ВЕРНУТЬСЯ

        Қызыл шұнақ аяз, бұрқылдаған борандар сиреп, марттың ұзақ
күні Сарыарқаны сауырынан сипап тұрған
кез. Адам да,
мал да, күншуақты сағынып, күн жақтағы ықтасында
тыраңдап жүр. Үй ернеулеріне сүңгі тұрабастаған.
Жауыр таудың күңгей беті тесіліп, ақ қардағы кішкене
қарасын ақ денедегі қара қалдай көрінеді.Күлімдеген жаз күнін санап күткен жұрт
барымен қарсы алуға дайындалып жатыр...
Аз күнде көп жорытқан жаңа председатель Жомарт  өзім қарықпасьш деп көк көзілдірік киіпті. Қарағанды,
Теміртауда
болып, жаңа қайтып келеді. Кең далада шырқаған
жалғыз дауыс, жылтыр жолда жал-құйрығы
жайқала желген
будан көк көтеріңкі көңілге ере алмай келеді.
Жомарттың жолы болды. Облыс әзірге екі жүк машина,
асыл тұқымды екі айғыр, үш бұқа, жиырма бес сиыр
бермек. Егіс кезінде комбайн, тракторлардың санын арттырмақ.
Теміртаудағы электр станциясынан колхозға жоғары
вольтты электр линиясын тартуға да рұқсат алды. Осының бәріне жарты
миллиондай ақша керек. Ол ақша дәл қазір колхоз кассасында жоқ. Ескі жыл өтіп, жаңа жылдың табысы әлі өнбеген. Ақшаға қарап уақытты
жібергісі келмеді
Жомарттың.
Есептеп-есептеп он бес шошқа, ақаулы малдардан
он бес қара бордақылауға, оны қара өзек шақта Қарағандыға
апарып, сойып сатуға бекінді. Сонда колхоз малының
саны түгел, сапасы артып шығады. Оның үстіне қыруар
жұмыс бітеді.  Жомарт адам
күшін де есептеп, егіс, электр жұмыстарын кезекке қоймай қатар жүргізуге
болатындығын шешті. Ол үшін осы бір шола шақта мықтап дайындалып, орақ
науқанына соқпай, көктем егістің алды-артында электр шаруашылығын жасап алмақ.
Ойын қорытып, алдағы жазда колхоз ауылын жаңа жайлауға қондырғандай шырқаған
әні алысқа кетті... Торқасқа атқа жайдақ шана жегіп, қарсы келе жатқан Жәнібек
естіп келеді. Қасында
шошқашы Баймағамбет пен Бейсен
бар. Торының тұяғы ғана қыбырлайды. Жәнібекті журісінен
танып, Жомарт атының басын тежеді. Қатты
журісті, көлік
қинауды ұнатпайтын Жәнібек, кездескен жерде-ақ:        
-        Туһ! - деді. Бүйірін соққан буданкөкті
мойынға қағып үстіне түсіп
барады. - Ақырын жүрсе іші жарыла ма,
түге. Осы төгілген тердің не екенін білмейді бірі. Су емес, май ол. Жомарт
шылымын тартып сылқ-сылқ күліп тұр. Жәнібектің сөзі жанына жағып қалжыңдайды:
-        Тершең атты
бізге бересің де, терлемейтінін өзің мінесің. Торқасқаны қарашы, қылшығы да сынбапты.
-        Көктің терін шығарғанда, торының жанын шығарарсың. "Бай болғанда бақырып
бола ма" деп,
председатель
болғанда ат сабылтып бола ма. Осы малға кім
жауапты? Ойлаңдаршы.
-        Сен жауапты. Соны айтарыңды біліп, екі
машина алдым, -- деді Жомарт. Қуана ма деп
Жәнібекке жалт қарап еді:
-        Әлгі мама сиырлар қайда? - деп алақанын
жайды ол.
-        Оның жиырма бесін алдым. Үш бұқасы тағы
бар... Жәнібек жымиып күліп жіберді. Жомарт
бітірген
шаруасын қысқаша
айтты да, үшеуінің бас қосып шыға қалуын
сұрастырды:
-        Қайда барасыңдар топталып?
-        Мына "Октябрь" колхозына.
Бодаубек екеуміздің сертіміз
бар еді ғой. Көліктерінің күйін көрем.
-        Бәкең шықпайтын еді үйден?
-        Иә, қарағым, - деді Баймағамбет. - Сонда шошқаның бөлек бір тұқымы бар деседі. Өз
көзіммен
көргелі барам.
-        Көріңіз. Шошқаға салмақ салғалы тұрмыз.
-        Сала бер. Бабын тапсаң көтере береді.
Тек, бабын ойлаңдар. Менен басқасы
ойламайды. Мына Бейсендер арам
деп тыжырынады. Ақшасы арам ба? Арамнан безсе арақты
неге ішеді жұрт. "Постақой" сөз.
Бейсеннің
шаруасы не екені белгісіз. Жақып орнынан түскелі жайраңдамайды. Жомартқа қырын
қарап, мұрнын шүйіріп тұр.
-        Бейсеке, сіз ше? - деді Жомарт.
-        Біздің қайындар бар сонда. Ағайындар
бар. Амандығын біліп, аунап-қунап
қайтқалы барам.
-        Ту-у, маңырап кеттіңіз, Бейсеке. Шаруам
бар дегеніңіз қайда, осындай шаруа бола ма? -
деп Жәнібекшанасына отырды. Жомарт
та күліп барып өз шанасына мінді
де, Бейсенді шақырды:
-        Сіз мұнда отырыңыз. Асығыс жұмыстар бар. Бейсен Жомартпен кейін қайтты. Оқ бойы
озған кезде,
Баймағамбеттің
даусы естілді арттарынан: -      Әлгі шошқаның электрін естен шығарма! Баймағамбеттің
сөзіне Бейсен сықылықтап мәз боп қалды. Шошқа бағуды, шошқа қорасына әлектр
орнатуды тіпті әуес көреді екен.
-        Оңбайтын адам майға бөлесе де оңбайды.
Осы Баймағамбет бұрын поселкенің шошқасын
бағатын, әлібағады, әлі ақымақ, -
дегенде, Жомарт оның сөзін бөлді:
-        "Ақымақ" деген ұғым да
өзгерді, Бейсеке. Адал істеп
өзіне, еліне пайда келтірген адам ақылды. Пайдасыз адам ақымақ. Ақымақтық пен ақылдылықтың
да мөлшері  бар. Ол, сол келтірген пайда, зиянына қарай есептеледі. Баймағамбетке осы көзбен бір қараңызшы.
-        Мақтамен бауыздадың, күйеу бала, - деп
күрсінді Бейсен, - дұрыс, дұрыс.
Баймағамбет ақылды, біз ақымақ. Сен
ақылды, біз ақылсыз.
-        "Күйеу", "біз"
дегеніңізге түсіне алмадым? Бейсен
үндеген жоқ. Ерні дірілдеп, көзі шатынап тыр-
сия қалды. Жомарт
бетіне қарады да, басын шайқады. Біраз томсарыстан
кейін қайта алды қолға:
-        Айтылмайтын сөз болса несіне ауызға
алдыңыз. Әлде байқаусызда шығып кетті ме?
-        Иә.
-        Бәсе, тіпті қотыр сөз.
-        Жетті енді! - деді Бейсен шыдай алмай. -
Кеше ғана чемоданыңды арқалап келген бала
едің, Жақыптыңарқасында алдыңа мал,
баурыңа әйел салып, басыңа үй тіктің.
Сол шалды аунатып тастап, орнында отыруға ұялсаншы. Онымен коймай кызын
алмақсың. Бұндай күйеуді жасым
ішінде көрген емеепін. Тілім кесіліп қалмаса. Алма, Жанат жады болып қалмаса көрерміз әлі
де!.. Жомарт Бейсеннің сөзіне көп мән
бермейтін. Мына сөзден бойы шымыр-шымыр
етті. Ерлі-зайыптың, жақын жолдастың
арасына от тастамақ. Алма, Жанат үшеуінің 
ортасында бұрыннан
бықсыған бір шала осы екен,
өшірмесе өртке
айналады деп қысылды. Қалай өшірерін білмей
бір қызарып, бір сұрланып отырып:
-        Бейпіл ауыз сорлы десем, бұғып жүрген
пәле ме едің! Түлен түртсе салып көр пәлеңді, - деді
Жомарт.Ауылға жақындап жол өзенді жирктей шеттегі Бейсеннің үйіне
келіп қалған екен. - Оған дейін сексен шана мұз ойып, колхоз погребін толтыр.
Бар. Арашалаған Жақыпты да көрермін, -7 деп тұра қалды.  Бейсен шұбатылып шанадан түскенше, еті қызған
ат жүріп кетті. ІІІана қаққан Бейсен, қатты қардың үстінде ойға қарай домалап
барады. Жомарт ашумен байқаған жоқ, атының басын үйіне барыа бір-ақ тіреді. Скрипка
даусы естіледі үйден. Қаз тұрып жалп еткен бала оияқты. Не қанаты қатпаған
балапан сияқты, күшті сарын көтеріле түсіп басылып бір жазылып, бір түйіліп жаңа
ырғақ жаттықпай тұр. Жомарттың
бұрын естімеген сарыны. Ашуы бәсеңдеп, көңілі жадырай бастады. Аяғын еппен басып, есікті тықырсыз ашты да, үнсіз
келіп оңаша үйде өзімен-өзі болған
Алмаға телміре қарап тұрды... Алма ақырын ғана ыңылдап отыр. Жұқалаң
жүзі жел үрген жалтыр судай қозғалып кетеді. Сол кезде үні де толқып, скрипкада
ойнаған сүйріктей саусақтары майыса түседі. Нәзік сезімнің шыңырау түбіне үңілген
Алма бір
ғажайып
көргендей.
-        Сезім көркінен көркем жоқ. Көрмегенді
сезген жоқ. Көргенім бәрінен көркемсің, - деп маңдайын скрипкаға сәл
сүйеді де, көркем шыңырауға үңіле тыныстап кетті...
-        Алма! - деді Жомарт.
-        Жомарт! - деді Алма. Осыған ғана келді
тіл. Сүйісіп амандасып, бірін-бірі
қатты қысты. Көріспегелі бес күн. Бес
жылдың сағынышынан күштірек. Қабысқан құшақтар қызыл
шоқтан қызулырақ. Екі дене қорғасын боп құйылып, сом бір дене боп қалған
сияқты. Булыққан үндер әлден
уақытта ғана естілді.
-        Немен қайттың?
-        Көңілдегімді алып қайттым. Алма ыстық құшақтан ойнап шығып, билей жөнелді. Орыс
деревняларының көшесінде кездесетін халық биі, қалай кездескенін өзі сезбеген
секілді. Көңіл хошын
қимылмен көрсететін
осы бір мінезі көптен көрінбей кеткен Жомарттың
жоғалтқанын беріп, мәз қылды да.
-        "Күншуақ" күйін аяқтап келем,
- деді. - Жаңа күй. Қайғы, ыза, мұң,
зар, талас-тартыс, алдау-арбау бұлкүйде
жоқ. Тек күншуақ өмірдің үні келеді. Теп, мен үлкен композиторлардың алдын бір көрсем
қайтеді?
-        Көруге болады, - деді Жомарт
кідірместен.
-        Медицина көз бере алмады. Искусство
көңіл бере алады. Көз сәулесінен көңіл
сәулесі күштірек.
Алма айтарын айтса
да, ойланып қалды. Ақылға салып сан рет "мүмкін емес" дегенін ет
жүрек "ғажап емес..." деп
тағы салды есіне. Жомарттың ә дегеннен қостай кетуі, Дәмет бәйбішенің "Бейсен айтты"
деп жаңа бірдемені қоңырсытуы болмашы
күдікті балапандай етіп алдына әкелді.
Қызғанышты елес көрмен десе де кес-кестей берді. Алма
енді мұңая отырып сөйледі.
-        Әзір қоя тұрайықшы. Жақып үйінде жатса
да, жаңа бастық мұлт кетсе,
"айтып ем" деуге дайын тұр. Маған алаңдамай
жұмысыңды жолға қойып ал. Содан кейін өзіңе не
Жанатқа еріп барармын. Жалғыз жүріп жол табам ба? Жомарт
Алманың күдігін сезген жоқ. Оны тек мұратына жеткізгісі келіп:
-        Аяма мені, Алочка, - деді. - Жақып жау
емес қой. Жау келіп жағаға қол салса да, сені
қорғап қалмасажолдастықтың несі сән. Жөнелтем.
Жұмыс жайын ойлама. Мен
істемеймін, көп істейді. Жөндіккен көпке кез келдім, сені ертіп апаратын бір кісі керек
жалғыз-ақ.
-        Кісі де, қаражат та керек. Жаңа үй
болдық, ауыр соғар.
-        Колхоз көтереді.
-        Оның дұрыс бола ма?
-        Несі теріс. Колхоз искусство қадрын да
дайындайды. Келген соң колхоз клубын қолыңа берем, - депЖомарт орнынан тұрып кетті. Ас
үйде, плитада шайнек қайнап тұр. Дәмет қыдырып кеткен. Қыдырмағанда да қолы бос
кезінде Жомарт үй жұмысына өзі көмектесетін. Шайды жасап, Алманы шақыр-
ды.
-        Шіркін,
студенттік өмірді ұмытып, барина боп барам, - деді Алма, столды сипалай келіп
отырып жатып.
- Дастарқаныңда
не бар?
-        Ақ нан, сары май, варенье, қант, конфет,
печенье бар. Зақускесімен бір
бутылқа портвейн де тұр.
-        Зақускесі не?
-        Бәкеңнің малының шұжықтары.
-        Винегрет ше?
-        Ғафу етіңіз, о да болады. Жомарт тұрып барып, винегрет әкеп қойды.
Әр тамақтан алдына алып беріп, жас балаша күтіп отыр.
-        Сен мені
көріп отырсың-ау, Жомарт, сені мен бір көрсем! - деді Алма. Алма оның жүзін
көруге құмартса, Жомарт оның күлімдеген көзін көруге құмартты. Қандай ақылды, сүйкімді,
алғыр көз еді ол. Қарап қалғанда, денені шымырлатып, электрдей тез жайылатын қуаты.
Сол көзді қалпына келтіруге Жомарт та, дәрігерлер. де барын салды. Ештеме шықпады. Талай кереметтер жасаған
ғылымның
титтей қос
қарашықты жасай алмағанына налып отыр Жомарт.
Көзсіз Алманың соны сезуі ғажап:
-        Тілің күрмелді білем, - деп күліп
жіберді. - Жасыма бекер, көріп отырмын сені. Бүкіл совет әлемін көріпотырмын. Толқын жояр жартасты, жойылмас
көңілден бұл кескін. Ырзамын
тағдырға, көрсетіп алды көзімді. Ырза емеспін өзіме, "Күншуақ" әлі
бітпеді. Дәмет бәйбіше жаңа
келді. Әлдене естіп келгенін кім
білсін, қабағын
шытына береді. Жомартпен баяу ғана, қысқа
амандасып, үлкен аузын шайға отыра бере, бір сылп еткізді.
-        Жанат осында кірген тәрізді еді.
-        Келген жоқ, - деді Алма.
-        Әкесінің намысын жыртып жүр ғой. Келуін
сиретті.
-        Сағынсаң шақырайын, әже. Мен де
сағындым.
-        Ой, ақ көйлек қарғам! - деп бәйбіше
дауысын соза түсті. Дауысында үлкен
мән жатыр. Алма, Жомарт іштей сезіп
"өзім ғана түсіндім" деп отыр әрқайсысы. Бірінен- бірі жасырса да, бәріне түсінікті. Айтуға
ауыз, көруге көз бармастай одан әрі
үшеуі жым болды. Жанат та осыдан қашып,
келуін сиреткен. Тіпті Жомартпен бұрынғыдай әзілдесуді,
оңаша кездесуді қойды. Бейсен мен бәйбішенің қыжылы
сонда да тарқар емес. Бірі іштен, бірі сырттан бықсыта
жүреді. Жомарт әжесінің сиқын
көрген соң көп отырған жоқ.
Конторға барам
деді де шығып кетті. Ой басып, салбырап келіп
қабинетіне енгенде, үстелінің бұрынғы орнынан қиыстау тұрғанын байқады. Түзеп
қоя сала, қайтадан қиыстау қалпына
келтірді. Қисайтқан адамның өзіне істеткісі келіп тұр.
Жақып бұндай болмашы нәрселерді елемейтін. ұқып, тәртіп,
тазалық, дәлдік дегендер Жомарттың бойына сіңген
өзгеше қасиет. Оны өзі қате қылмай орындап, басқадан да соны талап етеді. Оның
талабы бақырып-шақырған өткінші талап емес. Сараң сөзді, шымыр салмақты, қатал
талап. Осы талап
көп жылдар бойы Жақып тәртібі сінген кеңсені
Жомарт тәртібіне келтіріп тастаған сияқты.Мекеме
іші жинақы. Тып-тыныш. Бұрынғыдай сапырылысқан жүріс, шаң-шүң дауыстар
сезілмейді. "Үй артында кісі
бар" дегендей, көрші бөлмедегілер шүңкілдеп қана сөйлеседі. Әлі ешкім басып енген жоқ
Жомартты. Қоныраумен өзі шақырды
секретарын. Көзі жаудыраған,
бауырсақ мұрын қара торы қыз енді.
-        Аманбысың, Балжан! Стол неге орнына
қойылмаған? Балжан қызарып кетті.
-        Жамал ғой, жуғанда... - деп, столды
қозғай бастағанда:
-        Қозғама, -- деді Жомарт. - Жамалды
жібер. Өзің бұл салақтығыңды енді
қайтып көрсетпе. Кеңсе ішіне сен жауапты. Тымпыңдап
Балжан кетті. Кешікпей Жамал енді. Көзі бақырайып,
аузы аңқиып қарай береді Жамал.
-        Саламатсыз ба. Мынаны орнына қойыңыз. Әр
нәрсе өз орнында болсын. Столды
қалпына келтіріп, Жамал үндеместен жөнеле берді. Жомарт орнына отыра сала тағы
шақырып алды Балжанды.
-        Сейсенбі
күні кешкі жетіде басқарманың мәжілісі болады. Қаралатын мәселе екеу. Бірі - менің баяндамам. Екіншісі - өндіріс күштерін қайта реттеу.
Екі мәселеге екі-ақ
сағат уақыт беріледі. Хабарла, - деді Жомарт. Бұрын бір мәселенің өзі түн ортасына, кейде таң атқанша
созылатын. Жомарт сөзге де істей мән берді. Әркім ойланып келіп, жинақы
сөйлесін, жұмыс, тыныс уақыты сөзбен кетпесін деп  отыр. Бұл мінезін де танытып келеді. Тағы не айтады, - деп күтіп тұрған Балжанға: - Бухғалтерді
жібер. Еңбек
есептерін ала
келсін, - деді де тұрып кетті. Қозғалысқа үйренген
дене, күн ұзын шанада отырып, ұйып қалғантәрізді.
Ерсілі-қарсылы жүріп жүр... Балжан барған соң жуан папкені қолтықтап
ілмиген Айдар асыға енді есіктен. Өңі
кәрі, жүрісі жас. Сырты салқам,
іші жинақы, қутыңдаған қалпы. Бурыл сақалына мұрнынан тамғанды байқамаса керек.
Жомарт:
-        Сақалыңызда... - дегенде, шығып кетіп,
сақалын сүртіп қайта енді.
Жалбақтап амандасып жатыр:
-        Ат-көлік аман ба? Өңің сынық қой, денің
сау ма?.. Жомарт солғын амандасты. Айдар қанша ішіне енем десе де,
енгізер емес, қымтынып алып, оның ішіне өзі енгісі келіп отыр.
-        Сіз
қашаннан бері істейсіз осында? - деді Айдардың сөзін бөліп.
-        Сақал-шашты осында ағарттық қой. Биыл он
үш жыл.
-        Бухғалтерлік біліміңіз бар ма еді?
-        Жоқ! Жүре үйрендім. Бұрын болыстарда
писарь болып, өйтіп-бүйтіп күн көрдік. Енді ғана көздің
ашылғаны.
-        Гимназияда оқығаныңыз рас па?
-        Онда мән
бар, шырағым, - деп күле сөйледі Айдар. - Бір кезде қазақтан міндетті тұрде
орыс мектебіне бала алған, байлардың баласы қандай ардақты. Аяусыз кедей балаларын
жіберді. Соның бірі боп жылай-жылай кете барғанмын. Енді міне, сақ-сақ күліп
отырмын. Жомарттың көздегені бұл емес. Осы Айдардың білімін сынау. Жақып тұсында
"Айдар айтты, болдыға" айналды. Тышқанға мысықтан үлкен аң жоқ.
Жақыпқа Айдардан бідімді бухғалтер жоқ. Айдар "заңға қайшы" десе,
Жақыптың тек тұрғаны. Қанша сұңғыла адам болса да, қағазға келгенде дәрменсіз
еді. Председателыс бухқалтердің қожа болғанын көріп, азуын басқан Жомарт дес
өзіне тиісімен құрдай жорғалатты. Көпті көрген жырынды Айдар жаңа бастықтың суы
қатты екенін әлдеқашан сезген. Қолынан келгенше Жақыптан айрылмауға тырысып
бақты. Болмады. Енді тек кәрі бәріше жалтақтай қашып, көз жаздырғалы отыр.
-        Колхоз
еңбекшілерінің қазынасы - еңбеккүн ғой. Еңбектерін көрейінші, - деп бухғалтерден
папкені Жомарт өз қолына алды. Ойында есеп тәртіптерін көрмек еді. Көзілдірік
астындағы Айдардың көзі орнында тұра алмады.
Біресе қағазға, біресе Жомартқа қарап ойнақшып тұр.
-        Есеп тәртібі жаман емес, - деді бір
кезде Жомарт. Айдар жымың ете түсті.
Қуанышы ұзаққа бармады. Жомарт қызыл
қарындашпен бір жолдың астын сызып, тұсына үлкен сұрақ
қойды. Айдар үңіліп барып көрді де, құп-қу боп кетті. Сұрақ Бейсеннің фамилиясының тұсында тұрса
да, өз басына төнген шоқпар сияқты.
-        Мынау еңбек рас па? - деп көзін аларта
қарады Жомарт.
-        Рас болу керек. Рас.
-        Негізгі документтерді әкеліңізші. Айдар әкелуге үйден шықты. Қандай
документ әкелсе де
Бейсеннің бойына сыяр еңбек емес, колхозшылардың жуан
ортасынан орын алыпты. Жаңа жылдың үш айында
толық бір ай
істемегені мәлім. Ханнан қазық, биден тоқпақ қойса
да Жомарттың нанар түрі жоқ. Ойламаған жерде үстінен
түсіп, "бір ұрлықты бір ұрлық тапты" деп отыр. Бейпіл
ауыз Бейсенді оттатқан Айдар екен. Бәйбішені тыржыңдатқан Бейсен екен... - Сорлы
Жақыпты талай отыртты-ау! - деген ойға көзі жеткендей бекіді. Қуарған Айдар
енді қызара тершіп, документтерін әкелді. Өңкей ошіріп, түзеткен, ұйпалақғалған
қағаздар. Кім өшіріп, кім түзеткенін білу қиын.
-        Бригадир,
учетчиктердің берген мәліметі. Осы былықты арши-арши шаш ағарды, - деді Айдар.
Жомарт жымиып қана күлді.
-        Былықтарға
тығылып, былғанған екенсіз.
-        Былғанғам жоқ, шырағым. Он үш жылда
отчетымда бір мін болған жоқ.
Жақып біледі, менің жайымды.
-        Мен де білдім енді, - деді Жомарт. Есеп, документтерді жиыстырды да, құлыпқа
салды. -
Босаттым сізді,
бара беріңіз.
-        Босаттым дейсің бе, шырағым?! Қалай,
сонда?
-        Біржола. Одан
әрі Айдар сұрамады. Жомарт айтпады. "Босатудын" артында не жатқанын
екеуі іштей білісіп, үйден үнсіз шықты.
II
Астында төрт
қабат көрпе, шынтағында қос жастық Жақып
оз бөлмесінде жантайып газет оқып жатыр. Аз
күнде-ақ
күреңітіп, оңалып қапты. Көзі әлі кетпеген, газетті көзілдіріксіз оқып жатыр. Алдындағы
дөңгелек столдың үстінде, үлкен кеседе
қолдан ашытқан балсыра. Со сырадан анда-санда бір жұтып қояды. Терезеден түскен
күн нұры, ақ болыскей кроваттың ақ төсегіне құйылып,
үй іші бұрынғысынан да жарығырақ, көңілдірек. Жақып
көзін уқалап, газетті былай қойды да:
-        Ырысжан! -
деді дауыстап. Орталық бөлмеде жүрген Ырысжан үн қатпай қасына келді.
-        Бүгін неге
кісі жоқ? Қырылып қалған ба, бәрі?
-        Келер. Ең
болмаса Бейсен келер, - деп күлді Ырысжан. Сонша болмады, есік ашылды. - Әне,
келді. Келген Бейсен болмай, күзетші Мәмет қарт болып шықты. Пимасын, тонын
тастап, пенжекшең төргі бөлмеге енді- сақалы тым сұйық, өңсіз, қара ағаштай
қатыңқы кісі еді- Тыртиып кіріп келгенде, Жақып қуанғаннан күліп жіберді.
-        Ей сені біреу тонап жіберген бе?
-        Киімшең енсем көргенсіз, тонсыз енсем тоңады дейсің.
Өз жатысыңа жол болсын. Сойыл ти^ен жараң бар ма?
Тауып жатқан балаң бар ма? Бұл қай жатыс?
-        Жатсам-тұрсам өз еркім. Ел жайлауға
қонған-ды. Түнде тоқылдатып, күндіз тақылдасаң да Жақып сенен аяғын
жимайды.       
-        Паң болсаң,
паң Нұрмағамбеттей-ақ шығарсың. Қыздырма,
аузымды. Тоқылдағым - колхоз айбары. Желім түгіл,
ығымнан жүре алмайды дұшпан.
Тақылдасам - тілім найза, түйреп тастап
отырам. Ал, Жақып мығым болса, жұдырықтай
Жомарттан қалай жығылған? Жақып егер, мығым
болса, мына тұрған мес күрең қалай қысыр қалған? - деп Ырысжанды ішке бір түртті
Мәмет.
-        Табалап отырмысың ей, бес сақал? - деді
Ырысжан.
-        Иә. Табалап отырмын! - дегенде Мәметтің
көңілі бұзылғандай болып үні өшті. Оның
көңілі шын бұзылды. Жасынан Жақыппен бірге өскен жақын жолдасы, әрі құрдасы. Талай
қиын шақтарды бастан бірге өткізген. Әйелдеріне айтпаған сырды айтысатын, ер
құнындай іске ләм деепей сенісетін. Соның 
бәрі жетпегендей, кейде ұзақ түнде, колхоз сарайының  алдында отырып алып, "біз тұстастан аз
қалды-ау" деп,
қалған өмірді тек достықпен өткізуге серттеекендей болатын.
Жақып колхоз қазынасының күзетін ең сенімді деп Мәметке берді. Жақып атқа
мінгенде Мәмет өзі мінгендей болды. Көңіл қалыспаған қарт достар нарша тістеп
сүйісетін бірін-бірі. Әйтсе де осы қалжыңым батып кетті ме деп қалды Мәмет.
Оның ойынша, Жақып қазір қам көңіл, жазықсыз орнынан түсті. Достың достығы,
қастың-қастығы осындайда, - деп досына жаны ашып отыр. Жақып Мәмет пен Ырысжанның
үнсіз қалпынан да іштерін айқын көрді. Өзі
ішін ашқан жоқ. Ештеме сезбегендей:
-        Кел, сөз айдағанша, мал айда, сорлы, -
деп дойбы тақтасын жая бастады
да, Ырысжанға қарады. - Мынаның құлқынына бірдеме дайында. Екеуі
ескі дойбышы. Бірақ көптен ойнамай тосаңсыған екен, қапелімде мүлт кете берді.
Бірер ойыннан кейін ғана бірін-бірі ала алмай тіресіп отыр.
-        Жүр, жүр, -
дейді Жақып, Мәмет қысылған тәрізді. Селдір сақалын дамылсыз ширатып, қадалып
қалыпты дойбыға.
-        Сен ойланғанша мен ұйықтап алайын?
-        Кесірленбе. Кесір - бас жарады, не тас
жарады.
-        Саған деген кесірім майдай жағады.
-        Ал, ендеше, - деп Мәмет қос үйдің басын
қозғап қалды. Жақыптың күткені осы екен.
Беріп-беріп жіберіп,өзі
жей бастады.
-        Бір. Екі. Үш. Төрт. Бес!
-        Е, бар болғыр, кергімей-ақ,
тақылдатпай-ақ жесеңші! - деді де
дойбыны жыя салды Мәмет.
Үйді басына
көтеріп Бейсен келеді. Ашуланғанда тұтығып қалатын, аузынан түкірігі шашырап,
қақала енді
есіктен.
-        Сабап кетті! Шанаға сүйретіп сабады.
Қарға домалатып сабады. Қолында өлемін!.. Барқыраған
дауысқа Ырысжан мен Жанат та жетті ұшып.
-        Кім,
Бейсеке, кім?! - деп Жанат Бейсеннің үстіне түсіп барады.
-        Жаңа бастық! Жалғыз бастық! Сұм бастық!
Қолында өлемін ойбай, қолында
өлемін!..
-        Е, құрғыр, өлсең қайда қалдың. Сабыр ет,
- деді Жақып зекіп. - Сонша сабағанда бір дақ түспегені
ме?
-        Әне-әне, нанбайды, нанбайды! Арашалаған
Жақыпты да көрермін деді ғой. Олда, білдә осының растығына.
-        Қалай кездесіп, қалай сабалып жүрсің?
Түсіндірші.
-        Жәнібек, Баймағамбет үшеуіміз
"Октябрьге"
бара жатыр ек. Сайтандай кездесе кетті. Мені
олардан алып қалып, дәл өзенге жете
бергенде, шанаға сүйретіп- сүйретіп,
ойдан төмен домалатып жібергенде бір сағат есім
ауып жаттым. Онымен қоймай сексен шана мұз оясың дегені-ақ
батады-ау!..
-        Е-е, мұздан шықты ма жанжал.
-        Жоқ, ойбай! Жақыпты жақтайсың, пәле
аңдисың, деп қылды ғой қылықты.
Ұмыт болған қол жұмсау
бәрін таңдандырды. Нанарын, нанбасын білмей:
-        Бұл рас болса, Бейсенге емес, Жақыпқа
істегені, - деді Мәмет. - Бірақ,
анықтау керек. Ұшқыннан өрт шығып кетіп жүрмесін. Жақып
пен Жанат төмен қарап, сабыр тұтып отыр. Ырысжан ақырын ғана күрсініп, күбірлейді: -
Тыныш жатқызбады-ау бұл жұрт.
Бейсенді көп тыңдап, аз сөйледі бұлар. Жомартты жайқаған
бейпіл тілі Жақыпқа да тиіп кетіп жатқанын
сезген жоқ.
Бейсекең:
-Соны құтыртқан
сен, Жанатжан! - дей бергенде. -  Жә! - деді Жақып. -» Жетті заңсызға заң,
жүгенсізге жүген
бар. Жанатта нең бар. Тңыштық бер. Үй
іші сәл тыныштанған кезде есік қақты біреу. Есік
қағып ену қазақ
колхоздарына әлі енбеген тәртіп. Сонда да
кім екенін кірместен білді үйдегілер. Сыпайысып тұрған Айдар екен. Аяғын сылбыр баса түйіле
келіп, орындыққа отырды. Қысқа, солғын
амандасып, тұнжрауынан мұның да
бойында бір дерт бар екені сезіліп тұрады.
-        Жомарт келді ме? - деді Жақып. Айтқысы келмегендей.
-        Келді, - деп былқ еткізді Айдар.
-        Не бітіріп келіпті?
-        Он бес ірі қара, он бес шошқа сатқалы
келіпті, деп естідім. Жақып
шошып кеткендей, қысыңқырап отырған көзін бажыраң етіп ашып алды. Шыдамды адам болса да, мал басын азайтуға келгенде, етінен ет кеекендей
болатын. Соны білген Айдар өз мұңын қоя тұрып, Жақыпты жанды жерінен ұстады.
-        Тырнақтап жиналған мал, топтап кететін
болды ма?
- деп, Жақып
түнере тоқтағанда, Айдар шақпағын тағы да
жарқ еткізді:
-        Адам қалса неғылсын Мал құдайы.
-        Тұмандатпай, ашып айт. Тағы не боп
қалды?
-        Мені бүгін қызметтен қуды. Ертең Бейсен
екеумізді соттатады. Столым қисық
қойылыпты деп Балжан мен Жамалды
да қара сорпа ғып шығарды.
-        Сендерді неге соттайды?
-        Ұрысыңдар - дейді. Өңкей ұры ұстап
отырыпсыз, Жақа. Сақалымның ағында
естімегенімді есітіп келдім. Адал көңлім қарайып, талайым тапталып
келдім. Күшігінен асыраған итті де осылай қуа ма? Сен бәйтерек болғанда, бұтағың едік біз. Қырқып жатыр мынау!
Тамырыңды қопармай, тоқтар түрі
жоқ. Лақ құрлы бақырма, өле бер десең
оныңды айт. Әйтпесе тебіренетін кез жетті...
-        Мына бейшара жынданған ба!.. - деді Жанат. Жібек
мінезді, шыңырау ойлы Жомарты әлдекімге ұқсап барады. Осының бәрі өтірік деуге төндіріп тұр.
Рас деуге қисыны жоқ. Жанат
сытылып, үндемей үйден шықтыҚапелімде
Жомарттікіне беттеді де, конторға бұрылды Жомарт
председательдікке ауысқан соң, уақытшапартбюроның секретары Жанат болған.
Шақырып алып тергеуге кетті ойы. Жақып
Жанаттың сұрланып шыққан өңінен ішін де сезіп қалды. Бірақ өзін кімдер қоршап
отырғанын сезе алмады. Ескі сенім, ескі достар, жаңа сенім, жаңа достыққа үн
қоса алды ма, әлде баяғы "ария-айдаймен" жүр ме? Бұл ойына еніп те
шыққан жоқ. Үдей соққан суық көз қанша үндемейін десе де сабырлы Жақыпты шарт
сындырды.
-        Қайнай-қайнай қаным суалды. Шыдай-шыдай сүлдерім қалды. Енді қақпақ бола алман! -
деді Жақыпдауысын көтеріп. -
Жолың ашық, қолың бос, ағайын. Маған келген соз болса, ақиқатты айтармын.
Бар, беттеріңнен жарылқасын. Бұл сөзге шала түсініп, Бейсен аңыра алақтаса да, Айдар
әбден түсінген тәрізді. Иегін бір көтеріп, Бейсенді ертіп әкетті. Мәмет әлі дел-сал. Татулықты сүйген жүрегі тілім-тілім болғандай, қынжылып отырып,
оңашада бір ауыз сөз айтты:
-        Қатты кеткен жоқпысың, Жақып?
-        Малыңа құрық, басыңа сырық ойнатса,
шыдамдылық ездік-тағы. Сүттей ұйыған колхоз, мыңғырған дәулет еді. Ілезде ойран-ботқасын шығарды. Енді
немді қорғап жасқанам?! Аузың жаман
деме. Осының сарыны зиянкестікке
бара жатыр. Анау жылдар қойды қолдан көбейтем
деп қырып тастағанды ұмыттық ба?
Екі достың
дойбысы, әзілі қалып қойды. Көңілді Бейсен мен
Айдардың лаңы басты. Мәмет қарт сөзден тоқталып, дәм
жеген соң суыт қайтты үйіне. Жақып киініп тысқа шықты. Ауыл ортасындағы
Сырғабай төбесіне қарай жай басып, өрт сөндіргендей түтігіп келеді. Күн ұясына қона бергенде, Сырғабайдың
басына
жетті. Кешкі
тымықта колхоз ауылының қыбыр еткенін көріп,
тықыр еткенін естіп тұр... Бір үшеу көшені басына көшіріп келеді. Ортада балташы Пахрейдің
баласы баян тартып, тракторист
Төкен қосылады. Комбайнер Коля билеп
келеді. Клубқа жеткенде, клуб алдындағы жастар ду көтеріп
әкетті... Бұл, іштегі ақылы концерт емес, сырттағы тегін концерт. Іште
ақы беріп көргенін, сыртқа тегін таратып жүретін атақты үшеу осы. Үшеуінің де
әкесі ескі колхозшы. Жақыптың жақсы көретін адамдары еді.
-  Жұдырықтай
баладан соқталдай міне жігіт жаса- Тезектей шашылған қорадан зәулім міне колхоз
жа-
садық- Енді не керек бұл Жомартқа?! - деді
Жақып. Оның көзіне колхоз ауылы кең жазықтағы қамысты
көлдей көрініп, клуб алдындағы думан сол көлде
сыңқылдаған аққу дауысындай естіліп тұрды. Өзі аңқұмар адам,
табиғаттың осы бір кескінін өзгеше
ұнататын. Сондықтан,
колхозын соған теңеді. Одан
артық сұлу жоқтай, колхозға бұдан артық
толу жоқтай көрініп тұр. Көңілі толған қарт көңіл аумағы
әр қилы екенін аңдамады. Көлдей де, көлшіктей де көңіл бар, көлді көлшікке құйса не
болады? Көлшікті көлге құйса не болады?
Алдын ойлаған Жомарт, барын ойлаған
Жақып көл мен көлшікті еске салады. Жақып бұны да сезген жоқ. Төбе басында көз
жеткен жердің бәрін шолып келіп, көшедегі Теңбілкөкке көзі түсті. Теңбілкөк
жылқының биігі, сұлуы. Салқын қорада баптап, тұқым үшін ғана ұстап отырған
айғыр. Жомарт жегетін
будаңкөк қазақы
биеден туған осы айғырдың баласы. Жақыпқа сонда да жақпайды. "Шіркін,
мініске берік, суыққа шыдамды,
қазақы жылқыны айт" деп өзінің кер жорғасын мақтай
береді. Теңбілкөкті Жанаттың қалауымен алған. Анда-санда
қасына Алманы алып, Жанат қана жеңіл шанаға жегіп шығатын. Өзге жан жалына қол
апарған емес. Жаңашыл Ақметтің бір мұқары
осы асыл тұқымды әсем айғырдың үстіне
бір шығу еді. Шыққан екен. Жақып соны
көріп тұр.
-        ІІІаруаға пайдасыз мал, - дейді ішінен. Көшеде келе жатқан Ақметке Бейсен төтелеп
жаяу
ұмтылды. Әдет
бойынша сәлем беріп, қолын ұстамақ. Қолтығына қысқан терісі бар. Айғыр үріксе
де ұмтыла береді.
-        Қоя-ақ қой? - деп безер болды Ақмет.
Бейсен қоймастан жабысып қалғанда, айғыр атып
кетіп, тастапкетті Ақметті. Бірақ
мертіктен аман. Кешкі тымықта Ақаң бұрқырата
бастады...
-        Ей, жаным-ау! Қожа емеепін, молда емеепін,
әкеңнің құны бар ма, менің
қолымда!.. Жақып естіп бар денесімен күліп тұр. Артынан келген Жанатты
байқаған жоқ. Жанат
та көріп келеді екен:
-        Жәке, аналарға күліп тұрсыз ба? - деді.
-        Иә. Көкіманның айғырда несі бар. Ананың
оның Қолында несі бар. Екеуіне де сол керек.
Жанат контордан
шығып үйіне барып, әкесінің ашумен  кеткенін біліп келген еді. Ендігі өңінен
сабасына түскені байқалған соң, шу
көтерген әңгімені қозғады:
-        Жомартпен сөйлестім жаңа. Мынау антұрғандар босқа дүрліктіріп жүрген көрінеді. Екеуінің де ұрлығыашылды,
- деген кезде, Жақып қолын қатты бір сермеп, бөлігі
жіберді сөзді:
-        Тыңдамаймын! Олар ұрлық қылса, қолы
баяғыдан бос-ты. Көрімпазын,
шіркіннің! Жақып егер кейін тартса, өзі,
не колхозы бұл күнге жетпес еді. Білгішін, шіркіннің! Бұдан әрі айтпа маған. "Әкең үйін
жау шапса, жабығына қолды
бірге сал!" деген екен. Жолың болсын, - деді де жүріп кетті. Қызының күткені басқа еді.
Бойына дарытар емес, қатуланып алған,
қарыштай басып барады аяғын. Жанат
жалғыз қала алмай ере берді. Жомарттың ақтығын дәлелдеуге тілі жететін. Беттегі
шіркеу беттетпей келеді. Әкесінде бұрынғыдай
еркелігін көтеретін тұр жоқ. "Жомартқа берілгеніңді жаңа білдім.
Аулақ менен" дегендей ауыр шықты сөзі. Осы жайында ақтығын айтып, ашып
сөйлесуге оқталса да, ашылмаған ұят, үй ішіндегі
салт
"әдепсіздік" дей берді. Біресе әкенің, біресе өзінің арын қорғап қысылған Жанат үйіне келісімен
шешесін өз бөлмесіне шақырды. Күйеуі мен баласының
өңін көрген Ырысжанда өң жоқ жүрегі алып ұшып, дірілдей келіп отырды Жанаттың
қасына.
-        Жәй ма, қарғам, жәй ма?
-        Жәй, апа. Ештеме жоқ. Неге сасып
отырсың?
-        Қайдан білейін... Ырысжанның жүрегі орныққан кезде Жанат
жай ғана сөзін бастады:
-        Осы мен бойжеттім бе, апа?
-        Е, қарғам, құдай қойса...
-        Бойжеткеннін белгісі не болушы еді?
-        Өзім бойжеткенде әкеңе берді. Одан құдай
сені берді. Сонан кейінгі сиқым осы.
Жанат шешесіне
мейірлене қарап жымия бір күліп қойды.
-        Бұл белгілер әр бойжеткеннен табылады.
Мен, жынысым әйел болса да, ісім еркек болсын деп жүрмін. Сол белгі менде жоқ па, әлде көрмейсіздер ме?
-        Неге көрмейік, қарғам. Тек тірі бол.
Алтын айдарым емеепісің.
- Алтын айдарға
балшық жақса не болады?
- Кім жағыпты!
Айтшы кім болса да.
- Ендеше, Бейсен
мен Айдарды жуытпа маңыңа. Күйеге жуысаң жұқпай қала ма? Жәкемнен жаңа
естімеген сөзімді
есіттім. Көрсетпеген қабағын көрсетті. Бұдан ауырды
көргем жоқ әлі! - деп Жанат мұңайғанда, Ырысжанның жаны шығып кете жаздады. Жаңа
түсінді. Бейсеннің пыш-пыштары
есіне келіп:
-        Алда ашық ауыз ит-ай! -деді бетін шымшып.
- Алда көргенсіз ит-ай! Нәрестедей жаныма
аузы қалай барды екен. Тұра тұр бәлем, итаяқтан сары су ішкізермін. Тау  қозғалса
қозғалмайтын Зілқараға не болды!? Ауған екен мынау.
Ауған екен. Ойпыр-ай, Айдар да сондай ма еді?
-        Бар пәле сонда! - деді Жанат. - Бірақ
аптықпа, апа. Сабырлы едің ғой,
сабыр ет. Жәкемді олардан айырып алайық.
-        Айрылмайды ол, айрылмайды.
-        Амалын тапсаң айрылады. Жәкеме, өз сөзің
қылып,  менің сөзім қылып айт: көп істеп қажыды, қолдағыға көз үйреніп, көзден тасаға тосаңсып барады!
Дүние жалғыз бұл емес. Басқаны да
көрсін. Бойын жазып, ойын сергітсін. Алматыда
көптен көрмеген ескі достары бар. Олармен де дидарласып,
кеңесіп қайтсын. Содан кейін өз мінін өзі көруіне
мен кепіл. Ана мен баланың қатал
Жақыпты жібітуге, жайсыз
жақындарынан
айыруға тапқан ақылы осы болды. Шам әлі жағылмаған.
Ала көлеңке үйде кенеттен бір дауыс естіледі:
-        Жәкем қайда?
Жанат пен Ырысжан
елең ете түсті. Дауыс тағы қайталады:
-        Жәкем қайда? Кім бар?
-        Алма! Алма! - деп екеуі бірден ұшты.
Алма екен келген. Көзі кеткелі
көп жүрмейтін. Бұл үйге тіпті сирек 
келетін болған.
-        Жәкеме апар! - деді.
-        Әуелі мұнда кел, - деп Жанат өз
бөлмесіне енгізді. Шам жағылды. Алма көзілдірігін көтеріп, көз жасын құрғатып
алды.
-        Саған бой бермеді ме?
-        Мінезі қатты кісі ғой. Әзір қайтқан жоқ.
-        Жақын екі адамың жұлқысса, жұдырығы
өзіңе тигендей болады екен. Үйге отыра алмадым.
Жомарт табарғанымды жөн көрді.
-        Жалғыз келдің бе?
-        Әжем әкеп тастады. Жаңа
ғана шешесімен қосқан ақылдарын сыбырлап айтып шықты да:
-        Қолқа салма, ақыл сал. Біз қостайық, -
деді Жанат. Ана жақта Ырысжан да Жақыпты қолға алған екен. Келе жатқан Жақыптың үні естіледі:
-        Алмажан келсе, өзім барып амандасайын.
Маңдайынан бір иіскейін. Жақып Алманы маңдайынан иіскеп, жауырынға
қағып, көңілі алыстағы елеске кеткендей, көзін сығырайта, жұмсақ үнмен сөйлеп тұрды:
-        ...Екеуін
екі қолыммен көтеріп, бір конфетті бөліп жегізетін едім. Сондай тәтті болсын
деген тілек қой ол... Ажал жетіп біріміз бұрын кетерміз. Қалғанымыз қос бүлдіршінді,
қос көздің қарашығындай күтерміз деген едік. Біз жеттік сертке. Сендер әлі сында. Қайсың серттен тайсаң,
марқұмның аруағы да, мен де күңіренермін. Жанат туралы өсекті құлағы шалған Жақып,
Жомартқа қарсылығынан ғана емес, көбінесе Алманы аяғандығынан ауырлайтын. Осы
халінде Алмаға қиянат істеу қара ниет адамның ісі дейтін. Түсін ашпай, түспалдап
өтсе де, әкесінің мына сөзі Жанаттың жанына бата түсті. Сен сөйле дегендей
Алманы түртіп қалды.
-        Жәке, сіз
сыннан өттім десеңіз де сынағалы келдім,- деді Алма. - Жанат пен мен қос көздің
қарашығы болғанда, осы колхоз денеңіз емес пе еді. Дене бұзылса, дәрменсіз қарашықтың бары не, жоғы не?
-        Алмажан, тауып айттың. Бірақ соған мен
кінәлімін бе?
-        Оны келешек көрсетсін. Әзірге айқыны:
көз кетіп мен қапа, ой басып сіз
қапа. Сапар шегіп, сергіп қайтсақ, сергіген
көңілді тыңдасақ қайтеді? Жақып үндеген жоқ. Ырысжан қостай жөнелді:
-        Өзі бұрынғыдай емес, Алмажан. Ашуланшақ
боп барады. Әлгі жұлыны ма еді, неменесі еді,
сонысын дақарату керек.
-        Алма, сен жақсы салдың еске! - деді Жанат,
есіне жаңа түскендей. - Жәкем етек басты боп
осы маңнан ұзай алмады. Дүние кең. Кең
дүниеде талай тамашалар болып жатыр.
Көру қандай қызық! Көрудің өзі ақыл салады. Егер Алматыға
барса, астананы, ескі достарын көріп бір жасар еді... Жақып
ойлана тыңдап отырып, сазарып, сұрланып кетті, тандайын қағып, басын шайқады:
-        Ауыл ойран
болып жатқанда, сауық менің не теңім? Мен жиған мал базарда. Мен жиған адам
қуғында, қолдан жасаған дүнием еді. Көзден
таса қыла алман. Елік бастардың
әлегіне бұдаң әрі төзе алман!
Әкесінің мына сөзін
естігенде, Жанат бір қуарып, бір қызарып,
тұрып кетті орнынан. Сіңірген еңбегі көп, беделді қарт
қарсы болып ауылда отырса, жаңа жоспар оңайлықпен орындала
ма? Кедергі жасай берсе, қарттың өзінде не қасиет
қалады? Соны ойлаған Жомарт пен Жанат бүгін ақылдаса
келіп, қартты уақытша бір жаққа жылжытып жібермек
еді. Көнбейтінін көрген соң, Жанат енді ашына сөйледі:
-        Ақылды Жәкем, адасып барасыз. Алдың  шыңырау, жібермеймін!
Жаңа жоспарды түсіну керек еді, нетүсінгенше
шыдау керек еді. Енді күреске шықпақсыз. Кіммен
күресесіз? Кім қалды қасыңызда? Оны да ойлаңыз. Өзіңді
тәрбиелеген партиядан, өзің тәрбиелеген баладан жақының
кім, айтшы?! Мен сол екеуінің атынан сөйлеп тұрмын. Жанат әкесінің мойнына асыла отырып,
көзінен жасын төге айтса да, қатал әке жібіген жоқ. Ырысжан шыдай алмады:
-        Тас болған ба, мына сорлы. Жылатпа Жанатжанды! Келіп-келіп тоқтаған жерің осы болса,
қала бер. Жастар өз қызығын өзі жасайды.
Жүлма көктей, салма сіңір шеңгеліңді.
Бәріміз де талпына еңбектеп ержеткеміз. Ата жолын
бұзғанды тыйсаң, әуелі өзіңді тый. Қай атаң салып кетіп
еді, колхоз жолын?!
-        Жәке, ашу биледі сізді, тастаңыз! - деп
Алма да келіп, Жақыптың мойнына
асылды. - Жанат екеумізді  екі көзімнің қарашығы дейтініңіз қайда?
Ауыр сізге! Бірақ осыларға да бір ерік
беріп байқаңызшы!.. Жақып әлден уақытта өзіне-өзі күңірене
сөйледі:
-        Япырай, шын адастым ба? Көп ауыз
біріксе, бір ауыз жоқ. Ашу тұрған
жерде ақыл тұрмайтын еді. Ерліктің алды
- өз ашуын, өз қорқынышын
жеңген болар, - деді де,
басын көтерді, - жарайды, тағы да шыдап көрейін. Алматыға барып келейін. Алма,
Жанат шұрқырай, аймалай түсті. Жақыптың ойында: "Алматыға барсам, мені
қолдаушы табылар" деген сенім тұрды.
III
Жақып жүріп
кетті. "Жанатымнан кем көрмен" дейтін Алманы
ала кетті. Жол азықтары жетерлік. "Біз келгенше не болар?.." деген күдік,
"барған соң іс оңалар..." деген үміт
терең ішті толтырған. Күн бүгін сейсенбі. Уақыт кешкі жеті.
Колхоз басқарушылары мен белсенділер колхоз конторында, председательдің қабинетінде мәжілісте
отыр. Жомарт баяндамасын жиырма-ақ минутте бітірген. Бұрын талас Жақыптан
шықса, енді Баймақаннан шықты.
-        ...Сылбырлық пен көңілшектіктен
арылмаған баяндама, - дейді Баймақан Жомартты мінеп. - Ауыспалыегісті, электрдің үлкен жоспарын биыл
толық орындаймыз. Ермек емес, іс керек. Айдар мен Бейсенді бас қылып, бес адамды
соттаймыз. Жалқауға, ұрыға
рақым жоқ. Алымды адал еңбек, темірдей
тәртіп керек. Адам бүтін, екі жарылса өледі. Мақсат біреу, екіге бөлу
ымырашылдық. Ашып айтайын, Жомарт жолдас
либералдық көрсетіп тұр. Жантас
пен Жәнібек екеуі екі жақтан дауыстады:
-        Тым асыра сілтеме!
-        Есептемей бөсіп тұр!
Өзі қызу
Баймақанды киме сөздер жел көріктей қыздырды. Бір орында тұра алмай жүріп
кетіп, қолын дамыл-дамыл
сермеп қойып, сөйледі енді:
-        Естеріңізде болсын, совет өкіметіне
жақында отыз жас! Отыз сендерге аз
көрінее де, тарихты жүз жыл алға жіберді.
Біз қазір коммунизм дәуіріне аяқ бастық! Дәуір темпіне
ере алмағандар қашан да сіздерше сөйлеген. "Мүмкіндік",
"реальность" дегенді
мен де білем. Жер жүзі соғысының
дауылы жаңа ғана басылды. ұмыттыңдар ма, осы
адам, осы техника, не керемет жасамады сонда! Ал, бүгін
оған не бопты!? "Мүмкіндік" деген менімше, біздің желдей ескен еркіміз. Ол ерікті сылбыр темпі, шұбалаң тәртіп ұстап тұра алмайды. Соғыс бұлты
көкжиектен тағы қылтыңдай бастады.
Соғыс темпі, соғыс тәртібі керек
еңбекке! Қоңырауды бір шылдыр еткізіп:
-        Соғыспен қорқытпа! Жөніңе қош, екі-ақ
минутың қалды, - деді Жомарт. Баймақан қосымша уақыт сұрап еді, председатель үндемеді. Жәнібек тағы бір іліп тастады.
-        Жарыс сөзден жарымассың. Ерекше баяндамаңды тыңдармыз.
-        Қыспақ! Қыспақ бұларың, - деді де
Баймақан отыра кетті. Одан
кейінгілердің көбі қысқа сөзді, салқынқанды
келді.
Ж а н т а с. Ауыспалы
егіске қауырт көшуге болмайды. Ол
оңай емес. Жомарт айтқандай біртіндеп көшеміз. Ал енді,
стахановшы бригадаға келсек, бригада алған міндетін өлмесе орындайды.
Ж ә н і б е к.
Баймақан бөсе береді. Қызыл тілдің арбасы сына ма... Баймақан. Білем, бұқпа ақылға бәрің
мығымсың.
Ж ә н і б е к.
Онда адуындама, етпетіңнен түсерсің. Менің Жомартыма қосарым жоқ. Жаңағы
айтылған асыл тұқымды малдарды жатпай-тұрмай алу керек. Ертеңнен бастап
сатылатын малдарды бордақыға байлаймын. Баймағамбет.
О, тоба! Шошқаны біреуі ауызға алмауын.
Е, оның да әр түрлі тұқымы, бабы бар емес пе. Жомартжан,
соның әлгі электрін істеп бер. Тағы бірер жаңа тұқымын
алып бер. Аржағын өзім білем. Жанат
жарыссөзге кейін шықты. Секретарьдың пікірін бәрінің
де білгісі келіп отыр еді. ұзаққа созбай, аз сөзбен ашық айтты пікірін:
-        Мен алдымен Баймақан Адамбеков жолдастың пәлсапасына тоқталам.
"Мүмкіндік" деген біздің желдей ескен еркіміз дейді ол. Рас, біз желдей
еріктіміз. Бірақ желді де,
ерікті де билеуші бар. Еркіме жіберсе, мен айдың үстін де колхозға толтырар едім. Әзір оған
мүмкіндік жоқ. Олай болса,
еріктің өзі мүмкіндікке бағынышты. Уақыт, есеп, алғыр
еңбек шешеді. Адамбеков бұның, алғашқы екеуін тастап,
еңбекке баса береді. Біздікі дүлей еңбек емес, саналы еңбек екенін ұмытқан.
Жомарт үшеуін де қамтыды.
Көпшілік
сондықтан қолдап отыр.
Ж ә н і б е к.
Баймақанға салсаң, қара тасқа да егін егеді. Баймақан. Тәртіп қайда, тәртіп!
Ж а н а т.
Адамбеков жолдастың бес адамды бірдей соттаймыз
дегеніне де қосылуға болмайды. Менімше, бұл жөнде
де председатель дұрыс айтты. Айдарды аямау керек. Ол
он үш жыл бойы ұрлап келген. Ешкім шағым бермеген. Сезбеген. Өйткені, колхозшылардың
еңбеккүні түгел. Баймағамбет. Жаным-ау,
сонда ұрлық бола ма?
Ж а н а т. Бес
килоның орнына төрт кило алсаңыз, бір кило
Бейсен сияқтылардың қапшығына түсіп, Айдармен ортақ
болса, не болады?
Баймағамбет.
Апыр-ай, батшағардың бәлесін-ай. Күнді
емес, ортақ табысты сорып жүр екен ғой.
 
Ж а н а т. Иә,
гәп сол сүлікте. Басқаларының бетіне басып,
түзелуіне мүмкіндік беруіміз керек. Менің ұсынысым - баяндама қабылдансын. Жомарт қорытынды сөзден бас тартты.
Баяндама бойынша қаулы алынды. Екінші мәселе - өндіріс күштерін қайта
реттеу жоспары күнбұрын қабырғаға ілінген. Қазір
тек түскенұсыныстарды қосып,
бекіте қойды. Мәжіліс тарай бастағанда Баймақанға:
-        Сен бөгел! - деді Жомарт. Қызу
жиналыстан кейін тиыштық орнаған кабинете үш-ақ адам қалды. Не айтары белгісіз,
төмен қарап қаулыны үстінен түзеп, сырын сыртқа шығармай Жомарт отыр. Томағадай
түйініп, журналға үңілген Жанат отыр. Екі қолы 
қалтада, қаны бетте, қоршаудағы тағыдай көзі жайнап
Баймақан жүр...
-        Сен неге тулай бересің? - деп бір кезде қағаздан басын
көтерді Жомарт.
-        Сендер неге тартына бересіңдер?
Қиындықтан қорқып, электрдің үлкен
жоспарын кішірейтпексің. Шамға керосин де жарайды. Электр алдымен колхоз
өндірісіне керек. Ұрыны, жалқауды
аяйсың. Жау олар. Жауды аяған -
жаралы қалады. Колхоз уставын бұзып, өз тәртібіңді жүргізіп барасың. Басқарманы, көпшілікті
елемейсің кейде...
-        Болдың ба?
-        Болдым.
-        Іш пыстырған сылбырлыққа шыдап, болмаса
шамадан тысқары шапшаңдыққа да шыдап болмайды, - деді Жомарт, - "желдей ерік", "темір
тәртіп", "соғыс" деп өзеурейсің
келіп. "Темір тәртіп" ылғи соттау ма? "Соғыс" ылғи штурм ба? "Желдей ерікті"
желдіктеп мінген жұртшылық бар. Бойың
түгіл, ойың жетпес биік бар. Дәл есептеп,
дұрыс орында. Енді қайтып шаужайдан алатын болсаң,
жұлқысуға шыдап ал!
-        Қорқытпа! Болат танкі, тонна-тонна
бомбыны да көргем!
-        Қойыңдар! - деді Жанат. - Ол күшті іске жұмсау керек. Баймақан, саған айту жетті. Өзіңе
ендігі керегіпартия талқысы ма?! Қасарысқан Баймақан қайысып сала берді.
Үні де, өңі де өзгерді. Қатты қайың
қызғанда, шыпшып-шыпшып май шығады. Қатал дене қысылса, шыпшып-шыпшып тер шығады. Терлеп
кетті. Ақтарыла сөйледі:
-        Тағдыр менің қанатымды қатырмай соқты.
Жетім едім. Ел қыдырып, өзен сүздім. Есім
енгелі әскер қатарындамын. Айыптамаңдар мені, көргенім тек әскер өмірі. Желбегей түгіл, белбеуім босаса жүре
алмаймын. Сол аяқты оң аяқтан кейін
баса алмаймын. Бейпіл дүниенің маған
бәрі солекет. Тастай түйініп, қарыштай баспай, отты-суды
кешіп өтпей, көргенім жоқ жеткенді. Көп сөз, құлаш
қаулы емес, аз соз, қатал үн еді сонда күш берген. Қайда,
қайда сол алып күш! Қайда сол жан шынықтырған темір тәртіп! Бос белбеу
бойкүйездікке душар қылған, әттең сен мүгедектік! Әйтпесе, келер ме едім,
партиялық арыма қол салғызар ма едім! Аларсыңдар партбилетті! Алалмассыңдар
партиялық жүректі! Баймақан булығып шыға жөнелді. Жомарт ойланып отырып:
-        Ылғи алып қашады. Бүлдіреді, ауыстырам,
- деді.
-        Әлі де шыдау керек, - деді Жанат, -
шіркіннің жаны таза, ойы ұшқыр
екен! Жақып сылбыр, Баймақан ұшқыр. Бірін теже, бірін сүйре деген Жанатқа
Жомарт кейіп қалды.
-        Тартыншақ
пен ұрыншақтың әуресінде күн өте ме? - деп еді. Жанат сөзін ауырлата түсті:
-        Мінін көріп безгенше, мінін алып түзе.
Басшылықтың басты міндеті осы болар. Тым өрсің, Жомарт. Өзімбілемін  көбірек. Азайту керек. Жомарт басын шайқап, жымиып қана күлді:
-        Мінезің маған түсініксіз, Жанат. Біресе
қостайсың. Біресе қарсыласасың. Көңіл
шіркінді жат түгіл, жақынның да көбі
көре бермейді. Жаңағының бәрі жақын адамдар. Жан-жаққа
тартпады ма? Екеуміз ала болсақ, не береке қалады?
-        Көңіл бірлігі келісіммен болмайды,
Жомарт, - деп Жанат та күліп қойды. Сөз
осыған тіреліп, екеуі үнсіз отырғанда, есікті ептеп ашып Айдар енді. Қасында
кішкене қыз баласы, қолынан ұстап жетектеп алған. Бұрынғы Айдар емес, қайыршы Айдар
сияқты. Отыруға да
именіп, мөлтеңдеп тұр. Алда-
маған,
алданбаған адамды емен де болса бір иерлік.
-        Қарақтарым, - дегенде көзінен жас парлап
кетті. Қасындағы жас бала әкесін көріп еңіреді. - Сөзімді тыңда, жасымды көр,
қарақтарым. Бұл жаспен
бетімді түгіл, ішімді жуып келіп
тұрмын. Жаздым, жанылдым. Жаңылмайтын
жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Кәрі қойдың жасындай жас қалды, тентіретпе мені. Шырылдатпа
мына балапанды, ендігі қалған өмірде адал істеп, күнәмді ақтап ала алсам, арман жоқ. Сен, қарақтарым,
бастарың жас, сақалымның ағымен, көзімнің жасымен, осы нәрестенің зарымен ант етем. Сен, қарақтарым,
сеніңдер. Жанат бұдан орі шыдай
алмады.
-        Сабыр, отағасы, сабыр. Жыламашы,
балақай... - деп екеуінің үстіне
түсті, Жомарт бетін басып, төмен қарап кетті.
Жанат уаталмай әлек. - Жомарт, неғып отырсың, естимісің
зарды! Көремісің жасты? Елжіретіп барады. Десеңші
бірдеңе. Жомартта әлі үн жоқ. Жанат
үстіне түскен сайын, Айдардың
даусы үдей түсті:
-        Е, тәңірі, бар болсаң көр міне, салдым
мойныма бұршақ!.. - деп белбеуін мойнына аса күңіренді.
Жанатбарып Жомарттың қолын бетінен жұлып
тастады.
-        Таспысың, адам ғой мыналар! Түңілген
көңілді, төгілген жас жеңді. Жомарт
та қайысып отыр екен
-        Қалсын орнында, ақтасын. Шыдайық біраз,
- дегенде, Айдардан бұрын Жанат ұстады
қолын. Айдар
екеуінің, қолын
кезек-кезек сүйіп жатыр...
IV
Көктем. Жер әлі
кепкен жоқ. Біресе қатқақ, біресе былқылдақ.
Су жүріп кеткен. Сағасынан буған қара Нұра,
буынып кейін
серпігенде, бір көш жерді көл ғып жіберді. Күшті серпін биыл "Аманкелдіні"
де шарпыпты. Нұраның осы тұсындағы терең арна шүпілдеп, бір лықсыса ауылды алып
кеткелі тұр. Бірақ
оған шамасы келмес. Көз ұшында, Қожыр
тауының түбінде, тар сағада күрсіл естіледі. Сен мен дәрі - дүлей күш пен өнер күші алысып
жатыр. Күрсіл  үдеп, су төмендеп барады.  Қыстай
жиын отырған "Аманкелді" осы кезде бірнеше жасаққа бөлінген. Баймақан бастаған топ, Теміртаудан электр линиясын тартуға шықты. Жәнібек
бастаған кіші топ, сатуға мал айдап,
Қарағандыдан асыл тұқымды мал, машина
алуға кетті. Ауылда қалғандарды тік көтере, Ақмет жол
жұмысына әкеп салды. Өндіріс күштерін қайта реттегенде, Жомарт
осылай үш салаға бөлген-ді. Үшеуін бірден жүргізіп, керегінде күшті
бірінен-біріне ауыстырып отырмақ. Егіс кезінде бұлардың ішінен іріктеп алатын адамдары
да күні бұрын белгілі. Қыстай дайындалып шыққан ұкыпты, күйлі колхоз береген
жаздың бермесін де қоятын емес. Күшті
шабуылға кірісті.  Күн бүгін сылбыр. Жол жаман. Жомарт
буданкөкті салт мініп, электр
линиясында жүр. Қазір жұмыстың ауыры да, асығысы
да осы. Әлсіздер бұраңдап, сабырсыздар шатынай бастаған. Жоспар бойынша электр
шаруашылығы көктем егісімен жедел
бітпек. Сондықтан Баймақанды әдейі
басына қойып, әр адамның міндетін Жомарт бөліп
берген. Алыстан
қарағанда Теміртау мен колхоз арасындағы кең алқапта құмырсқа жолындай тынымсыз
қыбыр көрінеді. Сол қыбырды бір кезде сағым
көтеріп, таңғажайып сәулет береді. Жомарттың алысқа кеткен ойы бұдан сәулетті, әрі сенімді еді. Баймақан торы
бестімен жүгіртіп келіп, жайсыз хабар
естіртті:
-        Қазу, орнату жұмыстары төрт күнде бітер
емес. Есеп теріс пе, істеушілер теріс пе? Өзің
шеш.
-        Неге бітпейді?
-        Қалай бітеді! Қырық километрге төрт жүз шұңқыр керек. Жиырма адамның жетеуі үшеуден ғана
қазып жатыр. Норма бесеу.
-        Асыра орындаушылар қайда?
-        Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жаба
ала ма? Жомарт ойланып қалды.
Екеуі орындамаушыларға
қарай келе
жатыр. Елуден асқан шошқашы Баймағамбет үлкен
денесімен қорбаңдап, шұңқырға
түсе бере артына қарады.
-        Хал қалай, Бәке? - деді анадайдан
Жомарт.
-        Норма көп пе, жасым көп пе, білмеймін.
Әйтеуір екі шұқыр мойында, -
деп қарқ-қарқ күлді қарт.
-        Норма да, жасыңыз да көбірек шығар.
-        Соны мына шіркін есептемейді. Кем қазсаң
күн жазбаймын деп нықыртып кетті жаңа. О,
тоба! Мені аянады дей ме екен Шошқаны тастап, сұранып келдім ғой. Бір төрт күнге өлмес, бәрі соның қамы.
-        Онда шапшаңырақ қимылдау керек! - деді
Баймақан. Баймағамбет аңырып тұр:
-        Іріккенің бар дегені ме?
-        Әскерде біз мұндай шұңқырды он-ақ
минутте қазатынбыз.
-        О, тоба! Бес жылғы сүргін соғыста алмап
еді, осы мені солдат қылғысы
келеді-ау!
Жомарт күліп
жіберді де жүріп кетті. Кетіп бара жатып:
-        Бәкең барын аямайды, - дегеннен басқа
ештеме айтпады. Баймақан
терісіне сыймай келеді. Жомартқа қатты айтуға
аузы бір күйген. Ақырын айтса да шымши айтты бұл
жолы:
-        Барын аямаса, уақытты ұзарт. Үлгерер
бір.
-        Уақытты көбейту үшін, әуелі азайту
керек. Біз биыл электрдің арқасында
мыңдаған сағат жұмыс уақытын үнемдеп,
мыңдаған жұмыс күнін пайда қыламыз. Бұл пайда колхозды миллионер етеді.
Сондықтан қазіргі уақыттың бір секүнды, үлкен үйдің бір кірпішіне бағаланады.
-        Онда неге қостадың Баймағамбетті?
-        Ол берілген адам. Барын берсе нең бар.
-        Кемін кім береді.
-        Иә, мен манадан соны ойлап келем, - деді
Жомарт.
- Шешкен
тәріздімін. Столбашылардан кісі аламыз.
-        Шешкен-ақ екенсің! - деп Баймақан бұрқ
етті. - Алты арба алты жерде
сазға батып қалып, азар шығардық. Ол он
бес, енді он бес кісі сұрап отыр...
-        Бос сөз. Ішінен мықты үшеуін таңдап
алып, шұңқырға сал! Әлсіздеу біреуін үш көлікпен ауылға жіберем, - деді де, сөзін морт кесіп, Жомарт шоқыта жөнелді. Бұл
есепке түсінее де Баймақан әлі кейіп келеді. Үш көлік, алты адамнан, бір трактор,
екі адам әлдеқайда артық істейтіні анық. Бірақ трактор МТС-тікі. Жол жұмысына көмектесіп, аз күнге
екі трактор берген, егіс басталысымен
қайта алады.
-        Енді жолды бөгейді барып. Жол дегеннің стратегиялық значениесі бар... - деп
қояды Баймақан.
Одан әрі ойын
столба көтерушілердің қиқуы бөліп, жортып кетті... Жомарт
желе шоқырақпен жолшыларға жеткенде, жетпіс-сексен адам жарыса істеп жатыр еді.
Әуелі тас басындағы трактористерге келді. Тас болғанда қазып алатын тас емес,
күреп алатын тас. Нұраның осы тұсындағы ескі арна, жаңа арнадан алыстап, тас
аралас жалпақ ірі құм боп жататын. Екі жігіт, екі әйел екі тракторға тіркеген
арбаларды бәсекемен тиеп жүр. Ақжарқын Төкен қабағы салыңқы жай тұр.
-        Не ойың
бар, Төкен? - деді Жомарт, амандықтан кейін атынан түсіп. Төкен көңілсіздеу
қайырды жауапты:
-        Керосин
азайып қапты. Нормадан асқан жоқ едім, осы екі қатынның бірінен келді ме
деймін.
Екі әйелдің бірі Бейсеннің бүйрек бет, түрік ерін тоқалы Ұрқия
болатын.       
-        Тойт әрі!
-деп сумаң етті. - Электр келе жатқанда майыңды қайтем. Қолы босамаса да, аузы
бос екі жігіт көлденең сөзді құр өткізбеді. Тоқалды қақбақылдап тұр:
-        Жымысқы жоқтықтан' ғана бола ма?
-        Төкенді әуес қылғаны ма, онда?
-        Әнші жігітке әйел түгіл қыз да әуес.
-        Кемітпе. Бұл жеңгей қыздан сірә, кем
емес.
-        Сары майдан дәметкен дәмең құрсын.
Адырам қал! - деді Үрқия,
саусағының арасынан бармағын сорайтып. Бұртиып тұрған Төкен мырс етті. Жомарт
алақанын соғып күліп жіберді. Екінші
әйел ұяттан өліп тұр. Бетін шымшып күбірлейді:
-        Ұяттағы, қалжыңға сонша бүлінгенің.
-        Қалжың болса қайтейін!
-        Ақырын. Жомарттан ұялсаңшы.
-        Ұялмай о да екі қатын алғалы жүр ғой.
-        Қой әрі.
-        Е, Жақып пен Алманы жөнелтіп, оңаша
қалған жоқ па екеуі. Әйелдердің
күбірін Жомарттың да құлағы шалды. Естісе
де естімеген боп Төкенмен сөйлесе бастады.
-        Тракторының марқасы қалай?
-        ЧТЗ. Дизель С-65.
-        Күші қанша?
-        Тұрып тартқанда 65, жүріп тартқанда 50
аттың
күші бар.
-        Сазда, құмда күшейем де. Неше цилиндр?
-        Төрт. Жомарт
тракторды өз көзімен тексеріп шықты. Ол тракторды
ғана емес, ауыл шаруашылығындағы машиналардың
қайсысын да болса, жүргізе біледі. Кейін бітіріп келген
агрономдардың бұрынғы агрономдардан бір өзгешелігі
осы еді. Бақты ашып көріп:
-        Керосинге жол болсын! Солярь қайда? -
деді. Төкен төбесін қасыды.
-        Керосинмен де жақсы жүреді.
-        Жүре береді. Бірақ керосиннен 18 литр кеткенде солярьдан 12-ақ литр кетеді. Солярь тағы
арзан.
-        Бізде қазір солярь жоқ.
-        Жоқтық емес, салақтық.
Жомарт полевой
сумкесінен блокнотын алып, записқа жазды
да, Төкеннің қолына ұстатты.
-        Тракторыңмен тез Баймақанның қарамағына
жет. Мына записқамен біздің складтан солярь ал
дағы,
керосинді бізге
қалдыр. Директорыңа сәлем айт, керосині көп
екен. Өзің де ойлан. Тапқан астығыңды май жұтып қоймасын. Төкен
қазбауырмен қайқаңдап құмнан былай шыға бергенде, Ақмег көре салып атты
борбайға бір көмді. Ағызып
та, ақырып та келеді.
-        Қайда барасың? Бүлк етпе! Жомарт жолдан қосылып тоқтатып алды.
-        Мен жібердім, Ақа.
-        Қайда, қайда!
-        Электр жолына.
-        Мынау жол емес пе екен?
-        Сабыр етіңіз кішкене.
-        Пай-пай, бала-ай, сабырың-ақ соңнан
қалмады-ау. Жомарт түсіндіре бастап еді, - Ақмет лезде басыла қалды.
-        Мен осы арада отыз бес минут отырдым,
Ақа! Төрт кісі екі тракторды тиеп
болып, трактор келгенше қарап отырды.
Келген соң, тиегенше трактор қарап тұрды. Енді тұрыс
жоқ. Конвсерный системаға көшті. Екі трактордың қызметін
бір-ақ трактор атқарады.
-        Дұрыс! - деді Ақмет. - Бұл дүние - есеп.
Есепсіз - есек. Осы жолдың
жамандығынан шыққан шығын шаштан көп. Тіпті менің мотоңиклімнен ат озып кететін
болды... Жомарт блокнотын ашты.
Жыл бойы осы жолда артық төгілген көліктері, жаңар май, сынған арба, бүлінген машиналар мыңдаған сомдарды жұтып
жатқанын айта келді де:
-        Бәрінен де уақытты айт! - деп тағы бір
тоқталды уақытқа. Бұл жігіттің
уақыттан қымбаты жоқ.
Математиқаны
жақсы білсе де, уақытты дұрыс пайдалану есебіне
әлі жетпеген тәрізді. - Секүндтап берілген өмірді, ысырапсыз жұмсап, жеткізсем дейді. "Орыс
мінез" Ақмет басты шұлғып тұрып:
-        Тоқта,
бала, - деді бір кезде. -- Ұмытып барады екем, қашан келеді станок? Жомарт
жымың ете түсті. Ақмет станокке, Баймағамбет "шошқаның электріне",
Жәнібек мана сиынға құмар. Күніне неше кездессе де, бұлар бір айтып қалады. Ақмет бүгін таңертең ғана тапсырып
кеткен, тағы сұрап тұр.
-        Мана айтқаным қайда. Келеді, - деді
Жомарт.
-        Тез келтір. Күнібұрын орнатып қоям, -
деп құлшынып қойды Ақмет. Қол балғаны электр баласымен өзгерту, оның дүкен үйінде өмірі болмаған үлкен жаңалық
еді. Сондықтан өңінде түгіл түсінде де электрлі станок есінен кетпей, тамаша
түстер көріп шығады. Түсін Злиқаға жорытады. "Өмір ұзақ, көңіл-шат, талап
жоғары, дұшпан хабанда болады екен" деп жарылқайды Злиқа. "Малды фермаға
бақтырам" деген ойын осы кезде станок, жол қуаныштары басып, көп қүнттамай
жүр. Ертең сол әнге қайта басқанда не айтам деп Жомарт әлден қылпылдап тұрғанда.
-        Ауданнық қағазы не болды? -деді Ақмет. Жомарт
жауаптан қашып, тебіне жөнелді. Созбүйдаға
салып барады:
-        Кешігіп қалдым. Қараймыз ғой. Қол тиіп
жатыр ма...Ақкөңіл Ақаң "баланың" сырғытбасын сезген жоқ.
-        Жұмыс басты екені рас! - деді де жөніне
кетті. Былай шыға Жомарт атының басын тартып, аяңмен
келеді. Ерні
тобарсыған, жүзі тотыққан, шаршаған да болу керек,
ерге бір жамбастап келеді. Беті Нұраның
қолтығындағы құйқалы
түбек. Қалың егінжайды қақ жарып өтіп, түбекке жеткенде аттан түсті. Қара
топырақты қолымен сығымдап
қарады. Топырақ былжыр. Қолына жабысты,
тастап жіберді.
Түбек басқа жерден
кеш кебетін былқылдақ, шалғыны ат бойынан асатын мойек. Жақып шөбіне қызығып,
соқа салмай келген. Жомарт шөпті егіп те алам,
биыл осы былқылдаққа бақша салам деп тұр. Бақша егісін бұл маңдағы қазақ колхоздары әзір онша бағалаған жоқ.
Жомарттың есебінше биыл бақшаның
өзінен жүздеген мың сом пайда өнгізбек.
Келесі жылы суарып салып, пайданы екі есе арттырмақ Жомарт қазір "суаруды ендігі жылға
қалдырмаса" деген ойға үйірілді. Су
тартатын машина, біраз труба керек.
Қарағанды, Теміртау оны шопақ құрлы көрмейді. "Жер қазу жұмыстары
онша көп емес..." дей келді де, "әттең уақыт болсаға" тіреліп
қалды. Әрі кетсе бір жұмада
егіс басталмақ. Оған дейінгі жұмыс жетіп жатыр. Оның
үстіне қалай
сықтаса да су шаруашылығы сыяр емес. "Әлде егістен
кейін, бақша егісімен қатар қолға алса қайтер еді?. » деп тұрғанда ойы бөлініп кетті. Бір атты ауылдан зырлатып шығып, тасшыларға
келді
Тасшылардан
жолшыларға қарай ағызып барады. Жомарт бинокльмен
қарап әйел екенін айырды. "Балжан болғаны ма,
бұл қалай" деп тұр. Атты жолшыларды сүзіп өтіп Жомарттың өзіне қарай салғанда, Жомарт та
атына мініп қарсы шапты. Айтқандай Балжан екен. Демігіп сөйлей
алмайды.
-        Жай ма?!
-        Жанат тез жетсін деді!
-        Не боп қалды?
-        Айдарды өлтіріп кетсе керек!
Бұдан әрі сөзге
келген жоқ. Аттың шабысы білді. Тайлы-таяғымен жұмысқа кеткен колхоздың
жым-жырт
қошесін
дүрсілдете конторға жеткенде бір-ақ тоқтады. Жанат партком
бөлмесінде. Телефон трубқасын жаңа ғана ілген. Стол үстінде жаюлы мектеп
қағаздарына қарай алмай, толқып тұр. Бетінде қан ойнап, көзі есікте еді. Жомарт
алқына кірді.
-        Шын хабар
ма?
-        Шын хабар.
Жәнібек айтты телефонмен.
-        Қалай
өлтіріпті, кім өлтіріпті?
-        Өлі-тірісі
әзір мәлім емес. Жиырма мың
сом ақшамен кешеден бері жоғалыпты.
-        Қатын-баласы естіді ме?
-        Қайтпапты. Есігі берік екен, - деді Жанат.
- Солардың бәрі бірдей кетуінен маған бір күмәнді
ой келіптұр. Баласы қалай ауыра
қалды? Астығын, сиырын ала кетіпті
ғой, осы жолы. Неге сатады?
-        Қашқаны ма?
-        Кім біледі. Қашты ма, ақшаға қызығып
өлтірді ме біреу.
-        Ақша кімдікі екен?
-        Колхоздікі. Жомарт ойланып отырып өкінді:
-        Сол итке жібімей-ақ қояйын деп едім,
болмадын...
-        Жібімеген еркіңе қойды ма? Өкініштен
пайда жоқ. Қазір біріміз жүру
керек. Ондағы алатын дүниеге енді ақша жетпей
қалды деп Жәнібек бақырып жатыр.
-        Менде уақыт жоқ.
-        Менде бар ма?! Мұнда жалғыз қалдым. Оқу
жылының аяғы. Әне мектеп қағаздарын ала келіп, партия жұмысының ара-арасында
істеп отырмын. Сен барасың. Тіпті өзің иек сүйеп алғансың ба, маған.
-Кеттім, - деді
Жомарт. - Мұндағыларды басқара  күн ұзын дамыл таппаған Жомарттың үйіне
соғып,
суық тамақпен
қаузануға ғана мұршасы келді.
Буданкөк те сұлыға ауызды құныға
салған еді. Мініп алып жүріп кетті. Қарағанды
қырық километр саналады. Бірақ жиырма, сексен
километр деуге де болады. Жаңа шахталардың, жұмысшы
поселкелерінің бір шеті Қара Нұраға дейін созылып,
екінші шеті Шерубай Нұрасына барған. Екі Нұраның арасына екі рулы ел сыйған ертеде. Сол
белесті байтақ даланың бәрі қазір Қарағанды аталады. Жәнібек оның қай жерінде жүргенін Жомарт білмейді.
Үлкен базардың маңынан табылар деп,
"Көмірлі Қарағандыға" тура тартты. Телеграф жолымен Керіала ат
қырқасына шыға келсе,
күн шашырап
батып барады. Арты теңіз, алды мұнар тау. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан
- Қарағанды, Ұзын Нұраның бойында көк теңіздей көлкіген - Қаргрес, Теміртау.
Екі алыпқа кезек-кезек қарап бара жатып:
-        Біздің
колхоз бұлардың бір тамшысы-ау, - деді Жомарт. Көз байлана қалаға енді. "Қапай
городте" Мәжиттікі бар. Қорасы кең, Жәнібектің келгенде түсіп жүретін жақын
ағайыны. Жомарт салған күйі осында келді. Жәнібек қорада жүр екен Қора іші
қатарлап байлаған асыл тұқымды сиырлар. Арбалар толы электр жабдықтары, көмір, темір,
колхоз керектері... Бір арбаға тұқым ағаштары тиелген. Су жаңа екі жүк машина тұр...
-        Жәкең жинап тастапты ғой! - деді Жомарт,
амандықтан бұрын.
-        Жәкең бүгін жол үстінде болмақ еді. Мына
қырсық, - деп, Айдардың жайын баяндай бастады Жәнібек...Бұлар
бес-алты кісі келген. Үш жерден ларек ашып, әкелген малдарын сойып сатып
бітіріпті. Түскен ақшаны Жәнібек Айдарды ертіп барып, күнбе-күн банк арқылы аласысы
бар мекемелерге жіберіп тұрыпты. Кейін сатылған бір жарым шошқаның еті жиырма
мың сом шығарған екен, Жәнібектің қолы босамай, ақшаны Айдар жалғыз әкетіпті.
-        Аз ақша
болған соң, өзге шаруа қалмасын деп асықтым, - дейді Жәнібек. Аз да болса кейіп
тұр. - Енді сол ақшаға бола айғырларды бермей тұрғаны. Өзгесің төлегеміз.
Жомарт ақшаға ренжіген жоқ, Жәнібекке қатты ырза болды. Бес күн еді берілген ерок. Үш күнде жарты
мнллион  оборот жасап, әр мекемеден, әр
жерден осынша дүниені жинап
алу шынында Жәнібек сияқтының ғана қолынаң келетін
іс.
-        Шіркін,
адамның бәрі сендей ұқыпты, сендей адал болса! - деді Жомарт. - Ренжіме. Ақшаны
біз табамыз, ақша бізді таппайды. Қазір барып айғырларды ал да, түн қатып жөнел!
-        Бермейді. Ең азы бір сом кем болса да
беретін емес.
-        Мен бергізем.
-        Онда әуелі Бейсенді табу керек.
-        Ол қайда?
-        Айдардың қатын-баласын білем деп кетіп
еді, жоқ. Жомарттың күдікті ойы қоюлана түсті.
-        Тез, өзің
барып қайтшы, - деді де үйге енді. Жәнібек буданкөкке міне сала, 1-шахтыға жөнелді.
Айдардың әйелі
"Загороднийде" жатқанын естіген. Жол 18-шахтаны
басып жүреді. Айналма. Жәнібек төтелей салды. Темір жолдардан секіртіп өтіп,
беткейге шыққанда, айқайлайды біреу.
-        Шығарыңдар, түсіп кеттім! Шығарыңдар, өліп
барам!..
-        Өлмей тұра тұр, ей, мен барам! -деп
Жәнібек бұрылды. Мас біреу ғой
деп қалды. Астының көмірін алған жердің үсті, кейде ойпат, өзек, үлкен жарық
боп жататын. Адам жүрмейтін жарықтардың арасынан шығады дауыс. Келсе, өзінің
Бейсені екен Қолы ернеуге жетпей, жарықшаққа сынаша тығылып қапты.
-        Бейсеке-ау, өзің тығылдың ба, біреу
тығып кетті ме?
-        Өзім. Төтелеп жүрем деп, қараңғыда түсіп
кеттім.
-        Жақсы болды, тез табылдыңыз, - деп
Жәнібек, әлі күліп жүр. Шығарып
алып, алдына мінгізді. - Ақырынжүріңіз,
ат жазым болады. Иә, бардыңыз ба?
-        Бардым. Қайтып кетіпті.
-        Айдардан дерек бар ма?
-        Естілмейді.
-        Япырай мұны поезд басты ма, біреу
өлтіріп кетті ме?! Әлде бір жерде мас
болып қалды ма?
Бейсен үндеген
жоқ. Үйге келген соң отырмастан Жомартқа
иек қағып, оңаша бөлмеге алып кетті.
- Қарағым, мен
антұрған мойындап жүрмін. Ырзамын адамшылығыңа. Осы ит қашып кетті, - деді де
қал-
тасынан газет
суырды. - Оқышы, осынан қорқып қашты. Жомарт оқып шықты. "Аманкелдіге ашық
хат" деген кішкене хабар екен. "Оқушылар" деп қол қойған. Өткен жылы егін жннау кезінде Алматыдан бір топ
оқушы"Аманкелді" колхозына көмекке
барады. Сабақ басталып қалатын
болған соң, еңбектерін алуға қарамай, асығыс журіп
кетеді. Мұнда келіп неше рет хат жазса да, ақы түгіл жауап қайтпапты.
-        Бұған қанша кінәлы Айдар? - деді Жомарт.
-        Сол ақшаның бәрін Айдар алды, - деп
сыбырлады Бейсен.
-        Қалай алады?!
-        Подлог жасап алды, подлог. Енді сонысы
ашылатын болған соң зытқан ғой. Қатын-баласы да кетіп қалыпты. Біреу өлтіріп кеткеннен көрі, қашып
кеткені Жомартқа жеңілдеу тиді. Бірақ
өзін де, Жанатты да қатты кінәлады ішінен.
Қайнатулы шайға қарамай киініп
жатыр.
-        Жаңа қалаға барам. Жаңағы төбетті
іздетем. Жәнібек, жүр,
айғырларыңды ал, - деп шығып кетті
Жомарт.
V
Бұдан бірнеше
күн бұрын, Жанат пен Жомарттың алдында зарланғаннан кейін, Айдар Қарағандыға
бір келген. Сол келісінде "Социалистік Қарағанды" редакциясына
құлақтандыру бере кетуге кірді. Редакцияда бар танысы Мәлкен болатын. Алдымен
Мәлкенге келсе, бір қағаз оқып отыр. Қағаздың басында "Аманкелдіге ашық хат", ақырында
"Оқушылар" депті. Аржағын Айдар оқымай білді. Содан былай дайындала бастаған. Жомарт
іздетуге шыққанда, Айдар Алматы облысында, "Қалинин" колхозындағы
жиенінің үйінде отыр еді. Жиені
де колхоздың бас бухғалтері. Көптен көрмеген нағашысын
төбесіне көтере күтті. Ет, арақ дегендер былай тұрсын, былтырғы апорттар стол
үстін қып-қызыл қып жайнатып
жіберді.
-        Председательді шақыр. Нағашыммен
таныстырам, деді көңілденген жиен.
Сөз әлпеті көтеріңкі жатыр. Сірә, бастықпен
жаман болмау керек. Айдар жүрерде ғана сыпыртып тастағанын ұмытып, сақал,
мұртының орнын әдет бойынша
бір сипап қалды. Сол кезде арты да қылп еткен тәрізді.
-        Әзір қоя тұр, Амантай, - деді жұлып
алғандай. -- Әуелі оңашада шұрқырасып
алайық. Етке келер.
Аузына бірер
рюмке тиген жиен ырық бермеді.
-        Келе берсін! Шұрқырасу қашпас. Әзір
қайтармаймын, - деп иек көтерді келіншегіне. Келіншек ытып кетті. Келіншек те болса, маңдай терісі құрыса
бастапты. Айдар қипақтап "кемпіріне" қарады. "Кемпір" де
болса, беті шиқандай, көзі
қарақаттай, ақырын ғана ерні бүлкілдейді:
-        Амантайдан жасырасың ба, сездіріп қой.
Үшеуі оңаша отыр. Айдар сонда да сыбырлап
сездірді.
-        Кісі көзінше Балтабек Төкенов дегейсің
мені.
-        Ол кім?
-        Ол әйтеуір біреу-дағы.
-        Жоқ! Қулықты қоя тұрыңыз, нағашы. Әуелі председательмен жақсылап тұрып
таныстырам. Мына кісіменің
ардақты нағашым, Айдар Сабатаев. Орысшаны орыстың
өзінен жақсы біледі. Он үш жыл бухғалтерлікстажы
бар. Қарағанды облысынаң "Аманкелді" колхозынан қонаққа келді деймін. Содан кейін
пожалыста, қалжыңдай беріңіз.
-        Менікі қалжың емес.
-        Фамилияңызды өзгерттіңіз бе?
-        Иә, - дей салды Айдар, жиенінің жел өкпе
екенін көрген соң.
-        Неге?
-        Мәні бар. Кейін айтам.
-        Мәні бар? Ә, қандай мәні бар? - деп
отырып, жиен үшінші рюмкені көтерді.
Рюмке болғанда кәдімгі колхоз рюмкесі.
Айдар "ішпе!" дегенше, шұбар кесенің ернеуі жиеннің маңдайына тақ етті.
-        Нағашым келгенде ішпеген арақ, су боп кетсе болмай ма. Председательді
ертіп, жиен келін кірді. Амантай ұшып тұрып
таныстыра бастады:
-        Мына кісі менің ардақты нағашым,
Сабата... нет. Шорт возьми... Төкенов,
иә Төкенов. Орысшаңыздыорыстың
өзінен әдемі жазады. 13 жылдан бері бухалтер. Қарағанды...
- дей бергенде.
-        Қайтесің, бажайлап. Мына кісіні
таныстыр, - деді Айдар.
- Бұл кісі осы
колхоздың председателі Балабеков Мергенбай
жолдас. Көңіл айтуыңызға болады, арамызданқыл
өтпейді. Келіншегі қайтыс болған. Үш айдан бері бойдақ-
Кәне, таныстыққа бір-бір алып жіберейік.. Алып жіберісті. Ет келгенше-ақ Амантайдың
көзі дөңгеленіп болды. Бойын баққан Айдар отағасының да кепкен беті албырап
келеді. Мергенбай
тың. Көзі тым мерген. Әйел қонаққа
көзін қадап-қадап қояды. Қонақкылымсып,
біресе ширатылып, күлімдей береді. Қасындағы қыз бала үш-төрт жастан артық
емес. Осы балаболмаса қонақтың түрі
қыз дерлік. Айдар сонда да "кемпірім,
кемпірім" деп қоймайды.
-        Мәні бар? Қандай мәні бар екен?! -деп
маңдайын ұстаған Амантай бір қож
етті. Айдардың жүрегі дір ете түсті.
-        Жиен қарағым, жатқызшы апарып. Жиен келін келіп сүйрелей бастағанда,
Амантай қолымен сермеп тастады.
-        Кет! Нағашымның әңгімесіне қана алмай
отырсам, нағашы, о, нағашы...
-        Көп сөйлеме, Амантай.
-        Сөйлемейін, айтшы, қазір айтшы.
Жүрегімді түйнеп тұр. Мергенбай
өзіміздің кісі.
-        Кішкене тынығып тұршы, кішкене, - деп
Айдардың өзі келе сала қолтығынан көтерді. Жиен келін де демеп жүр. Екеулеп бөлек бөлмеге әкетті. Амантайдың дауысы әлі семген жоқ. Айдарды құшақтап жібермей
сөйлеп жатыр. Бәрі естіліп тұр:
-        Ардақты нағашым, сағындым. Айтшы, неге
жасырасың? Құрысын Төкенов. Дасшь Сабатаев. Өзгертпе,өзгертпе. Тірідей өлемісің. Қорықпа
баяғыдан, 13 жылғы еңбек бәрін жеңген...
Бір құқайдың
барын Мергенбай ішіне түйіп алды. Әйтсе
де біреудің жасырын сырына ортақтасуға ұялып,
көңілін бөлді:
-        Жеңгей, есіміңіз кім? Сізді ешкім
таныстырмады, өзіміз танысайық.
-        Атын білген қанша таныстық. Жәмилә атым.
-        Бірте-бірте затыңызға да барармыз, сабыр
етіңіз.
-        "Сабыр түбі сары алтын" бола
берсе неғылсын.
-        Асыққанда жеткеніңіз
"кемпірлік" қой.
-        Сүйгенін "шұнағым" демей ме?
-        "Етімді шал сипаған құрт жесін деп,
жартастан қыз құлапты терең
суға". Бекер құлаған екен онда...
-        Құтқарса жігіт қайда қалған сонда...
Терлеп-тепшіп
Айдар келді. Бұл жақтан да бір сұмдық ты
сезе келді. Суыған шайды ауызға ала бергенде, қайта елірді Амантай. Оған барса кемпірі
қалады, бармаса ол бүлдіреді. Екі оттың
ортасына түскен Айдардың ішкен-жегені мұрнынан шықты.
-        Сен баршы, кемпір, сен бар, - десе де.
-        Ие бермейді маған, - деп нығырақ отырды "кемпір". Амалсыз өзі кетті.
Қалжың қайта басталды:
-        Тілазар ма едіңіз, үлкен кісінің сағы
сынды ғой.
-        Үлкенді сыйласаңыз, өзіңіз барыңыз. Ауыл
сіздікі, адам сіздікі.
-        Сізді тастап кете алам ба?
-        Мен де тастап кете алмадым. Әзіліңіз
аттық екен
-        Кетерсіз тастап, қалармын көзден жас
парлап. Сол жасты сұртетін, көңілге
күзу ететін, сұраймын орамал қолқа
сап.
-        Үйсін жігіттері өлеңшіл екен. Өлеңмен
салған қолқаға, орамалым жараса алыңыз, - деп,
тастай бердіЖәмилә.
Жарк еткен ақ
орамалды ашық есіктен Айдардың да көзі
шалды. Көзіне сенбей еніп келсе де кеш қалды. Қағып алған Мергенбай қалтаға тығып жіберген.
"Неғып қойдыңдар"
дегендей, Айдар аңыра отырды орнына. Екі бүйіріне
екі шоқ басылып тұр. Күйдім деуге дәрмен жоқ.
-        Келін! Ол тиыш жатқанда дәміңді қамда, -
деп дауыстады да, - терлеп кеттім: орамалыңды
берші, кемпір, - деді. Кемпір
сасыңқырап чемоданына ұмтылғанда, - қоя-ақ
қой, - деді. Үй іші енді тып-тыныш.
Бәрі басылды. Ауыз жақта ас
қамдаған жиен
келіннің тықыры ғана естіледі. Бірақ, төрдегі
үшеудің іші ойран. Қасқа маңдай, қара мұртты
бағлан жігіт, қырандай
құйылып төнген сияқты. Не түсе алмай,
не кете алмай, құр қызыққан құладын сияқты Айдар. Екеуінің ортасында қызыл
түлкідей бұлаңдаған Жәмилә
орамалға жүрегін де түйіп берген секілді...Сырты бүтін қонақтар
томсара отырып ет жеді де, тарады. Қысқа таң бел артынан қылаңдап келеді. Айдар
мен Жәмиләнің көзі әлі ілінген жоқ. Беті ашық, салқын сарайда жатып,
кезек-кезек уһлейді. Бұдан бес жыл бұрын Айдар 49 да, Жәмилә 19 да еді. Соғыс
кезі болса да Жәмиләға бір жұма той жасады. Бес жыл өткен сол тойға енді екініп
жатыр екеуі. Бірақ оны біріне-бірі сездірмеген болады.
-        Жақсы екен
жиен, бұрыңғы өзіміздей тұрады екен. Осында орналасайық, - дейді Жәмңлә.
"Ойлағаның анау ғой..." дегендей, Айдар қыңыр тартады:
-        Әңгүдік
неме ұстап беруден тайынбас. Председатель де бір қу көрінеді. Аңқау йсерге,
қаладан
аулақ жерге кетерміз...
-        Сонша шырқап не керек.
-        Амандық керек. Жайлы тұрмыс керек, - деп
Айдар күрсінді.
- Енді ол күн
қайда! -деп Жәмилә күрсінді. Адам әп-сәтте
өзгереді екен. Бұрынғы именшек Жәмилә бүгінбатыл,
Айдар қорқақ. Қорыққаннан Жәмиләні бауырына қысты. Жүз мың сомдай ақша бар. Ол
Жәмиләніңбойында. Талай-талай былық бар, ол
Жәмиләнің ойыда. Сондықтан:
-        Кемпірім, кемпірім, - деп арқаға қағады
Айдар. Күрсіне түсіп аймалап жатқанда, күн де шықты. "Нағашылап"
Амантай да жетті. Біреу "әңгүдік", біреу "есер" десе де,
Амантай қалтқысы жоқ, ақкөңіл жігіт. Әзір алданып та, алдап та көрген емес.
Адал еңбегімен председателіне жағып, араларынан қыл өтпейтіні рас. Түнде мас та
болса ойындағысын айтты. Қазір
де айта келді:
-        Нағашы, асығыс жұмыспен ауданға барам.
Бүгін қайтам. Асықпай жатып тынығыңыз. Өзіңіз
қалай шұғыл келдіңіз, хабар жоқ,
түк жоқ?
-        Реті кеп қалды.
-        Жарайды, кейін сөйлесерміз. Фамилияны өзгерткеніңізге тіпті ырза емеспін. Амантай соны айтып тұрып бара жатты да,
Айдардың тұқыл иегін жаңа көргендей тұра қалды.
-        Сақал-мұртты да өзгерткенсіз бе?! Бұрынғы
нағашым емес, құдды романдарда кездесетін аферистерше құбылған, - деп қарқ-қарқ күле шықты.
-        Тұр, - деді Айдар Жәмиләға ол кетісімен.
- Мына шіркін, пана болып жарытпас. Былықтырмай тұрғанда
жөн табайық.
Тұрып шай ішкен
соң, Алматыға барамыз деп қоштаспастан
жүріп кетті бұлар. Бетін Алматыға емес,
аулаққа бұрды.
Тас жолдың үстінде, қалың бақша, алуан түрлі
жеміс ағаштарының арасымен зымырап келеді машина. Оң жақта аспанмен тілдеекен
Алатау, сол жақта көз жетпейтін
кең дала. Орғи аққан көк бұлақ таяқ тастам жерден
кездеседі. Күркірей аққан күшті өзен әр саладан кездеседі.
Солтүстік жаңа жібігенде, бұл жақ гүлденіп тұр.
-        Жер жаннаты мұнда екен! -- деді Жәмилә.
Машинада адам көп, ығыр қылып сұрап келеді...
Есікке жеткенде
Жәмиләні алып түсіп қалды Айдар. Дәл түскен жерінде, машина күткен қара
домалақ бала жігіт жабыса кетті.
-        Ассалаумаликөм, Айдақе! Қайдан жүрсіз,
ел аман ба?
-        Амандық. Қай баласың, шырағым?
-        Ойбай-ау, танымай тұрсыз ба? ұста
Бәлкеннің баласы емеепін бе?
-        Е-е-е!
-        Осында жер бөлімінде істеуші едім.
Демалыс алып елге жүріп барам.
Біздікіне барыңыздар... - дегі жігіт записқа жаза бастады. Айдар
записқаны алып былай шыққан соң, кездескен бір машинаға отыра сала Кегенге
тартты. Кегенге бірсыпыра бейнетпен келді. Тау ішінде машиналары тоқтап, далаға
қонып, баласы ауырды. Қазір мектеп күзетшісінің тар үйінде жатыр. Күзетші
Белгібай қарт, Айжан бәйбіше мейірбан адамдар екен. Өздері қораға шығып,
қонақтарға үйді босатып берді. Ауырған баланың үстіне түсіп, сиырының сүт-қаймағын
аузына тосты. Аулақ жерді, аңқау жерді Айдар жаңа тапқандай болып
отыр еді, Белгібай қарттың қысыр әңгімесі жүрегін тас төбесіне
шығарды:
-        Жаңа
директор кішіпейіл, ақ жарқын жігіт екен.
-Жайымды сұрап көп әңгімелесті... Өзі арғын екен, - дегенде:
-        Арғынның қайсысы екен? - деді Айдар.
-        Қуандық.
-        Қуандықтың қайсысы?
-        Қарағанды маңындағы Алтай көрінеді.
-        Фамилиясы қалай?
-        ұмыттым. Аты әйтеуір Бақтыбай
-        Жасы қай құралпы?
-        Отыздың жуан ішінде.
-        Көзінің ағы, бетінің қорасан дағы бар ма
екен?
-        Е-е-е, дәл үстінен түстің, қарағым! -
деді Белгібай. Айдардың іші мұздап кетті. Айтып отырғаны, кәдімгі белсенді
Тайманов Бақтыбай. Елден кеткелі көп болған, қайда екенін білмейтін. Елде
жүргенде газетке жазып, әурелегені бар. Енді көзіне түссём өлдім деп отыр
Айдар. Білдірмей, тез кетуге бекінді. Қайда кетеді? Бұдан әрі шеқара. Кейін
қайтып Шелек ауданындағы ұйғыр ішіне сіңгісі келді.         
-        Бұл жер ұнамады маған. Кейін қайтар
едік, көлік жалдайтын кісі білесіз
бе? - деді бір кезде. Жәмиләқуанып
кетті. Белгібай қостамады:
-        Бұл, жаман жер едес. Үйренбегендік
шығар. Бала тәуір болғанша,
байқасаңдар болмай ма? Біздін директор ұнатып
отыр осы жерді.
-        Әуе райы жақпады. Бала ауырып қалды.
Көлік болса ескеріңізші.
-        Ескеретіні жоқ. Бір қос адам Алматының
базарына мал айдап жүргелі
жатыр. Тоссаңдар машина да болып қалады. Бақтыбайдан
ажалдай қорыққан Айдар бір минут тосқысы келмеді. Баласын ойлаған Жәмилә да
тәуекелге бел байлап, "Қалинин" колхозына жеткісі келді. Қонақтарын
базаршыларға қосып, Белгібай қарт үйіне қайтты. Тау іші. Қос артқан жалпақ
арбада Айдардың ғана үй іші отыр. Өзгелері
салт мал айдап келеді. Жол жыландай бүктеліп,
біресе жазылып, талай белестерден асты. Алдағы биіктің
асуы бәрінен қиын Дәл түбінде, көз ұшында өкіре тулап
өзен жатыр. Дәл төбеде бураша төніп, биіктің шонжар
тасы тұр. Екеуінің аралығымен сумаңдаған тілдей жол
қиялай айналып, шыңға барады. Шыңнан құзға құлайды. Не жоғары, не төмен қарай
алмай Жәмилә бетін басты. Мал айдаған тау адамдары қарқ-қарқ күлді. Науқас бала екі иінінен демін алып, су сұрайды.
Жамилә қорыққанын ұмытып, су тосады. Бір жағынан
Айдар мазаны алып келеді:
-        Кемпір, кемпір, анау адамды байқаймысың?
-        Қайсысы?
-        Қойшы, қайда барса қорқыттың көрі.
-        Ала аттыны айтам. Көзін менен алмайды. Ала атты жақындап келеді. Айдар қырындай
отырды.
-        Бала қалай, жеңгей?
-        Ауырлау.
-        Шыпа болсын, арба соққан шығар. Күн бата
ұйғыр
колхоздарына жетерміз.
-        Қондыра ма, олар?
-        Меймандос халық. Қазақтан әрі... Мына
кісі әкеңіз бе, атаңыз ба?
-        Екеуі де емес, - деді Жәмилә, шаншу ұстағандай қынжылып. Атты аңырып қалды.
-        Онда кіміңіз болғаны?
-        Қайтесіз. Әйтеуір бір жақыным. Атты қала берді. Айдар күңк етті.
-        Жақсы айттың, сыр тартқалы келіп еді.
Көзі әлі ішіп-жеп
барады мені. Дәл баса алмай тұр.
Күн еңкейе ұйғыр
колхоздарының қарасы көрінді. Айдардың
ойы осында қалмақ. Жәмиләнің ойы
"Калининге" бармақ. Кейін қайтуға
сөзсіз келіскен екеуі, екі ойдың айрылысар жеріне де жетті.
-        Момын ел. Осыдан жайлы жер табылмас,
кемпір...
-        дей бергенде, Айдардың сөзін бөліп
жіберді Жәмилә:
-        Бетім-ау, Амантайларға бармаушы ма едік?
-        Бардық. Көрдік. Енді желкемнің шұңқыры
көрсін.
-        Ендеше Алматының өзінде тұрайық. Жұрт
сыйған қалаға біз де сыярмыз.
-        Өшіккен оқушылардың ортасына өзім барсам оңармын.
-        Оқығаның
мынау болса құрысын! -деді Жәмилә.
-        Жалғыз бала әл үстінде. Көргеннің бәрі құбыжық. Бетімнің
арын бес төгіп, етегіңнен ұстап едім, елге-жұртқа сыйғызбай қайда апарасың?! Тамтығым
барда бетіңді аш? Айдардың үні өшті. Жонын беріп, төмен қарап, анда-санда құла
қасқаның божысын бір қозғайды. Үндеместен, күн бата колхозға жеткенде:
-        Жарайды,
"Қалининге-ақ" барайық, - деді де, шеттегі жесір әйелдің үйіне бұрылды.
Баланың кеудесіне сырыл ене бастапты. Ұйқысы қашқан Жәмиләнің қызыл беті ағара
бастапты. Меймандос
жесір әйел бәйек
болып төрін берді. Тұзды шайы мен лағманын қоса берді.
-        Сен ұйықта, кемпір. Мен күзетейін, - деп
Айдар келді баланын қасына.
Жәмилә лезде ұйықтап
кетті. Жас бала көзі жаудырап, әкесіне
қарап жатыр. Әкесінің бір қолы Жәмиләнің бас жағында,
бір қолы балада. Көзінен жасын төгіп, баланы маңдайынан
бір иіскеді де:
-        Қош! -деп шығып кетті Айдар... Бір
кезде ыңырсыған бала даусымен Жәмилә оянды. Әдет бойынша жастық астын сипап
қалып:
-        Аһ! - деді.
- Бұрын қимылдады-ау! Бір алдап еді, екі алдады-ау, құлыным-құлыным! - деп,
баланы құшты.
VI
Баймақан сырт
киімін шешкен, терлеген, үсті балшық, терісіне
сыймай ыза боп тұр. Қасындағ.ы төрт жігіт "енді  қайтеміз?"
дегендей оған қарайды. Столба орнату онша қиын
болмаса да, тосын кездескен жұмыстың тәсілін тапқанша біраз қиналды бұлар.
-        Түйедей боп анау нормасын орындай алмай
жатыр,- деді Баймақан. Сонау жердегі Баймағамбетті кекетіп өтті. - Біз пілдей икемсіз, не
ергежейлідей әлсіз болдық па?!
Келіңдер! Қанша көтерсе де қол күшімен столбаны тік қоя алмады. Бір
кезде столба сырғып кетіп, Баймақанның өзін басып қала жаздады. Дәл осының үстіне Сатан мен Жантас келді.
Екеуі де салт. Қатты жүріп, көп жер аралағанға ұқсайды.
Аттары терлеген.
-        Осылай соғыстың ба, Баймақан? - деді
келе-ақ Сатан.
-        Онда жау жеңілмес еді ғой.
-        Жұмыс жаудан қиын ба?
-        Бәрінен де білу қиын екса
-        Дұрыс айттың! - деді де Сатан аттан
түсті. Көктей бастаған жазық далаға күн нұрын кұйып тұрған.
Анда-санда
салқын леп желпіп қояды. Сатан сырт киімін шешіп,
омырауын ашты лепке. Бусанған денесі тамаша жай тауып,
жан-жаққа көз жіберіп еді, "Аманкелдінің" үш тұсындағы: "Чапаев",
"Октябрь", "Киров" колхоздарынан осылай беттеген іркіс-тіркіс үш топ көрінді.
Мына жақта электр станциясын
бойлап бір ғазик келеді. Бұлар қайда барады,
неге барады? Бәрі Сатанға мәлім. Баймақан түсіне алмай
аң-таң.
-        Қаптаған жұрт қайда барады?!
-        Қайдам, - дей салды Сатан. Жомарт,
Баймақандар үлкен істі қолға алғанда тек өз колхозының күшіне сенген. Өзінде
жоқты екі заводтан ақшаға аламыз деп есептеген. Ақшаға табылмайтын жоқтар да
бар екен. Сатан соны тауып келіп отыр. Социалистік көмек ұйымдастырды: көршілес
үш колхоздан
шыққан үш топ, электр линиясын бойлап келе жатқан ғазик,
бәрі "Аманкелдіге" көмекке келеді. Сатан бұларды "Аманкелдіге"
білдірмей ұйымдастырды. Білсе сырт көмекке сеніп, өз күшін салғырт жинауы
мүмкін. Оның бер жағында, бүгін "Аманкелді" бастаған үлкен істі,
ертең барлық колхоз қостамақ. Сонда оларға да "Аманкелдінің" көмегі
керек. Сондықтан, "бәрін мен ұйымдастырдың" деуден гөрі, "өздері
ұйымдастырды" деу колхоздардың өзара социалистік дәстүрін күшейте түседі
деген ой еді Сатандікі.
-        Япыр-ау,
мына жұрт қайда барады?! - деп Баймағамбет келе жатыр. Жуан даусы алыстан естілді.
Үлкен денесі
орескел қозғалып, Сатанға амандасуға келеді. Баймақан ұнатпай тұр:
-        Менің
үстімнен арыз айтқалы келеді. Сатан Баймағамбетке қарсы барып амандасты.
-        Шырағым,
мынау қайда бара жатқан көп?
-        Қайдам,
көрші колхоздар сіздерге бір күндік жәрдем береді деген еді, солар болмаса.
-        А-а! -
дегенде Баймағамбеттің аузы аңқиып қалды. - Елдік іс екен бұлары.
-        Электршілерге қосылып кеткенсіз бе,
Бәке?
-        Иә, шырағым, Ақмет жол жұмысына шақырса
да қайрылмай кеттім. Олармен жарысып
жатырмыз ғой.
-        Жарыста қалай келесіздер?
-        Бұл кісі артын бермей келеді, - деді
Баймақан. Баймағамбет оған ала көзімен бір қарап, Сатанға өз жауабын
қайырды:
-        Мұнда мен шошқаның электріне бола
келдім, шырағым. Бағана Жомартқа, енді саған шағыстырды мына жігіт. Солдатша істемесең, күн жазбаймын
дейді. О, тоба!
-        Жай айтатын шығар. Сіз солдат бола
аласыз ба енді.
-        Е, бәсе! Жаным-ау, өз жұмысынан аяна ма
кісі. Өзім тіленіп келдім ғой.
Бәрінен бұрын Ақметтен қысылып барам. Жарыста оза қалса, ол бір мазасыз адам,
қияметке дейін желкеңнен түспейді.
-        Ендеше, ашына істеу керек! - деді тағы
да Баймақан. Баймағамбет тағы да бір алара қарады:
-        Әне, айтатыны ылғи осы! Кілкін кеекен
бес жігіт бағанадан бері күшеніп,
бір столбаны қоя алмадық. Ашынғаны сол ма? Ду
күлді бәрі. Көрінген ғазик те келіп жетті. Ішінде екі
адам. Бірі - Қарағанды қалалық партия комитетінін секретары Әукен, екіншісі - Теміртаудың
электрші инженері - Гладков.
-        Іске сәт! - деп Әукен машинадан сөйлей
түсті. Шашы бурыл тартқан, жасы елу шамасында, орта бойлы, ақкөңіл күйгелектеу
кісі еді. Әрқайсысының атын атап амандасып амандық үстінде күлдіре бірдемелер
айтып жатыр. Өзінің
туған-өскен жері осы аудан болатын. Мән- жайдың
бәріне қанық,
-        Бұралқы сөзге беріліп кеттік пе, - деді
бір кезде Сатанға бұрылып. - Сіздің
хатыңызды шахтерлергеесіттірдім.
Қуанышпен қарсы алды. Әзірге алпыс монтер, өзі
тіленіп, бір-бір демалыс күндерін беруге жазылды. Ол жетпесе, көбейтуге болады. Бұраған электр жабдықтарыңыз дайын... Сатан
рақмет айтып, Әукеннің қолын ұстағанда, инженер Гладков жымиып басын шайқады. Әзілқой жігіттің
бірдеме айтқалы тұрғаны өңінен-ақ белгілі еді.
-        Бұл қалай? Электрді Теміртау береді.
Рақметті Қарағанды алады, -
дегенде, қарқ-қарқ күлді Әукен.
-        Ішінің тарын қарашы!
-        Жоқ, рақметті сіз біреудің еңбегіне алып
тұрсыз. Әлі талай колхозға
электр береміз. Қарағандының өзі бұл жөнде
бізге бағынышты. Рақметті бізге айту керек.
-        Теміртау, көмірсіз тырп етіп көрші!!. Қалжыңға
араласпай сұлық тыңдап тұрған Сатан сөйледі:
-        Колхоз жұртшылығында
жаңадан бір орасан зор қозғалыс, өрлеу басталды. Біздің ауданда мұны бастаған Аманкелді
болса, қараңыздар қостаушы қанша?! - деп кең даланы қолымен орай жан-жақтан
ағылған адамдарға нұсқады. - Бәрі электрге құмар. Келесі жылы бүкіл ауданды
электрлендірсек деген ой бар. Гладков жолдас Теміртаудың, біздің Жомарт өз
колхозының күшіне сенеді. Өз күшіне сену қандай жақсы. Егер оған сырттан күш қосылса,
тіпті жақсы. Міне, халық күш қосты Гладков жолдас, енді Жомарттың үлкен жоспарын
келесі жылға қалдырмаймыз. "Аманкелдінің"
бірсыпыра өндірістерін
биыл-ақ
электрлендіруге болады.
-        Жасасу жағына біз көмектесерміз-ау. Сол
жасалған дүниеге ие болу жағын
қайтерсіздер? - деді Гладков.  Электр
қадрлары жоқ қой колхозда.
-        Жомарт мұны
дайындап жатыр, оқытып жатыр. Басқа колхоздар дайындыққа енді кіріседі.
-        Қорықпау
керек! - деп қолын сермеп тастады Әукен. Сөзді бөліп әкетті. - Бүгін столба
орната алмай тұрған мына жігіттер, ертең электрик. Қазір Теміртау, Қарағанды
өндірістерінде жемісті еңбек етіп жүрген қазақтар әуелде осылар сияқты олақ болатын.
Енді талай өнерпаздар, стахановшылар шықты. Жұмыстың ең қиыны бастау, кәне,
мыналардың столбасын орнатысып жіберейік... Гладков столба шұңқырына келгенде,
басын шайқады. Тар,
дөңгелек, тік қазылған. Көлбеу, ұзынша болса, қазуға
да, столба орнатуға да оңтайлы, жеңіл болар еді.
-- Бұлай қазбау
керек, - деді де инженер блокнотын алып
сызып көрсетті. - Сонда еңбек аз жұмсалады.
Баймақан кейіп
қалды.
-        Онда бәрін қайта қазатын болдық қой?
-        Неге? Біткен істі тастағанша,
пайдаланған артық, - деді Гладков. Арба
маңынан үш сырғауыл алдырып,басын
будырды. Үлкен мосы болды. Мосыны аласартып қойып,
столбаның бір басын соған артты да, көтере берді. Столбаның екінші басы шұңқырға
оп-оңай түсіп кетті. Содан кейін арқанмен саумалап, тікейтіп алған соң, отвес арқылы
түзулігін тексеруді үйретті... Бағанадан бері инженер кеңесін басын изей тыңдаған
Баймағамбет, шұңқырын жаңа әдіспен қазуға асыға жөнелді. Кетіп бара жатып өзінен-өзі сөйлеп
барады:
-        Баймақанның өзі екен ғой түбіме
жеткен... "Бітер істің
басына, жақсы келер қасына".
Алғашкы столбаны
орнатысып, басшылар екіге бөлінді.
Гладков, Баймақан екеуі колхозға кетті. Үлкен
жоспар бойынша
электр аппараттарын орнататын орындарды
белгілемек. Әукен мен Сатан Жантасты ертіп,
жолшыларға
беттеді... Жолшыларды Ақмет басқарады.
Адам тізбегі он километр бойына созылған.
Көрші колхоздардан келген көмек
те жол бойында. Он адамнан бір звено. Әр звеноға жер
өлшеп берілген Жолшылар электршілермен ғана емес, озара
да жарысуда. Күн, міне тал түс. Бірінен-бірі озуға ұмтылып, демалуды әлі ешқайсысы ойлаған
жоқ. Әзіл, күлкі, кейде анадайдан
дауыстап сөйлескен үндері тұтасып, жолдың ұзын бойында, тынымсыз күшті гуіл
естіліп тұр. Әр қилы адамдар көрінеді.
Әйел, еркек, кәрі, жас, еңақыры
токсандағы Бақырей де келген. Істемес
де, қауымнан қала алмапты.
-        Жарайсың, Ақмет! - деді Әукен, қызу
жиынға риза болып. - Тіпті
Бақырейді де жатқызбаған.
- Ақаң деген алтын ғой. Ренжітіп алмасақ
жарар еді, - деп күліп қояды Сатан
-Айтпақшы, оның
малын фермаға алдыңдар ма?
-        Жоқ әлі.
-        Неге?
-        Ол әуелі тегін ал деген. Алмақтың да салмағы бар ғой. Тегін алуға тайсалдық.
-  Неден?
-        Жұрттың бәрі тегін берсе, оларды тегін
асырау керек емес пе. Оған өзі түсінді. Енді
фермаға бақтыр...деп жүр. Мұнысы қатты ойлантады. Әйтеуір малдан құтылмай
тынатын емес... Әңгімемен Ақметке
жақындады екеуі. Ақмет екі жаққа бірдей,
жолдың тең аралығында, тасы төселіп, тапталып
болған жолдың
бір үзігінде тұр. Көйлекшең, жеңдері сыбанулы, кепкасын қиыстау киіп, екі бүйірін таяна тұр.Қабағы
жабыңқы, ойлы. Анда-санда дауыстап, жолшылар бірдеме айтып жатыр Ақметке.
Ақметтің бұл өзі шығарған сымсыз телеграмы. Бірден-бірге дауыстап жеткізіп, жолдың
ұзын бойымен лезде байланысады. Тас тасушылардың бірі өгізін шұғыл бұрып қалып,
арбасының жетегін сындырып алды.
-        Әлі күнге
өгіз бұруды үйренбеген неғылған немесін? - деді Ақмет ақырып.
-        Байқаусызда... жазатайым...
-        Осыны өз мойныңа жазса, байқар едің!
Колхоздың мойны жуан, Ақметтің
мойны жуан. Нең кетіп барады. Арбашы
үндемей құтылды. Ыржыңдап күле берді. Ақмет мінезі бәріне мәлім, қатты айтса,
артынша тәтті айтуы да тез. Дереу арбашыны көрігіне ертіп келіп, дайын жетек
берді. Жұмыс үстінде керек боп қалатын ұсақ жабдықтардың бәрін де әзірлеп қойған.
Оған қоса қол көрігін, бірсыпыра ұсталық саймандарын ала келіпті. Көрік жанында
қызыл жалау тіғулі. Жалауды Ақмет жұртқа көрсете үш рет еңкейтті де, жығып
қойды. Бұл "демалыңдар" дегені еді. "Демалыс" деген сөзді
жолшылар бірден-бірге
дауыспен үтылап, жолдың екі басына жеткізді. Ақмет дем алмастан, бүлінген саймандарды
қолға ала
бастады. Әукен мен
Сатан келгенде де жұмысын тоқтатпастан
әңгімелесті.
-        Демалсаңшы! - деді Әукен.
-        Аналар жұмысқа шыққанда, мен бұларды
істеп жатсам, жұмыс бөгелмей ме?
-        Өзің кейіп түрсың ғой, бірдемеге?
-        Иә, - деді Ақмет. - Әлгі Айдар деген
иттің баласы колхоздың жиырма мың
сомын алып қашып кетіптіЖомарт
соның әуресімен Қарағандыға кетті. Жұмыс бастан асып жатыр: электр, жол, егіс,
Қарағандыдан әкелетін  мал, қыруар жабдық... Бәріне ақша, адам,
уақыт керек дәл
кезенген кезде кездесуін көрдің бе!Жомарттың жоғын Әукен мен Сатан жаңа
білді. Айдар жайында оңгімелесе келіп, жұбатса да, Ақметтің қабағы ашылмады. Жұмысын
бітіріп, маңдайының терін  алақанымен
сыпырды да, екеуін жолға әкелді.
-        Осы жөнде
менің зияным Айдардан кем соқпас! деп жолды көрсетіп тұр...
Аманкелді колхозы бұл қауырт жұмысқа қыстай дайындалған. Дайындық үстінде жол таптайтын машина
сөз болғанда,
Ақмет егін соғатын қатоктерді жаратамын деп,
өз міндетіне алған. Соларды жол таптауға лайықтап көп
еңбек сіңірді. Бүгін жолға әкеп салып, байқап еді, жеңіл екен. Ауыр машина, жүкті темір табан
арбалар жүргенде жолды бүлдіріп кететін түрі
бар. Осынша еңбек далаға кете ме?
Таптағыш машина тапқанша уақыт күте ме? Ақметтің жанына
қаттырақ батқан осы еді.
-        Қысылма, қайғырма, Ақа! - деп Әукен
жаурынға қақты. - Біздің
құрылысшылар жәрдем етеді. Бүгінненқалдырмай
екі машина жібертем... Ақметпен
бірге ренжіп қалған Сатанның да жүзі жайнап кетті. Ақмет енді қалпына келіп,
жарқылдай, қалжыңдай сөйледі:
-        Жұрт қу боп алған. Біз тіпті көмек сұрағанымыз жоқ. Мына колхоздар көмекке келіпті. Қуын
қарашы.
-        Оның несі қулық?
-        Ертең осы күн оларға да туады. Сонда біз
қарап қаламыз ба? Артығымен қайырамыз... Әңгімені бөліп жіберді. Белгілі үшеу
шықты ду етіп (Коля, Төлеу, Пахрейдің баласы). Баян тартып, өлеңдетіп,
билеп келеді. Біреуді
мадақтауға, не мінеуге келгенде, Төлеу
дайын өлеңнің ақырын өзгерте салады. Бұларға біртіндеп
қосыла-қосыла көбейіп, дала үлкен бір би алаңына айналады... Ақмет
косының жанындағы звенода тағы бір қызық болып жатыр. Жетегін сындырған жаңағы
арбашыны Күзен жібермей сүйрелейді, ол тыртысып болмайды. Күзен дегеніміз
кішкентай ғана келіншек, шын аты Шолпан. Шақар болған соң Күзен атанып кетті. -
Әкене мола еоқсаң да жетеді сендердікі. Бізге төк,- дейді Күзен,  жеріміз ойпат, тасымыз азайып барады. Арбашының
звеносы бұлармен жарыста болатын. Өз звеносына төге бергісі келеді. Екеуі
огізді екі жаққа тартып тұрғанда, Баймағамбеттің қарындасы денесімен бұрыла
қарады. Бөлке нанды майға былғап, үзіп асап отырған. Аузы томпаңдап,
жанжалшыларға қарай жүрді. Шынында бұл Баймағамбеттің қарындасы емес, Баймағамбеттей
дәу болған соң атанған. Келіншек кезінде бай Тілепбектің биелерін сауатын. Асау
құлын, биелерді құлағынан басып, тырп еткізбейтін, еркектен әлді әйел. Үн- түн жоқ
барды да, арбаның астына кіріп кетіп, бір-ақ төңкерді...
-        Алыбым,
күшің әлі қайтқан жоқ екен! - деп Әукен келді сүйсіне. - Ал, Күзен шырағым,
алар тасты алдың ғой. Зорлық-ау,
бірақ.
-        Біз судья сұрағамыз жоқ, - деді Күзен.
Екі үлкен күрек әкеліп Сатан мен
Әукенге ұсынды. - Ұстаңыздар,балаларыңыздың
белі бүкір болмайды. Ду
күлді бәрі. Күлкі үстінде күреп жатыр екі басшы...
Ақмет қызыл туды
қайта көтерді.
-        Жұмысқа, жұмысқа
шығыңдар!... - деген дауыс кең даланы хабарлап, бірден-бірге кетіп барады...
VII
-        Кім бар ауылда!
-        Бәрі далада. Еркектен мен ғана бар.
-        Әйелден кім бар?
-        Жанат бар.
-        Мектебінде ме? Парткомда ма?
-        Екеуінде де.
-        Екеу ме еді Жанат?
-        Біреу де болса жетеді. Есжан жүріп кетті. Мәмет күндіз екенін ұмытып, тоқылдағын бір тоқ еткізді де қала берді. Жанат Жомартты жөнелткен соң, мектебіне
кеткелі тұрған. Миында
қат-қабат жұмыс. Жаз шығып қалды: экзамен
дайындығы, волейбол, теннис, қачель... алаңдарын тәртіптеу:
қыстай жүрген партия тарихы, агрономия сабақтарын қорыту. Оның үстіне күнделік
партия жұмысына үлгеру жеңіл тиген жоқ. Бірақ ауырлаған да жоқ. Ойы алып ұшып "жүр-жүрлеп" тұр еді.
-        Сәлем секретарьға! - деп Есжан кірді.
Шүйіліп жан-жағына бір қарап
қойды. Есжанның қалжыңы меңшыны
аралас, көбінесе іле сөйлейтін, зілсіз шапшаң жігіт келген жерін әуелі бидайықтай бір қуырып
аладыЖомартпен жоспар таласынан бері
шәлкестеу. "Гоноры бар"
деп кекей жүретін.
-        Жақан мен Алманы жөнелттіңдер ме? Председатель қайда? - деді. Алманы атауында бір
ілгешек бар. Жанат оны сезбеген болды.
-        Председатель жаңа ғана кетіп қалды.
-        Қайда?
-        Қарағандыға.
-        Дереу қайтару керек! Егіс міне басталды.
Қарағанды мен Теміртауды қыстай кезгені жетер. Жол, электр жақсы. Астық одан да
жақсы.
-- Асығыс кетті,
жеткізбес. Штабта мен қалып отырмын,
айта беріңіз.
-        Секретарь, завуч, председатель бір
өзіңіз. Басқалар не істейді?
-        Жетеді. Жүгіңіз жеңіл болса, көтергенше
сіз де ала кетіңіз...
-        Сөз тапқанға қолқа жоқ! - деп басын
шайқай күлді Есжан. Арыны осымен
басылған тәрізді. Енді үйірілесөйлесті:
-        Бұл колхозға биыл өкіл жібермейміз. Бірақ,
мына жолдарың, электрлерің егіске бөгет
жасамай ма? Қалай бара жатыр, не керек? "Не керек" деген сөзді Жанат ұстай
алып, әзілге айналдырды:
-        Бұныңыз әшейін берместің мезретісі ғой.
-        Неге мезреті?
-        Ендеше адам керек. Уақыт керек.
-        Бос адам Америқада. Бос уақыт парламентте,
- деді Есжан. Екеуі бірден күлді. Жантасты ертіп Сатан енді. Өңі тотыққан.
Салт жүрсе де етегіне саз жабысыпты. Әдетінше ақырын
ғана, қысқа амандасып, киімін ілді.
Асықпай маңдай терін сүртіп, шашын
тараған соң, далаға шығып, етігінің сазын да сүртіп
келді. Жанат
орнын ұсынып еді, отырған жоқ. Столдың бер
жағында қарама-қарсы отырды. Өзгелер оған қараса да,
ол ешкімге қарамады. Ойлы, салмақты, қимылының бәрі
жинақы, жылы жүзді қалпында отыр. Қасындағылар лебізін
естуге асық еді, сөзді Есжаннан бастады:
-  Қалай
екен ол жақ?
- Бірер күнде
біртіндеп бастауға келіп қалар. Бастаң-
дар деп кеттім.
-        Қай колхоз бастайды?
-        "Чапаев".
Сатан блокнотына
жазып алды. Жанат
Жантасқа сы-
быр ете түсті.
-        Бізді де жазыңыз, - деді Жантас. - Менің
бригадам ертеңнен бастайды. Сатан
жазып жатып жымия күлді.
-        Бірге қелгенде неге айтпадың?
-        Бай болғанда бақырып бола ма.
-        Дұрыс. Айқай емес, іс керек. Есжан, ол
жақта ауыспалы егіске дайындық қалай?
-        Тұқымдары әзір. Жерлері белгіленген.
Бірақ, биыл тек бастауға ғана шамасы
келетін, бұрынғы дайындық соғыстың
астында қалды ғой. Жанат Жантасқа тағы бір
сыбырлады.
-        Біздікі ауыспалы егіс, - деді Жантас.
Сатан тағы бір жымиды.
-        Бірге келгенде неге айтпадың?
-        Мақтанның керегі не.
-        Дұрыс. Ел мақтаса да есірмеу керек. Жанат
түрткілеп сөйлетіп отырған Жантас стахановшы
бригаданың
бастығы. Өте тұйық адам. Түрткілемесе сөйлемейді.
Ілу-шалуда келетін ашуы бар. Сонда ғана
борап кетеді.
Қолын байлап қоймаса бос отырмайды. Өз жұмысынан
өзгеде ісі жоқ. Жаз түгіл қыс күні егіс даласында көресің. Қашан көрсең де
үн-түн жоқ, тынымсыз бір
күйбең. Елдің бәрі жол, электр жұмысына кеткенде ол жалғыз далаға кетті. Сатанға далада
кездесті. Жақып оны "диқан
баба" дейтін. Жомарт "герой" деп жүр. Биыл шын герой болатын түрі бар. 100 гектар жерден 30
центнерден астық алам деп уәде
берді.
-        Уәде орнында ма? - деп еді Сатан.
-        Өлмесем орнында, - деді Жантас. Түрткілеп, сұрап отырып сөйлеткенде бар
айтқаны осы-ақ. Қамшысын қолына
алып, кетуге лайықтанғанда Сатан
қайтадан отырғызды.
-        Кетпе, керегің бар. Не керегі барына Жантас түсінбеді.
Түсінбедім деудің орнына иығын қозғады да
қоя салды. Сатан тағы бір сұрақ  берді Есжанға.
- Указға байланысты жаңа толқындар қалай ол
жақта.
-        Қын үдей түсіпті. Әр колхоздың
геройлықтан дәмесі бар. Геройлар
ауданы атанбасақ неғылсын, - депқарқылдады
Есжан. Сатан сұрап-сұрап келді де, өз пікірін
айтты:
-        Мен алты колхозда болдым. Әрине, жеке кемшіліктері бар. Бірақ, отыз жылдық
мереке, указ,
партияға берген
уәде ел талабын көтере түскен. Осы колхоздың
жариялаған "екпінді бес күндігін" көрдім. Айлар бойында бітетін іс,
бес күнде біткелі тұр. Әлі біткен жоқ.
Егісті бір күн бөгесе де, қисапсыз қымбатқа түседі бұл іс.
-        Бөгемейді, Сатан аға, - деді Жанат, -
күш, уақыт, жұмыс дұрыс есептелген.
-        Соған ынта, алғырлық, дұрыс басшылықты қосыңыз, - деп Сатан сөзін бітірді де, Жанатқа
"ұсыныстар" жәшігін алдырды. Неге керек екенін Жантас жаңа біліп, жымыңдап қойды. "Ұсыныстар
жәшігі" аталғанмен, бұл бір қызық жәшік. Ішінен ұсыныс қана емес, шағым
да, сұрақ та, сын да, тіпті
әзіл де шыға
береді. Жәшіктің аузы құлыптаулы, төбесінде тар
тесік. Күнде ашылмайды, оқта-текте бір-ақ ашылады. Ашатын комиссия осы отырғандар. Есжан
ашып, түскен хаттарды шетінен оқи
бастады:
Баймақан. Солар
атом-атом деп күдірейеді. Бізде атом жоқ
па? Темір тәртіп болмай жұмыс оңбайды.
Ж ә н і б е к.
Баймақанды ауыздықтамаса алып қашады. Сиырды электрмен қалай сауады? Сауыншылар
сұрап мазамды алып жүр.
Ж а н т а с.
Егінді айналдыра жыртпайық, таптап тастайды. Екі шетінен қыса, не ортасынан
жара жыртқан жақсы.
Б а қ ы л а у ш
ы. Трумэн Рузвельттің жолындамын деп
ант ішкені қайда? Енді қайда бара жатыр?
Физкультурник. Нұра
жағасынан суға секіретін саты
орнатылса, волейбол, теннис, физкультура алаңдары
тез реттелсе,
жаз шығып қалды.
Б і р е у. Жақып
пен Алманың Алматыға кетісі саяхат па,
сергелдең бе? Жомарт пен Жанаттың ойыны ма, шыны ма? Бәрі ду күліп жіберді. Жанат қызарып
кетті.
-        Жұрттың адамның жеке басында несі бар
екен? - дегенде:
-        Жекені де, көпті де бастайтын бір бас
қой, - деді Сатан. Жанат үндеген
жоқ. Есжан оқи берді.
Б е й с е н. Мен
антұрғандығңмды мойындадым. Айдарды енді желкемнің шұңқыры көрсін. Көпті қалай
сендірем осыған?
А қ м е т. Жеке
байлықтан көрдім бейнетті. Малды фермаға
бақтырып беріңдер. Баймағамбет. Шошқаның
электрін ұмытпаңдар, шырақтарым.
Әлгі, кинодағыдай болса болғаны.
Ж а н а й.
Біздің бала аэроплан оқуына барам дейді. Мен
комбайн жақсы деймін. Қайсысы дұрыс?
Колхоз баласы.
Адам қайтсе қартаймайды, кәрі қайтсе
жасарады? Әйелге неге сақал шықпайды? Көсе
неден болады?
Жақсылық пен жамандық егіз болса, бірінсіз-бірі
өмір сүре ала ма? Жас үлкейгісі келеді. Үлкен неге
кішірейгісі келеді? Ақша күшті ме, ақыл күшті ме? Апам мені сұлу дейді,
әкем жақсы дейді. Сұлу мен жақсының арасы қанша? Цезарь неге ерекше зирек,
Ленин неге ерекше көсем? Өлімді ешкім сүймейді, олтіруге неге тоймайды? Адамға
бәрі керек, адам неге керек? Капитализмнің өлуіне қанша қалды, коммунизмнің
аржағында не бар? Күн өмір береді, ай не бітіреді? "Колхоз баласы"
осындай елу шамалы сұрақ қойған. Көбіне жауап таба алмай комиссия желкесін
қасыды. Тәртіп бойынша бір сұрақ жауапсыз, бір ұсыныс аяқсыз қалмау керек.
-        Не
істейміз? - деді Есжан. Сұрақтар оны састырып тұр. Сатан:
-        Жауап бересің де, - дегенде.
-        Бұл жауап берудің жұлынын үзер. Менен
аулақ! - деп тұрып кетті
орнынан. Сатан ойланып отырып қортынды жасады:
-        Сұрақтар қайтсе де жауап алуға тиіс.
Халықаралық жағдай жайында Жанат, агрономиядан Жомарт жалпы жиналыста баяндама
жасасын. Электр жөнінде электриктермен
бірнеше әңгіме өткізу керек. Ғылымға, философияға
байланысты сұрақтарға облыстан лектор сұрауды
мен міндетіме алайын... Ұсыныстар көптің талқысына берілсін. Іші тазарып, жәшік орнына қайта ілінді. Сұрақтар
жауапшыларға
бөлініп берілді. Комиссия тарапы Сатан Жанатты
оңаша алып қалды. Жанаттың жүрегі лүпілдеп тұр.
Сатанның өңінен ызбар байқалады. Кісі бетіне көп қарамайтын
әдетін бұзып, бір кезде Жанатқа тура қарады да:
-        Алма деген алтын адам. Қабағына
қараңдар, - деп бір бөгелді. Осының өзі
Жанаттың етінен өтіп сүйегіне жеткендей
болды. Одан әрі басқа адамдарға бір-бір сөзбен  тоқталып
өтті. - Баймақанды "өлтірмеу" керек, тым еркің де жібермеу керек. Жомарттың "өзім
білемі" көбірек, "көп біледісі"
азырақ. Соның көбін азайтып, азын көбейтуге тырыс.
Ақметтің қойып жүргені дәл қазір қиын мәселе.
Кейінірек
кеңесіп шешерміз. Жақсы Жақып адасып барады, адаса берсе жаман Жақып болады.
Шыдайық, сүйрейік әлі де. Айдар жөнінде
сен ысылмағаныңды көрсеттің, жетеді
сол. Жұмыстарыңды араладым, көрдім, - деді ең ақырында
Сатан. - Біз әлі де көпшіліктің қарқынынан кем өлшеген
екенбіз. Жомарттың "үлкен жоспарын" биыл орындау керек. Мына қарқын соны қатты
ескертіп тұр, тіпті ғажап қарқын!
Жанат шошып
кеткендей алақтай қарады Сатанға. Есті адам
есіріктің сөзін айтқан сияқты. Жомарттың үлкенжоспары
бойынша келесі жылы колхоз шаруашылығының негізгі
салаларының бәріне электр қуаты жайылмақ. Биылғы кіші жоспар бойынша кейбір
салаларын ғана электрлендіріп, алдағы
жылдың көп қолды қара жұмыстарын бітіріп қоймақ.
-        Маман қолды жұмыстар, кейбір электр
жабдықтары оған мүмкіндік бермейді, - деді Жанат. Сатан
тойтарып
тастады:
-        Мен жаңа ғана Жомарттың өзім білемін
азайт дедім сізге. Сіз оған өзіңіз қосылып,
көбейтесіз. Жомартжоспарында өзара социалистік көмек деген, үлкен күш есептелмеген. Колхоздың оз күшіне ғана
сенген Мен Қарағанды, Теміртаудың горкомдарымен келістім. Олар сіз қорыққан маман қолды жұмыстарды, электр
жабдықтарын бізге сене бер деп
отыр. Бұған не айтасыз? Жанат
қуанғаннан жайнап кетті:
-        Алғыс айтамыз, алғыс!
-        Құр алғыс азық болмайды. Олардың жұмысшыларына
азықты екі есе артық береміз деп келдім. Бұған қалай қарайсыздар?
-        Сараңдық істегенсіз. Үш есе артық берсе
де көп емес. Тек айтқандарын биыл орындасын.
-        Сіздер бүгін дайын болсаңыздар, олар
ертең келуге дайын, - деді де Сатан
киіне бастады. Жанат жақын келіп өз
басының бір мұңын айтты:
-        Аспирантурада сырттан оқып жүрмін ғой.
Тіпті уақыт жетпейді. Секретарьлықтан
босатсаңыздар қайтеді? Мен
мектеп қызметкері емес пе?
-        Сіз алдымен партия қызметкерісіз.
-        Уақытша дегендеріңіз қайдй?
-        Егіс бітсін
-        Ұзап кетті ғой.
-        Егісті ұзатпақсыздар ма? - деп саған
тағы бір тура қарағанда, Жанат:
-        Жоқ,
- деп төмен қарады. Одан әрі екеуі де үнсіз шығып
кетті.
 
VIII
Жанаттың қабағы
жабыңқы қайтты. Ұсыныстар жәшігіндегі біреудің  сөзі, Сатанның Алманың қаба-
ғына қараңдар
дегені, Жақыптың жүрер алдында, ашу үстінде
тұспалдап айтқаны - бәрі
Бейсеннің жорамалын расқа
шығарған сияқты. Дауыл күші жуан теректі де құлатады. Көп ауқымы болат ойды да
босатады. Жанат қанша елемен
десе де, уылжыған ұятқа қол сұғуын қоймады жұрт. Ақпын деп бажылдаса,
қарамын деп мойындаса, ол ұяттан не қалады. Жанатты осы ой үйге жеткенше-ақ жеп тастады. Бүгін түскі тамаққа қайтуға да
қол тимеген. Бұрынғы жайдары, сергек қалпы жоқ. Жабыңқы, божыраңқы күйде келді үйіне. Келгенде алдымен
қабағына қарайтын Ырысжан
жол жұмысында. Көпшілікке үйренген үйдің
адамсыз қаңырап тұрғаны
да көңілін жүдете түсті. Суық тамақ
жеп жата кетпекші еді, апам шаршап қайтар деп қазандыққа
от жақты. Содан кейін жуынып, тамақтанып, тыныстауға
жатса да, тыныштық
ала алмады. Әлгі ой қайта басты.
Қайта тұрды орнынан. Күнделік дәптерін алды қолына.
-        Ел көздегіні ғана емес, көңілдегіні де
біледі, - деп бастады сөзді. Күн
батып, Ырысжан жұмыстан қайтқанша, сырын дәптерге төге берді. Біреу қарап тұрғандай жазғанын қолымен қалқалап, қапас әуе
қысқандай өзінен-өзі қысылып отыр. Анда-санда күрсінеді. Аузынан шыққан ыстық
леп, іштегі жалынның бір шалқып кеткені тәрізді.
Жазып болғасын, өз жазғанын өзі қызара отырып оқыды: Ел көздегіні ғана емес, көңілдегіні де
біледі. Басқа түгіл өзімнен жасырған
бір сырым бар. Жүрек түбіне тықсам да сол сырды жұрт коймады, дәптерім сен
сақтай бер. Тәнім таза, жаным қара бір жанмын. Не болдым сонда!? Адамшылық
ар асқар таудай алдымда тұр. Кеу-кеулеген бір күш атта! - дейді содан.
Аттамасам өртеп барады. Аттауға адымым жетпейді. Тылсым-сынды өмірдің бұл қай кысымы?!
Тәнім таза болғанша, жаным таза болсайшы.
Жанымдай жақын Алманы қарайтқанша, қара күйедей қарайсамшы!
Бұл не ғажап?! Жанышта
дейді, сол жаралы жанды. Қалай барар
батылым. Өйтіп татқан ләззаттан, ішіп өлген
у артық, у тек өлтіреді, ал мынау, мы-нау!.. Бәріне, Жомарт, сен
айыпты. Неге тудың, неге келдің, неге көрдім! Сенің терең көзіңнен терең теңіз
тайыздау. Сенің асқақ ойыңнан, асқар тау да аласа. Егер, тылсым бар болса, сол тылсым дәл сен дер ем.
Аңдатпай алдың еркімді. Сала бер отқа,
шыжысам да қабақ шытпан. Бірақ, ақ
бөпедей Алманы шырылдатып кете алман. Кете алман! Алтын
сабыр мыс болмай, болат жігер бор болмай, берілме
Жанат,
берілме!.."
-        Қарағым, қарашығым, от жағып қойған ба?
Қаталап келіп едім, - деп сөйлей кірген Ырысжанға:
-        Апа-ай, бұзып жібердің-ау! - деді де
дәптерді жаба салды Жанат.
-        Ал, ал, кетейін, кетейін, - деп тұра жөнелді
БІрысжан.
-        Тұра тұр енді, не бітіріп қайттың?
-        Апан стақан болды, қарағым.
Жанат күліп
жіберді.
-        Қалай болдың, апа?
-        Ақметтің бөліп берген жерін бітіріп
кеттім.
-        Онда шын "стақан" екенсің, -
деп шешесінің стахановшы деуге
келмеген тілін біраз қызықтап отырды да,
киіне бастады.
-        Кешігемісің? Тамақ ішіп кетсеңші. Бүгін
бабың болмаған шығар. Сен үшін қайттым,
қарағым.
-        Кешігем, апа, тоғыз боп қалды. Жанат
далаға шыққанда ымырт жабылған Алыста, көз ұшында, күндіз көрінбейтін Теміртаудың
электр шамдары түнде ұзын жал болып, сағымша қозғала көрінді. Онан
бері кең
даладағы көп жарқыл электр линиясын тартқан осы
колхоз жұмысшыларының оттары. Жерді от, аспанды жұлдыз
безеп, олем бүгін өзгеше сәнді. Толған ай танадай боп,
жер мен көктің қабысқан жерінде тұр. Батыстағы қызыл
шапақ бозғыт тартып, шығысқа қарай жылыстап барады.
Ауыл жанындағы өзен, аржағында Жауыртау тұңғиық сыр басқандай, түнере түскен. Колхоз
үйлері тып-тыныш, көшесінде қыбыр
еткен жан жоқ. Ырысжаннан өзгесі
қайтпапты. Мүлгіген тныштықта
дамыл-дамыл тоқылдағын қағып Мәмет
отыр. Жанат жай басып, колхоз кешін
байыпты көзінен өткізіп келеді. Бағанағы
ауыр ой серпілген. Тұнық әуені
сіміре жұтып, еңді ойын әдемі сезімдерге
билетіп келеді... Мектепке жетті.
Оқушылар болмесінде, оқытушылар күтіп
отырған. Әңгімелері е.сік сыртынан естілді. Мұндағы әңгіме де жоспар орындау жайында. Бірақ,
шаруашылық жоспары емес, одан
әлдеқайда қиын, адамшылық жоспары.
Жас ұрпақтың
кішкене көкейіне үлкен дүниені қондыру -
ғылыммен қоса өзгеше шеберлік, сезгірлік сарқылмайтын сабыр тілейді екен. Мұғалімдердің
өңінен, сөз, мін өзінен осы байқалады. Жанат жалықпастан
әр кластың балаларын бас-басына
жеке тексерді. Әр баланың бойына алуан
түрлі қасиет ұрықтары егілген. Бұл ұрықтар жылдар бойы ұқыпты мұғалімнің
мәпелеуімен өседі, ұқыпсыздықтан
өшеді. Сондықтан, әр мұғалім өзі баққан баласының қылықтарын қылға тізе айтып
отыр. Тәрбие еңбегі көңіл
тоярлықтай өнім беріпті. Екінші жылға қалатын бала жоқ. Көпшілігі "жақсы",
"өте жақсы", азшылығы "орташа"деген бағамен келген. Бірақ, жуас
Жантастан туған Төлеубек сотқар шығып, мұғалімдерді
бір тұйыққа тыққандай боп тұр.
Терезеден
секірді, -- дейді мұғалімнің біреуі.
-        Сия шашты.
-        Ақырғы сабақта болмады.
-        Бір баланың койлегін жыртты.
-        "Екісі бар еді, "бірді"
қосты, - деп өзгелері қостайды. Кішкене
Төлеубек ырық бермей бара жатқан соң, мұғалімдер әкесін де шақырған.
"Бақылаусыз бала үйдегісін мектепте де істейді" дегенде, Жантас
кірерге жер таппаған. Содан былай мықтап-ақ ұстап еді, бала бұрынғысынан бұғыла
түсті. Қазір әке де, мұғалім
де дағдарған сияқты. Жанат қана үміт
үзген жоқ.
 
-        Біз білмейтін сыр бар. Табу керек, -
дейді. Осы сырды іздеп Жанат мектептен шыққан соң
жолындағы
Жантастікіне соқты. Жантас әлі жатпаған, төмен қарап тұнжырап отыр екен. Әйелі дала жұмысында.
Төлеубек көрінбейді. Жанат:
-        Төлеубек қайда? - деп еді, Жантас:
-        Қашып жүр,-деді де күрсінді.
-        Неге қашады?
-        Ұрдым.
-        Неге ұрасыз?
-        Ұрмағанда қайтейін! Алақаныма салып
өсірдім. Ішпегенін ішті, кимегенін киді. Кенже болған соң тіпті бетінен қаққам
жоқ. Әйтеуір жақсы оқы шырағым дедім. Жақсы оқығаны сол, сүйекке таңба салды...
-        Осы тәрбиеңіздің бірі дұрыс емес, - деді
Жанат.
- Ол әлден қарақуль
киеді. Өскенде не киеді? Әлден ақша ұстайды? Өскенде не ұстайды? "Алақанға
сап асырапсыз", өмір алақанына сала бере ме? Балаға оның бәрінен де күшті әсер
еткен ата-ананың мінезі ме деймін. Екеуіңіз де өз жұмысыңыздан өзгені
елемейтін, тұйық адамсыздар. Баланы тек арқаға қағып, сүйесіздер.
-        Құдайдың берген мінезі ғой, шырағым, -
деп Жантас қынжылғанда, Жанат қоса қынжылды:
-        Кім берсе де өзгертіңіз сол мінезді.
Алдымен ұруды қою керек. Әкелік
достықтан, жолдастық достық күшті болсын
Жас адамның жаны сергек, гүл іздеген көбелектей шарқ
ұрады. Сонда серік болған әкенің баласы, әрдайым өзінікі.
-        Мына балам неге өйтпейді, - деді Жантас,
ұйықтап қалған үлкен баласын нұсқап.
-        Бір анадан туған бала, бір қалыптан
шыққан кірпіш емес. Түрлі-түрлі бола
береді.
-        Апыр-ау, жұмысты қойып, соны бағамыз ба,
енді?
-        Жұмысты да тастамаңыз. Бала керек болса,
уақыт та табыңыз.
-        Уақытым жоқ! - деп ызалы Жантас бір
қозғалды орнынан. - Ол енді ұрлыққа,
өтірікке айналысты. Кетсік кәпір!
-        Сондайы да бар ма?
-        Мұғалімдер айтқан соң биыл қолға мықтап
алып едім, соны шығарды. Мүлде ауып кетті.
Ауған көңілгедүние салмақ па?
Бездім, шіріген жұмыртқа бір. Төлеубектен
Жантас қиын соқты. Баласына барын
берген морт
адам, көңілі суып, бекініп алыпты. Жанаттың үйдегі
тәрбие мен мектеп тәрбиесін байланыстырам деген үміті
болар емес. Томпиған Төлеубек көз алдында су түбіне кетіп бара жатқан сияқтанды.
-        Рас бездіңіз бе? - деді Жантасқа.
- Рас бездім!
--деді Жантас қатуланып.
-        Әлі де байқасаңыз қайтеді?
-        Байқап болдым, көрсетпе көзіме.
-        Онда біз де бездік. Мектептен қуамыз.
-        Қуыңдар.
-        Мектептен, үйден қуылған соң, колхоздан
»да қуылады. Бұзады
басқаларды.
-        Қуылсын
-        Өзін біржола құлақ естімеске, көз
көрмеске жіберейік.   
-        Жіберіңдер!
-        Киім,
ол-пұлын жинап беріңіз. Жантас
орнынан тұрды. Әуелі жаңа киімдерін әперді.
Оған аяқ
киімдерін қосты. Үн жоқ. Біртіндеп жиыстырып жүр.
Төлеубектің столына таман барды. Көнетоз
коверкот костюм, иепанкесі мен
орындықтың арқасында ілулі, сол костюмді
киіп түскен былтырғы сурет стол үстінде, көзі жаудырап
Жантасқа қадала қалыпты. Шыныңмен қиясың ба?
дегендей жас баланың жаудыраған көзі Жантастың суыған
жүрегін жылытып жіберді. Көтерген қолы костюмге де,
суретке де жете алмай, сылқ түсіп кетті.
-        Қылықты
еді, шіркін! Жүйемді босатты-ау, Жанатжан. Айла бар ма? - деп еңкілдеді Жантас.
Жанаттың күткені
осы екен. Бірақ, өзінің де көзінен жас
атып кетті.
-        Айла бар. Тек айтқанды істеңіз, - деді.
-        Ал істейін
-        Ендеше, алдымен балаға сіздің жолдастық, достығыңыз керек. Содан кейін мұғалімдермен
ақыл
қоссаңыз, баланың
да керегі табылады.
-        Тіпті шығарда жаным басқа содан Көндім.
Көндім  неғылса да.
-        Мұныңыз да дұрыс емес, -деді Жанат. -
"Мен жеңілдім, сен
жеңдің" дегелі тұрсыз. Бала онда бұрынғыдан әрі басынып алады.
-        Енді қайттім, құдая, баладан қиын жоқ
екен ғой!?
-        Міне, дұрыс айттыңыз. Баладан қиын жоқ. Құлап та кетпеу керек, қатып та қалмау керек.
Жолдастық
достықпен сынай
отырып, сырын түйсеңіз, содан кейінгісі оңай.
Үй мен мектеп тәрбиесі қосылса, бала қолда. Жанат Жантаспен ұзақ
әңгімелесіп кеш қайтты үйіне. Томырық Жантасты тал шыбықтай игеніне қатты
қуанып келеді. Ендігі ойы - Төлеубекті тез тауып, тәрбие қоршауына тез алмақ.
Көзден таса әр минут, оны әрі сүйреп, алыстатып бара жатқандай, асығыс келе
жатыр еді. Қараңғы түнде, арық ішінде дәл жанынан бүлк етті бір нәрсе. Жанат сескеніп
атып кетті де, бір ағаштың тасасына барып тұра қалды. Көрінген қара жер
бауырлап жылжып барады. Арық ішіндегі шалшық пен сазды кешіп, тықырын тіпті
сездірмей барады. Алдындағы биік ағаштың деңгейіне жеткенде от жарқ етті, мылтық
даусы шықты.
Ағаштан бір адам
құлап түсті.
-        Аһ! -деп қаша жөнелді Жанат. Сонша
болмады қарқылдаған күлкі
естілді артынан. Байқаса жаңағы екеу. Өлген
жан жоқ, мәз боп тұр екеуі де...
-        Төлеубекпісің-ей?! Әй, Төлеубек! -деді Жанат
даусынан танып. Қасындағы бала қашып кетті. Төлеубектұрып қалды. Жанат келіп үйіріле түсті. -
Не ойнап жүрсіңдер?
-        Соғыс ойыны.
-        Қандай?
-        Разведка.
-        Мылтықты қайдан алдың?
-        Пугач.
-        Шын пуғач екен. Жаман шошыттың! -
дегенде, Төлеубек масаттанып бір
мырс етті.
-        Мен оған дәрі қосқам.
-        Дәрі қосқам! - деп таңданған болды Жанат. Төлеубек
қалай қосқанын айтып, әңгімемен Жанаттікіне келгенін сезбей қалды. Жанатта
баланы өзіне тартып алатын тамаша бір қасиет бар. Онысы алдымен баланы шын пейілімен
жақсы көретіндігі. Ұрыспайды,
зекімейді. Ішіне кіре сөйлеп, сырын
түйеді де, үлкен ақылды жіңішкелеп жеткізеді
миға. Сөзден, дәлелден ұтылған
бала, тіл күрмелгендей тоқталып
қалады. Кейде ұялғанынан қызарып кетеді. Теріс қылығы үшін басқа мұғалімдерден қорыққан бала, Жанаттан тек ұялады.
Басқадан жасырған сырды Жанатқа іркілмей
айтады. Соның бірі Төлеубек.
Төлеубекті мұғалімдердің
көбі жек көрсе, Жанат тіпті жақсы көреді. Бойында бір от бар сияқты. Ойы алғыр,
ісі еркін Тентектіктің өзі тыным таптырмаған талап тәрізді. Бүгін ұсыныстар жәшігін ақтарғанда колхоз
баласы атынан кездескен қызық сұрақтар, Төлеубектікі екенін Жанат қолынан танып, өзі ғана біліп қойған.
Енді сол Төлеубекті шаршап
келсе де жібергісі келмеді.
-        Апа, қонақ ертіп әкелдім, тамағыңды
дайында. Қонақ, сен шешін, жуын,
- деді Төлеубекке. "Қонақ"
дегенде Төлеубек
әжептәуір қоразданып қалды. Білгенінше қонақ
кәдесін сақтап, сыпайсыды.
Үсті былғаныш. Жуынғаннан кейін, киімін тастатып, Жанат өз шапанын әкеп жапты. Үлкен шапанның ішіне кішісёне
қонақтың қампиған көңілі сыймай отыр. Ойынға алданып қарны да ашса керек. Өз үйіндей сұғынуға қонақтығыма нұқсан
келе ме деп, именіп отырғанын Жанат
сезе қойды.
-        Төлеубек, сен әлсіз бе едің?
-        Жоқ.
-        Әлсіз адам тамақты аз ішеді.
-        Мен аз ішпеймін, -деп, тілеп тұрған құлқынға Төлеубек түйдегімен жөнелте бастады.
Қонағының ішінеел қонған кезде, Жанат
шым-шымдап сыр тартуға кірісті:
-        Жаңағы бала кім қасыңдағы?
-        Асылбек қой, мен оны алдап кеттім. Ол
неміс болып, ағаш басында қарауылда тұрды.
Мен біздің солдат болып торыдым.
Тамаша көрімпаз екен. Қалай маскировқа жасасам да алдырмады. Сонсоң арыққа
түстім. Ол ойлаған,арықтың іші су, саз, жүре алмайды деп. Чудақ өзі! Өзеннің,  қардың
астымен де бармай ма, кісі. Арық жақсы болды. Арт
жағынан келіп періп қалғанымда ұшып түсті...
-        Жарайды. Мұның ептілік, жүректілік. Ал
оқу одан да қызық емес пе?
-        Іш пыстырады. Үйде әкем қысады. Соғыс
мектебіне кетем. Өкпелемейсіз бе?
-        Өкпелемеймің күттықтаймын. Бірақ, жақсы
оқуыңа күмәнім бар азырақ.
-        Күмәнданбаңыз, тәте, тек түссем болғаны.
-        Түсетіндігіңе мен сендірсем, жақсы
оқитындығыңа сен сендіремісің?
-        Сендірем! -дегенде Төлеубек жайнап
кетті. Жанаттың аузынан сөз шыққанша сабыры қалмай барады.
- Қалай сенесіз,
тәте, айтыңызшы, тәте?
-        Оқу бітуге бір-ақ ай қалды, - деді Жанат.
- Осы бір айда "екі" мен "бірді"
жойсаң, соғыс мектебіне өзімтүсірем.
Жоя алмасаң түсе алмайсың. Жеті класты бітірмегенді
алмайды.
-        Осы ма!? Жоям, жарты-ақ айда жоям! -деп Төлеубек, қазірден дайындалуға орнынан тұрды
да, үйінебара алмайтыны есіне
түсіп тұрып қалды.
-        Қайтамысың?
-        Иә. Бірақ, әкем қатты. Тағы ұрады, ұрысады.
-        Ұрмайды, ұрыспайды. Жұмсатам. Мен ертіп
апарам. Жанат ертіп кетті.
-        Тиыштьщ алмады-ау, қарағым, - деді
манадан бері маңқия тыңдап отырған
Ырысжан. - Өзі жүдеп бара ма қалай?..
IX
Шаңқай түс. Күн нұрын
кұйып тұр. Ойпаттар дегдіп, қыраттар
кебе бастады. Қылтанақтаған көк жер бетін әліжаба
алған жоқ. Бусанған жер мұнартыңқырап жатыр. Тасыған сағым көз ұшындағының
бәріне сәулет беріп, құбылта түседі. Сол сағымның ішінде, ұзын жолда, ұзын
керуен келеді. Керуен басы Жәнібек. Астында
буданкөк. Барынша әнге шырқап келеді. Алдыңғы арбада қалғып отырған Бейсен теңселе түсіп, құлай кетті. Жұмсақ
жерді басымен бір сүзіп, қабыл-құбыл тұрып
жатқанда Жәнібек дауыстады:
-        Байла, Бейсеке, байла! Бейсен үндеместен арбаға қайта мінді.
Жәнібек жақын келіп:
-        Арбадан түсіңіз. Жарығыңыз жоқ шығар, -
дегенде, қыңқ етпей түсе қалды.
Жәнібек ойын-шынын араластырып әлі де қажап келеді:
-        Бейсеке, орге қарсы ауыр екенін білетін
шьғарсыз?
-        Білем.
-        Көлік тері су емес, май екенін де білерсіз?
-        Білем.
-        Күйдің күш екенін ше?
-        Білем.
- Көп ұйықтағанша,
когі істеген пайдалы екенін білесіз бе?
-        Е, білмей.
-        Бәрін білдіңіз. Анау желкеңізде жортқан
не? Бейсен
ыршып кетті.
Желкесін жеңімен қағып тулап жүр.
-        Түсті ме? Түсті ме?
-        Түскен жоқ. Қолыңмен ұста, жеңіңе болар
емес.
-        Шағып алар. Алып тасташы. Алып тасташы қамшыңмен. Жәнібек
қамшысын екі бүктеп желкеге бір көмді де:
-        Әне, кетті! - деді. Бейсен алақтап жерге
қарағанда, ол көкке нұсқады.
-        Әне кетіп барады.
-        Кәне, кәне! Ол не өзі?
-        Қырсық. Желкеңнен тартып тұр екен, мен қамшымен тартып жібергенде шыбын-шіркей
боп ұша
жөнелді. Керуеншілер
мәз-мейрам боп күліп жатыр. Беисеннің өзі де ыржың-ыржың етеді. Бұрынғы Бейсен
емес, ій болып қалған. Кімге топырақ шашсын. Жиналыста тірідей іресе, осындайда
бәрі бір ауыз болып, сақтан-саққа секіртеді. Ойындары шынға бергісіз. Айналып келгенде соғатындары бір қырсық. Қырсықты кісі қылып.
Бейсенмен сөйлестіретін қулар да
бар. Соның қара басы Жәнібек болатын.
Бейсекең мен қырсықтың кейінгі кездесуі деген бір
әңгімені тағы бастады.
-        Ассалаумаликөм, Бейсеке! - деп кіріп
келіпті қырсық. Бұдан бірер жұма бұрын өкпелесіп айрылған досына  Бейсекең
ажырая қарайды.
-        Сен пәле тағы келдің бе?
-        Келмегенде қайтейін, - депті қырсық. -
Бүкіл совет елін араладым, қайда барсам еңбек
деген дүшпанымалдымнан шықты, шетелге
кетуге пропускем жоқ. Арыдым, шаршадым. Сонсоң олсем де ескі достыңбосағасында өлгелі келдім.
-        Босағам да бос емес! Еңбектің кіріп
шығар жолы, - деп Бейсекең қолын
сермегенде, досы еңіреп жіберіпті:
-        Жылдар бойы мінген жуан желке, қайран
желке көзден бір-бір ұшты! Тым құрыса
қолтығыңның астын бер, қолаңсаңды-ақ
иіскеп жатайын!
-        Аулақ! Қолтықтайтын қолдардың орны ол. Бейсекеңнің тұлабойынан паналар жер
таппаған қыр-
сық, жеңгейге
жармасады...
-        Е-е, досымның досы. Сенен қайыр болмаса,
құрыдым, - дегенде, жеңгей ернін шығара қойыпты. Қысылып тұрған қырсық:
-        Маған осы да болады, - деп қайқы ерінге
қайықша мініп алыпты. Бұдан
әрі Жәнібекке ырық бермеді жігіттер. Кеу-кеулеген күлкімен әңгімені өңдеп барады...
-        Онда, жаңағы қырсық қайдан жүр?
-        Жеңгейдің ерні Бейсекеңнің мойнына бір
маңайласқанда мініп қалды да. Бейсенде
әлі үн жоқ. Еріксіз мойындау. Ішінен түрік ерін
тоқалдың да сазасын беріп келеді. Оның сумаңдаған ерні
мен жылтыңдаған бармағы алдынан шыққаны бір бұл емес.
"Кесер ме еді!" дейді ішінен. Іште бірақ, одан да
үлкен шемен
жатыр. Қазір жалғызсыраған сияқты. Ең ақыры
өз үйіндей болған Жақыптікіне кіруден қалды. "Ел үстіндемін" деп жүруші еді. Елдің
астына түсті. Бұрынғы ел
мен бүгінгі елдін мінезін де түйген тәрізді. Жалқаулығының үстіне, "өсекші",
"ұры" деген ат байлағалы тұр бұл ел.
Осы үш пәледен құтылсам дегенде, көкірегі қарс айрылады Бейсеннің.
-        Жанат келеді! - деді жігіттердің бірі.
Кең дала тарыла түсті Бейсенге. Бейсеке немді көріп едіңіз?-  десеЖанат,
Бейсен не айтады? Тура қарауға бет жоқ. Тымақты маңдайына түсіре киіп, күйеу
жігітше басты иіп жіберді. Жанат
келді. Қасында күзетші Мәмет бар. Теңбілкөкке жеңіл
фаэтон жеккен, қалашыларды алыстан көріп, қарсы алуға
шығыпты. Күлімдеп көңілі тойып тұр керуенге. Жәнібек
олжаларын атап-атап таныстырды:
-        Мына сүлікқара - Орлов, анау алшаңкер -
теке- жауміт.
-        Құлыны тайдай, тайы аттай болар
жануардың! - деп айғырлардың тісін
аша бастады Мәмет. - Мынау жеті, сегізде.
Пай-пай, азуы таяқтай екен. Мойнын қарашы, сала құлаш.
Сағағы үзіліп тұр. Құшақ кеуде, қоян жон, құйрық түбі
де әлді жатыр. Әттең тірсегі тіктеу ме, қалай. Әйтпесе, деген қамыс құлақ, майда жал, ұсынса қол
жетпестің өзі ғой, жарықтық. Осы
қалпында жүзіктің көзінен өтіп кеткелі тұр.
Құлын мүшесі бұзылмапты. Алып анадан, ат биеден бала.
Биені таңдап сал. Маған сүлікқарадан текежаумітің көбірек
ұнады-ау.
-        Өзіңіз айта беретін Көрұғлының қайраты
бар емес пе, соның нәсілі ғой бұл,
- деп еді Жәнібек, Мәмет нанып қалды.
-        Қойшы!
-        Құдай ақына, Мәке. "Бокен желіс, жүйткіген
шабыс" деп қоймайсыз. Бұның бірі желісті, бірі жүйрік. Оғанқазақы жылқының беріктігін қосқанда нағыз
тұлпар болып шығады. Тек өлмей тұра тұрыңыз,
бәрін көрсетем.
-        Е-е, ажал қойса, өліп нем бар.
-        Ажалға да айла бар, Мәке. Махаббаттан
жеңіліп қалыпты. Бір сұлуды құшсаңыз
қайтеді?
-        Жақыпқа бер сол сұлуыңды.
-        Жақаң сұлуды жаратпайды. Сіз мақтаған текежауміттен күйкі торыны жақсы көреді.
-        Жо-о-қ! Жаратпайды емес, танымайды.
Мескүреңді Ақжүнісім деген
Жақыптан не сұрайсың, - деп қарқ-қарқ күлді
Мәмет. Екеуінің әңгімесін Жанат балаша қызықтап, жайнай күліп тұр. Күлгенде
шығатын бетінің кішкене шұңқыры тереңдей түскен. Осы колхозда алуан мінезді
адамдар бар. Әрқайсысынан Жанат өзіне керегін табады. Оның қызықтайтыны - солардың
ой түлегі. Біреу ерте, біреу кеш түлепті. Қарт Мәметтің жайдары әзілінен, жас
Жәнібектің өткір қалжыңынан, адуын Ақметтің екпінінеқ тіпті бейпіл
ауыз Бейсеннің бос сөздігінен... бәрінен жаңа өмір, жаңа ойдың
самал лебі келеді Жанатқа, Өзін қоршаған қалашылардан бөлек келуге беті шыдамай
арба маңында күйбеңдеген Бейсен, жаңа ойдың өрмегін құрып жүрген сияқты оған.
Адам әрекетінен күшті, адам сырынан әсемді білмейді Жанат. Сол күш, сол
әсемдікті осы адамдардан көріп қызықса, қасындағы Мәмет қарт алданбаған,
алдамаған, нәресте жан, осы қалпынан бұзылмаса!- деп тұр оны. Әңгімемен сиыр
малдарына қарай жүрді. Жанат Бейсен жаққа қабағымен нұсқап, Жәнібекке күбірлей сөйледі:
-        Жиналыстан кейін қалай істеп жүр?
-        Жақ ашпайды.
-        Қасарысқаны ма, көнгені ме?
-        Көнбеске күші қайсы. Әбден ій қылып
алдым.
-        Иықтай бермей, қолтықтау да керек.
-        Маған мүлде беріңдерші, тілін білем
өзім.
-        Бердік. Мүмкін, Баймақан бабын таппаған
болар. Ұзындығы есік пен тордей, биіктігі жылқыдай, тұтам емшек, алшаң бұт
жиырма бес жусап тұрған. Арыстан кеуде үш бұқа арбаға байлаулы. Айбатпен
күж-күж етеді.
-        Паһ-паһ! -
деді Мәмет сүйсінгеннен - Арыстан деуге жалы жоқ, шортан деуге қанаты жоқ,
жайын сынды мол дене, қара малда да бар екен ғой. Мыналар жиырма бес емес, елу
литр де беріп салар, - деп алдымен сиырлардың желінін ұстады- Бәрі желінін
толтырып тастапты. Мынау көк
бүгін-ақ бұзаулар. Үрпін шаншып, құйымшағы түсіп тұр екен. Жанат аттарын сұрап еді Жәнібектен, Мәмет
тағы таң-
данды:
-        Сұбханалла, адам сияқты ат қойған ба?
-        Паспорттан оқи бер, - деді де Жәнібек паспорттарды ұсынды. Мәмет әлі таңданып
тұр:
-        Пашпарттап тастаған тіпті! - деп қояды.
Мал маңынан кетер емес.
Әрқайсысын бір ұстап, бір өзгешелігінтауып
жүр. Жанат пен Жәнібек жеке кетіп, арбаларға тиелген
электр жабдықтарын қарап шыққанша, Мәмет малдарды қарап шыға алмады...
-        Жарайсың, Жәнібек! -деп Жанат, бәрін
аралап болған соң. - Тындырып келіпсің. Партия ұйымының
атынан алғыс айтам. Ал, Жомарт қайда, буданкөкке қалай мініп жүрсің!
-        Мені Бекежан деп тұрмысың. Ол әлгі
Айдардың шатағымен қалды. Шофер
тауып екі машинаны ала келмек.
-        Рас болды ма қашқаны?
-        Қашырған өздерің емес пе?
-        Баса бер бетке. Одан да ыстық басылып
жүр, - деді де Жанат барып арбасына отырды.
"Бекер айттым-ау"
дегендей басын шайқады Жәнібек. Жәнібек
салт. Божы ұстаған Мәметтің аяғы тепеңдеп
қолы шошаңдай
берген соң, Жанат өз қолына алды божыны.
Теңбілкөк шұлғи түсіп, көсіле желді. Желдеткенарбада,
көңілді отырған Мәмет:
-        Жанатжан божы ұстауға да бізден епті, -
деп дауысын көтере сөйледі. - "Әйелдің шашы ұзын ақылықысқа" деген мақал бар. Шаштың
ақылды болғанын көрмедім. "Әйел
бала намаздығын білсе болады" дейтін.Көп
оқудың әйелге зиянын көрмедім. "Әйел үйдікі, еркек түздікі" дейтін. Осы күнгі жастар мұны
да бекерге шығарды. Ойлап тұрсам ескіден тек біз сияқты қаусаған шалдар қалыпты. Өзгенің бәрі жаңа...
-        Шалдар да жаңа, - деді Жанат. - Жаңалықты
танудың өзі жаңарғанның белгісі.
-        Ай-ай, жаңалық қайда бізге! Маңдай
терісі құрысып, мұрын ауызға төніп тұр. Жұдырықтай баламен
сөйлессең,
алды-артыңды орап тұр. Зымырап барады заман. Зымырап барады жастар!..
Жанат жалт
қарады Мәметке. Ойлы қарт бес тал сақалын сипап ойға кетіпті. Өңінде "әттең" деген жазу бардай, іштегі өкінішті айқын көрсетіп тұр.
-        Неге өкіндіңіз, Мәке? - деді Жанат бір
кезде. Мәмет өзіне-өзі айтқандай, көмейімен ғана қайырды жауапты:
-        Күнім
жетпей туыппын, күнім жете өліппін. Сендерде
не арман бар.
-        Бұдан да жарық күндер бар. Сол күнге тез
жетсем деп, аласұрған арман бар, - деді де, Жанат
теңбілкөктің божысьш қағып қойды.
Арба үсті желдете түсті. Мына жақта
шоқыта желіп, Баймақан келеді.
-        Кеттім, - деді Жәнібек көре сала. - Баймақан келді, шыдатпас. Онымен керіскенше малға
орын дайындай берейін. Баймақан
екеуі ойын-шыны аралас амандықтан бастап ілінісетін. Артына қарамай шауып барады.
Баймақан естіп қалды сөзін.
-        Ананың әкесі өлгеннен аман ба, ақсақал?
-        Аман-аман.
-        Атқа шапқанын көргенім осы. Аттан түсе
жылайды ол.
-        Неге? 
-        Май төгіп
бара жатыр. Жәнібектің колік тері су емес, май дейтіні еске түсіп, осы арада
бір күлісіп алды. Теңбілкөктің қатты желісіне 
торбесті шауып келе жатқанда Баймақан рапорт беріп келе жатты:
-        Жолдас секретарь, задание орындалды. Ероктан жиырма сегіз сағат, столбадан елу столба
үнемдедік. Ендігі жұмыс электриктердікі.
-        Столбаны қалай үнемдедің? - деп Жанат
атының басын тежеді.
-        Тура тартып бес километр ұттым.
-        Инженер емессің, кім оған рұқсат етті?
-        Өзім. Әр жұмысшы инженерше, әр солдат командирше ойлауға ерікті.
-        Барып көрерміа Бір сағатта дайын бол, -
деді де, Жанат конторға бұрылды.
Партком бөлмесінде телефон манадан
шырылдап тұрған. Келе телефон трубқасын алды қолға... Сыртта,
есік алдына қос машинамен Жомарт та тоқтады.
Машина рулін өзі ұстады. Қабағы қатыңқы, ұйқынікі
секілді. Күреңітіп, бусанып тұр. Шаршаған тәрізді.
Мәметке сәлем беріп, Баймақанға:
-        Маған келдің бе? Кіре бер, - деді. Баймақан Жомарттың қабинетіне кірді.
Белуарға шейін
майлы, жасыл
бояумен, жоғарғы жағын жай бояумен өрнектеп
майлаған үлкен бөлменің босағасынан төріне жеткізе
кілем жаюлы. Көк шұға
жапқан ұзын стол, оған көлденең
кішірек қызыл стол тұр. Терезеге ұстаған кестелі перделерге,
бұрыштағы радиоприемникке, стол үстіндегі Қол
қоңырау, шылым күлін салғышқа дейін көзі түсті де:
-        Шайтан, генералша тұрады, - деді
Баймақан. - Құмарын қарашы. Бәрін
түзеп апты.
Председатель столының
алдындағы жұмсақ екі орындыққа
да, бүйірдегі жұмсақ днванға да отырмастан,
Баймақан жай
орындық алып отырды. Екі көз қабырғадағы политбюро
мүшелерінің шынылы суреттерінде...Жомарт
далада жуынып, алғашқысынан сергек енді үйге.
-        Сөйле, Баймақан.
-        Задание орындалды, жолдас председатель!
-        Жігітсің!
-        Ероқтан жиырма сегіз сағат, столбалардан елу столба үнемдедік.
-        Столбаны қалай үнемдедің?
-        Төтесімен тарттым. Жомарттың қабағы түйіліп, кішкене көзі
ойнақшып кетті.
-        Бүлдірдім де. Мұндай үнем үшін, орныңнан
алам. Барлық шығынын мойныңа жазам. Соттау керек еді, әттең, Баймақансың.
-        Себеп?
-        Кім саған лұқсат берді?! Столба таяқ
емес, кез келген жерге шанша беретін.
Біз де көргенбіз ол төтені. Ойдан, судан
қашып, бес километр бұрыс, әдейі қыратпен тартқанбыз.
-        Жолдас председатель! Жаумен бетпе-бет
келгенде, солдаттың уставы жүрек
қана, - деді Баймақан. Әскери тәртіппен
керіле жаздап барып тоқтады. - Жұмыспен бетпе-бет
келгенде де, сол жүрек билейді. "Қалинин" майданын көрмеген шығарсың.
Бұдан да жаман жерлерге столба
орнатылған. Көп болса алты айда бір жаңартарсың столбаны.
Электрдің тез жетуі одан қымбатырақ.
-        Дискуссияға уақытым жоқ. Жиырма сегіз
сағаттың ішінде бүлдіргеніңді түзетпесең, айтқаным айтқан! - деп Жомарт қоңырау шылдыратты. Балжан енді. Баймақан шығып кетті. Ашу қысып, екі беті
нарттай.Шатынаған көзінен ұшқын шаша, партком бөлмесіне кіргенде, Жанат
телефон трубқасын жаңа ғана ілген
-        Біткен жұмысты бұзуға қосты. Алғыс
орнына қарғыс берді председатель. Парткомның бетін білгім келеді деді, - отырмастан тік тұрып.
-        Бір айналып соқ.
-        Қазір кет деп жатыр.
-        Кетпе. Бір сағатта кел. Баймақан
шыққан соң, Жанат тұсындағы сымның ұшын екі жұлқыды, өздері жасаған электрсіз
қоңырау. Кешікпей Жомарт енді. Секретарьдың неге шақырғанын сезген тәрізді. Солғындау
амандасып, суықтау отырды. Жанат көз қырымен шолып өтіп, жайуат бастады сөзді:
-        Қабағың
түсіп кетіпті ғой.
-        Бірі іштен,
бірі сырттан іліп тұрса қабақты көтере ме? Екеуіне де ырық берген секретарь.
-        Секретарь ұйымның, партиянын? ойын
орындайды.
-        Айдардың үрлығы, Баймақанның бас бұзарлығы партия ойы ма? Секретарьдан өзге ештеңе
біле ме, сірә. Жанат бөгеліп қалды.
Айдар жөнінде үш тосылды осымен.
Беттегі шіркеу тілді күрмеп тұр. Оған Жомарттың "өзім
білемі" қосылып, иықтап барады. Сатан сол "өзім білемді" азайт, Баймақанды сақтаңдар
деп кетті. Қалай азайтып, қалай
сақтамақ? Қатты айтса көңіл қалады. Ақырын
айтып еді, өзін айыптады. Айыпталуға көнее де, көңіл
қалдыруға көне алар ма? Оны ойласа, іші еріп сала береді
Жанаттың. Райком тапсырындысы мен махаббат тапсырындысы
осы арада түйісіп, жұдырықтай жүрекке жартастай
салмақ тастады.
-        Басқада құлақ екеу болса, секретарьда
төртеу. Басқада көз екеу болса, секретарьда төртеу. Сондықтан, ол басқадан артық біледі, - деді Жанат.
Жомарт сөзін бөліп жіберді:
-        Артық білгенде айтарың Баймақанды
арашалау ма?
-        Иә.
-        Кең көңілге екі тілек сыймайды. Мұның
несі кең, - деп терең ойға шым
батып кеткендей болды Жомарт. Екі тілегі
не екен деп басынан кешкен Жанат сұрақ қойды:
-        Сыйыспаған тілектердің түрін көруге бола
ма?
-        Болады, - деді әлден уақытта Жомарт. -
Қадам сайын қақпан құрылса да бұл колхозды
шыңға шығармайойман
деуші ем. Қаттылық тас болса да сенің сағыңды сындырман
деуші ем. Енді осы екеуі бір көңілге сыймай тұр.
Бірін тастап, бірін алсам, бір мүшемді кеекендеймін. қ
-        Дүние сыйған көңілге осыны сыйғыза
алмаған олақ екенсің, - деді де
күлді Жанат. - Одан үлкен кездессе қайтер
едің? -деді де мұңайды. Мұңның да, күлкісінің де түбі
мөлдір көзден көрініп тұр еді. Көріп қалмасын дегендей,
төмен қарап отырып сөйледі енді. - Бекер бүлінесің.
Бүлінген ештеме жоқ. Мен жаңа телефон арқылы инженер Гладковпен сөйлестім.
Біткен істі бұзбаудың ақылы
табылды.
-        Қалай?
-        Сол ойпаттағы столбаларды екі жанынан
рельске ұстата қойса болғаны
екен... Жомарттың өңі жылып
сала берді.
-        Қисыны бар. Үш-төрт жұмысшы қалдырып,
өзгесін қайтару керек, - деп
орнынан тұра бергенде, Жанат қайтадан отырғызды.
-        Отыр. Онан да үлкен қуаныш бар. Сенің үлкен жоспарың биыл орындалатын болды. Теміртау
мен Қарағанды көмекке келмек. Жомарт
қолын сермеді.
-        Өз жұмыстары өздеріне жетеді олардың.
-        Тағы да өзім білем. Социалистік көмек
деген үлкен күшті қашан елейсің
сен. Сатан ағай барып ұйымдастырып қайтыпты. Екі қалада ең кемі мың электрик
болсын. Соның жүзі бір күн
демалысын қиса да жетіп жатыр бізге...
-        Сатанға жаңа риза болдым! - деп күліп
жіберді Жомарт. Үлкен ерні
барынша созылып, кіршіксіз қойтістері
қызыл етіне дейін ашылды. - Япырай, танымай жүр
екем, үлкен адам үлкен істе көрінеді екен ғой. Келсін  жұмысшылар.
Көмек қарымжысын қайтарамыз, электр барда
бәрі бар. Енді қыстықүні егіс егуге де болады. Колхозшылардың көбі
қысты бос өткізіп жүр. Балжан есікті ақырын ашып, басын ғана қылтитты:
-        Жәнібек
келіп күтіп отыр. Жомарт оны отардағы малға жөнелтуге шақырған. Бұл колхоздың
ірілі-ұсақты он мыңға тарта малы қайырдағы құмда жатыр. Қыстай тек радио арқылы ғана байланысты.
Енді, міне, жаз шықты. Көзбен көріп мал өсімін есептеу керек. Өткен кыс не деп кетті, алдағы қыс
не айтар? Өткендіқорытып, алдағыны
болжаған мал басындағы қариялардың әңгімесін
құлаққа кұйып әкелетін Жәнібекті жібермек Жомарт.
Өзі осы малдар жайында көп қобалжып, бір тоқтамға
келген көрінеді.
-        Жапан далада қыруар мал жатыр. Мал
соңында күні-түні малшылар жүр.
Шұғыл өзгеріс соларға керек, - деді.
Бекіген ойын ақылдасудан көрі анықтай түсетін еркіндігі
сөзінен көрініп тұр. - Жаз бастарына ақ үйтікпесе,
қыс жылы, таза жер үйге енбесе, керегінде жүзбе-жүз, ауызба-ауыз самолет, радио
арқылы елмен байланысып тұрмаса, малшы көңілі көншімейді. Солар болғанда ғана мәдениет пен шаруашылық тілек
қабысады. Әйтпесе, не үшін бағады ол
малды.
-        Самолет болмаса, өзгесі қолда ғой, -
деді Жанат. Жомарт мұрнынан мырс етті.
-        Маған
бәрінен самолет оңай. Жәнібек осы жолы жуз бие айдап қайтады. Сүттің өзімен-ақ аламыз самолетті.
-        Сатпайды ғой.
-        Сатпаса жалдар. Жалдамаса сатар. Жолсыз,
елсіз алысты үкімет бізден бұрын ойлаған.
Баймақан енді
Жомарт сөзін бөліп, тура қарады оған, өңін
жылытпастан:     
-        Сен маған бригадир емессің. Ойымды
өзімсіз бұзба. Бір жолға кешірдім, -
дегенде:
-        Шабан атқа қамшы, шабаң ойға шапшан
қимыл! - деп күліп қойды Баймақан.
 
X
Күн жексенбі.
Екпінді бескүндік аяқталды. Колхоз аулын
жарып шыққан тас жол жатыр. Ақмет мотоциклде,баласы
артында, сол жолда ызғытыа жүр. Теміртаудан бір ізбен келген столбалар
ішке ене көше бойлап тарап кеткен. Столба басы дерлік Қарағанды, Теміртау
монтерлары. Сым тартып, ауыл үстіне өрмек құрып барады. Ауылдан шыққан бір ғазик,
екі МК сынаптай ағып белден асты. Екі қаланың, ауданның секретарьлары ол.
Жиылыс өткізіп, жұмысшыларды орналастырып қайтты. Бұған дейін біртіндеп
басталған егіс ертең жаппай басталмақ. Қауырт жұмыстың бір саласы бітіп, екінші
саласы басталуына бір-ақ күн қалды. Осы бір күн біткен істің мейрамы, басталар
істің сәті тәрізді. Үлкендер қонақта, жастар ойында. Колхоз аулынан көтеріңкі
көңілдің думаны естіледі. Әне,
балташы Пахрейдің баласы шықты ду-
ылдатып. Қолында
баян, қасында Коля мен Төкен. Бірі билеп,
бірі әндетіп келеді:
Жастары
диқаншының жер шебері,
Дән сеуіп,
топыраққа гүл егеді.
Дәні нәр, гүлі
жұпар жерімізге
Қаладан құмар
болып ел келеді.
Мінеки даламыз.
Кілемдей
жайнаған,
Әнге біз саламыз
Жігермен
қайнаған.. Столба басында күйкентайдай көрінген талдырмаш қоңыр
жігіттің де делебесі қозып кетті. Ол
тақылдай жөнелгенде, жердегі
үшеу қосыла жөнелді:
Біздің жастар,
Шыңға асқар,
Өрмелеуде
өмірде.
Біздің жастар,
Үлгі тастар,
Еңбекте де
білімде:
Соқсын дауыл,
Жарқылдасын
нажағай.
Мейлі іиуақ,
Бетіне ұжмақ.
Тұрса-дағы тұнып
жай, -
Біздің жастар,
Алға бастар,
Қызыл туды қолға
ала,
Біздің жастар,
Шыңға асқар,
Тігер туын жар
сала. Орталықта кең алаң. Іші жас орман
бұтақтары буазып, хош исін шашқалы тұр. Ағаш арасында, ақпен сылап, көк жүгірткен
көрнекті клуб. Айналасы қарабұйра топырақ.
Шебер қолдың еккен гүлі топырақты кестелей, көктеп
келеді. Колхоз конторы мен партком бөлмесі де алаңдағы
осы клубта. Кешке ойын коюға дайындалған жастар,
мұғалімдер іште сахна құрып жатыр. Сыртта Баймақан бастаған бір топ футбол
ойнап жүр. Жомарт пен Жанат жаз
ойынын теннистен бастапты. Ақ мячикті сар қалақпен біріне-бірі
атқылап тұр. Бүгін дем алмаған тек Жәнібек қана. Бейсенді ертіп ол отардағы
малға аттанды. Футболшылардың деңгейінен өте бергенде Баймақан айғайлады:
-        Бүгін жұмыс көлігіне де демалыс. Сенің
терің су ма еді?
-        Маңырамаңыз, - деді Жәнібек. Күліп жатыр бәрі. Күлкіден бе, әлде әдейі
ме, Жомарттың қаққан мячигі сол кезде қиыстау
кеткен еді. Жанат атылып, жете бере
мұрттай ұшты. Сеткеден секіріп
түсіп, көтеріп
алды Жомарт. Осы бір секүнд электрден шапшаң
да, күшті де екен. Екі денені бірден шымыр-шымыр еткізді. Етке - ет, лепке -
леп тиіп, бетіне қадалған өткір
көзге көзі түскенде:
-        Жібер! - деп ата жөнелді Жанат. Лаулап
жанып бара жатқандай, кірпік қаққанша кідірсе,
жанып бітетіндей сезілді. Бірақ, сол
ыстық құшақ гүлдей өзін күл қылса да жата
беретін еді. Алманың:
-        Әй! - деген назды даусы естілді. Жомарт
та естіген тәрізді... Қажырлы қолы
босап кетті. Екеуі екі жерде біріне-бірі қарай алмай, қазір ғана соғып өткен секүндтың әлегімен тұр. Жомарт
келіп үстінің шаңын қаға бастағанда, жер жыртқан тізесін жаңа ғана көріп:
-        Осы бір секүнд
дүниені де ойран еткендей екен! - деді Жанат. Өз басымнан кешкенді айттым, өзім
ғана білдім десе де, Жомарттың соза:
-        Ия, - дегені елеғ| е-ткізді.
-        Сен нені көріп айтып тұрсың?
-        Көргенді емес, сезгенді айттым.
-        Сезім кейде алдайды.
-        Жаман сезімге сенгенше, жақсы сезімге
алданған артық.
-        Екеуінен де ақылға билеткен артық.
-        Ақылдың әлі келе берсе неғылсын.
-        Сабыр көмектеседі.
-        Рас. Сабыр деген - зіл салмақ. Тағдыр
салса, тартасың.Бұдан әрі тіл күрмеліп, сөз тоқталды. Сүйікті Алма алдарына тағы келіп, сүйрік саусағын
жоғары көтере, жо! дегендей болды. Жаралы
аяғын сілти басып, Жанат үйіне жөнелді. Жүгіріп келіп, қолтығынан
демеген Жомарттың қолын ысырып тастап, үнсіз
кетті.Теннис алаңында жалғыз қалған Жомарт елегізгендей жан-жағына қарағанда
Ақмет түсті көзіне. Алдында ала биенің ала құлыны ойнақтап жүр. Жаяуға қайыру
бермеген соң, ашуланып мотоңикліне мінді. Құлын шошып, құйрығын тігіп алды да,
қара жолмен тартты. Мотоцикл баспалатып жетіп келгенде, жалт берді жолдан.
-        Қап! -деді Ақмет өте шығып. Қолына түссе
құлағынан бұрап, бір шыңғыртпақ еді, түспеді. Өзек, жыра,егінжайдың арасымен безіп барады. Жол
қуалап, тегіс жер көздеген Ақаң алыстап
қалды. Қалай қалам дегендей шолақ өзектен
өте сала, ағызғанда қойып кетті бір шалшыққа. Шалшыққа аунап шығып,
алқынып тұр. Мотоцикл дөңгелегі зырылдап жантайып жатыр.
-        Әй! Анау иттің малын жіберме!
Қайыр-қайыр, - деп қол сермеді қарсы
келе жатқан аттыға. Ол егінжайдыаралап
жұрген Жантас екен. Көлденеңдеп құлынға ұмтылғанда, боз атынан танып, Ақаң
кейін жүрді.
-        Бәлемнің сілесі қатқан-ақ шығар! - деп
өзін-өзі жұбатса да, үлкен ашу
енді керней бастады. ЗулатыпЖомарттікіне,
Жақыптікіне, одан конгорға соғып, алаңға бұрылды.
Бәрін көріп тұрған Жомарт бір сойқанныңболарын
сезіп, сырғып бара жатыр еді, айғай салды:
-        Тоқта, бала, тоқта!
-        Жай ма, Ақа?
-        Жай осындай бола ма? - деп былғанған
үстін, машинасын көрсетті Ақмет. - Өліп қала жаздадым. Ендіаянарым жоқ. Аш бетіңді!
-        Сабыр етіңіз, бәрі болады, - деді Жомарт
жымиып. Ақмет өрши түсті:
-        Сабырмен құртпақпысың, бала. Қыс өтті,
жаз шықты. Сазды жол әне, тас жол болды. Міне, электр де келді. Жер де, мал да балалап жатыр. Соның бәрі
болғанда менің бір жапырақ қағазым
неге болмайды?! Қашан мен әкелгелі! Онда сенің жоспарың бекіген де жоқ-ты.
Енді орындап барасың. Тоқалдан
туды дейсіңдер ме мені. Жақыптың созғаны
жетер. Ендігі тәлқауайтқа көнбеймін!.. - деп жерді
жұдырығымен бір түйіп қойды. Бұлтартар емес. Жомарттың
апшысын қуырып тұр. Даусына алаңдағылар жиналды.
Маң-маң басып, Баймағамбет пен Мәмет те жетті.Мәмет сөйлей келді:
-        Мен туған жылы талайлар туыпты. Соның
бірі мынау, білеуіт бұқаша күжілдеп тұрған.
-        Былжырама! Мүйіздеп жіберсем ұшып
кетерсің, - деді Ақмет. Момет
сылқ-сылқ күлді:
-        Сенен тентек бұқалар да тұр қорада. Темір
шынжырды сен түгіл кеше келген күжбанкөк те үзе алмады.
-        Сол
шынжырды жасаған мына қол. Шаттауықтай қысып жіберсем, кемпір аузың ыржың етер.
Құрдастық қалжыңдар күлдірсе де, Жомартты жадырата
алмады. Сырғыта, сырғыта
талай жерге келді. Енді не айтпақ
бұл қартқа? Ауданмен кеңесті. Басқарма мүшелерімен,
парткоммен ақылдасты. Бәрінің сөзі "әзір
қоя тұр".
Бірақ, өздері бой көрсетпейді. Адуы, ерке қарттың алдына тосатындары Жомарт. Ол
бүгін тіпті шұқшиып алған:
-        Кәне, тоқетерін айт, бала! - деп төніп
қояды. Мұндайда Баймақан жай тұра ала ма? Дем бере
түсті:
-        Бюрократизм. Жолдас стахановшы Ақмет
қыстан бері қақсап келеді.
-        Әне, жұрттың бәріне мәлім, оне. Қалай
басып отырарсыңдар осыны?
-        "Бай болғанда бақырып бола
ма", декбірсіз антұрған, - деді тағы да Мәмет. Жомартты арашалап тұрғантәрізді қарап
қояды бетіне. - Сенде бар мал басқада да бар.
Бір-екі қараңның құлағы артық болмады, пәле болды. Отыр ғой осы жұрт, өз малын да, кблхоз малын да бағып. Баға алмасаң бізге бер, қандай бағар
екенбіз.
-        Күшің тасыса, жұмыс та тасып жатыр. Емінгенше істеп ал.
-        Ендеше, колхоз сенің малайың емес, өз
малыңды өзін бағып ал.
-        Ей, сол күшті сендер қайдан таптыңдар?!
- деп Ақмет Мәметке төніп келді. - Күш емес ол.
Ұрлық, не итжандылық. Егер,
еңбегіңді колхозға тегіс берсең үйге неңді бересің?
Бүгіп қалсаң, ұрлық емей немене? Тынығатын, көңіл
көтеретін уақытың үй бейнетіне кетсе, ит жандылық емей
немене? Басқа жолын тапшы! Тапшы деймін?! Ә-ә, үндей
алмассың, бәлем. Әне, сондықтан мен бақырам. Барымды бүкпей берем
колхозға, колхоздың да барын алам. Көрерсің, сонда, кімнің айтқаны келгенін. Жомартта
үн жоқ. Аз уақытта осы колхозға көп жаңалықтар енгізді. Азуы алты қарыс
Жақыпты, тіпті бүкіл ауданды жеңіп, ойын өткізді. Аяқтан алған Бейсен мүләйім, адуын
Баймақан жуаси бастады. Айдар өзімен-өзі болып кетті. Соның бәріне қабілеті жетсе
де, қазір жетпей тұр. Ақметке бұл оңай сияқты. Жомартқа үлкен арман, үлкен
мәселе. Осы
пікірді қозғаған Ақметке жан-тәнімен риза Жомарт.
Бірақ, орындамайды. Орындау үшін әуелі уставты бұзу, ауданды көндіру керек.
Колхоз кладовойын үлгілі магазинге айналдыру одан да киын. Барын
берген Ақмет бәрін дайын қылмаса,
жанжалдың көкесін сонда көресің! Жомарт көп ойланып, уставтан бір саңылау
да тапқан Жеке  мүдде мен көпшілік
мүддесі қабысатын болса, колхоз өз мүшелеріне жәрдемдесетін болса, уставқа оның
қай жері  қайшы? Әттең, кладовойдың шамасы келмейді... деп
тұр.
Ақметтің онда
ісі жоқ. Аялға бірсыпыра қарады, ал, Баймақандікі не, неге кимелей береді?
-        Сен жаңа "бюрократизм" дедің.
Орындай қойшы, кәне, - деді Жомарт
зілдене. Баймақан жауапқа
бөгелмеді:
-        Өзі орындалып тұрған жоқ па. Колхоздың
мыңын баққанда, жолдас стахановшы Ақметтің
бірін бағу қиынба екен.
-        Мәселе, бағуда ғана ма, жалаң Ақметте
ғана ма. Назарыңды әрірек жібер.
Олардың малын да, өзін де
азықпен
қамтамасыз ете біл.
-        Ретін тапсаң, сол мал бәрін табады.
-        Тапшы ретін?
-        Малды малға қос. Азығын кладовойдан бер.
-        Кладовой ол халге жетсе, сенен ақыл
сұрап нем бар.
-        Жетпесе жеткізу керек.
-        Ал жеткізе ғой, саған тапсырдым. Ақа,
сіз анау жеткізген күні келіңіз.
Одан бері мүмкіндік жоқ.
-        Ым-м-м, - деп Ақаң ұзақ ыңылдады. -
Аудаң басқармаға тапсырды. Басқарма брнғадпрге
тапсырды.Бригадир кімге, ол
кімге тапсырады? Ақметтің сонда несі қалады?
Бұл биліктен өзімнің төбелесім артық - деп Мәңгі  батыр салған шоқпармен. Айналайын-ай,
осындай да екең ғой! Шауып алыңдар
мені. Кеттім. Жасаймын бір бүлік!  Мотоңиклына ұмтылған Ақметтің алдын тосты Жомарт.
-        Қайда кеттіңіз, не бүлік, Ақа?!
-        Колхоздан кетем. Сатам малды. Анау
Қарағанды, мынау Теміртауда
балғадан көп нәрсе жоқ. Сегіз сағат істеп
келіп, үйде тыныш жату қолымнан келмей ме? Жомарт жаңа қысылды. Он жеті жыл колхозды
қолымен сүйреген алып Ақмет, ерке Ақметтің орны өзгеше еді. Сасқанынан:
-        Уставты қайтесіз, Ақа, уставты?! - дей
берді.
-        Қорқытпа?! - деп Ақмет қолын сермеп
тастады. Ерні көгеріп, дірілдеп кетті. - Устав деген менің тілегім, бастыңдар
тілекті. Бірақ, баса
алмайсыңдар мені. Осы  жұртқа жұмысшы да керек...
Ақметтей адамнан
айрылу, ойлаған барлық қиындықтарынан ауыр соқты Жомартқа. Батылдығын әр жерде
бетіне басып жүрсе
де:
-        Қинадыңыз, Ақа, не де болса орындаймын!
- деп салды. - Қандай шарт қоясыз?
Ақмет Жомарттың
жүзіне жай ғана қарап тұрып, жымың етті:
-        Қиналмасқа қиналдың, бала. Сендердің
ойыңша Ақмет бір төбе, ферма бір төбе. Ақметтің
ойынша екеуібір-ақ төбе. Әйтпесе,
сатып-сатып сақтық қассаға сақтатып қою қолдан келмей ме? Бүйтіп қынжылатын болсаң тіпті шарт қоймаймын саған. Басқармаң
бар, парткомын бар ақылдасып,
"былай болсын" деңдер, мен соған тұрдым. Артық
кетсе фермаға кетеді, ферма да Ақметтікі. Тек, аққұла бейнеттен құтқар. Жаз,
алсын малды... Жомарт сөзге келместен қағаз жазды. Қағазды ала сала Ақмет ұшырта
кеп жөнелді...
XI
Таң атты. Егіс
даласы. Қара бұйра жер, көк торғын аспан.
Көңіл теңіз, жан семіз. Жаратылыс жарылқап тұр...Баяғы
қиқу, құмырысқа қыбыр жоқ. Күрілдеген өзендей мотор даусы естіледі. Бір топ
соқаны бір-ақ тіркеп,қыртысты
қомақтай қопарған СТЗ, ЧТЗ-лер көрінеді... Күн көтеріле бастады. Қолында карта,
мойнында бинокль, қарында планшетка, буданкөктің үстінде геройымыз тұр. Қара топырақтың, бетіне баяу
бу қалқып,күміс бұйрадай толқыған
жерді; торғын аспанның төсінде күн қалқып, күлімдеген сұлу әлемді
кішкене көзімен шолып өтіп картасына
үңілді. Қарта беті шұп-шұбар. Шұбар
басы бір номер. Номер сайын бір гектар. Әр гектарда
сыр жатыр. Сыр астында тонна-тонна нан жатыр. Академик Вильямсты құныға оқыған
Жомарт нанды алуды ғана емес, жерді жаңартуды
қоса ойлап, ауыспалы егіс
ғылымына бойлап барады. Қарауытқан осынау жалпақ дала оның картасында шахмат
тақтасы тәрізді. Есепсіз басса
ұтылады. Мың жарым гектардың бас-басына бабы бар.
Жыл сайын ол тағы өзгеріп отырады. Шытырман есепке
еніп кеткен Жомарт:
-        Нан қолда! - деп картасын жиды бір
кезде. Егінжайды аралап келеді. Бойды кернеген
жастық қуаттанөзге, өзгеше, бір құмарлық,
сүйсіну байқалады өңінен. Дамыл-дамыл түсе қалып, топырақ
сығымдаудан, жыртылған жердің тереңдігін, тегістігін байқаудан жалыққан жоқ. Белі
берік буданкөк ығыр болғандай, шыныңдай түседі. Байыпты көзімен бәрін байқап, өз
елегінен өткізе, себушіге жеткенде:
-        Тоқта! - деді әмірлі дауыспен. Машина
тоқтады.
-        Жиірек сеп.
-        Тым жиі болса...
-        Арам шопке орын қалдырып барасың.
-        Онда ана жерге осылай септік.
-        Ол жерден бұл жер бөлек. Дымы аздау,
конелеу. Басқа сәзге келместен
жүріп кетті. Көретін жер көп.
Уақыт аз. Жұмыс
кезінде ұзақ сөзді сүймейді. Қысқа айтып, дәл ұғындыру, әр адамның сыңайын
танып, оз орнына қою - жұмысты, уақытты
үнемдейтін сенімді есебінің бірі.
Салақтық пен есепсіздікке, арам шопше қарайтын. Еңбек
майданы - осынау жалпақ далада да ширақ тәртіп сезіледі.
Мықшыңдаған, аптыққан бір жан кездеспеді. Тіпті адам
аз. Ерте кезде ел болып жабылып қиқулағанда, осы байтақ
алқаптың бойында тоқымдай-тоқымдай қарасындар ғана қалатын. Қазір он шақты трактор
тоқымдай да алаң қалдырмапты.
Жомарттың көңілі сонда да көншімеді.
-        Электротрактор керек! - деді өзіне-өзі.
Оның үлкен жоспары бойынша ауылға
келген электр егіске де келмек. Соны биыл келтіруге көмек еткен Сатанға
ішінен тағы бір алғыс айтты. Стахановшы бригаданың бастығы Жантасқа жеткенде көңілінде
тек электр тұр еді.
-        Іске сәт, Жәке! - деп аттан түсті.
Жантастың аузы құр жыбыр етті.
Әңгімеге отырмай, жүре тыңдап күйбеңдеп жүр. Бұның учаскесі соқамен жыртқан сияқты емес,
шебер суретші кистімен салған сияқты. Жалпақ
қарасынның ішінде, бір мін жоқ,
теп-текше ұсақ бұйра, мақпал қара топырақ
буы шығып, бурыл тартып жатыр. Қыстай қар бөгеген
маңындағы шырпы шарбақтарды тап-түйнақтай қылып
жинап қойған. ІІІашылып, төгілген өңдеу заттары көрінбейді.
Далада тамшысы, түйірі де қалмай, топыраққа сіңіп
кетіпті.
-        Тыңайту заттары қанша гектарында? -
деген Жомарттың сұрауына Жантас тура жауап
қайырмады.
-        Оның әлі сұйығы бар ғой.
-        Мен қоюын сұрап тұрмын.
-        Сегіз тоннаға жетіңкіремес.
-        Жиырма, отыз центнерден беріп салар.
-        Не керек сұқтанып. Қауіп-қатер көп, -
деді Жантас. Мақтануды қандай сүймесе, сұқтануды да сондайсүймейді. Көз тие ме деп, ұнатпай қалды.
Ептеп барып, егіс ішінде көрінген
жалғыз кесекті қолымен майдалап үкті де,
егіске шашып жіберді. Барған ізімен қайта қайтқанда, ізін қалдырмай, қолындағы шырпының ұшымен
майдалап, тегістеп кетті. Күйбең бітер
емес. Шылымын тартып, жантайып жатқан Жомарт:
-        Егер ырыс бар болса, дәл өзі ғой, - деді
ішінен. Шақырып алды қасына. -
Отырыңызшы азырақ. Ауыспалы егіске түсіндіңіз бе, енді?
-        Түсінген сияқтымын. Бидай аздау. Бидай
аздау болса Жақып көбейтпек еді.
-        Жақаң бұдан көп салып, тұқымды, көлік,
адам күшін көп жұмсаса да, көп ала
алмас еді. Оның үстіне біз жерді тыңайтып,
жыл сайын жоғары өнім алғалы отырмыз. Жақаңның екпіні бірер жыл ғана. Содан әрі
бар кінәны жерге аударып, шоңқиып
қалмақ.
-        Ол жағы түсінікті.
-        Қай жағы түсініксіз?
-        Тек бидай жағы асып түссе болады.
-        Бәрі есептелген, Жәке. Өз учаскеңізге сенсеңіз,
басқаға да сене беріңіз. Жантас
үндемеді. Ойында бір күдігі бар. Жылда тайлы-таяғы қалмастан колхоз аулы егіс
үстіндЬ болатын. Биыл көліктің
бәрі, адамның көбі ауылда қалды. Жабылып кетсе тез
бітер еді деп отыр. Жомарт салмақтың ауырын МТС- қа
салып, ауылдағы күшпен үлкен жоспарын орындап жатыр. Қысылып бара жатса,
ол-күшті егіске тогіп жіберуге
дайын. Бірақ МТС
жұмысына өзі араласып, таңдап алған машиналары
кідірген жоқ. Нормаларын асыра орындап келеді.
-        Жұмыс осылай бара берсе, біз биыл
керемет жасаймыз, - деді Жомарт. Болашақ іс болғандай, әдемі
ойдың сәулесі көзіне
бір жарқ етті. - Егіннің жинауы да оңайланды.
Комбайн-самоход келеді.Молотилқаларды электр моторы жүргізеді. Трактор жерін
жырта берсін. Электр қуатымен жылдың 12 айында әлденеше рет овощь егіп
жинауға болады...
-        Соның
істемейтіні бола ма, сірә? - деген Жантасқа, қысқа қайырды жауапты:
-        Болмайды. Ең ақыры кеудеңізге алтын жұлдыз қадайды.
-        Қоя тұрсаңшы,шырағым, оны.
-        Ішіңіз жек көретін шығар. Қарын ас
тілесе, жан мәртебе тілейді. Жантас қырындай бере бір жымың етті,
Жомарт атына мінді. Беті Нұра қолтығындағы құйқалы түбек. Түбектің аумағы қырық-елу гектар. Ауылға жақын
және картоп, бақша егін жайы.
Биылғы егістің тың, ең бай саласы осы. Жомарттың
есебінше, колхоз қассасына жүздеген мың сомдар
кіріс енгізбек. Сондықтан, адам көпшілігі, көлік,
сайман күші осы
түбекке топталған. Жаңа жер, жаңа байлықты меңгергенше асыққан Жомарт, жетуге
шыдамай, түбекті бинокльмен көз
алдына әкелді... Столба шұңқырлары Нұраға жетіп қалыпты. Адамның дені үлкен
арықтың бойында. Кетпендер шапыр-шұпыр
сермеліп жатыр. Бір ғазик көп арасынан
шығып, бері қарай тура тартты.
-        Сатан болар, - деді Жомарт ішінен.
Жолсыз келе жатыр еді, жолыққалы
жолға түсті. Айтқанындай Сатан екен.
Қасында Есжан мен Жанат бар.
-        Жақсы кездестің, - деді Сатан. - Сені
іздеп бара жатыр едік. Ауылға жүр. Ауылға
жетіп, партбюроның бөлмесіне ене бергенде Жанат сыбыр етті Жомартқа:
-        Шыда. Ауданның
екі басшысы бірдей жай келмегенін жаңа сезді Жомарт. "Шыда" деген
сыбыр сабырын кетіріп барады. Есікті ішінен іліп койып, төртеуі оңаша отырды. Әдетінше
тура қарамай, сөзін жай бастады Сатан:
-        Ауыл маңын
көріп шықтық. Аулақтағы егістер қалай? Жомарт қысқа қайырды жауапты:
-        Көңілдегідей.
-        Неше тракторың бар?
-        Он.
-        Бірін кім берді!
-        Істен шыққан ескі екен! Іске жараттық.
-        Жаратқаның жақсы. Бүйте берсең трактордың
бәрі саған келеді. Басқалар қайтеді! МТС директоры
не бітіреді? Жомарт үндемеді.
МТС-тың моңды бастау директорын билеңкіреп бара жатқаны рас еді. Дәл
үстінен түсті. Директордың да өзінше
есебі бар. Бай колхоз, электрлі колхоз
бір жағынан абырой әперсе, екінші жағынан қарайласып та тұрады. Бара-бара соның
ақыры неге соғатынын сезген
Сатан қаттырақ ескертті:
-        МТС мемлекет мүлкі. Саудагер директор
орнынан алынды.
-        Көмектеекені ме, жазығы? - дей беріп еді
Жомарт, Сатан басып тастады:
-        Көмек әлі аз ба? Шошқаңа, кәрі-құртаң
малыңа алтындай асыл тұқымды малдар алдың. Егіннің
бәрін машина істеп жатыр. Электрді тағы берді. Беретін кезін ондай директорсыз-ақ біледі үкімет. Сен сұрамасаң
да, өздері келіп, осында қаншама
өндіріс жұмысшылары істеп жүр. Бұдан
артық қандай көмек керек?!
Жомарт жақ ашқан
жоқ. "Өзім білем, оз күшім жетеді" дегені
албырт жастықтың қызуы екенін, мемлекет көмегі, өзара
социалистік көмек орасан күш екенін жаңа түсінгендей
болды. Сөзін бөліп, оған көз қырын тастаған Сатан
ішінен "түсінді білем" деді де Есжанға қарады. "Ендігісін
сен айт" деген қарас еді бұл. Әр адамның халына қарай мінезі бар
секретарьдың қазіргі ой-құбылысын байқамады Есжан. Алғашқы бетпен қусыра жөнелді:
- Сенікі тұра түрсын, менікі бола берсін дегенге көне алмайды
үкімет. Саған керек трактор
басқаға да керек. Май бидай
директордан дәндеп, енді уставқа қол салғансың. Кім саған право берді?!
- деген кезде Есжан сұқ қолын шошаңдатып орнынан тұрды. - Көрсетші маған, жеке меншік
малды колхоз бақсын деген тармақты? Көрсетші, жекеменшік жойылсын деген заңды?
Әрбір гонрдың, "өзім білемнің" арты осыған соғады. Кім білгенін бүгін
партия талқысында көрерміз... Бұдан әрі Жомарт шыдамады. Сатан сөзі ой салса, Есжан
сөзі егес әкелді.
-        Жолдас председатель,
- деді шытынып, - баяғының қойшысы мен қожасы жоқ мұнда. Еркін ойлап, еркін істеуге
хақым бар. Жеке мүдде көп мүддесіне қайшы келмесе де, қарсы тұр дегенді көрмедім
уставта. Жеке меншікті жоймақ түгіл әзір ойлаған да емеепін.
Дәлелдеңіз.
-        Ақмет! Ақмет мәселесінің ақыры қайда
соғатынын білемісің?
-        Білем. Коммунизмге соғады. Не айтасыз бұған?
Мен жеңіліп қалдым.
-        Ә-ә, Ақмет тілегі көп тілегі демекпісің?
Олай болса, көрсет көптің
қаулысын?!
-        Нөсер алдында нажағай ойнайды. Көп
алдында көсем пікір ойнайды.
Қаулыдан сол пікір маған құндырақ. Тағы да бұзарсыз. Бірақ тағы да түзерміз.
-        Жомарт, Жомарт! Мен не айттым саған? -
деп ымына көнбеген соң орнынан ұшып тұрды Жанат.
-        Сіз шыда дедіңіз. Шыдауға болмайды, ғафу
етіңіз, - деді Жомарт. Жанаттың
не дегені өзіне де естілген жоқ. Ерні
жыбырлап, беті қызарып отыра кетті. Қанын ішіне тартып,
танауы қусырылған Есжан да шиедей қызарды. Енді
Сатанға қарап сөйледі:
-        Значит, сіз бен біз ештеме білмейміз. Бұл
тек жоғарыға бағынады, көсем пікірлерді ғана тыңдайды.
Бізбүгін партия жиналысына өзіміздің мешеу
пікірімізді-ақ салып көреміз де. Сатан
үндемеді. Жомарттың "гоноры, өзім білемі", өзі іске жаратса да
белгіленген молшерден артық трактор алуы, бәрінің үстіне, аудан шеше алмаған
Ақмет мәселесін жеке шешуі қосылып, Есжанның қыңқылын расқа шығарғандай болған
соң, тәртіпке шақырмақ еді. Шынына келгенде, шу көтеретін тәртіпсіздік
көрінбеді. Жас жігіттің ойына, ісіне бойлаған сайын алғырлық, көркемдік
кездесті. Әсіресе, қазіргі керістің үстінде, келешегі бұдан да жарқырай түсті.
Сондай адамның ұсақ-түйегін кешіргісі келсе де, Ақмет мәселесі қатты қинады
Сатанды. Қайту керек, бір іс жасалып қалды? Оны бұзса - түпкі мақсатты бұзғаны.
Бұзбаса - қазіргі мақсатты бұзғаны. "Қарала. Ақтаса жоғарғы жақ
ақтар" деген оңай бітімге ары жібермеді Сатанның. Әуелі жоғарғы жақтың
бетін біліп алғысы келді де, ол сырын құпия ұстап, жігіттердің қызуын баса
сөйледі:
-        Мәселенің
тағы бір анықтайтын жері бар сияқты. Оған дейін ашуларың басылар. Салқын қанмен
отырып талқылармыз. Есжан әлі обед те ішкен жоқ, - деп, аяғын әзілге соққанда,
қысылып отырған Жанат жайнап сала берді:
-        Есекеңді обедке апаралық. Шоп, сүт жағы Жомарттікінен, ет, май, жағы Ақаңдікінен
табылып баға-
ды. Қайсысын
қалайды екен? -    Екеуі бірден болса ғой Есекеңе.
-        Онда біздің қарттікіне баралық. Жанат ертіп шығып кетті бәрін.