ВЕРНУТЬСЯ

-        Жаман айтпай жақсы жоқ. Олжабек екеуміз
аурып қалсақ, не ажал келсе, біздің орнымызға
кімді қоясың, Шәңгерей?
-        Амантай мен Жанбота тұрған жоқ па? Манадан
бері отырғанда екеуінің сөйлескен сөзі осы-ақ. Шәңгерей шығып кетті. Шығанақ түйілген
қабағын әлі жазған жоқ. Анада Ержан,
Төкен болып бәрі бет ашқаннан кейін сөйлемейтін болған. Шәңгерейдің кеткенін де байқамады. Маңдайын ұстап, төмен қарап шұқшиып
отыр. Бір қолымен анда-санда шоқша сақалын қайырып әкеліп, ернімен тістелеп
коядьт. Әлден уақытта белін ұстап керіліп, жоғары қарағанда ғана үй ішінде
өзінен өзге жан жоғын білді. Арт жағында сүйеулі тұрған көне домбыраны алды. Тартып
қалып, бұрап күйін келтірді де, құлаққа жайлы бір қоңыр күйді шерте берді...Күндегі
әдетінше жұмыстан қайтқан ауыл адамдары біртіндеп келіп жатты. Жұлқыса-жұлқыса
Жанбота мен Амантай да жетті. Олжабек пен Кәрібай келді бір кезде, Шығанақ
домбырасын сүйей салып, күліп жіберді. Келемеж күлкі емес, сүйкімді баланың мінезін,
тілін қызықтағандай, жаны жай тапқан күлкі. Олжабек бала сияқты. Шығанақ оған
әке сияқты болып кеткен. Сонау тау ішіндегі тар кезеңде жалғыз қалған Олжабекті
ит-қусқа жем қылмай алып қайтқан мылтықты адам осы Шығанақ. Морт мінез Олжабек
- осы Олжабек. Жамалдан әлі дерек жоқ. Емендей қатты - бір сынғанда екі сынды:
колхозсыз ел таппай колхозға қорғалап, колхоздың адамы саналды. Жаудың таяғынан
ба, Жамал мен жалғыз баланың қайғысынан ба, кім білсін, сөзден, топ-жиыннан
ат-тонын ала қашатын, үндемес берік, момын болып барады. Адалдық, ұстамдылық
мінездері беки түсті. Осы жайдың бәрін білетін Шығанақ, Олжабекке жан
тенгермейді.
Ақылы жетіп тұрса да, ақылдасып, қалжыңдасып отыратын әдеті еді. Тағы да қолға
алды.
-        Олжабек, екеуміз кезеңді жерде кездесіп
едік. Тағы да бір кездескелі тұрмыз,
- дегенде Олжабек ар жағын айтқызбай
зыр қақты:
- Қой, қой, жетті, Шығанақ!
- Ендігің тіпті жеңіл. Қағазға қол қоя
саласың.
- Ойпыр-ай,
енді, қағазға іліктірмекпісің! - деп Олжабектің
көзі бақырайғанда, бәрі ду күлді. Күлкі
басылған соң, Шығанақ сөзінің салмағы Кәрібайға
ауды. Кәрібай парторғ, әрі мұғалім. Осы ауыл-
дың алдын болжап, жоғын жоқтап отыратын ақылшы адам. Шығанақ
оған тек бала оқытушы деп қана қарамайды. Жаңа заманның ой-қырын, оң-солын
көбінесе содан сұрап, қанып отырады. Ержанның бетін көрген соң: осы менін өз бетім
дұрыс па? - деген ойғз да келген еді. Шығанақ қазір сол ойын тексергелі отыр.
-        Мен
талпынғалы қай заман, - деді Кәрібайға: Ойына алыста қалған бұлдыр күндер
елестеп кеткен сияқты. - Талабым бір жанбайды. Қостаушым кем бе, қолдаушым
жоқ па? Әлде өзімнен бе кінә? Көзің ашық,көңілің
адал, көлденең адам едің, бетіме айтшы! Жайдың
бәрі таныс Кәрібай, Шығанаққа сабыр сала
сөйледі:
-        Сабыр етіңіз. Жеткенше сол боп жатқан
шығар.
-        Е-е-е! Сабырменен сақал, шашты ағарттық
кой. Осы менің жолым дұрыс па?
Соны айтып берші. Коммунист едің.
-        Ол не дегеніңіз. Еңбек өнімін
арттырамын, колхозды ауқатты,
мәдениетті тұрмысқа жеткізем деген теріс болушы
ма еді?
-        Ендеше, Шығанақ 60-ты қусырып тастады.
Ендігі шыдамдылық - ездік-тағы. Бес үл, үш қызым
бар. Көзімлі жоғалса да, тірі
жоғалса да нәсілім жоғалмайды. Қатты кеткелі
отырмын. Тән көмілсе - тәңір ісі, ой көмілсе - адам
ісі. Ауданның аузы кисық келді. Облысқа жүрем, қалай
қарайсың? ә
-        Колхоз жіберсе, оның ешбір айып шамы жоқ.
-        Ондық еркім болмаса колхоздың керегі не
маған? Қағаз жасап бер жалғыз-ақ. Мені костайтының - сол қағазға қол қой. Бұл
сөз Қабышқа ауыр тигені сонша, - ер батқан аттай кіржің-кіржің етті. Шығанақпен
әзілі келіскен құрбы болса да, өрелі іске келгенде ол ел бетін бақылайтын.
Бірақ, оның елі - басшылар. Ержанның, Төкеннің, колхоз бастығы Шәңгерейдің
ыңғайын көрген соң, қағазға кол қоюға батпады. Шығанақтан тағы да аса алмай отыр. Мұндайда қолданатын екі әдісі бар: не жылға қуалап
жылжып кетеді,не таразының басқан
жағына шығады. Әзірге таразының қай
басы басары мәлімсіз. Қабыш жылжытпалай бастады.
-        Қағаз жасау қиын емес. Әуелі Шәңгереймен келіссеңші, - дей бергенде Амантай киіп
кетті:
-        Созбүйданы соз, Қабеке!
-        Қап, үзіп жібердің ғой! - деді Жанбота.
Қабышты екеуі біраз созғыламақ
еді, Шығанақ оған келтірмеді.
-        Кәрібай, қағазыңды жаз. "Сүйреп
қосқан тазы түлкі алмайды".
Қорыққаның Қабышқа қосыл, қорықпағаның маған
қосыл. Кәрібай жазуға кірісті. Өзгесі оны айнала көршағанда Қабыш пен Олжабек қана
окшау қалған еді. Олжабек те қосылып кеткен соң Қабыш амалсыз қосылды. Жабырласып
жатыр:
-        Жаз! Қатырып жаз!
-        Ауданның өзін түйрей жаз!
-        Азар болса көшке берген тайын алар. Шығанақ
өз ойымен болып отыр: "Көк Ойылды қоныс еткен көп жатақ, ауызың мүлде
кепкен бе? Көптен бергі арманға артель жеткізер, артелыс енгенде асығым алшы-
сынан түсті ме деп едім, әлі де асулар жатыр ғой алдымда..."
II
Екі аяқты
арбаның төріне қатар отырған Шығанақ пен Олжабек
Ойыл өзенін өрлеп келеді. Өзенді жағалаған құм жол
екі айрылып, бірі - сол жақтағы
аудан орталығы - Көкжарға бұрылғанда, екіншісі
- оң жақтағы Барқынды жұлықтай
тартты. Делбе Шығанақтың өз қолында еді, оңға бұрылды.
Өзгерген ойын айтқан жоқ. Қалаға алаңдап қиқаңдаған
тортөбелді қамшымен тартып қалғанда, қалғып отырған Олжабек шалқасынан түсе
жаздады. Көзін ашып алып жан-жаққа
қарады.
-        Теріс кеттік.
-        Соқпай-ақ қояйық.
-        Райкомға кірем, - деп едің ғой.
-        Райком Ержанды білмейді деймісің. Құланиек таң, Барқынның сүйір құмдарынан
аса қарап,
батысқа қарай
ығысқан түн қалдығын ысыра түсті. Себелеп тұрған
салқын леп бір лып етті де, тына қалды. Тып-тыныш, маужыраған дүниеде құм жолды
тіліп бара жатқан екі дөңгелектің ызыңы
ғана естіледі. Басқаның бәрі тұнып Тек, сырты тыныш Шығанақтың іші
дөңгелекке үн қосады.
Оның ойы да осы кең далада құм кешкен арбадай, өрде аяңдап, ылдида желіп, ішкі
дүниенің ұшығына жете алмай келеді. Көкжиектен
күн шашырап, сағым сәулеттене бастаған
кезде, Шығанақ Мұхиттың "Айдайына" басты. Селт етіп оянып кеткен
Олжабек өкінішпен көзін қайта
жұмды. Жап-жаңа шұрқырасып табысқан Жамалы сағымша
сылаңдап, алыстан ғана көрінді енді. Көруге бар, құшуға жоқ, әдемі елеске елітіп Олжабек
көп отырды... Ой басқан Шығанақты Мұхит сергітсе, елеске ерген Олжабекті жақсы
жора сергітті. Екеуі әңгімеге жаңа ғана келді.
-        Жамалмен
өңімдегідей кездесіп, Сағынтайымды мандайынан сипап тұр едім... Сенің дауысыңмен оянып кеттім.
-        Аман-есен табысады екенсіңдер.
Таңертеңгі түске сене бер.
-        Айтқаның келсін.
-        Мен түсті ояу отырып көрдім. Қара
машинаны Ойыл жағасына орнатып
қойып құмп-құмп  іскенімде,қайсар
жер көпіршігі шыға келді.
-        Сен осы машинаға қайдан үйір болдың?
-        Дүниені мен де кезгемін біраз, - деді
Шығанақ тортөбелге шыбыртқысын
үйіріп қойып. - Өзіңмен
кездесетін тар
кезеңге кезіп жүріп барғанмын. Сенің мұнда келуіңе
мен себепкер болсам, менің іле айтуыма машина себепкер
болған. Машинаны сол сапарда көргенмін. Оның өзі
онша үлкен нәрсе көрінбейді, ел босқа қорқады. Бірақ тым шымыр, тым шапшаң. "Ойыл
жағасына орнатсам" деген
арман бастан кетпейді.
-        Иә, иә, жол бойы айтып қоймап едің.
-        Енді соны
алып қайтсақ тымақты алшысынан киеміз, - деп Шығанақтың көңілі алдағы үмітпен
көтеріле түскенде, Олжабек те өз ойын білдіріп күңк етті.
-        Бас арманы болмаса, мал арманын койшы! Бұл сөздің астында не жатқаны Олжабекке
қандай ай-
Қын болса,
Шығанаққа да сондай айқын еді. Екеуінің де ойына
Жамал, Сағынтай, тар кезең елестеді...
"...Мөлдір
көзі жаудырап, жібек мінез Жамал қашқындардың
қолында кетті. Кіршіксіз таза арна, аш қасқырдай сұғынған
адамдар жара салмай қояр ма? Шыдар ма соған Жамал?
Әлде, періштедей таза жан арам удың зәрінен жан берді
ме, біржола? Апалаған нәрссте қай көденің түбінде қалды
екен, шырылдап!.. Әлде... Әлде... әбден күдер үзген соң..." Олжабектің ойы осыған дейін келді де тұрып
қалды. Одан әрі беттер емес. Іші оттай жанып кеткен сияқты. Қызғаныш пен аяныш
екі жақтап қысқан адал жан, бір
тыныс іздегендей ауыр күрсініп Шығанаққа қарады.
-        Жол
кысқарсын бір әңгіме айтшы.
-        Кезгенді айтайын ба, төзгенді айтайын
ба?
-        Бәрекелді! Екеуін де айт. Сынған көңілге
сеп болар ма екен.
Шығанақ әңгімені
тым әріден бастады:
-        Мен 1881 жылы туыппын, - деді де өткен
өмірдің жүйесін іздеп аз
мүдіріп қалды. - Есімді жия бастағанда біздің
үйде жеті жан бар еді: әкем, шешем, әкемнің әке-шешесі мен менің інілерім -
Таңатар, Түнқатар. Кедейақпыз. Оның үстіне әкем бір кіндіктен жалғыз. Бала жас, мал табуға ұзап кете алмайды. Мен он
жасымда әкеме көмекші болдым. Әлі
есімде, әкем бір жақтан келді де:
-        Азық әзірле! - деді шешеме. Шешем
үндемейтін кісі еді. Сол күні бір
дорба тарыны қайнатып, қуырып таүлгірді.
Ертеңіне түске жеткізбей түйіп, ақтап болды. Екінші күні таңертең
әкем атта, мен азық-сайман артқан түйенің үстінде келе жатырмыз. Осы сапар
өзгеше бір қызық боп көрініп, түн бойы ұйықтамай шыққан едім. Сөйтсем, азап
екен: түйе тербетіп "ұйықта" дейді. Жыртық бешпеттен кеулеген өкпек
жел ұйықтамақ түгіл ояу да отырғызбайды.
-        Тоңдым, - дедім әкеме. Әкем сырт киімін
шешіп бергенде қамзолының жыртығынан иығы шығып
тұрды.
-        Қайтсін бейшара, аяп кетті ғой баласын!
- деп үндемей отырған Олжабек тағы да бір
күрсініп қойды.Шығанақ әңгімесін соза берді.
-        Кешке жақын
егіншілерге жеттік. Бізде баспана жоқ. Басқаның не косы, не үйі бар. Ершабар
деген кісінің үйіне паналадық. Біреу жыртып, біреу сеуіп, елдің бәрі тырбанып
жатқан кезі. Менің әкем, қолында шапашот, бір ағашты тықылдатып шабады да
отырады.
-        Бұл не? - деймін әкеме.
-        Соқа, - дейді әкем. Ағаштың басына темір
кигізіп, шегелеген соң, - соқа
дайын болды, балам, - деді. Осы соқамен егінге шықтық. Егіннің де, соқаның
да, әкемнің де сырын білмеймін. Үшеуі де маған ғаламат болып көрінеді. Сол
ғаламаттың қызығымен сондарынан ере бердім. Әкем бірде қатал, бірде мейірбан.
Қаталдығы да, мейірбандығы да мен күтпеген жерден кездесіп отырады. Шабан көкті
делбелеп жеккенде "құтылдым ба" деп едім. Егін басына келген соң мені
көк шолаққа көтеріп мінгізді де:
-Анау шиге қарай
тура тарт! - деді. Жалғыз тіс, көк шолақ жалғанды жапырып келе жатқан сияқты.
Қызығын көруге артыма жалт қарағанымда, әкем ақырып қойды.
-        Алдыңа қара!
Алдыма қарап тарта бердім. Қызықтың бәрі артымда. Әкем бір уақытта тағы да
айғайлады.
-        Қайт! Қайта
оралғанымда, әкем жылы жүзбен қарап тұр екен маған. Жылы жүз, алғашқы тартылған борозда көңілімді көтеріп жіберді.
-        Мен ұстайыншы соқаны, - дедім.
-        Ұстарсың, балам, ұстарсың, - деді әкем,
бірақ ұстатпады. - Тілім тасқа тисін, алғашқы
тартқан бороздамоқтай түзу шықты. Бетің
дұрыс екен, балам, - деп маңдайымнан сүйді. Сөзінен куаныш, өңінен аяныш
көрінеді. Сүйгенде, көңілі бұзылып,
аузы кемсеңдеп кетті. Енді ойласам,
өз өміріне налып, менің өміріммен жұбанған сияқты.
-        Міне, менің диқаншылығым осылай
басталды. Егінді қанша ұқсатып салсаң
да, аспаннан тамбаса еңбегің еш. Ол күндерде суарып салуды білмейді.
Сендерді әлі күнге аспан асырайды. Сарыарқаның
қасиеті осы ғой. Біздің жақтың
аспаны жерінен де құрғақ. Еңбек жаңар жер іздеп дүниені
біраз шарладым  онысын... Оқаптардан шоқалақтап келе жатқан қосаяқ
арба тыр-тыр еткенде, тортөбел тұра қалды. Әңгіме де бөлінді. Шығанақ пен
Олжабек атып түсіп, арбаның екі жағына шықты. Ондай ештеме көрінбейді. Арбаның жәшігі кейін ығысып, қалпақ темір дөңгелекті басып қалған
екен.
-        Әй, осы жақтың жолы-ай! - деді Олжабек.
- Жол емес. Кейіп тұрған Олжабекке
Шығанақ сылқ-сылқ күлді.
-        Е-е, саған
арқасыз жер, Жамалсыз әйел ұнар деймісің.
-        Шынында әйелдерің де тым күйкі.
-        Сыртын айтқанша, ішін айт. Жанботалар
жанып тұрған от емес пе, шіркін.
-        Оның рас, - деп күмілжіп қалды Олжабек.
-        Алар ма едің, тисе?
-        Қой, бір жерге жығып кетер. Жәшікті
орнына қайта келтіріп, қайыс шылбырмең таңып алды да, екеуі жүріп кетті.
-        Онда, он
бес-жиырма арасындағы кезім, - деп бастады Шығанақ ендігі әңгімесін. - Егіннен
еңбек еш бола берген соң Гурьевке тарттым. Екі жүз жиырма шақырым жер елсіз.
Терлікбай екеуіміз жаяу. Сағыз бойындағы ел қасқыр
дегенде ішкен асын жерге қойып отырған. Айтқанындай үш қасқыр солбаң етіп
алдымыздан шыға келді.
-        Таянбайды-ау, - деді Терлікбай. Күлдіргі
жігіт еді, таяғын мылтық қылып
кезеп-кезеп қояды. Қасқырлар одан сескенбек
тұрсын, тақала түсті. Ақырып ұмтылсақ ожырайып
бетімізге қарайды, ұлиды.
-        Оһ, антұрғандар, үйір шақырады ғой! -
деді Олжабек әңгіменің осы арасына келгенде.
-        Иә, үйір шақырған екен. Ұли-ұли қасқыр сегіз болды.
-        Ал, енді шабады.
-        Шаба қойған жоқ. Біресе мына жағымызға,
біресе мына жағымызға шығып, қарды бората
береді.
-        Сол шабар алдындағы айбаты.
-        Біз де айбат көрсетіп, бастырып кеп
бердік. Біреуі бұлаңдап алдымызға түсе
жөнелгенде, екеуі артымызды айналды.
Өзгесі тамашалап қарап тұр. Күн батып кеткен. Қасқырлар
жүргізбеуге айналды.
-        От неге жақпайсыңдар?
-        От қайда, отын қайда? Бірі де жоқ бізде.
Сөйтіп алпарысып келе жатқанымызда Терлікбайдың
етегіненкеліп алды біреуі.
Таяқпен жіберіп қалдым. Терлікбайдың етегі
қасқырдың аузында кетті. Енді састық. Бір қара көрінеді.
Содан жанымыз қала ма дейміз. Сөйтсек ол жол аузындағы
мола екен. Мола да болса қорғады. Қасқырлар қуып
тықса да, молаға енбей тұрып қалды. Сілеміз құрып, келісімен жатып қалдық. Таңертең
абайласақ моламыз бір керемет. Көлемі алты қанат үйдей, үй бейнелес кірпіш күмбез.
Дол ортада нән қабір жатыр. Қабір шәйі шымылдықпен қоршалған, ашуға батпай
айнала сығалап біраз жүрдік. Төр алдында ақ киіз, оның үстінен кілемдер жайып
тастапты. Самауыр, шай жабдықтарына дейін бар. Тот баспаған ақ семсер, қаны жуусыз,
дүзі жоғары қарап ілулі тұр. Оның қасында желекті көк найза, бір дәу дойыр
ілулі тұр... Жапан даладағы салтанатты жалғыз қабірді тамаша-көп тұрдық.
"Жазатайым мерт кеткен біреудің жалғыла ма? Жауымен жағаласқан бір елдің ері ме екен?
Неге  бұл
өлім?.." деген ойлар келеді. Сол ойдың шешуін
таппай дағдарған бізді бір нәрсе тағы шатастыра түсті. Қабірдің екі басында жыландай асылып
екі бұрым жатыр- қап-қара, жарым құлаш қолаң шаш үш тілдеп өрілген де, дәл түбінен кесілгса Осы
кесіндісі, осы жатысы ғана жалын жүректі, сұлу сымбатты жардың жарық сәулесін түсіріп тұр. "Неге кеекен?
Неге жатыр? Қабір иесі езі
ме, әлде жанына балаған жары ма?" дейміз. Нан іздеген
екі жас,
ішпей-жемей болдық мас...
-Ойпырай, тамаша
екен! - деп Олжабек ырғалып қойып
көтеріліп отырды. Оның ұшығына жеткенше асы-
ғып отырғанын
сезген Шығанақ, қасақана зарықтырғысы келді
ме, әлде әңгіменің бір орі кездесті ме, бөгеліп қалды. Олжабектің үлкен көзі
жалтаңдаған сайын Шығанақтың ерні жымырая береді.
-        Енді қашан? - деді шыдай алмай Олжабек.
-        Нан іздеген екі жас, ішпей-жемей болдық
мас. Айықсын солар.
-        Ту! - деп Олжабек қолын сілтеп
тастағанда ғана Шығанақ әңгімесіне
кірісті.
-        Айтайын, айтайын! Ашуланба, аға баласы! Жұмбақ қабірдің жайын ол арада білмегенмен,
кейін естідім... Кіші жүзді білген ел, алдымен Адайды біледі. "Танысаң
адайыңмын, танымасаң құдайыңмын", - дейтін адайлар. Бай ұлының он екісінің
ішінде анайы емес, әкесі белгісіз, олжа бала деседі. Біреу қүндақтапты да,
қызыл-шақа күйінде жолға тастап кетіпті. Кіші жүзден тарағанның көбі де, ері де
сол. Адай.
Рас-өтіріктігін кім білсін, өзара
қалжыңда Адай ұрпақтарының оқыс мінездері көп айтылады.
Әлім руының бір үйіне бір Адай кіріп келсе, жаңа
бұзаулаған сиыр тұр екен. Шошып кетіп, дойырын көтеріп
алыпты да:
-        Әй, мынау итің қаба ма?- депті жаңағы
Адай. Шығанақ осыны айтқанда, көп күлмейтін Олжабектің қатты күлгені сонша,
арбадан ауып түсіп қала жаздады.
-        Мынау, мал көрген неме ме, жаным-ау! -
деп күледі.
-        Мал көргенде қандай! Шіріген бай, - деді
Шығанақ. - Бірақ сиыр ұстамайды екен ертеде. Кешпелі
жауынгер ел
бопты. Патша отрядымен де, іргелес отырған түрікпендермен
де талай шабысқан. Сол шабыстың бірінде оттай
жанған жас жігіт аты жығылып, жау қолына түседі Құтқаруға
ешкімнің күші де, айласы да жетпей дағдарып тұрған
кезде, көк бестіге ер салып, көк сүңгіні қолға алып бір қыз жау соңынан жалғыз шауыпты. Дәл
әлгі мола тұрған белесте масайрап
жатқан жауға түнде жетеді
Жетісімен:
-        Ояу ма едің қара жау! - депті анадай тұрып.
- Көтібардай күшім жоқ, Махамбеттей
жүрекпен келдім. Еролжаға
сыйған ба, мә керек болса мені ал. Мақпал қара шашым
бар, әрбір талы бір-бір мал. Қарақаттай кәзім бар, қарашығынан от лаулар. Сөзім шекер, тілім
бал, лебізімнен алған нәр. Жүзімді
айтсам, жаңа атқан таңдай. Сымбатымда мін жоқ, бір туған нардай. Мінезім керек
болса, түнергенде түнмін, күлгенде күнмін. Ел
намысына, ер намысына бәрін бердім. Жалғыз ғана жүрегімді алып қалам.
Жеңген жау асыл
сөзді, ару қызды ұқпай, ожар күшпен лап
береді. Қыз мінген көк бесті Мұзбүйрек деген жүйрік екен, ұзақты күн шапқанда бір ғана бүйрегі
жібіпті деседі. Біріне шалдырмай шығып кетіпті.
Жете алмай жау қайтқан соң, таң ата қайта оралып, қыз тағы
да сөйлеседі:
-        Айтқаным
айтқан, есің болса - ел болмайтын ерді алма. Жат үшін жаралған кызды ал! -дейді. Сұлудың жүзін жаңа ғана көрген жау осыған көне қалыпты.
Жігітті байлаудан босатады. Окшау тұрған қызға жігіт жалғыз келіп:
-        Әттең,
дүнис-ай, семсер асынғанша, мылтық, найза асынбай! - дегенде.
-        Еркек болсаң ол да бар. Ізімнен адаспа. Ұзамай
табасың, - депті қыз.
Жігіт көк
бестіге мінігі, кеткелі тұрғанда қызға бір-ақ нәрсені
ескертіпті.
-        Шонжар Қарадан сескенем.
-        Мен, қорқақ жүректен сескенем. Менің
жауымды сен жеңсең, сенің,
жауыңды мен жеңер ем.
-        Тұрдым осыған, - деп жігіт қол алысыпты
да жүріп кетіпті. Тапжылмай
тұрып қалған қызға, жуықтап ешқайсысы келе алмапты. Әлден уақытта, басқан жері
майысып, қызға қарай Шонжар Қараның езі жүреді. Бура сынды шіркін әнін
жылытпай, тіл қатпай келіп қыз белінен семсерді қолымен алады. Қыз сонда күліпті.
-        Тал бойымнан таңдағаның осы ма?
- Ала берем осылай!
-        Ендеше, атап ал дер едім?
--Сенбеймін семсерге,
сонсоң алдым.
-        Онда әуелі жүрегімді ал Күш жеңбеген батыр жау сөзден жеңіліп,
семсерді қызға қайта береді. Бір
күңк етіп, құшағын жайып жібереді де" -Әкел жүректі! - дейді. Жайылған
құшаққа қыз барып ене койған жоқ.
Енбеймін де деген жоқ. Алпамсадай антұрған ашуланса бүлдірер деді ме, емексіте
сөйледі.
- Семсер алудан жүректі алу қиынырақ.
Сабыр, батыр, сабыр.
- Маған бәрінен де сабыр қиын қазір. Келер
болсаң дереу кел, жайылған құшақ жиылмай!
-        Қазір алсаң міне семсер, жарып ал. Сабыр
қылсаң, әлі де айтар сөзім бар?
-        Айтшы, бол!
-        Атам қазақ әдеті - ел көзінше ер құшағына
қыз кірмейді.
-        А? Жүр ендеше тасаға, жүр? - деп тарта жөнеліпті Шонжар Қара. Екеуі аулаққа ойпатқа кетіп
барады.Олар кетісімен көк белден шаң бұрқ ете түсті. Әбігер болған
жау ат, қаруын ала батырға шабады. Келсе батыры жайрап қапты. Қыз қолындағы көк
семсерден қан тамшылап тұр. Ызалы жаудың бірі сөзге де келместен, дәл жүректен
қызды түйрепті. Жығылған қыздың тұлымын бірі кесіп әкетті. Батыры өліп, сағы
сынған жау одан әрі сабыр таппай қаша берді. Көк найзаны төсей, көкбестімен
зулатып жігіт жеткенде қыздың жаны әлі кеудесінде болса сол қалпында жігітті құшақтап
жатып жан беріпті. Міне, біз көрген там, осы Адай қыздың тамы. Оны салдырған
өзінің сүйгені. Көкбесті астына, көк найза қолына тиген соң жауын да жеңіпті,
жарына да ескерткіш қалдырыпты, - деп Шығанақ әңгімесін аяқтады. "Жамалымның
өлігі табылса, барлық еңбек күнімді берсем де, мен де бір ескерткіш
орнатам..." деген ойда келе жатты Олжабек.
III
Жусанды далада
ойқы-шойқы ауыл отыр. Бір шеті мен бір
шеті атшаптырым. Екі үйінің арасынан ел көшіп өтеді. Бұрым қос, ши туырлықты киіз үй, құм басқан
кірпіш үй
-        бәрі араласып кеткен. Киіз үй, құрым
костар бұрынғыдай алысқа көшпесе де, айнала жылжуын әлі қоймапты Олар бір шеттен бір шетке жылжыған кезде,
өзі сирек ауыл тіссіз ауыздай опырыла қалады.
Бұл ауылдың сиқы
өзгерумен қабат, аты да өзгерген. Колхоз деп аталады. Шынында колхозға,
ауылға ұқсайтыны да, ұқсамайтыны да көп. Елдің ауыл қалпынан колхоз қалпына
келіп жатқан кезі ғой. Бір көш қуантады, екінші көш ренжітеді. Қуансаң - қызыл
езу даңғой, ренжісең - кертартпа, қырсық атанасың. Үндемесең - ішінде үйдей пәле
жатыр деп тағы күдіктенеді. Ел мінезі осылай. Есіргенді де, өкінгенді де,
үндеместі де жаратпайды. Қуаныш, қайғыға бірдей төзімділік, ашық ой, қажымас қайрат
- ел ардақтысы.
Осы елдің бір жерінен шыққан Шығанақ дәл осы колхозға келгенде
күнді батырды. "Қонақ
таңдап қонады".
Шығанақ таңдап
келеді. Еңсесі көтеріңкі бір үйге жеткенде тұра
қалады.
-        Берген бар ма? Бергенді көрген бар ма? -
деді дауыстап. Сиыр сауып жатқан жас әйел аузын аңқита қарады да, үндеген жоқ. Шығанақ екінші үйге келгенде сол сөзді
тағы да айтты. Есік алдында қамыт жамап отырған шақшадай шал:
-        Не іздеп жүр, осы? - деп бір шықылық
етті де басылды. Шығанақтың не іздегенін басқалар түгіл қасындағы Олжабек те
түсінбеген екен. Ат
басын бұрарда:
-        Қонуға осы үй дұрыс, - деп күңк етіп
еді.
-        Тарта бер! - деді Шығанақ. Қарақердің
аяң жорғасымен келіп түсе қалған көселеу жігіт, осылай беттеген Шығанақтарды
күткендей, үйіне енбей тұр. Ауыл
қыдырған екі аяқ арбаның бір өзгешелігін
сезіп тұрған
сияқты. Шығанақтар бері бұрылғанда, сыртта тұрып үй ішіне хабарлады:
-        Қонақ келеді.
Шығанақ келген
жерден-ақ белгілі сөзін айтты:
-        О, шырақ, берген бар ма, бұл маңда?
Бергенді
көрген бар ма?
-        Берген де бар, бергенді көрген де бар.
Қош келдіңіз,
-        деп аттың шаужайына оралды жігіт.
Шығанақ сонда ғана арбадан түсті. Жұпыны
ғана үй екен. Үш көрпенің екеуі қонақ астында, үш жастық екеуі қонақ
шынтағында. Ерлі-байлы екі адам бірі оны, бірі мұны істеп, екеуі де қонақ жабдығында
жүр... Амандықтан кеиін тым-тырыс отырып қалған қонақтар яй отырған жоқ, іштей
бәрін байқап отыр. Үй адамдары нағанмен. үй іші сұйықтау. Қонақасының қалай
келері беттісіз. Кереге басында тұздаулы жалғыз ғана төстік, белдеуде әлі күнге
дейін ағытылмаған торы құлын тұр.
Құлын тым кесек.
Төстік тым ұсақ. Басқа ештеңе
көрінбейді. Шығанақ торыққандай, сүйеулі домбыраны алып шерткенде,
Олжабектің көзі ілулі тұрған дырау дойырға түсті. Топшысық алақанын
қорғасындап, сабын шандып тастаған жуан дойыр, бір заманның мықты қаруы болса
да, қазір көрмеге қалған. Ешкш ұстамаған соң, өрімдерін көк шалып, сабы
керегеде, тұмсығы жер иіскеп жатыр.
-        Мынау ат ұрғыш па? - деді Олжабек
таңданып. Өз елінде ол болмайтын.
-        Жоқ, кісі ұрғыш! - деді Шығанақ. -
Осымен бір тартайын, мықты болсаң жығылмай кет.
-        Қой, қой. Түрі бұзық екен. Осындай бұралқы
әңгімемен отырғанда дастарқан жайылды. Алқынып ақ самаурын, жалаулап қара таба
келді. Қаймақ құйған қою шайды, майға илеген талқанмен сіміре бастады қонақтар.
Басқа ел арақ, қымыз, сыра ішкенде жадыраса, бұл ел шай ішкенде жадырайды. Жол
соғып келген Шығанақ, шай ішіне барған соң ғана үй иесін жоқтады. Шай құйып
отырған қара торы әйел:
-        Келеді. Іше беріңіздер, - дегенде, тор құлынды
ноқтасынан жетелеп жер ошақ маңына барған үй иесін көріп қалды Шығанақ.
-        Шақырыңызшы.
-        Келеді. Келеді ғой.
-        Жоқ, шақырыңызшы.
Әйел орнынан
амалсыз тұрды. Үй иесі келсе де отырған жоқ. Түрегеліп тұрып:
-        Айыпқа бұйырмаңыздар. Мен бір жұмыс
жасағалы жатырмын, - деді де шығуға бой ұрды.
-        Тоқташы, шырағым! - деді Шығанақ. Жігіт тұра
қалды.
-        Атың кім?
-        Қали.
-        Азғана отыршы қасыма келіп.  Қали қасына келіп отырған соң, Шығанақ
мәтелдей жөнелді.
- "Қаз
орғанына семіррді. Қарақұс тойғанына семіреді". Біз қара құс емеепіз.
"Асқанды айтпа, сасқан-
ды айт".
"Етті айтпа, ниетті айт" деген. Бәрі де болды. Енді орныңнан қозғалма.
-        Оның бәрі конақ ырзалығы. Маған арнап
бірдеме айтпасаңыз тоқталмаймын.
-        Сенің іздегенің қонақ ырзальғы емее пе?
Өзің жегін келсе, қарагер биені қоса сой.
-        Ол не? - деп елең ете түсті Олжабек.
Бәрі күліп жіберді. Күлкі Олжабекті одан ары таңдандырды.
-        Бұл арқа жақтікі еді, - деді Шығанақ. -
Олардың салтында қонаққа соятын малды әкеліп бата сұрайтын көрінеді. Сен
бата сұрамаған соң, торы кұлынның сойылғалы жатқанын сезген жоқ.
-        А, солай
ма! - деп Олжабек жаңа ғана түсінді. Торы құлынды соя алмай, басқа ештеңе таба
алмай,
ер көңіл Қали ойын әр жаққа жүгіртті. Енді жайын айта бастады...
-        ...Колхозға
биыл ғана ендім. Төрт-бес қараны ортаға беріп, әрі мінгіш, әрі сусын болар
деген оймен, қарагер биені меншігіме алып қалған едім. Оның құлынын сойғызбадыңыз.
Қонақасы сұйықтау болды. Колхозымыз да жаңа колхоз. Жаңа қоныс боп жатқан кезі
ғой елдің. Айыпқа бұйырмаңыз, отағасы. Жоғары көңілге, қысқа қол жете алмай тұр...
Айтпаса да Қалиға Шығанақ риза еді. Риза емес кісідей, үнсіз отырып қалды. Бұл
мінезді бұрын сезген Қалидың әйелі Шығанаққа шайды баса құйып:
-        Ішіңіз, ата. ішіңіз, - дей береді.
Шығанаққа бір қараса, күйеуіне екі қарап, әйел қызара түсті. Шығанақ та мұны
сезіп, алысқа кеткен ойын қайырып алды. Үлкен орамалымен бетінің терін сүртіп
тастаған соң:
-        Қонақ таңдап қонады, - деді, - бірақ
қазақтың қай үйіне барсаң да
тостағандай қарын тояды. Көлдей көңіл тола бермейді. Мен көңіл тойымын іздегем.
Рақмет, шырақтарым, көңілім көрген жерде тойған. Сенің бір сөзің ой қозғап,
бірқатар жерге барып қайттым.
-        Қай сөзім? - деді Қали.
-        "Жоғары көңілге, қысқа қол жете
алмай тұр" дедің
ғой. Мен де
соған жете алмай жүргеннің бірімін. Қайтсек
жетеді?
-        Сол шіркін жеткізбес, сірә.
-        Жоқ, жеткізеді. Мынау жеткізеді! - деп
Шығанақ майға илеген тары талқанды сұқ қолымен көрсетті.
-        Осының өзі жеткізбей келеді ғой.
- Дұрыс
айтасың. Әкем Берсе сақал, шашы ағарған-ды.  Өзім он жасымнан бері куып келемін. Құйрығын
Шана шалдырады.
Талай отырғызып кеткен уақыттары да болды. Онымен адастырған жоқ. Қайда барар
дейсің бұл шіркін. Осы сапарда бір жүйрік мініп қайтсам, тары құтылмас менен.
- Оныңыз қандай жүйрік, - деген сұрауына
Шығанақ машина жайында ұзақ әңгіме айтты. Табадағы шоқ
үш рет жаңартылды.
Самауыр екі рет еселенді. Шай әлденеше рет салынып жатыр. Әңгіме сонда да
біткен жоқ. Терлеп алған шайқұмарлар сөзден шаршар емес. Олжабек атын әлдеқашан
доғарып келіп, жантайып жатыр.
-        Машина, машина дегенмен, ол бәрін
бітірмейді, - деді, бір уақытта Шығанақ. - Машина тек су тарту үшін керек.
Сусыз егін жоқ. Бірақ су да өздігімен жарылқамайды. Тарының дәні қандай көп
болса, бабы да сондай көп. Бабын тапсаң - бермегенді береді. Сонда "жоғары
көңілге қысқа қол да" жетеді.
Қали аз сөйлеп,
Шығанақты көп тыңдады. Тыңдаған сайын құлақ құрышы қанып, үлкен мұрын қара шал
оған түпсіз терең көрінді. Тыста, алғашқы кездескенде, сөзіне қарап, ескі
сөзді, ескі әңгімешіл адам болар десе, енді ескі мен жаңаға бірдей, өз ойы, өз
жолы бар, сирек кездесетін қарт екен, - деді. Ол қарттың, қарт мұның аты-жөнін,
егжей-тегжейін әлі сұрасқан жоқ. Бірін-бірі жүрекпен танып, ұзақ әңгімеге кіріп
еді.
Қали енді ғана:
-        "Мыңның түсін білгенше, бірдің атын
біл" деп еді. Атыңыз қалай, отағасы? - деді.
-        Әкем аты Берсе. Өз атым Шығанақ. "Аты
шықпаған кісі ме? Мен естімедім бе?.." деп ойланып қалды Қали.
-        Қай русыз?
-        Ақ кетеміз.
-        Оның қайсысы?
-        Жұлдыз боламыз. Жұлдыз болғанда Ойыл
бойындағы жатақпыз.
-        Ағайын боп шықтыңыз ғой тіпті! - деп
Қалидың кезі күлімдеп кетті. Бірақ ағайынын әлі біліп болған жоқ. Екеуі де Жұлдыз
болғанда бес-алты атадан қосылады. Қоныстарының арасы күндікке жетпейтін жер.
Қали Шығанақтың ар жағында күндік жердегі адамдарды, Шығанақ Қалидың, ар
жағындағы күндік жердегі адамдарды біліп отыр. Бірін-бірі білмейді. Шығанақ сонсоң,
өзін-өзі міней қалжыңдады:
-        Ертеде бір ауылдың тұсынан өтіп бара
жатсам, бір жігіт бір ақсақалды сыбап жатыр: "Алпысқа келгенше алты шақырымға
атың шықпаған көк төбет", деп боқтайды әлгі антұрған. Сол сияқты мені де
боқташы, Қали, - деп сылқ-сылқ күледі. Әңгіме осымен аяқталғандай болды.
Дастарқан жиылған соң Қали домбырасын алып шертті. Айтуға тіл жетпейді, жүрек
қана сезетін бір күй, жанды шығанға алып шығып барады. Алдында алып дала,
тебіренбестен ұйықтап жатыр. Асау бұлақ бауырында ойнап, асқар тауы аспанмен
сөйлесіп тұр. Жер бетін желпіген самал леп, әлдене деп сыбырлайды. Тыныш жатқан
айдын көл ақырын ғана жыбырласа, меңіреу орман бас изеп мақұлдайды. Өлі жерден
өзгенің бәрі бірдемс сезгендей, күткендей елең етіп, тың тыңдап тұрған шақға,
әлдеқайдан еміс-еміс үн келеді. Көз ұшында ноқаттай қара көрінеді. Сол үнмен
ноқатқа қадалған жан алуан-алуан күйге түсті. Сүтке тойған сәбидей, уілдейді де
күледі. Ботасы өлген іңгендей, боздайды да жылайды. Қырандай қалықтап көкке де
шығады. Қияндағыны көріп, төмен де құйылады. Біресе қалың орманға сүңгіп кетіп,
бұлбұлменен үн қосады. Біресе, қара бұлтты отқамшымен айдаған, қара орманды
қалтыратып, тенізді торсықтай шайқаған дауыл болып ызғырады...
Жанды сонша құбылтқан
осы үн, осы ноқат, міне, сары даланы гулетіп, қақ алдыңнан өтіп барады. Аяғында
кісен, қолында домбыра, қияқ мұрт қара сұр кісі, кісені сылдырап. домбырасы зарлап
барады. Домбырасын қалдырып, өзі бел асып, көзден таса болды... Қали тартқан
жанды кұбылтқан осы адамның күйі еді.
-        Күй иесі - Құрманғазы! - деп домбырасын
сүйей салды Қали. Тыңдаушылар сонда ғана өзіне-өзі келгендей болды.
-        Жаталық! - деді Шығанақ.
IV
Шығанақ пен
Олжабек үш күн жүріп, облыс орталығына жеткенде тортөбелдің қылшығы да сынған жоқ.
Екеуі де мал қадірін білетін адам, қалаға келген соң да көліктің жүдемеуін ойлады.
Шығанақ күндіз мекеме аралап кеткенде, Олжабек тортөбелді Елек жағасына алып кетеді.
Електің ойында бақша, қырында дәнді егіс. Бақшабаққан, егін еккен жұрт
құмырсқадай қыбырлап жүр...  Өзгеден
оңаша өзен жағасында, бауырын көкке төсеп жатып, Олжабек бүгін өзімен-өзі көп
сөйлесті. "...Бұл маңның
жер реңі Ойылдай емес,
біздің жаққа ұқсайды екен. Кутасы кемдеу, әйтпесе кәдімгі шалғын, бетеге,
шымайт емес пе осынау жерлер. Трактор дегенді көргенім осы. Мына біреуінің
соңындағы соқада тіс нешеу? Бір, екі, үш, торт, бес... Жер шыдамас мынаған. Мен
келгелі айдағаны бұрынғы бір ауылдың егісі. Ойыл бойына осының бірі барса,
жетіп тұр екен. Сөйлесейінші", - деді де, аяңдап тракторға келеді. Аю көргендей
таңданып, о жағына, бү
жағына бір
шығады. Тракторист шылымын саспай орап, жымиып тұр.
-        Әй, жолдас, бұл неге қалшылдайды?
-        Мотор істеп тұр.
-        Ол немене?
Қалай
ұғындырарын білмей:
-        Жүрек, - деді тракторист.
-        Жүрек? Мұның да жүрегі бола ма?
-        Болады, жолдас.
-        Көрсетші, кәні?
Тракторист
қақпағын ашып моторды көрсетті. Мотордың атқаратын қызметі жайында біраз
түсінік берді.
Қаншасын ұғынғанын
кім білсін, бәрін ұққандай, Олжабек басын шұлғып тұр.
-        Қайдан алдыңдар мұны, базарда сата ма?
-        Заводтан келеді.
-        Завод қай жерде?
- Мұнда жоқ.
Харьков қаласында. Алыста екенін Олжабек жақсы түсінді. Өзіне ол дүниедей
көрінетін Ақтөбе, енді онша болмай қалды.
-        Біздің Ақтөбеден де үлкен болды-ау, ол?
-        Иә, үлкен, - деді де, шылымын табанымен
бір тап-тап, тракторист орнына барып отырды. Олжабектің әңгімелескісі келіп
барады.
-        Әй, тамыр, сатасыңдар ма, осыларыңды?
-        Не берер едің?
-        Сұрашы кәні?
-        Он мың сом, - деп жүріп кетті тракторист.
Оның күліп бара жатқанын Олжабек байқамады. Ере түсті де, тортөбелдің қасына
келіп қайта жантайды. Тракторды қуған ой талай саққа жүгірді. "...Советтің
ақылы да, айласы да асты ғой, - деді Олжабек өзіне-өзі. - Жауға бұйырған екі-үш
қараны алып қашамын деп, ақыры мынау..." Өткені есіне түсіп кетіп,
Олжабектің ойы ауырлағаны сонша, қапелімде іші елжіреп, еріп бара жатқандай
еді. Әрі-беріден соң окініш оты көзданып, адал көңілді алай- түлей етті. Жанған
жанға басытқы көз
жасы, тартылған демге зар болды. Жер бауырлап жатып зарлады, көз жасын көл
қылды.
- "...Жібек
мінез Жамалым. "Олжеке" деген назыңды қайтып есітер күн болар ма?
Жаудыраған ботақөз қай сайда қай үңгірде, торға түскен тұйғындай шерменде боп отырсың...
"Көкелеген" Сағынтай, табаныңа қадалған шөгір. маңдайыма қадалсын
деуші едім. Бір иіскер күн болар ма! Жаратқан-ау, қатын-баласы қасында, ала қайғыдан
аман, ел қатары еңбек еткеннің де арманы бар ма екен! Қорқытқан колхозың осы
ма? Құшағын жайып қарсы алды. Ержан мен Төкен
болар бір мықты. Тайталасып қалаға келдік. Мендей момын қашан жетіп еді
осыған..." Олжабектің жанған ішін алдағы өмірдің нөсері ғана сөндірді. Бұрынғы
алды тап-тақыр, айналасы астан-кестен болып көрінее, ендігі алды жанбырдан
кейінгі жердей күлімдеп. сол жерге ел жайланып қонған сияқты. Әуелде оның
басына сыймаған бірлестік еңбек, ортақ енші,- берік дәстүр, белгілі әдетке
айналған сияқты. Басы осы болса, ар жағы "қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын"
әділ,
молшылық заман
екеніне Олжабек күмәнданған емес. Міне, сол сенбегеніне сеніп, сенгені жыл құсындай
көріне бастаған соң, Олжабектің ойына үміт дүниесі келіп орнады. "...Жамалым
тірі болса, бір табылар. Өлі болса, - қара жер кімді алмайды. Әйтеуір заман
түзеліп келеді. Момынның, адал еңбектің күні туды. Әлі-ақ теңеліп кетпеймін бе?
Қазірдің өзінде үш жүздей еңбеккүнім бар. Өзімнен ешқайсысы артық емес.
Абыройым жақсы. Атым газетке де шықты. Кісі түсетін үй болғалы-ақ тұрмын. Тек, Жамалға
қарайлап..."
Олжабек Жамалға
келгенде жөн таппайды. Көңілі қалмаған сүйкімді жардың қайдағы қылығы ссіне
түсіп кетеді. Әлі бір әйелмен жылы сөйлескен жоқ. Оны құдай алдында да, Жамал
алдында да кешілмес күнә деп біледі. Әйтпесе, жасы қырық шамасында, тепсе темір
үзерлік қайраты бар. Елуге келгендердің де кейбірі өкшесі сартылдап, кеудемен соғып
жүрген жоқ па? Бірақ көксеген ой кейінгі кезде бір жосық тапқандай,
ала бұртады.
Астамдықтан емес зәруліктен, кезі келген жесір әйелмен ойнап-күлсе тәңірдің өзі
де кешіреді-міс. Осы ой Олжабекті ойыстырып келсе де, Жамалға үйренген көз олай-бұлай әйелге тоқтамай жүр еді. Арт
жағынан сыбдыр еткенге жалт қараса, бүлдіршіндей бір келіншек қасына келіп
қалыпты.
-Жоғары шығыңыз!
- деді Олжабек, қапыл-құпыл тұрып жатып. Көрген жерден жүрегі бүлкілдеп кетті.
Келіншектің қара
көзі күлімдеп тұр.
-        Жоғарыңыз қайсы, төменіңіз қайсы? - деп
жұғыса  сөйледі. Даланың төрі, босағасы
бар ма, сөз таппаған Олжабек қара мұртын дамыл-дамыл сипай берді. Келіншек тақымдай
түсті.
-        Мұртыңыз сонша бұла ма, сипай бересіз!
-        Иә, бұла.
-        Қырыққа келгенше, бұла болса, бұдан
былай ештеме шықпас, - деді де келіншек кетпенін иығына салып жүре берді.
Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша, орнынан ұшып тұрды.
-        Токтаңыз, тоқтаңыз! - дегенде келіншек
қайта оралды.
-        Не айтасыз?
-        Асықпаңыз, азырақ әңгімелесейік. Жөн сұрасайық.
-        Ал айтарыңызды айтып, сұрарыңызды сұрай қойыңыз,
- деді де келіншек тақала отырды. Олжабек
ойындағысын тура
айта алмай, бұрмалап келтіруге ебін таппай,
өрескелдеу бір сұрақты қойып қалды.
-        Жолдасыңыз бар ма?
-        Е, жолдассыз кісі бола ма?
-        Күйеуіңіз бар ма? - деймін.
-        Әлі күнге қыз деп пе едіңіз?
-        Жоқ, қазіргісін айтамын.
-        Қазір жалғызбын ғой, көріп отырсыз.
-        Мынау бір теріс азу болмаса еді, - деді
Олжабек ішінен. Көзіне көзі түсіп кеткенде жүрегі тулай түсті.
-        Неге жасырасыз? Мен шын сұрап отырмын.
-        Сұрады екен деп ашып салуға бола ма,
аға-ау, - деп келіншек әсем күлкімен сылқ-сылқ күлгенде,
Олжабектің
ішінде махаббат ұшқындары шашырап жатты. Дәл сол сағатта Олжабек қандай сөз
таппаса, сол халді жазып отырған автор да Олжабектің жүрек күйін толық айтуға
сөз таппады. Күн батып, елдің бәрі жұмыстан қайтқанша одағай сөзбен ойқастаған
Олжабек келіншектің жесір екенін ғана ашты.
-        Сонша ежіктерлік күйеуімде неңіз бар
еді? - деді бір кезде келіншек.
-        Бос болсаңыз бірдеме айтар едім.
-        Ал боспын, айта койыңыз! - дегенде,
Олжабектің бетіне қан ойнап шыға келді. Үлкен көзі жаудырап келіншекке қарай
береді. Келіншек қараса жымың-жымың етеді. Салқын денені кызу кеулеп, сонша
аласұрғанда тапқан сөзі.
-        Ойнап-күлсек қайтеді? Келіншек сақ-сақ
күліп жіберді. Олжабек қоса
күлсе  де, қай күлкі екенін аңдамады.
-        Неге күлдіңіз?
-        Күлейік деген соң күлдім, ал, ойынды сіз
бастаңыз, - деп келіншек томсара
қалды. Олжабек олай бір, бұлай бір
дөңбекшіп отырып, келіншектің бәтеңкесінің тұмсығын ұстады.
-        Аузын ашып тұр ғой. Келіншек сақ-сақ күліп жүріп кетті.
Олжабек өңкиіп отырып қалды...
Шам жағылған уақыт.
Үш бөлмелі үйдің орталығында, диванда
Шығанақ ояу жатыр. Жалғыз өзі. Үн жоқ. Көзі бір жерге
қадалған. Анда-санда келтелеу қара сақалын тарамдап, сипап қояды. Төргі бөлмеде
қатты ұйықтаған Сағындықтың қорылы, көшеден откен машиналардың гүрілі, ас үйдегілердің аяқ тықыры солғын естіліп тұр.
Форточкеден еніп қалған қанатты
қоңыз күж етіп, терезені кейде бір сүзіп
кетеді. Мұның бірі де Шығанақтың ой өрмегін бұзған жоқ. Бір кезде елең етіп басын көтерді.
-        Жаным-ау, Олжабек қайда?!
Кешікпей Олжабек
кіріп келді. Екеуінің даусымен оянып
кеткен Сағындық төргі бөлмеден шықты.
-        Жай кешіктің бе? - деген Шығанақтың сұрауына Олжабек жауапты күлімдеп қайырды.
-        Жай.
-        Қой, сенде бір сыр бар, күлесің ғой?
-        Огород басындағы әйелдермен әңгімелесіп
қалған шығар, қайтесіз ежіктеп, - деді Сағындық.
Олжабекүндемейді, жымыңдай
береді. Шығанақ шын күдіктенді.
-        Құдай ақына, сенде бірдеме бар?
-        Онда досыңызбен оңаша сөйлесіңіз, - деді
де, Сағындық шығып кетті. Бірақ Шығанақ одан әрі бұл әңгімені алаған жоқ- Басын ұстап, төмен қараған
қалпымен тырып қалды. Күнде бұл
уақытта қысқа қалжыңмен біреуді
іліп біреуді соғыстырып, үй ішін күлдіріп отыратын.
Бүгін қабағы жабыңқы қайтты. Тамақтан кейін көз
шырымын да алған жоқ. Олжабек Шығанақтың бұл күйін
көріп өзінше жорыды.
-Бір жерің ауыра
ма?           
-Жоқ, - деді
Шығанақ әлден уақытта.
-Не бітірдің?
Айта отырсаңшы.
-Әзір біткен де
ештеме жоқ. Ержан мен Төкен осында жүрген
көрінеді, - дегенде Олжабек шошып кетті.
-        Ойпырай, ә?
-        Кім біледі, өз жұмыстарымен келді ме?
Әйтеуір қырын келіс қой бізге. Әңгіменің
ар жағын екеуі ішінен жүйелеп отырғанда ас үйден жылап шыққан Ерік Шығанаққа
келіп мұңын шақты.
-        Мама ұрды,
ата. Шығанақ үн-түн жоқ киіне бастады. Жылап тұрған бала да, тұнжрап отырған
Олжабек те аңырып қалды. Ас
үйден Зибагүл келіп:
-        Қайда барасыз, ата? Шай ішеміз, - деді.
-        Мен ішпеймін
-        Ішіп кетсеңізші. Қайда баратын едіңіз?
-        Рақмет. Басқа бір пәтерге шыққалы барам. Зибагүл жаман састы. Не айтарын білмей,
көзі бажы-
райып сілейіп тұр.
Араласып жүрген ауыл адамдарының ішінде,
тіпті, жақсы көретін, сыпайы мінезді қарт, күтпеген жерден одағай мінез шығарды. Туған
әкесіндей көріп, мәпелеп күткен
Зибагүлдің, бар жақсылығы зая кеткендей болды.
-        Қайтейін енді, қала тұрмысы осынан
артыққа жібермейді... - деп
келе жатқанда, Шығанақ сөзін бөліпжіберді.
-        Шырағым, ол жағын айтпа. Жан-тәніммен
ырзамын. Осы жалғыз баланы неге
жылата бересің? Саған бір қолқам еді
ғой.
Зибагүл қуанып
кетті. Жүгіріп келіп Шығанақтың киіміне
жармасты.
-        Шешініңіз. Енді гәрі жылатсам менің бетімді көрмеңіз. Шығанақ шешініп отырып,
бала тәрбиесі жайында бірсыпыра сөз айтты.
-        Осы
шіркіндерге, - деді Ерікті маңдайынан иіскеп - қол қалай батады екен. Не жазық бар мұнда? Неңкөрсетсең соны істейді. Үйретіп аласың
да, ұрасың. Әділдік пе
сол? Ұрған өзің де, ұрылған бала да кейиді. Дүниесі бар болғырдың басқа кейісі жетпей ме!.. Әңгімені
қабақтан біліп, ұрты салбырап, тып-тыныш тыңдап отырған Ерікті Зибагүл өз
алдына алып, құшырлана сүйді. Ұшып тұрып сұрағанын да, сұрамағанын да алдына
әкеп қойды. Байқап отырған Шығанақ мұны да онша ұнатқан жоқ.
-        Баланы тым есіртіп, тым мәпелеу де пайда
емес. Ол өскенде не даңғой, не әйеншек болып
шығады. Оған дейін өзіңді де мазалап
бағар. Нәзік баланың тәрбиесі де нәзік. Зибагүл үй шаруасында жүрсе де, жап-жақсы
оқыған әйел. Әсіресе өнер жағына бейім. Оқымаған
Шығанақтың сөзінен көп нәрсені
оқып отыр. Таяуда Шығанақтың үйіне барып
қайтқан. Екі анадан тараған он шақты жан бір үйде. Инженер
де, мұғалім де, оқымаған агроном, еңбегі асқан екпінді де осы үйден табылады.
Бәрінен де тамашасы - осынша көп басты үйде бір ың-жың болсайшы!
-        Бұл менің
тәрбиедегі табысым, - деген Шығанақ. Зибагүл
осыларын еске ала келіп:
-        Егер осы кісі оқыған болса, жас шағы
болса?.. - деп өкінген-ді ішінен. Шығанақ
Зибагүлдің ол ойын қайдан білсін. Үндемей қалғанға әлгі сөзіме жабырқап қалды
ма деп, көңілді бір көтеріп тастағысы келді.
-        Зибагүл,
қарағым, ән салшы бір, құрысқан көңіл жазылсын.
-        Қайсысын айт дейсіз.
-        Әуелі "Зәурешті" айтасың да.
Шалдың мұңы шалға жақын. Зибагүл
Ерік алдында, кейде теңселіп кетіп, кейде ақырын ғана басын изеп, өзінің бір
сыдырғы жақсы, майда қоңыр даусымен, шалдың жүрегімен "Зәурешті"
бастан-аяқ айтып шықты. Шығанақтың
ылғи айтқызатын, жақсы көретін әні еді.
-        Бұл шіркін ауырлата түсті ме ойды,
қалай. "Әсетті  жіберші қайтер екен, - деді. "Әсетті" айтып бітіргенше
жарыса сөйлеп отырды:
-Па! Па! Шырқап
шыңға, құйылып құзға
кетті-ау! Құйқылжыт, ерім!.. "Әсет" жастың әні емес пе, ата/ Сізге қатты
ұнады-ау -деп, айтып болған соң әзілдейді Зибагұл, Шығанақ күлімдеп:
-Атаң да жас
болған. Адам жастықтьщ қызығын өз шағында
көріп, бағасын кейін береді екен. Бағалап
отырмын.
Қызықтауын мынау Олжабек қызықтамаса, біз өтіп
кеттік қой, шырағым, - дегенде, Олжабек тағы да бір
жымың ете түсті. Сағындық келіп Олжабекті қолға ала бастады. Сырын білмеген
кісіге оның қалжыңын, шынын айыру қиын. Шай жасауға тұрып бара жатқан Зибагүлді
қайта отырғызып, өңін суыта сөйледі:
-        Шықа,
көңіліңізге келмесін, мына жолдасыңыз арам екен. Түнде Зибагүлді айналдырды. Ояу ма екен деп қызметтен қайтып келе жатып қасына
барсам, Зибагүл екеуі шалқиып, әңгімені
соғып отыр. Ат пен арбаны қоса алып
кетсе де білетін емес. Бүгін, өзен бойында бір жеңгеймен
кездескенін тағы да естіп  елдім, - дегенде Олжабек күйіп кетті:
-        Ол сені білмейді ғой, тіпті! - деді.
Бәрі ду күлді. Ештемеге түсінбеген
Ерік те сақылдап күліп тұр.
Жас бала мен
сақалды баланың айырмасы тек сақал ғана
болса керек. Олжабектің Еріктен оздығы шамалы. Шай  үстіндегі
әңгімеден бәлки Ерік ересектеу ме дерсің. Көптен бері көлбеңдеген қызықты арман, шай
үстінде де Шығанақ алдында түлкіше бұлаңдап тұр еді.
-        Осы шіркін,
шынымен-ақ ұстатпай ма? -деп күрсініп қойды, Шығанақтың ойындағысын стол үстінен
іздеген Олжабек, адасып қалған аш қандала шыға келіп, жалт бергенде:
-        Ол шіркін,
қайда барушы еді, - деді тарпа бас салып, Шығанақ мырс етті де, өз ойын қозғай
берді.
-        Ауданның қағазы керек көрінеді. Ержан
мен Төкен машина алып берер ме
бізге. Олжабек жаңа ғана түсінді.
-        Ақшаң жете ме? - деді Шығанаққа.
-        Көп ақша да болмай тұр.
-        Ақша тапшы. Машинаны мен табайын.
-        Қайдан табасың?
-        Табам. Мынау өзен бойынан табылатын
көрінеді.
-        Япырмай, ә? Бағасы не екен?
-        тракторға он мың сұрайды. Сенің машинаң одан қымбат емес шығар. Шығанақ нанар-нанбасын білмей Сағындыққа
қарады Сағындық күліп жіберді.
-        Олжекеңмен ойнаған ғой біреу. Жеке
меншікті машина бар ма?
-        Бәсе! - деді Шығанақ. - Ал, енді не
істеу керек. Қағазсыз машина бермейді. Қағазды Ержан мен Төкең бермейді. Шай
құйып отырған Зибагүл ернін бір тамсанып, әңгімеге араласты:
-        Қандай адам
өздері. Осындай игілікті істі алға бастаудың орнына, кейін тартады.
-        Кейін тартпаған болар, - деді Сағындық.
Тұйыққа тығылған әңгіменің
түйінін шеше сөйлеген торізді. - Біздің жас
индустрия машинаны әлі жеткілікті бере алмай жатыр. Көні кепкен ел шыққанын
қылқып салып, алақанын  жаяды да тұрады. Сырт мемлекеттер тебенін
теңгеге балап, "Менсіз күнің белгілі" деп тұрған сияқты. Мұндай халде, жаңа туған жас машина мәпелеп
ұстап, бар күшін алатын колға бұрын
тиеді. Өнімі көбірек, не қалаға ұрымтал жердегі шаруашылықтар алып жатыр қазір.
Шынында, дәл бүгін Ойылға апарған машина айтқаныңызды орындай алар ма екен? - деп ойланып қалды
Сағындық. Шығанақтың Сағындықтан күткені бұл емес еді. Сонау Ойылдан
келгенде Сағындықты көңіліне ток санап келгең Бір мекеменің бастығы, басқаға да
өтімді, өз баласындай болып кеткен жігіт, бойын аулаққа салған тәрізді. Мұның себебі
не? Машина жайында дұрыс айтса да, машина күшін жете пайдаланып, өнімді көп
бергелі отырған адамды неге көрмейді? Маған сенбей ме, жеріме сенбей ме,
осылар? - деген оймен Шығанақ көп толғатты. Кімнің де болса бетін ашып,
белдесуге шыдаған қарт, көңілге тұйткіл қалдырған жоқ. Айтарын айтып салды:
-        Жерім жаман ба? Мен жаман ба? Аз да
болса, көпке келген үлестен біз неге
құр қаламыз?
-        Қөңіліңізге келмесін, жеріңіз онша емес
қой, - деп күлді Сағындық. Шығанақ
шамданып қалды.
-        Өзің жаман десең шыдармын Жерің жаман
десең шыдаман Жаман жердің белгісі - жел ғана
еседі. Жақсы жерге ел көшеді.
Бабамның бабасы мекен еткен, әлі күнге рулы
ел қоныс еткен жер. Ол аз болса, атақты ғалымдар ең
шыдамды, ең жақсы дәнді біздің жерден тапқан деседі. Тоқаға
жайылған ақ бидайдың атасы біздің жер деседі. қалай кеміте аласың? Сол қасиеті қайда қазір? -   деп ойылда. Мына менің қойнымда.
-     Кәне, көрсетіңізші?
-      Көрімдігін
бер. Әкел машинаңды, сонысын не көрер екенсің-
Мен осы жолы алып кетем, не бәріңмен ат құйрығын кесіп кетем
-Ойбай, Шықаң мәселені қабырғасынан қойды ғой, - деп
сылқ-сылқ күлді Сағындық. Білдірмесе де Сағындық қысылып қалды. Жақсы көретін
қарты "көрінер жерің осы" деп отыр. Көріну үшін көз бір нәрсеге жету
керек. Досын қасындай сынап, мақұл ісгенін маңдайы жерге жеткенше сүйейтін мінезі
бар еді.
Шығанақтың ойына қосылса да, Ойылды мақұлдау қиын боп тұр.
Жаңа туған жас машинаны бір бораған құм басып, тұншығып қала ма? Жоқ, көк
Ойылды сүйреп шығып, қаңсыған даланың сарығын баса ма? Екеуі де мүмкін. Қайсысы болары белгісіз.
Тағдыр Шығанақтың қолында. Ол болдырам
деп жұлқынады. Сонда көңіліне өнері сай ма? Осы
арасына дұдамал Сағындық. Азар болса бір машина өлер,
жақсы талапты жақтау керек деген қорытындыға келді
ақыры. Бірақ бұл ойын Шығанаққа айтқан жоқ. Тұрып кетіп төргі
бөлмеден телефон арқылы бірсумен сөйлесіп келді де:
-        Ертең обкомға ертіп барам. Сонда
сөйлесерсіз, - деді.
VI
Елек өзенінің
жиегінде түймедей бір төбе тұр. Өзі қораш
болса да, осы төбенің аты зор. "Ақтөбе" десе
жұрттың бәрі
біледі. Ондай ақ та емес. Сонша ағартып, зорайтарлық
не қасиеті барын кім білсін, оны қоршай салынған қала да "Ақтөбе"
аталған. Қаланың күншығыс жақ шетінде
Елек жұлықтай ағады. Күнбатыс жақ шетінен Орынбор
- Ташкент темір жолы өтеді. Бір жағы ырғалған көк, тып-тыныш. Бір жағы - сартылдаған
поезд, сары құм.
Екі аралықтағы қала бетін қалай бұрарын білмей тұрған
сияқты. Алысырақ, жан-жаққа көз жіберсең бетегелі,
құмайт жазық дала, жалпақ белдер созылып кете өсреді. Кең аспанда еркін самғаған көк
қаршығадай, осы далаға
көз түскенде, көңіл шіркін де самғап-самғап алады.
Қаланың іші де
көңілді. Бір кезгі жалаңаш көше ағаш егіліп,
гүлдене бастапты. Ертеректе бұл қалада төбеңнен күн
қарыса, табаныңнан жер қаритын. Тымырсық ыстықта тыныс тарылған соң өзіңді
сабалап жел іздейтінсің. Іздеген желің табылса, азабы ыстықтан да қатты. Құмарды
лас майда топырақпен қуыс-қуысыңның бәрін бітеп салып,  сары боран ұйтқи соққанда, "жанып кетсем
де желің құрсын" дейтінсің.
Ақтөбе күні осындай еді. Ол күнге сыр мінез қала сыртын
тосып тұрса да, ішінен айласын да істеп жатты. Құмборанды қайта серпетін еңсесі
биік ақ үйлердің иығы шыға бастаған. Елек суын жер астымен әкеліп, әр жерден
суаттар ашқан. Таз басты емдегендей, тақыр жерді тырмалап көк егіп, тал егіп
жатқандар көбейген. Ауыл қандай әбігер болса, қала да сондай әбігер. Жаңа
қонысқа жаңа келіп таласа қонған ел сияқты.
Ондаған жылдар саудагер, қанаушылардың қалашығы болған Ақтөбе,
қазір социалистік қала болғаны әр адамның сөзінен, әр үйдің өзгерісінен
байқалады. Ертеде орнаған әжім бетті ағаш үйде су бастығы Төкен мен жас агроном
Сергей сөйлесіп отыр.
-        Бұл бір қарындасымның үйі. Қаланы қайта құру жоспары бойынша, бұл жерден қошіруге тура
келіп тұрғаны. - дейді Төкен. Әңгімелері ауыл жайында еді. Төкен барлық жайдан торыққанын сездіріп отыр.
Астан-кестен  бір дүние! Аралай берсең бас қатады.
Басалқа айтар шама жоқ. Бас қамын сағалау
ғана қалды, - дегенде, бағанадан бері
үнсіз тыңдаған Сергей, өз лебізін естіртті:
-        Бұл ұлы өзгеріс дәуірі. Бас та қатар,
жайласар, бірақ басалқы айтар осы шақ.
Жайласқан соң айттың не, айтпадың не. Менімше, колхоз барған далаға бәрі бару
керек. Бүгін бе, ертең бе, тұтас па, біртіндеп пе... қалай бару керек? Мәселе осында. Бұл әр ауданның жағдайына қарай шешілмек.
-        Сол жағдайды айтсақ, бірдемені жапсыра
салудан тайынбайды жұрт.
-        Сіз одан жасқанбаңыз... Біз ғылым
адамымыз. Ғылым турасын айтады. Төкен жуырда жауап қайырмады. Ішінен:
шағылмаған албырт жас арындай
сөйлейді. Басыңа тас тигенде білерсін, - деп
отыр. Агроном ішінен: бүрі таусылған кәріге көгергеннің бәрі мұз, - деп отыр. Төкен бір
кезде нұры тайған сулы көзін
сығырайта түсіп, Ойыл даласын жылан жалағандай
тазартып шықты:
- Колхоз дегеннің аты болмаса, заты жоқ. Жер
дегенің  жанып тұрған от. Құмайтқа біткен көканнан өзгенің бәрі күйіп
кеткен. Мал-жанның сарықи ары
жалғыз ғана Ойыл. Оны ел аузынан жырып ғанмен,
қаңсыған далаға жұғын да болмайды. Сонау Шығанға
машинаның соқа басы барғанда не бітіреді?..
-        Шынында да бұл ауданның жағдайы өзгеше
екен! -  агроном. Оның ойысқанын сезген соң Төкен үдей
түсті:
-   Мен
бала күнімнен сол жердемін. Ойылды сағалаған азғана жатақ болмаса, ен далада
аңша жортқан ел емес пе? Алыстан орап, еппен қайырмасаң, үркітіп
аласың, - дегенде, Сергей бір
тойтарды.
-   Тым
әрі кеттіңіз бе деймін. Тағылық дәуіріне бармай-ақ жаңағы жатақтар маңында айта
беріңіз.
-        Сол жатақтың өзі әлі жортуын қойған жоқ.
Бір тостаған тарыны шашып
жібереді де, күзетшіге қара
торғайды
қалдырып, көше жөнеледі.
-        Шығыршылар
ше?
-        Рас,
азын-аулақ шығыршылар қалады, - деп күмілжіді Төкен.
-        Ендеше, ұйтқы сол. Машина орнайтын орын
да сол болмақ.
-        Ал, түйеге теңдеп апарып машина
орнаттық. Сол машинаның берерін
аташы?
-        Міне, мәселе осында. Мен жаңа барғалы
отырмын. Сіз айтыңыз.
-        Менің машинаға қарсы қоятын төрт дәлелім
бар, ендеше, - деді Төкен. Дәлел сайын бір
саусағын бүге берді. Әдеті ме, әлде әл бермей ме, екінші
қолымен мықтап ұстап, басып қалғанда, саусақтары сырт-сырт сынады. - Барған соң
бір машина бармайды. Көп
машинаға Ойылдың суы жетпейді.
Ойыл жері ащылы, құмайт келеді. Су түгіл сүт құйсаң
да шарқынан артық берері жоқ. Колхозда бір адам машина
тілін білмейді. Мамансыз машина жүре ме? Бір винті
ұшып кетсе, Ақтөбеден келгенше тұру керек. Май қаида
әлі! Ең ақырғым нағыз ғылыми дәлел Ойыл даласы женді
зерттелмеген дала. Әуелі зерттеп алып, сонан соң
шаруашылықтың түрін
белгілеу керек емес пе? Төкен дәлелдерін айтып болған соң, бұзып көрші
дегендей кезек күтіп тұрып қалды. Агроном ойда отыр. Аяғын айқастырып алған,
шашын ширата береді. Кеше оқымаған Шығанақ, бүгін оқыған Төкен кездесті. Екеуі
екі жаққа тартады. "Біздің жеріміз тым қатігез, тым сараң. Бірақ бабын
білгенге тым береген, тым мейірбан, -деген Шығанақ. Ол дәлелді ылғи өз
әжірибесінен алған ел Төкен алыстан тартты да, ауыз аштырмады. Сондықтан жас агроном жауап қайтармастан орнынан тұрды.
-        Мен су маманы. Сен жер маманы. Дегенмен
ойымыз үйлесті білем? -деп,
жымыңдаған Төкенге агроном! қостамай, не қарсылық айтпай, кенеттен
бір сұрау берді
-        Сол жердің
бір шалы жүр ғой осында. Сіз білесіз бе?
-        Қандай шал?
Агроном блокнөтіне қарады.
-        Шығанақ.
-        Білемін, -
деді Төкен солғын ғана. Суық ой сынаптай ағып келіп, дәл жүрегінің басына тұра
қалды. Селт еткен жүрек Шығанақтың атынан шошыса керек, атамайды.
-        Ол неғып
жүр екен?
-        Машина сұрап
келіпті. Оның айтуы мүлде басқаша.
-        Мылжыңдау
кісі болатын, - деді Төкен әлден уақытта. Іші күйіп бара жатса да, сөзі сұп-суық.
Білгісі келіп тұрса да, елемеген болды. Агроном:
-        Өзі бір тәжірибелі адам көрінеді, -
дегенде ғана жасанды мінезді жасырын
пікір жарып шықты.
-        Ол білімін Ойылға көрсетпей, осында
әкелген бе? - деп, алтын тісін ақсита
күлді Төкен. Агроном қай күлкі екенін
түсінбеді. Күлкі мен келемежді айырғысы келгендей:
-- Қолынан
ештеңе келетін адам ба? - деп еді, Төкен өз
бетін ашып салды:
-        Бұған дейін ештемесін білмеймін. Жасы
менімен шамалас. Өсетін шығар
әлі де, машина беріп қараңдар.
-        Бір құмның астында қалмаса? Сақ-сақ
күліп жіберді Төкен Бойы да, ойы да сергіп кетті.
-        Олар, -
деді даусын көтере түсіп. - Машина барса, бәрін сол бітіретіндей көреді. Жатып
ішеміз, қарық боламыз, - деп ойлайды. Техника сырын қайдан білсін. Надан елдің
бір мінезі күйдірсе, бір мінезі өстіп күлдіреді.
-        Ендігі
әңгімені бара көрерміз, - деді де, агроном сағатына қарап, блокнотын қалтасына
салды. Төкен үлкен де болса, кішідей жалпаңдай бастады.
-        Сергей
Александрович, сонымен қашан жүрмексіз біздің жаққа?
-        Көп кешікпеспін
-        Мүмкін, бірге жүрерміз. Бастығымыз да
осында. Таныс па едіңіз?
-        Жоқ.
-   Мен
таныстырармын. Өте жақсы жігіт. Адамды ұғына
біледі.
- Онысы жақсы екен.
- Әбден, әбден!
Бас дегенде, құлақ деп отырса сордағы. Агроном есіктен шыққанша Төкен қалбалақтап еріп
отырды- Қанша баспалатса да айтам дегенін аитып бітірген жоқ.
Қол ұстасып тұрып, келешек әңгіменің жобасын көрсетті.
-        Кең отырып сөйлесу керек еді. Құдай
жазып, біздің жаққа бара қалсаңыз,
тура біздікіне келіңіз. Ұялмаңыз. Онда
қонақ үй жоқ. - Құп!.. - деді де қоштасып жүріп кетті агроном.
VII
Шығанақ бүгін ой
үстіне ой жамалып, қорғасындай ауыр
тұр. Ой әуенімен түні бойы ұйықтамай шықты. Солойдың
шешілер сағаты қазір соғады. Өмірінде бірінші рет обкомның
есігін ашады Шығанақ. Көптен бері қуған араны осынау сұр үйге келіп енді. Төкенді ертіп Ержан
келді. Сағындық пен Олжабекті ертіп Шығанақ
келді. Обком не айтар? Әділ төрешінің
алдында сөзді қалай қаттау керек, өзін
қалай ұстау керек? Көп сөйлеп қашаннан бергі мұңын шақса, мылжың дер ме? Аз сөйлеп, түйінін
айтса, жетпей қала ма? Үлкен қазанға
түскелі тұрғаны осы. Қалай қайнары белгісіз. Жүрек құр дүрсілдейді, ой тек
күбірлейді. Әділ
төрешінің алдын,
ойын ешқайсысы айтып бере алған жоқ. Бір ғана тәуекелмен үйге енді Шығанақ. Атақты
үйдің салты да басқа көрінді. Кіре берістегі әскери адамның өңі суық, сөзі
қысқа. Бірақ өте
әдепті, өте икем. Өзіне
жеткенше үш рет тіл қатты.
-        Есікті жаба кіріңіз, - деді Олжабекке.
Одан кейін:
-        Аяғыңызды сұртіңіз әне сұрткіш, - деді
Олжабек аяғын тазартып болған
соң, көмейін ашқысы келіп қатты қақырып
қалғанда:
-        Міне, түкіргіш! - деп лып етті. Сақ
сақшы келушілердің кім екенін күні бұрын білген Сағындықпен бір күбірлесті де,
өткізіп жіберді. Оның аузынан шыққан үш сөз, зілсіз, елеусіз болса да, Шығанақ
өзіне
үш мін қып
тақты. Олжабек үшін ұялып келеді. Обкомның ішін
аралап келеді. Әр есіктің артында жабулы сыр жатқандай, әр көріністе үлкен мән тұрғандай
қадала қарайды. Алдарында қаншама адам отыр. Бәрі де ақырын сөйлеп әдеппен
отыр. Солардың ішінде Төкен мен Ержан да бар. Ауылда дөкей төрелер, Шығанаққа
осы арада торғайдай боп көрінді. Ең үлкен адам екі қабат есіктің ар жағында.
Елді біртіндеп шақырып, ұзақ ұстайды. Таласа кіріп, шаңқылдау жоқ. Хатшы жігіт
сағатқа қарап, кезекпен жіберіп тұр..
Көзі көріп, құлағы естігенін ұстап қалған Шығанақ қорыта
келіп:
-        Тәртібі
күшті екен! - деді ішінен ұнап кетті. Бірақ сыртқы тәртіп осындай болғанда,
үлкен адамның алды қандай? - деген қауіп те күшті, Олжабек қозғалған сайын
тақымын кысып қойып, әр минутты санап өткізіп отырғанда:
-        Ойыл
адамдары, кіріңіздер! - деді хатшы. Шығанақ пен Олжабек соңын ала кірді.
Басқалар жай-
ласып отырып қалғанда, екеуі орын таппағандай тұрып қалды.
Әркім өз бойын бағыпты. Сыбдыр шығармай төрде отырған сары кісінің аузына
қарайды. Ол кісі кіріп келгенде зілдей ауыр, тым ызбарлы көрінее де, ұшып тұрып,
Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді. Көптің ішінен екеуін жырып алып, көптен
көрмеген досындай шүйіркелесе кетті. Күліп те, қалжыңдап та қояды.
-        Ойыл тарысы
есімнен кетпейді, Олжабек жолдастарың болса сал мына араға, бытырлатып бір
шайнайық, - дегенде:
-        Қап! - деп
Олжабек санын бір соқты. Үлкен кісі аттарын да сұрамай білген. Өзіне сусын құйып
жатып:
-        Шығанақ қою
шай ішетін шығар, - дейді. Ішкісі келсе де үндемеген Шығанақтың ішін біліп,
хатшысын шақырып алды.
-        Мына екі
кісіге шай әкелсін Тәтті нан мен қою шай келгенде тағы да бір қалжындап қойды:
-        Ғафу
етіңіздер. Бізде тары жоқ.. Қою шайға терісі жадырап, жылы сөзге жаны жадырап, бұрынғы
қалпына келген Шығанақ, ендігі сөзді жесір жіберетін емес. Сөйлейтін жерім жаңа
табылды деп отыр.
Үлкен кісі де осыны күткендей.
-        Жә, бұл не жанжал? - деп Ержанға қарады.
Ержан орнынан ұшып тұрды. Ауылда жүргенде
шешен, сыншы зілдей
ауыр Ержан, осы арада тасырқаған күйкі торыдай кібіртік-кібіртік
етеді. Оның бар сөзінің ішінен: ...Бұл
кісілердің талабы дұрыс, бірақ жер жағдайы көтермейді,
- дегенін ғана секретарь жазып алып сұрақ қойды жердің
өзіне жағдай жасаса қайтеді? -    Оны
мына Төкен жақсы біледі.
-Отырыңыз. Сөз онда Төкенге беріледі. Төкен көзілдірігін
киіп, қағазға қарап тұрып сөйледі.  Сөзінде
жарықшақ жоқ. Бір сөзін алып тастасаң, орны кеміп қалғандай, әр дәлелі зіл қара
тастай. Айта берсе кете
беретін еді.
Секретарь:
-Түсінікті
болды, - деге-нде ғана, мұрнының ұшына барып
қалған көзілдірігін қолына алды. Қанша қисындастырдым десе де, Төкенді де ұстаған
екен секретарь. Орнына отыруға
үлгіртпей-ақ сұрақ берді:
-        Ойыл суы сағатына қанша ағады?
-        Оны есептеп айтуға болады.
-        Есептемей тұрып жетпейтінін қайдан
білдіңіз?
-        Жарайды, есептеп айтарсыз. Сіз қазақ
психологиясына, қазақ
қабілетіне соқтыңыз ғой. Ол қайтсе өзгереді? Әлде
өзгермей ме, тіпті?
-        Неге, социализм бәрін де өзгертеді?
-        Сізше, социализм не?
Төкен тағы да қүмілжіді. Секретарь тағы да сұрады.
-        Сол сараң жерді береген қылатын амал бар
ма, жоқ, бітті ме?
-        Біткен жоқ, жолдас! - деп, Шығанақ ұшып тұрды  орнынан.
-        Бітпесе айтыңыз.
-        Айтсам, сараң жерді береген қылатын амал
толып жатыр. Жер жайын жорытқан біледі. Мал
жайын баққан біледі. Төкен не
жорытқан жоқ, не баққан жоқ, қайдан біледі.
Әкемнің әкесі егінді кетпенмен салған. Әкем Берсе ағаш
соқамен салды. Өзім темір соқаға түйе шығырды қостым.
Осының бәрі тарыны көп салып, көп алудың алға басқан
амалы еді. Сонда кетпеннен ағаш соқа, ағаш соқадан
темір соқа көп бермеді ме? Бұл даусыз болса, енді машинаның
көп беретіндігіне дауласу күлкі емес пе? Күлмей қалай шыдап отырсыздар? - дегенде
бірсыпырасы күліп жіберді. Төкен көзілдірік мінген мұрнының жауырын қаси берді.
Жұртты күлдіріп алған соң Шығанақ тіпті көтеріле сөйледі.
-        Ойыл өзені
қашан жасалғанын, қашан суалатынын Төкен болмаса мен білмеймін. Мен ағызған
арық емес, ежелден ағып жатқан арық. Әйтсе де, Ойылдың талай  қауымды суғарғаны, әлі де талай қауымға жететін
күмәнсыз. Бірақ Ойыл да,
машина да өздігінен ештеме бітірмейді.
Ойыл даласының бабы бөлек. Ойыл даласының дәні
бөлек. Соны тапқан адам тарыдан тау жасар еді, Тақырға шалғын өсірер
еді.
-        Кім табады
соны? Кім жасайды? - деп
секретарь сөзді бөлгенде:
-        Астамшылық болмасын, еншалла мен табар
едім соны, - деді Шығанақ. - Түрткілеп
жатқызбайды бірдеме Әйтпесе
елуден асқан шал ермек іздеп жүрген жоқ Ойлағаным
өз қарным болса, шығырмен құйып татолтыратынмын. Көптің жұмырына жұғын болатын
емес ол. Сонысын келдім үлкен кісі алдына.
Жылы дидарыңды көріп, қуат алғандай
болып тұрмын. Қара шаңырақтан дәм татып,
дәм үстінде бір серт бергендей боп тұрмын. Бабам Махамбет
екі сөзді білмеген, сене бер сөзіме! - деді де отыра
кетті.
Шығанақ сөзі
басқалар түгіл Ержан мен Төкеннің өзін де
ойландырып тастады. Енді кім шығары, не айтары
белгісіз. Сөз
таусылған тәрізді. Сұлқ отырып қалды жұрт.
-        Сөйлеуші бар ма? - деді секретарь. Онысы
тек ат өтті сияқты еді. Сарындық қайырды
жауабын:
-        Олжекең бірдеме демесе.
-        Е, сөйлесін.
-        Жо-жо-жоқ. Шығанақ айтты болды, - деп
ыршып түсті Олжабек. Шығанақ:
-        Мен сен үшін айтқам жоқ, - дегенде,
Олжабек ала көзімен қарады.
-        Тек. Тек отырсаңшы! Олжабектің
жайын білген секретарь да тегін қызықты күр жібермеді. Қалжыңсыз айтқан болып күлкіге кәні қылды
бәрін. Жайымен отырып:
-        Көпшілік ұйғарды ғой. Сөз Олжабек
жолдасқа беріледі, - деді. Олжабек
не болғанын білмеді. Көзі алақтап, бойы шымырлап кетті. Біресе қызарад, біресе қуарад. Шығанақ "Бол, бол" деп, тақымын
шымшылап бара жатыр.
-        Не айтам? - деді сыбырлап. Алқынып демін
азар алып тұр. Шығанақ та сасқан болып
сыбырласты:
-        Ұмытып қалғансың ба, машина керек
десеңші!
-        Бізге бір машина керек еді, жолдас.
Соған бола келдік. Бұйымтайымыз
сол. Сонсыз болатын емес. Соны бірдеме
қылсаңыз қайтеді. Сонсоң... Сол-ақ енді, - деді Олжабек
отыра кетті. Осы сөзді айтып шыққанша жаны шығып кете жаздады. Бәрі де күлді. Қоса
күлген секретарь толғанып та отыр:
"Ысылмаған
ауыздан кедір-бұдыр сөз шығады. Кедір-бұдыр
сүр тастан асыл қазына алтын шығады".
Олжабек сөзі осы
алтын. Шығанақ сөзі сапы алтын. Бірінің ойы да, бойы да ер жетіп қалған. Екіншісі,
тал-
пынған жас бала
тәрізді. Жаңа дүниені қармайды, қарымына сыймайды. Сол бала тап бергенін
тайқалақтап
ұстап, уілдесе
де, тоңқия құлап жыласа да қызық емес пе? -
деп отыр еді секретарь!.. Ойын бөліп, манадан
бергі әңгімені
түймекші болды. Сөзін халық сүйген адамнан
бастады:
-        Іргесі бекіген ескілік, жаңалыққа жол
бере қоймайды. Жаңалық
жағаласып жеңіп алады, - дейді
Сталин жолдас. Көрдіңіздер
ғой, осы арада екі ойдың айқасы
өтті. Бірі - жаңа.
Екіншісі - ескі. Ескінің бәрі іріп тұрмайды,
жаңаның бәрі жарқырап тұрмайды. Айыра білу керек. Мұның ең айқын белгісі сезім.
Сол сезімаласұрып алға кетсін,
маған десе шарықтап көкке шықсын. Ол жеткенге сен жетпесең де, орныңда тыныш
қалмайсың. Алға, жоғарыға тырмыса бересің. Міне бұл жаңалық. Мынау екі адамнан
мен осыны көрдім. Егер сезім
кейін тартса, онда да сені қоса тартады, орныңда қала
алмайсың. Сондықтан, алға жолдастар! Алға! Біз жан
жүрмеген жаңа сапарға, жаңа дүниеге шықтық. Абайлау
да, ерлік те керек. Бірінсіз-бірі жарымжан. Көп созатыны
жоқ, берілсін машина! - деді секретарь. Шығанақ
ұшып келіп қолын ұстады.
-        Ит мініп, ирек қамшылап келіп едім, тұлпар
бердің астыма. Жетпесем енді маған серт!