-        Ремонт емес. Электрге лайықтап жатырмыз. Осының өзінен екі трактордың күші пайдаға
қалады.

-        Оны зябке салу керек, - деді де Жақып құлағын тіге түсті. Ыңылдаған бір үн бүгін
құлақтан кетпейді. Өзіжоқта
ауылға басып енген көп электрдің бірі екенін сезсе де, қайсысы екенін айыра алмай:

-        Бұл не? - деді.

-        Ара ғой. Ток бүгін жіберілді. Көрелік, -
деп Жомарт солай бастады. Столбалар,
шұбатылған сым, қазылған жер, резеңке, темір түтіктер... ауылды алғашқы
кездегідей қобыратып жатқан жоқ. Көше
жинақы. Әр үйдің төбесінде-ақ тартылған сым көрінеді. Сол сымның бірі - балташы
Пахрейдің "хүжрасына"
келіп еніпті. Пахрей өзі мастерекойда отыр. Қолында
таяқ, көзінде қос көзілдірік. Кәріні алдымен түк басынатын
секілді. Бұрынғы жылмақтай аузын сақал-мұрт, үлкен
құлағын жүн басып, қасы салбыраған ақ бас қарт.

Жалды айғырша
жалбырап отыр. Дос пен Мәмет бұл жерге де
келіп жетіпті. Үшеуінің де көзі арада. Белгілі баянист Пахрейдің баласы әкесінің орнында тұр.
Қолында бірақ балта жоқ, алдында
электрлі станок.

-        Ассалаумаликөм, жезде, - деді Жақып
келе. Пахрей қолын ұстап жібермей тұрып, үңіле қарады.

-        Балдызбысың? Көр, мынаны.

-        Иә, көргелі келдім. Пахрей
қазақ арасына ертеде сіңіп, қазақтан қыз алған татар. Бірінің жезде, бірінің балдыз дейтіні
сол.

-        Балдыздан туған балдызшамысың, отыр
қасыма. Мынау қай бала? Жомарт
па? Рақмет, шырағым, - деді Пахрей.
- Менің таңертеңнен кешке дейін тілетінімді, мынауың
бір сағатта тіліп тастады. Шыдатар емес.Бірі
бастап, бірі қостап қарттар өткені мен қазіргісін салыстырып
отыр. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр... Пахрей:

-        Электр, балташы мен ұстаға бұрын
берілгені жақсы болды. Бар аспап осы екеуінің қолынан өтеді ғой. Бұлар үлгірмесе, жұмыс тоқталады, - дегенде:

-        Ол ғана емес, - деді Жамарт. - Парник
шаруашылығына көп жабдықтар керек. Арба, шаналар өзіміздежасалады. Тракторлар да электрмен жүреді.
Келесі жылы осылардың өзі-ақ
миллиондаран кірістер енгізгелі тұр.

-        Миллионщик боламыз десеңші! - деп Пахрей күлгенде:

-        Миллиардщик боламыз, - деп Жомарт күлді. Ойнаса да ойындағысын айтты Жомарт.
Алдағы қыс-

та бастамақшы
парник шаруашылығын былай қойғанда, биылғы
бақша егісінің өзінен бірер миллион сом енуіне күмән
жоқ. Келесі көктемде электр тракторларды жерге салса,
миллиардщик болмай
немене! Оның бойындағы сенім
күші өзі сенген электр күшінен де басым еді. Қайсар Жақып сонда да бас имеді.

-        Енді даланы көрелік. Көкіманның көрік
үйін көргем,- деді де жүре тартты Жақып. Кетіп бара жатып қарттарды бір
күлдірді. - Мәмет немді бітіріп отыр осында? Осы құдай да қартайса
керек, алатын кісісін білмейді. Мәмет бәрін күлдірді.

-        Біледі! -
деп саңқ етті даусы. - Ақмет көкуін, Жақып көруін„қашан қояр екен, біліп қайт
деген маған.

* * *

Жақып жалғыз.
Астында тақымы үйренген қарагер жорға.
Жүрісін сағынса керек, жайқалған егіндердің

арасымен
тайпалтып барады. Егін басқан жалпақ дала қанығы
көзіне алақанындай көрінеді. Жомарт
пен Жанат буданкөкті жеңіл арбаға жегіп, жолмен
келеді. Биыл жайылған құмайт жолда зырлаған

дөңгелектен шаң ұшпайды. Арба үстінде тұрған желден шаштары желпілдейді.

-        Ақырын айда! - деп қояды Жанат. -
Жәнібекке барамыз ғой,
"тердің су емес, май" екенін білесің бе?Үлкен адамның еркін күлкісімен Жомарт
даланы басына көшіре күлді.

-        Қымыз бермеуден тайынбас ол.

-        Біздің жігіттердің мінезі қызық-ау,
Жомарт. Жәнібек - "маңырамаңыз", Баймақан
-"тәртіп-тәртіп",

Баймағамбет -"шошқаның электрі" деп келсе,
Жантас үндемей, Ақаң бұрқыратып келеді. Шалдар
қандай! Шаршап отырғаныңда солардың бірі кездессе сергіп сала бересің.

-        Жәнібекке бірі жетпейді. Онда ірілік,
нәзіктік, қайрат, ақыл бәрі бар ғой.

-        Бейсенді соған қосқанымыз жақсы болды.
Түзепті.

-        Қатыны тентек антұрғанның. Көрінгенге
қолы мен ернін шығарады.

-        Соның өзі қызық емес пе! -деп Жанат
көзіне жасы толғанша күлді. - Жәнібектің
Баймақанды шағыстырғанын естіп пе ең?

-        Естігем. Баймақан сотқа берем десе... Ағызып Жақып келіп қалды. Көптен атқа
мінбей шәу

болса керек,
қатты жүрістен алқынғанын көріп:

-        Арбаға отырыңыз, Жәке! Атқа мен мінейін,
- деді Жанат.

Жақып арбаға
отырды. Шаршап келмепті, күдіктене келіпті.
Қабағын шытына сөйледі:

-        Тары, шөп, қиқым-сиқым көбірек егілген
екен.

-        Ауыспалы егіс заңы ғой. Жерді тыңайтпаса
бола ма?

-        Бидайды азайтса ол неме керек?

-        Көбейтпесе, азайтпайды. Сапасы жақсы
емес пе?

-        Жаман емес, - деп күмілжіді Жақып. Бұрын
бидай салған жерден басқа тұқым көргенде қарны
ашса, бидай шығымын көргенде тойған
еді. - Бақшаға соға жүр, - деді. Жомарт
жам жолмен Нұра қолтығындағы түбекке бұрылды. Соқа тимеген соны жер биыл
борша-борша. Қырық-елу гектар бақша егісі адам күшін де судай жұтқан екен.
Адамның көбі, жиыны осында. Жақып арба өте алмаған соң аралаған жоқ. Шетіне
келіп тоқтады да, арба  үстінде тік тұрып,
шүйіле қарады... Нұра жағасында күркілдеген электр насосы. Арықтармен зымыраған
су көк бұйра кен жазықты қытықтап бара жатқан сияқты. Сылдыры кербез күлкідей
естіліп тұр...

-        Қаптаған
адам, қаулаған бақша, - деді бір кезде Жақып. - Дұрыс. Жастар шөпке құмар. Есіл бидай,артоп, маркөптардың астында қалмасын
бірақ  Жақыптың "дұрысын" осымен екі рет естіген Жомарт пен Жанат қуанғанда, оның қаупіне де
күлді: к

-        Жастар нанға да құмар, Жәке.

-        Бақшаның орнына бидай қандай әсем
шығады. "Қиқым-сиқымдар"
екі миллион сом ғана береді.

-        Дұрыс, - деп Жақыптың өзі де жымиды.
Бақша ішінен шығып, бері беттеген екі аттыаы бұлар
да таныды.

-        Баймақан.

-        Қасындағы Жәнібек.

-        Екеуінің басы неғып қосылды? Екеуінің басы қосылса да дауласып келе
жатыр еді. Баймақан егіншілер бригадирі.
Кеше қымыз фермасына барып,
Бейсенді орныңа кел деп, тықсырып кеткен. Бүгін

Бейсеннің орнына
Жәнібек келіп, кешегі сөздің қарымжысын қайырды.

-- Сәлем, жолдас
председатель! Мынау менің кісімді азғырып
алып бермейді. Егін тұрғанда қымызға кісініңкерегі
не? - деді Баймақан келе-ақ.

-        Маңырамаңыз, қымыз да керек. Маған
партком берген, - деді Жәнібек.
Бір көзі қарагер жорғада. Көптен мінілмеген
соң сабылып қалған екен. Жанаттан көріп тұр. Жақыпқа
естірмей, күңкілдейді.

-        Өзіңді біреу осылай терлетсе қайтер
едің?

-        Мен дейсің бе, Жәкем терлетті. Баймақан
адамдарының тізімін алып үлгерді.

-        Көр мынаны, кімге берілген?

-        Салып қой. Бейсен керек болса, қолдан
неге шығардың?

-        Уақытша берілген сағэн.

-        Болдыртып әкеп тастайтын астыңдағы торың
емес ол. Тастағасың. Қатарға қосып алдым, нең
бар?

Жомарт бітім
айтты екеуіне. Дұрыс айтса да, бұра айтты
Жәнібекке.

-        Таңдауды Бейсеннің өзіне берейік, -
дегенде, Баймақан басын шайқады:

-        Әскерде таңдатпайды. Бұйырады. Бейсеннің енді келмесін білген соң,
Баймақан бұрыла

сала кейін жөнелді.
Жәнібек, Жанат төтелеп, Жақып пен Жомарт
жолға түсіп, қымыз фермасына тартты. Сиыр фермасы
да сол маңда жақын. Бәрі бұйрат ішіндегі көк бұлақтарда
жатыр. Бұлар тек қолда қыстайтын шағын мал. Малдың
көбі алыстағы құмда. Байтақ Нұраға сыймаған, жайылым
тар, шымқай егін. Егінді қақ жарып, жаңа тас жол,
алаңға шықты. Екі қора тұр. Маңы - құжынаған
құс. Тобымен келіп қона қалса, бір көлдің бетін алып кетер еді. Қаз, үйрек,
тауық үн қосып қиқулап жатқан өзінің құс фермасына Жақып көз қырын тастады да
өте берді.

-        Бұларға да электр береміз, - деді
Жомарт.

-        Олар қайтеді?

-        Электр жұмыртқаны да құс етеді. Жақып
үндеген жоқ. Күн ұзын көргенін қорытып келеді. Электрді көріп бақты. Ауыспалы егісті, жаңа
бақшаны да көрді. Енді асыл тұқымды малдар ғана қалды. Содан
кейін айтарын жиып-теріп бір-ақ айтпақ. Тас жол бітіп, жай жолмен белеске шыға
келгенде, аяқ астында қымыз фермасы көрінді. Ақ үй, маңы қара құрық: "Бұйратты
бөксесінен теекен "Жамбас бұлақ" жайыла- жайыла талай жерді шалғын
қылыпты. Күнге
шағылысқан ақ ауыл көк майсада
отыр. Сыртындағы төрт үйез жылқы

төрт желінің тұсында.
Желі толы құлын. Ақ алжапқыш байлаған
сауыншылар шелектерінің бетіне де ақ марліжауыпты... Жылда
мұнша көп бие сауылмайтын. Жомарт биыл Жәнібекті отарға әдейі жіберіп таңдап
алдырды. Ондағы ойы қымызын ішіп, әрі сатып, қызығын көру ғана емес, тұқымын да
асылдандыру еді. Өзге жылқыдан оңаша, аран ішінде арқыраған үш айғыр -
сүлікқара, теңбілкөк, керқасқа - асыл нәсілдер. Бірі сұлу, бірі мықты, бірі
жүйрік. Жақып алдымен осыларға келіп тұрып қалды. Жанат ауылға бұрынырақ
барған. Шұрқырасып жатты. Малшылар бала-шағасымен Жанатты ортаға алып, бірі бетінен
сүйіп, бірі қолын қысып қуанысып жатыр. Бұл, көп жылдар
колхозды бауырына басқан Жақыптың беделі емес..

Онікі оз алдына.
Алма, Жанат жас, мінез жағынан баладай сүйкімді
болса, ұстаздық жағынан әкедей үлкен еді. Шабақша шыпырлаған балалардың тазасын
бетінен сүйіп, кірлеуін кішкене мұрнынан
тартты. Жанаттың айтқан жылы сөзі
балалар мен қоса ата-аналарын да жылытып тұрды. Шын махаббат
осылардың арасында екен. Желі басында жүрген Бейсен бұрынғы көңіл салқындығын ұмытып,
қол ұстасқанда:

-        Жанатжақ сағындым, - деп көзіне жас
алды. Рас,ол Жәнібекке еріп отарға барып қайтты. Келгелі емін-еркін көрісе алмады. Бірақ оны сағындырған
арадағы бірер ай емес, жүректі аймалаған
жылы шырай еді. "Бейсекем" деген Жанаттың
бір сөзі Бейсеннің көзінен жас шығарды:

-        Сыйласуға ештеме жетпейді екен! -деді
Бейсен.

- Көп назарындай
суықты да, жылыны да көрмедім.

-        Бейсекем, тауып айтты-ау, - дегенде, Жанат
оның ішіне сүңгіп шыққандай болды. Жақыптар
желі басына келді. Жұртты қабағынан танып, өзін де қабағымен танытқан ескі
бастық әлі де үлкен салмақ көрінеді. Биелермен ұрысқан түрік ерін тоқалдың дауысы бәсеңдей қалды. Қотандағылар желі
басына жи-

ылды. Қысқа
амандасып, қайсыбірін мысқылдап қойып, жылқыны
айнала қарап жүр Жақып. Анда-санда берген сұрауына
малшылар жамырай қайырады жауапты.

-        Неше бие сауылады?

-        Жүз бес.

-        Ақметтікімен жүз алты. Салқын қораға үйренген Ақметтің ала биесі
кішкене бүгеліктен жанын қоярға
жер таппай тұр. Бауырына жабысқан түрік ерін тоқал Ақметтің де, биенің де
сазасын беріп тұр. Жақыптан
қаймығып ежелеп сөйледі:

-        Іпит-тіпің - мапа-лыпы. Апар-апам-қапат.
("Иттің малы. Арам қат"
дегені).

Ескі ежеге
бүгінгілердің көбі түсінбейтін, Жақып сыртын беріп, еетімеген, түсінбеген бөлса
да, сылқ-сылқ

күледі.

-        Неге күлдіңіз, Жәке? - деп Жанат келді
қасына.

-        Жай.
Көкіман биесіне темір тұмар тағыпты. Келін соған байғазы қадады.     

-        Тұмар емес, белгі ғой ол бұрынғы...

-        Жомартты неғылды сұйтіп?

-        Қайдам. Қысып-қысып кеткен. Есжанның
беті қатты, Сатан аға сабырлы кісі ғой, неде болса ішінде.

-        Сол Көкіман бәрін жеңген шығар, - деді
де, Жақып желіні бойлай берді.
Жай басып, байыппен қарапкеледі.
Көргенінің көбі жадында қалатын, желі басынан да қалған
сияқты. "Құлындар әлі асау, жігіттер ұстап саудырып жүр. - Қара құлақ
болғанда байланған. Биелер тарпаң. Қайсыбірін тұсап, матап сауып отыр. -
Жасында мінілмеген. Жылқы
жонынан жарылады. Жер от, жылқышы дұрыс екен. Осының бәрін асылдандырам демей, қазақтың күйкі торыларынан да сақтау
керек..." деген оймен
ауылға беттеді.

Ыстық күн.
Қымызға қанып, қызара борткен малшылар. Тайларын табан балықша бұлтыңдатып,
айнала шапқан балалар. Көк майсада ақ ауыл. Ауыл ортасында  тымық
күнде тік ұшқан боз түтін. Дуылдаған дауыс, сапырылған сар қымыз. Жақып
шынтақтай жатып, Жәнібектен сұрай
берді.

-        Ондағылар қалай екен? Бетінен майы шығады. Мал иесі солар ғой,
біз тек сырттан иемденіп
жүрміз.

-        Қой биыл қаншаға барыпты?

-        Сегіз мың сегіз жүз.

-        Сиыр ше?

-        Сиыр төрт жүз. Жылқы мың үш жүз.

-        Тоқты қашып, тай айғырдан шыққан екен, -
деді Жақып, ішінен есептеп жатып.

-        Мен осыған онша сүйсінбеймін, -- деп
қынжылды Жәнібек. - Сонша малдың
сүті, майы, брынза, жүні ысырап болып жатыр. Бізге құр сүлдері ғана келеді.

-        Сеніңше қайтпек керек?

-        Самолет, машина керек.

-        Жақсы талап. Бірақ, қолдан әзір келе ме?

-        Келеді, - деді Жомарт. - Алуға біздің
шамамыз бар. Беруге мемлекеттің
шамасы бар. Кукурузниктер менғазиктер
тимей ме ең болмаса. Отарға үлкен өзгеріс керек. Мәселе
ондағы азық-түліктерді тасуда ғана емес. Солардың мәдениетті
өндірісін, тұрмысын жасауда. Қойды электр

қайшымен қырықпай,
сүтті заводтан өткізбей тынбаймыз. Ондағы мал мен малшыларды дәл осындағыдай
халге жеткізбей тағы тынбаймыз. Ол үшін әуелі әуе қатынасы, машина, транепорттар
қажет. Мен пікірімді тиісті орындарға жазып та жібердім.

-        Жақсы
талап, - деп Жақып тағы да бір айтты да, Бейсенге көңіл аударды. - Сен орныңды жаңа
тауыпсың. Жегенің ет, ішкенің қымыз, мінгенің ат. Құдайдан сұрағаныңның өзі
осы-ақ еді ғой.

Бейсен қарқылдай
күлді.

-        Рас, Жақа, осы күні тоқал да ұрысуын
азайтып келеді.

-        Бірақ, Баймақан сені мұнда қоятын емес.

-        Желкемнің шұңқыры көрсін Баймақанды! Бәрі ду күлді. Тегін күлген жоқ. Жеңіл
мінез,

бойкүйездеу
Бейсен, бір кезде "жақсыларға", бертін келе Айдарға еріп көп несібінен қағылды. Одан
Баймақанның темір тәртібіне түсті.
Жәнібекке келгенмен де қапелімде қарық
етпеген. Бір жағынан сөзбен жеп, екінші жағынан қиынға
айдап байқады да, оңтайына қарай жұмыс берді Жәнібек.
Бейсен қазір кымыз фермасының
бастығы. Биені ағытқан соң, сол
биелерді отарға айдайды. Отар оған қатты ұнаған. Түрік ерін тоқал елден
алыстағысы келмесе де ат
үсті, еңбекақысы мығым, жұмысқа
қызықты. Бейсеннің "тоқал да ұрсуын азайтып келеді" деп отырғаны
сол еді.

-        Баймақан түгіл Айдардан да сақтаған құдай!
- деп қораздана түскенде.

-        Айтпақшы Айдардьтң хабарын айтпаппын-ау,
- деп Жақып басын көтерді. - Осынан шыққан
бетінде Алматы маңындағы жиеніне барыпты. Онда паналай алмай әрірек жылжып кеткен екен, баласы өліп,
қатынынан айрылыпты.

-        Келіскен екен.

-        Жүрер алдында Жанатжанға базарлық алғалы Особторгқа кірген едім. Жәмилә кездесе
кеткені. Е, сенқайдан жүрсің?!
"Ойбай, Жақа осылай-осылай" деп көкіп тұр.
Өзі бір мықты председателыс тиіп апты. Қонаққа шақырса
да бара алмадым. Қасқыр ойел екен. Айдарды, соңына
түсіп жүріп, жүз мың сом ақшасымен ұстатыпты.

-        Ойбай-ау,
біздің жиырма мыңды неге ала келмедіңіз?

-        Заң бойынша
осында әкеп соттайтын көрінеді. Аларсың, Бейсен, - деді де Жақып орнынан тұрды.
- Ет піскенше Жомарт екеуміз сиырларды көріп келейік. Қалғандары Айдарды
сырттан соттап жатты. Жақып пен Жомарт салт атқа мініп сиыр фермасына жөнелді.Ферма
бір белдің ғана астында болатын. Бұ да өз алдына бір ауыл. Сырты қоңырау болса
да, ақ ауылдан іші мығым. Қымыз
орнына бұлар қаймақ ішеді. Ызыңдағансепаратор
дауысы анадайдан естіліп тұр. Бұзау,
сиыр, бұқа қамаған арандары
анадайдан көрініп тұр. Пар аттан жеккен екі
бричке, ақ сауыттар артып, май заводына барады. Күйсеп тұрған мама
сиырлардың бауырында, басы ағарып  сауыншылар
отыр. Толы шелеқке тұтам емшектен саулаған сүт көпіршіп, борылдаса, сауыншылар
баяу үнмен әндетеді...

-        Сүт жоспары толды ма? - деді Жақып
ауылға ене бере.

-        Толған. Отардағы бар сиырдың бергенін
берді асыл нәсілдер. Жақып
аттан түсіп, сауыншыларға амандасып тұрғанда, екі көзі шелекте еді. Жасамыс
сауыншы шүпілдеген шелекті марлімен жаба салды. Жақып сиырдың емшегін ұстағанда:

-        Желіні кетеді ғой, - деді.

-        Мынау бір сауғанда бір сиырдың бергені
ме? - дегенде, сауыншы қипақтап қалды. Тілден,
сұқтан, сақтанып тұр. Жомарт оны қайдан білсін.

-        Бір сауғанда-ақ бергені. Бұл сиыр күніне
жиырма бес, мынау кызыл жиырма... -
деп сиырлардың бас-басына сырын ашты. Әйел теріс қарап, "тіпа-тіпа"
дей берді. Жомарт оны да сезген жоқ.
Жақып жымың етті де жүріп кетті. Байлаулы дәу бұқаларға келді. Аран ішінде арыстанша күжілдеп, ауылды басына көтеріп тұр.
Бөлек аранға қамалған тайыншадай-тайыншадай жиырма бес бұзау - көк, тарғыл, қызыл қасқа - осы бұқалардан айнымайды. Жақып
көріп болған соң бір-ақ ауыз сөз айтты:

-        Қазақы сиырларды іріктеп салу керек.

-        Иә, екі сиырды мертіктірді. Сонсоң
бетімен жібермейтін болдық. Атқа қонды екеуі де. Еңкейген күнге қарсы
ілби аяңдап, бірсыпыра үнсіз отырды.
Аңқұмар Жақып, оң жағында, бұйрат
етегінде, жайылып жүрген бір топ дуадаққа елеусіз қарап
қойып:

-        Мен енді осы бетте ауданға бара қайтам,
- деді.

-        Көп таластық. Қара бастың қамы үшін
емес, колхозды ел үшін. Көп нәрсені
көріп, естіп кеп салыстырғанда, жеңіліп
қалдым. Сен жеңгеніңе мақтанарсың. Мен жеңілгеніме
мақтанам. Бетіңнен жарылқасын, балам, - деп
Жомарттың қолын ұстады. Ауылға
келгенде екеуі де аттан күлімдей түсті. ЖанатЖәкесін
қабағынан танып, балаша мойнына асылды.

VI

Орақ уақыты. Тұнық
дала тас-талқан. Жер қайысқан егін
ішінде жайындай жүзіп комбайндар жүр. Дәу маянысүлікше
сорып молотилкелер тұр. Ауыздарынан сары сабан, ақ қауыз бұрқырап жатыр. Шүмектерден саулаған қызыл дән; жәшікті арба, қанар қаптарға құйылып
жөнеліп жатыр. Ту көтерген ұзын
керуен, жүйткіген грузовиктер элеватор
жолында өзінен өзгенің бәрін сырып тастапты. Он екі айдың осы бір айы
барлық айдың тағдырындай. Осы кездегі колхоз қимылы жерді де теңсеп
жібергендей. Ұлы дүрмек. Ыстық күн. Қайнаған дала. Ғазиктің рулін өзі ұстап,
қасында Жақып, Жомарт келеді. Білек сыбану-

лы, бұйра шашын алып
тастаған. Ыстық күнге мотор қызуы қосылып,
қабина іші тым қапас. Қатты жүрістен тұрған жел
тыныс кеңітіп, машина орғыған сайын:

-        Ақырың ақырын, - деп қояды Жақып.

-        Уақыт өтіп барады! -деп айдай түседі
Жомарт. Жақып қызметке енген.
Жомартқа орынбасар қазір.

Ауданға барған
жолы ғазикті ала келді. Қысылмайтын кең адам
болса да, орақ тұсында сан қысылған. Қазір тіпті кең отыр.

-        Саспа, бала, саспа, - дейді. - Біздің
колхоз бұдан жаманында да тойға
барған.

-        Енді бұрын болмаған тойға барады.

-        Қайда барса да биылғы техника жеткізер.

-        Бұл күндер техникадан озу мұрат.

-        Озарсыңдар, барарсыңдар коммунизмге.
Біздей қартты еске алыңдар сонда.

-        Бірге барамыз. Оныңыз мына тұрған жер
емес пе! -    деп қарқылдай күлді Жомарт. - Электрден
атомға бір секірсе болғаны! Жақып күлмеді. Сүйсінді де, өкінді.

-        Шіркін жастық! Жиырма бес осы кезде бір
келсе. Ой-арманға басқан Жомарт өзінің де, Жақыптың да

көңілін
тапқандай болып келе жатты. Торы бестімен төтеден
қосылған Баймақан жаңа хабар әкелсе де

тоқтамады.

-        Айдарды айдап сот келді ауылға.

-        Келсін

-        Жұрт алдында соттамақ.    

-        Жұрттың уақыты қазір жоқ.

-        Заңға бағыну керек, жолдас.

-        Уақытың болса бар, бағын!

-        Бөгел, - деді Жақып. Машина аз кідірді.
- Бүгін жоспарды орындамақ
күніміз  егіншілердің уақыты жоғы рас. Малшылардың ортасына жібер.
Жәнібек пен Бейсен сөйлесін. Жөні келсе,
қара бет осында өтейтінболсын
жазасын. Баймақан шоқытып кете
барды. Жақып пен Жомарт комбайн-самоходқа
келді. Бұл биыл ғана көрінген комбайн. Бұрынғы
комбайндардан екі есе өнімді. Тракторсыз өзі жүреді.
Сабанға дән жібермейді. Бұрынғы комбайндардан тағы
бір артықтығы - адам аз керек. Масақ қалдырмай-

ды. Осы алыптың
бітік егіннен жоны ғана көрінеді. Сабан қауыздарды
боратып, егінді толқыта жайпап келеді екен.

-        Жайын тәрізді, - деді Жақып.

-        Электрге, одан атомға жексе қайтер еді!
- деді Жомарт. Оның көзі жайындай комбайнға да
тоймағантәрізді. Есепшіден
мәліметті ала сала, патсайы далада бөкенше
ырғып барады... Алуан-алуан егін! Әлденеше бригада, звено. Бәрін сүзді. Біріне аз,
біріне көп кідірді. Күн еңкейе
кейін оралып, ауыл жанындағы үлкен қырманға келеді. Қырман үсті құйын. Дәу маялар айыр ұшымен
ұшып жатыр. Электрлі молотилқа боратып тұр.
Бункерлерден құйылған меруерт дән,
төбе-төбе боп үйіліп қалыпты. Қоршаған
көлік, машина. Асығыс қимылдаған үлкендердің арасында
шыпырлап пионер отрядтары да жүр.

Мұғалімдері
қасында. Ортасында Жанат. Колхоз ауылы дәл
бүгін дәннен өзгенің бәрін ұмытқан секілді.

Түтігіп
машинадан Жомарт пен Жақып түсті. Түсе сала үюлі
қызыл бидайға келіп, сапасын ұстап көрді де, басын бір изеді Жомарт. Жантасты шақырып алды.

-        Қал қалай, Жәке?

-        Жаман емес.

-        Неше ңентнерден айналды?

-        Тіпті қырыққа жетті білем, - деп Жантас
жымиды. Жомарт сақылдай күлді.

-        Геройлығына
әлі сенбейді!

-        Нан болса,
бәрі түгел, - деді де жөнеле берді Жантас.

-        Тоқта, Жәке! Бүгін қанша өткіздіңіз! Жантас жауагі орнына квитанцияларды ұсынды.

Планшетқасынан
дайын бланқа алып, жаза бастады Жомарт: "...Берілген ероктың жармысында, жоғары
сапамен жоспар жүз процент
орындалды. Жоспардан тысқары тағы жүз
мың пұт астық тапсырамыз. Тұқым, азық, қорларын шығарғаннан
кейің колхоз базарына екі жүз центнер істық сатуға шамамыз бар. Колхозшылар
әрбір еңбеккүніне сегіз килограмнан
алғалы отыр. Рақмет техника жасаушы жолдастарға..."

Жазып болысымен,
маяны айырлап жатқан шоферына дауыстады:

-        Таста айырды. Жақаңды ауданға жеткіз. Жақып қағазды алып ауданға жөнелді.
Жомарт шылы-

мын тарта қырман
шетіне отырды. Бәріне байыппен қарап отыр...
Төбеде қалқа. Күн, не жанбыр өткізбейді, самал. Тақтайдай
тегіс, цемент қырман Дән арасында шаң не бір тас
жоқ. Дуылдаған дауыстарға ыңылдаған мотор үн қосады.
Ауданның, облыстың қызыл тулары жоғары тігілген.
Озық еңбек осында деп атойлап тұр. Күшті репродуктор
қыбын тапқан саналы еңбектің шаттық күйі

-
"Күншуақты" ойнады. "Күншуақ" бұдан бес күн бұрын үлкен тсатрда ойналған. Газеттер Алманың
суретін басып, "Совет
искусствосының зор табысы" деген атпен беттер берген. Тасқын келіп қалғандай Жомарт ұшып
тұрды. Жанат жүгіріп келді қасына.

-        Білемісің, бақыт қайда қазір? -- деді музыкаға
шаттанып.

-        Білем. Дәл біздің жүрегімізде.

-        Не деп тұр?

-        Мынау: қырман, мая, күрек, айыр,
лобогренка дегендеріңді жоғалт! Жасасын егін
тәңірісі - комбайнсамоход, электротракторлар - деп тұр. "Күншуақ" соны қостап тұр.

-        Рас, арман деген көп белес. Біріне
шықсаң бірі бар. Белес түбі бір асқар.
Сол асқарға шыққанда, жүрек шіркін не
айтар?!

-        Не көрінее соны айтар, - деді де Жомарт
жүріп кетті. Өзенге
келді. Күн кешкіріп барады. Ешкімге тапсырынды берген жоқ. Берерін күні бұрын
берген. Қырман басындағы тақталарда бәрі жазылған. Төселген жұрт өзі біліп істеп жатыр. Өзенге келіп, шомылды да,
үйіне барып жатып қалды. Жас
адамның шаршап тыныққанда қатты ұйықтайтын
әдеті Жомартта да бар еді. Сол жатқаннан түн
ортасына дейін тұяқ серіппеді. Есікті біреу тарсылдатып тұр. Дәмет бәйбіше
бүгін көрші колхозда,ғы сіңлісіне кеткен.
Әлден уақытта, қараңғы үйде, үйкылы-ояу басын көтерді
Жомарт.

-        Бұл кім?

-        Мен. Алма! Ұшып
барып есік ашты. Аузынан сүйіп, көтеріп енгізсе де,
Алманың қабағы кірбең.

-        Әжем үйде ме? - деді.

-        "Октябрыс" кетті. Жаным-ау,
әзір қайтпаймын дегенің қайда? Телеграм
неге бермедің?

-        Жұмыс уақыты ғой. Есік ашудың өзіне азар
келдің? - деп Алма көңілсіздеу
күліп қойды.

Алманың хабарсыз
қайтып, түнде келуінде өзі ғана білетін
сыр бар. Жомарт сезбей отыр. Үйде жалғыз қалуы, есікті
кешігіп ашуы сол сырды тереңдете түсті. Телефон шырылдады.
Жомарт көтерді трубқаны. Жанатпен кездесті.

-        Жомартпысың? Жаңағы келіп қайтқан машина
кім?

-        Алма келді, Алма. Жанат аспирантурада сырттан оқып, осы
кезде тіпті кеш жататын. Үстінде жұмыс
шапаны, кешікпей алқына кірді
есіктен. Шұрқырасып жатыр...

-        Ал, "Күншуақ" жайын өз
аузыңнан естиік, Алочка?

-        "Күншуағыңыз" - көңіл шуағы
деп, көсем қолыма гүл бергенде, көңілім
не күйде болғанын айтуға тілімжетпеді.
Ендігі арман соны музыкаға түсіру, - деп, Алма қуаныш
сезімдерін ғана айтып отырды. Сөзінен текқуаныш
сезілсе де, қабағында бір кірбең барын байқаған Жанат,
ойын-шыны аралас:

-        Қолқам бар Алочка салатын, - деді.

-        Ал, - деді Алма.

-        Алсам, дәл өзінді алам. Бүгін менімен
бірге жатасың. Жомарт қарқ-қарқ күлді.

-        "Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды"
деуші ме еді қазақ?

-        Сенен сұрағам жоқ қой, қиналма.

-        Алма көнее көріп тұрайық.

-        Шын сұраса көнбейтін несі бар? - деді
Алма. - Жанат ескі досым. Талай
жатқамыз бір төсекте. Жаңа дос, араға
түспе.

-        Шын сұраймын, жүр! - деп Жанат
қолтығынан көтергенде, Алма еріп
кетті. Жомарт ойын-шынын айыраалмай
аңырып қалды... Еріп кеткен Алма да,
қабатынан келген екі ойдың бірін мықтап
ұстай алмады. "Бірдеме айтпақ қой. Не айтады? Әлде
Жомартты менен қызғанатын күйге жетті ме?" деп келе жатыр еді. Жанат бөлмесіне
келісімен дәптерін қолына алып:

-        Алочка, -
деді. - Өзге түгіл өзімнен жасырған бір сырым бар. Сенің қабағыңды көргенде,
жасыруға дәрменім. қалмады. Қолымда
қазір дәптер. Оқып берейін. Арамдығым да, адалдығым да ашылсын. Сот өзің бол.

-        Оқыма, білем. Сенем, Жаночқа! -деп Алма
Жанатты құшақтай алды...

VII

Жауынды жаз,
қоңыр күз жарылқап кетті. Қыстан қымсынған жұрт жоқ. Тынбастан екі күн
жапалақтаған ақшақар жер бетінде ақ мамықтай
үлпілдеп жатыр. Шағылысқан қар мен күн көзді ұялтып қаратпайды. Лыжа тепкен, із кескен,
ит жүгіртіп, құс салған колхоз адамдары мамық далада
жосытып жүр. Ауыл жанындағы өзен ішінде, бетін сыпырған жалтыр мұзда,
Алманы қолтықтай коньки теуіп Жанат келеді.

Үйірімен жүзген шабақша мектеп балалары сондарында келеді.
Жауыр басында, бүркіті қолында қарт аңшы Дос көрінеді. Мойындарында қосауыз,
боктергендері қояң бір-бірден ғана түлкісі бар. Жақып пен Жомарт үйлеріне келіп
аттарынан түсті. Ертең ноябрьдің жетісі. Ұлы Октябрыс отыз жыл. Аң қуалап,
лыжа, коньки теуіп алқынған, қора маңында күйбеңдеп, шаруасына қызыққан
кәрі-жастың бәрінің есінде ертеңгі күн осынау. Жауыр биігіндей жоғары тұр. Сол
күннің құрметіне, әр үйдің мұржасынан будақтаған түтін, тымық әуеде тік ұшып
барады. Баймақан бастаған бірнеше адам ту көтеріп, ұран жазылған
қызыл маталармен

колхоз ішін
жайнатып барады. Желісті, шабысты аттар оқтаудай
боп жарап қапты. Көше бойында кербез аяңдатып жүргендер көрінеді. Азық сарайының
жанында бетін екі жаққа түзеп,
машина, көлігі аралас, екі керуен тұр. Жәнібек басқарып жүр. Екі керуеннің бас
көліктерінде қызыл шүберекке ақпен жазып, жоғары көтерген жазулар бар: "ұлы
мереке құрметіне "Аманкелді" колхозшыларынан Қарағанды жұмысшыларына
сыйлық". "ұлы мереке құрметіне "Аманкелді" колхазшыларынан Теміртау
жұмысшыларына сыйлық".

Электр сыйлаған заводтарға қарай керуен орнынан қозғалды.
Арты мұнда жатқанда, алды колхоздан шығып үлкен жолға түсті. Ырғалған ауыр
тізбектен майысқандай шықыр-шықыр етеді жер. Ертеңгі күнге Ақметтің дайындығы
өзгеше. Көрік үйі қазір кең мастерcкой. Елесарь столдары, тоқарь станоктары, бұрғылар
орнатылып болған. Транемиссия мейлінше шапшаң, зырылдап тұр. Темірді
бірі - ағаштай

жонып, айнадай
жалтыратып жатса, енді бірі - қызыл ұшқынды
боратып, нанша илеп жатыр. Мотор, механизм, балға
дауыстарына адам дауыстары қосылып мастерской іші думан. Басқа колхоздың да адамдары
көрінеді. Өздері жөндей алмаған
саймандарын әкеп, істетіп жүр. Ақмет дауыстап
қояды:

-        Жігіттер! Ертеңге жұмыс қалмасын. Бұлармен қатар ағаш мастерекойы да өзгерген.
Электр

араға станоктар
қосылып, арба, шана жасауға кірісіпті. Пахрей
қарт станок иген шана бастарына, жонылған

дөңгелек
шабақтарына баптана қараса, баласы сағатына қарап
асыға түседі. Баянын алып, көшеге шығатын уақыт тақалса
керек.

-        Төлеу мен Коля нағып жатыр? - дегенде:

-        Ойынға үлгерерсің, жұмысқа үлгер, балам,
- дейді қарт. Электрлі
диірменнің біткеніне үш-ақ күн. Алды бүгін көп көлік. Көрші колхоздардың
астығын тартып жатыр... "Аманкелдінің" түнгі көрінісі тіпті сәулетті.
Түнге қарай өндірістердің бәрі қызыл шүберек оранып, шамдары жұлдыздай шыпырлап
кетті. Баймақан мықтап дайындалған. Кейбір ұрандарды электрмен жазып, Ленин
суретін электрмен салыпты. Әр жерде күндей жарқыраған күшті прожекторлар тұр.
Клуб төбесінде, бүкіл колхоз аулынан жоғары, Ленин мен Сталин суреттерінің
аралығында, электр бір жолға екі сөзді кезек-кезек жазып, дамылсыз көрсете
береді: "Ұлы Октябрьге отыз жыл". "Жасасын коммунизм!" Клуб іші адамға лық толы. Мереке жиналысы
болып жатыр. Жомарт сөйлеп тұр. Президиумде
Жақып, Ақмет, Жантастар. Алдыңғы
қатарда, Дос, Баймағамбет, Мәметтер
көрінеді. Қаладан кино аппараттарын ала, кино қызметшілері, газет тілшілері келген.
Жазып алып, басыпқалып, дамыл таппай
жүр... Алма, Жанат, Төкен, Пахрейдің баласы,
Коля тағы

бірнеше жастар
бөлек бөлмеде концерт дайындығында. Мереке
комисеиясының бастығы Баймақан банкет дайындығында. Шампанекийлерді жәшіктеп енгізіп
жатыр...

- ...Ленин көксеген
электрофиқация, міне, колхоз аулын
да жарқыратты! -дейді Жомарт. - Біз бүгін

социализм
дәуірінен өтіп барамыз. Еңбек өнімінің қай саласын алсақ та, саны мен сапасы
былтырғыдан биыл екі есе
артық. Колхоздың негізгі мал-мүлкін қоспағанда, бір жылғы кірістердің өзі бірнеше
миллиондарға жетті. Осы жиылыста
ресми тұрде жарияланбаған талай еңбек геройлары
отыр. Жыл аяғында "геройлар колхозы" атансақ ғажап емес. Электр енді
бүкіл егіс даласын, отардағы сонау
байтақ мал даласын қамтымақ. Қамтыған кезде "міне коммунизм!" дей аламыз. Сол үшін,
өжет елімізге, еліміздіңкемеңгер
Коммунистік партиясына алғьтс айталық, жолдастар!

Соңы.