ВЕРНУТЬСЯ

      Үй орнындай ғана
қуысқа көп назары ауып тұр. Құлаш мойнын қызыл нар таңертеңнен
талтүске дейін тыныстамады. Жер
қапқан қос тегершік қозғаған сайын жерге
еніп бара жатқан сияқты. Бұған таңулы жуан бөрененің бір
басын нар тартса, екінші басы нарды тартып, таспаша созылады жануар. Бұйра
жүннен мөлтілдеген суық тер әлі бір
дегдіген жоқ. Беліне шелектер тізген дәу дөңгелек,
нардан тер бір тамғанда, бір шелек суын
айғыр-жапқа азар құяды.
Жылап аққан арық суын жалаңдаған сары құм
жалмап алып, түк көрмегендей сазара түседі. Тоймай жер әлем, тойғыза
алмай нар әлек. Тамшылаған терге шелектеп су алған Олжабек шыбыртқысын беліне
көлденең ұстап сілейіп тұр. Осы саудасына ырза боп тұрғаны, наза боп тұрғаны
белгісіз. Төбесін күн, табанын жер қарыған ыстыққа маңдайы да тершімеген. Үндемейді,
қозғалмайды. Екі көзі
тегершікте. Айқасқан ағаш
азулар шықырлап, өткен күннің көйгейін тынымсыз тарта
береді. Көзі байлаулы қызыл нар, тері тамшылап, бір
ізбен айнала береді...
-        Су, су!..
-        Кеуіп барады, су!.. - деген дауыстар
естіледі. Олжабек шыбыртқысын үйіріп қояды. Нар шіреніп үзіліп кете
жаздайды. Тегершіктер
шарт сынып кете жаздайды.
-        Кеуіп барады, су! - деген дауыстар
тынбайды. Олжабек бөрененің бір басынан тартып нарға көмектеекенде, ернеуден
Амантай мен Жанбота секіріп түсіп Олжабекке көмектесті.
-        Қыз күнгі қауқарың осы, кемпір болғанда
қайтесің?
-        Жігіт күнгі қауқарың осы, шал болғанда
қайтесің?
-        Битемін!- деді де, кеуденің қалың
жерінен бір нұқып, Амантай тұра
қашты. Жанбота тұра қуды. Олжабек маңдайы
тершіп тұрып қалды.
-        Су, су!
-        Кеуіп барады, су! - деген дауыстар кең
даланы күңіренте бастады. Манадан
бері жасқап тұрған Олжабек қатуланып, шыбыртқысын шарт еткізді. Нар бар етті
де, жата кетті. Әлдеқайдан бір дауыс саңқ етті:
-        Ұрма,
жануарды!
Қайта көтерілген өткір шыбыртқысы түйеге тимей тоқтады.
Қуыстан шығарылған ернеудегі үйінді топыраққа қара сақалды, қара кісі келіп
шықты. Сақалынан мұрны қомақтырақ, қалың қабағы жауар бұлттай түнеріп кеткен. Төмендегі
түйеге, оған төнген Олжабекке көз қырын бір тастап, малдасын құрып отыра берді
де...
-        Доғар! - деді. Тым ақырын айтты. Бірақ
салмағы зілдей, іштегі ауыр
ойдың ағып түскен бір кесегі секілді. Сабылған түйеге қынжыла тағы да бір қарап,
сайқын сар далаға жіберді көзін...
-        Тауы жоқ,
кедір-бұдыр жусанды далада, көк өрімдей Ойыл жатыр. "Тап бабымды, босат
жүйемді, сонда ғана өміренем" деп дала жатыр. Дала жоғары. Ойыл төмен, шапшыса да өрге шыға алмапты. Көні кепкен
осы күнқақты даланың қайсарлығы сонша.
-        Өзегің болайын, қорегің болайын, - деп
күлім қаққан көк Ойылды төсіне бір шығармаған.
Ен даладан тұрақ таппай Ойылы барып
Жыңғылға құйған. Осыған талай жылдар өтсе де, талай арна бұзылып, талай қауым
келіп кетсе де, екі тентекті ешкім бағындыра
алмапты. Осы отырған қара шалдың
өзінің де істемегені қалмады. Көп жылдар
Ойылды түйемен қайырды. Даланы ағаш соқамен айырды.
Ырық бермеген соң бүгін аруананың езін әкеліп салған
еді. Көзінен жас парлап, пұшпағынан тер сорғалап, қуыстан
азар шығып бара жатқанын көргенде, тұңғиық қарт
тарс айрылып кеткендей болды:
-        Тарам құйрық, тұтам емшек аруана! Бүтың бұлақ, үстің соққан жел еді. Сені әкеліп
жеккенде, кезерген жер кекірік
атар, тегершіктер зыр қағар деп едім, жер тұтқасы ма
еді, бұл шіркін? Қозғауға ғана жарадың-ау! Толарсақтан құм кешкен шөлдерде көсіле жорытқан
жануарым, үнің шығып, адымың қысқарған
емес еді, сыр бердің бе? Ырзамын сонда да. Айуандағы арудың жеткен жері бұл
болса, бұдан әрі өнер аруына аяқ артар Шығанақ. Аруананы
көзімен ұзатып сап, тіл кеекендей үнсіз отыр. Тіл тоқтағанмен ой тоқтаған жоқ.
Ой қынымен алысып отыр. Түйені доғарып, жайлап келіп, айналсоқтаған Олжабек
бетіне жапақ-жапақ қарап тұрғанын байқамады. Әлден уақытта жөтеліп қойғанда ғана бетін
Олжабекке сәл бұрды.
-        Неге ұрасың аруананы! Барын ол қамшысыз
да береді.
-        Босаңсып қалды.
-        Көтерілем дей ме?
-        Білмеймін, сөйлескем жоқ.
-        Сөйлеспедім дегенше, түсінбедім десеңші,
"Табақтай тегершігің, діңкеме тиді, тарт әрі!" -деген жоқ па?
-        Қойдық ендеше, доғарып келдім.
-        Тарылар құп алды ма оныңды?
-        Қайдан білейін.
-        Сенің де білер күнің болар ма екен! -
деп кейіп қалды Шығанақ. Олжабек
қырындай отырып, күңк етті:
-        Білсең айта берсеңші.
-        Айтсам, машинаға аяқ артпай ойдағы Ойыл
ермен,
-        дейді соңынан. Қанатымен су шашқан
қарлығашша, шелекпен құйған суына
сусаған жер тойман, - дейді. Жер тойғанда
ғана тоқ екеніңді білесің бе? Олжабектің
бұл сан рет естіген сөзі. Естісе де естімей
кете баратын.
Шығанақ шұқшия сөйледі. Жауап күтіп, төніп
қапты. Олжабек қипақтап қалай бұрылса, ол солай бұрылады.
-        Осы ел баяғыдан бері осымен келіпті ғой,
- деді де қисая кетті Олжабек. Егер бұрынғысындай
"мен сөзден аулақ" деп тұра жөнелсе,
Шығанақ мырс-мырс күлген болар
еді. Күлмеді. Налып қалды. Талпынған талапты Олжабектің
"баяғысы" табандап тартып тұра қалғандай болды.
-        Әй, Олжабек, бері қарашы! - деді әлден
уақытта.
-        Рас, баяғыдан бері түйе шығырмен келдік.
Онда бір шығырға үш-төрт үй қарайтын.
Енді алпыс-жетпіс үй қарады. Бұны неге ойламайсың. Шығырың колхоздың жұмырына жұғын
бола ма?
-        Тәңір берсе, жалғыз шығырға қарап
отырмыз ба?
-        Сондағы сенгенің қырдағы егіс пе? Аспанға
қарап көз ағарды ғой, жердегі Ойылмен неге
кенелмейміз? Бұл жақтың аспанынан Олжабек те көп мейірім күтпейтін
сияқты. Ақ қалпақтың ернеуінен шаңытқан аспанға түйсіне бір қарады да, жерге
үңілді. Ыстық топырақты саусағымен сызғылап отыр. Түкіріп қалса топырақтан бу
шығады.
- Соның сырын кім білген, қыруар пұлға бір дүлейді алғанша,
ептеп осының өзін қозғай берсе қайтеді.
- Дүлей емес! - деді Шығанақ... - Ол еңбек аруы - машине.
Тілін білсең балдай тәтті
сөзі бар, тылсым
бұзарлық күші
бар. Осы дала тылсым сияқты. Сазарады да
жатады. Өмір бойы емсең де өздігінен иімейді, тап бабын, сонда ғана өміренеді.
"Су, су!" деп жатыр', кереңбісің, Олжабек?!
-        Құдай тойғызбағанды мен қалай тойғызам?
-        Сен тойғызбасаң, сені ол да тойғызбайды.
Өзіңе-өзің істеп отырсың.
-        Сондай сөз не керек, өзінен-өзі аяна ма
кісі?
-        Аянбасаң машинеден неге безесің?
-        Өзің, ілік іздеп отырмысың? - дегенде
Олжабектің көзі төңкеріліп кетті.
Басын көтеріп алды. Шығанақ қырындай беріп күліп жіберді.
-        Әлі қашасың колхоздан, соғысқан төс,
алысқан қол қайда? Олжабек
ренжіп қалды. "Қашқын" деген шамы, "достық"- мәртебе еді
оған. Шығанақ екеуін бірдей қозғады. Елсіз тауда Жамалдан айрылып, жау
соққысына жығылған жерде табысқан досы тым қатты айтты. Сонша неге қатты
кеткеніне түсінбеді. Томсарып отырып-отырып: -      Машина
менің қолымда ма? - дегенде, Шығанақ:
-        Сенің қолыңда! - деп шұқшия түсті.
-        Көптің бірі сен емес пе? Саған өтпеген сөз кімге өтеді?
-        Мен сөз білмейтін қазақ. Билей бер,
саған деген жаман ойым жоқ.
-        Жарыққа шықпаған жақсы ойыңды қайтейін?
- деді де, Шығанақ кейіп, теріс қарады.
Олжабек
"осы менің кінәм не?" деп аң-таң. Ол Шығанаққа түсінеді, дүлей
машинеге түсінбейді. Шығанақпен ойын
қосады, сөзін қоспайды. "Сөз басқанікі, жұмыс менікі. Әркім өз баққанына ие" - деп біледі.
Сөз сонда да соңынан қалмайды.
Олжабек қаша береді. Жамалға үйлене барғанда балдыз, жеңгелері түйгіштеп отырып
сөйлеткен еді. Шығанақ шындап отыр.
Бәрінен де "жарыққа шықпаған жақсы
ойын" қабылдамағаны батты. Тар кезеңде төс соғысқан
досы қолын төбеге қойып безгелі тұрған сияқты. Сөзге сенбей - отқа енгелі тұрған
сияқты. Шығанақ досының осы мінезін біле тұра қинады. Қинамасқа
болмады. Ойына сөзі жете алмай, сөзіне көпті ерте алмай жүр. Бірнешеуі қосылып
үн қосса, салмақ болатынын жақсы біледі. Біртіндеп тартып, біразын көндірігі те
қойды. Бірақ көп алдында көріне шығатыны аз. Әрқайсысы бір ауыздан сөз айтса,
үлкен пікір құралғалы тұр.
-        Мен сөз
білмейтін қазақ, - деді тағы да Олжабек. Білген сөзінің өзін айтуға жүрегі
дауаламайды. - Тіпті ата- бабамыз кәсіп қылған нәрсе емес, жақпайды өзі.
-        Бәйгілі жерде бір-ақ ауыз сөз айт.
"Машине керек бізге" де де жүре
бер.
-        Көп алдында соны да ұмытып қалсам
қайтесің? Сөзден сөз туып көбейіп кетсе қайтесің?
-        Өзім жондеп жіберем, тек сонда басыңды
изей бер.
-        Мені бір шешен деп пе ең, осынша неге
жабысасың? Шығанақ үн-түн жоқ орнынан тұрды да жүре берді.
-        Қайда кеттің? Ырза шығарсың маған? Шығанақ жауап бермей кетті. Олжабек оңаша
қалған соң көп ойланды. Төбеден күн, төменнен
жер қарығанда жіпсімесе де, Шығанақ
сөзі маңдайынан тер шығарды.
-        Япыр-ай осының көңілін қалдырман деуші едім, ауыр айтты-ау... "жарыққа шықпаған
жақсы ойыңды
қайтем?.."
деді, ә? Пай-пай тереңін-ай, - деп басын шайқап кояды. Арт жағынан ептеп басып
кеп, тыңдап тұрған Амантайды байқаған жоқ.
Алдында үлкен топ көреді.Топ алдында
өзін көреді... көреді... Олжабек осы жасқа келгенше топқа түскен,
сөзге енген пенде емес. Достың көңілін қимай бір ауыз сөз айтпақ. Өмірінде
екінші рет қысылуы бұл. Қалыңдық ойнай барғанда Жамалға жақындасар сөз таппай,
ол бұның ойын тап-пай, бір қиналған. Енді Шығанақ кинады. Өзінен-өзі күбір-күбір сөйледі.
Анда-санда "машине керек" дегені естіледі. Жаттап отырған сияқты. Әлден уақытта
бөркін қолына алды. Жағасын дүзеп,  ақалын
сипап, тамағын кенеп те қойды.
-        Машине керек!- деді сонсоң естірте.-
Ақырындау шықты білем, дауылдап отырған жұрт ести ме мұнымды. Қаттырақ айтып
көрейін: машине керек! Аһа, дұрыс шықты
енді. Бірақ топ алдында осылай шыға ма? Көп алды қатты
ғой. Мәселен: мынадай қоршап отырған жұрт, анау жерде
бір үзім отырады. Бұл "президиум"
дегені еді. Жоғарғы жақтан біреулер
келіп қалмасын кім біледі. Мен былай,
орнымнан тұрам, елдің көзі маған қарап жаудырап тұр...
Әлден-ақ жүрегімнің алып-ұшуын қарашы. Не де болса
айттым: - машине керек бізге!.. Ту,-маңдайымнан тер
бұрқ етті ғой... - деген кезде манадан бері
бақылап тұрған Амантай қарқ-қарқ
күліп жіберді. Олжабек ұялғаннан жерге еніп кете жаздады. Аузына келгенді айта
берді:
 Амантай! Жәй әншейін, әншейін жәй тұрмын...
- Қалай тұрсаң олай тұр, мен мұныңды ұзын
елдің үйіріне, кысқа елдің қиырына жаям.
-        Қой, антұрған, қойшы.
- Жоқ, қоя алмаймын.
-        Қалсын осы арада, не қыласың...
- Дәл осы арадан алтын тапсам қалдырармын,
мынаны қалдыра алмаспын.
-        Ал сонда не таптың, ал!
-Өле-өлгенше
өзім күлем, елді тағы күлдіріп өтем. Одан
артық не керек маған.
-        Ту, соққанның ойын-ай! Мә, насыбай атшы
өзің. Амантай өмірі қалтасына шақша салмайды.
Насыбайды елден атады. Олжабектің қалтасынан насыбай кетпейді, бірақ елге бермейді, өзі атады. Бұдан бір
ай бұрын Амантай бір атым насыбайын ұрлап атып, екеуі дүрде-араздау еді, енді өзі ұсынды. Амантай шап еткен
жоқ, шақшаны қолына алған соң да
біраз ұстап отырып барып атты. Бұл төкмейілдігі емес, "мұнымен құтылмайсың"
дегені. Олжабек түсіне қалып:
-        Салып ал азырақ, - деді. Амантай газетті жайып қойып, қара шақшаны
қотара бастады. Өңінде әлі де ырзалық белгісі көрінбейді.
Тегін топырақтан алып жатқан сияқты. Насыбай
лықсыған сайын Олжабек те лықсып қояды. "Болар" деуге дәрмен жоқ. Амантай оны сезсе де сезбейді.
-        Мінеки шақшаңыз, үйге барған соң үгіп
аласыз ғой,- деді де жүре берді.
-        Тоқтай тұр, неге асықтың?
-        Жаңағыны баяндай берейін деп едім елге.
-        Ту, нағыз оңбаған екесің. Әлгі қызды да
өстіп қорқытып жүрген шығарсың сен.
-        Дұрыс, оныңызды да Жанботаға
жеткізермін.
-        Насыбайымды алып, өзімді масқаралап кеткенін қара. Кірме деп басынғаны-ау, бұл, - деп
Олжабек налыған кезде Амантай қайта оралды.
-        Жанбота мен Қабыш та кірме ме?
Ағалығыңызды сыйлап та, қимай да
келдім. Өмірлік азығым еді, өзіңіз бірдеме
деңізші.
-        Ал, насыбайың менен, бұдан былай.
-        Қап, болмас енді, тастадым.
Өзенге іргесін
тірей қонған үлкен ауылдың ортасында қоңыр
үй тұр, есігінде дамыл жоқ. Колхоз конторы сияқты біреу келіп, біреу шығып
жатады. Контор еместігін есік алдындағы
жер ошақтан, белдеудегі отадан айыруға болады.
Басына шаршы байлаған қара бәйбіше, қашан кірсең
де сары самауырды сақылдатып, сары шұбатты көпіршітіп
отырғаны. Келген адам шайға отырмай, не шұбат
ішпей кетпейді. Бұл үйдің есігі өзгеден көбірек ашылатыны
осыдан. Бірақ көпке жеткен шай мен шұбаттың көзі қайда екені белгісіз. Үй
маңында басқа байлық  көрінбейді, қоңыр үйдің төменгі жағына
киіз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап
қойыпты. Бәйбіше бүгін екі дүркін қонақ жөнелтіп, жаңа ғана жантайып
еді, дабырлаған дауысқа жұмулы көзін ашып алды. Елеусін екен жұмыстан қайтқан,
жолдастары ере келді. Бәйбіше басын көтеріп тағы да самауырға ұмтылғанда:
-        Жата бер, апа, шаршап қапсың ғой, - деді
Елеусін
- Ештеме етпес, мен үйдемін ғой, - деп орнынан тұрған бәйбішені
Елеусін қайта жатқызды.
-        Мені күтіп
қайтесің, шалды күтіп, қонақ жөнелтіп отырғаның аз ба, тынығып ал осындай
толаста.
Елеусіннің
шашында әзір ақ жоқ. Сондығы болмаса, бәйбішеден
сегіз-ақ жас кіші. Екеуі жиырма-жиырма бес жыл
бір отасып келе жатқан абысын болса да, апалы-сіңлілі кісідей тату-ақ.
-        Өмір қызығы сыйласу, бір үй толған жансың,
бір- біріңе қонақсың, - деп отырады үй қожасы
Шығанақ. Бәрі осыған ұйыған.
Бірін-бірі сыйлаймын деп, жалпы адам сыйлауға жаттығып алған. Елеусін жолдастарының бетіне көз салса,
ауыздары томсара қалыпты.
Жанбота ернін жалап-жалап, күліп
қояды.
-        Шөлдеп отырсыңдар ма, Бота?
-        Білмейсіз бе, шөлдеген ауыз жай тұрмайды,
тойған ауыз томсарады. Әрқайсысы-ақ
тілін жалақтата бастады. Елеусін кішкене бөшкені шылдыр еткізгенде, қасына
Жанбота жетіп барды.
-        Мен аяқшы болайын.
-        Болатын да ештеме қалмапты.
- Амантай бар болғыр, оңаша қалып еді, ішіп
кеткен - деп бәйбіше
басын бір көтеріп жатты.
- Таңертең емес пе еді, оның келгені.
-        Тағы да келген.
-Амантайдың бір
басқан жеріне бір айға дейін шөп шықпайтын.
Екі келгенде не қалдырады дейсің, - деді
Жанбота. Ду күліп
жіберді бәрі. Қасында бес-алты кісі бар, үйге Шығанақ кірді. Келгендер
ауданның, ауылдың бетке шығарлары: Ержан, Төкен, Шәңгерей, Амантай, Олжабек,
ішінде Қабыш та бар. Аудандық жер бөлімінің басшысы Ержанның ерні тым көнтек.
Амандықты шолақ қайырып, шымшып тіккен толы қаптай тырсия қалыпты. Отырмастан
ерсілі-қарсылы жүріп жүр. Октын-оқтын, үзіп-үзіп сөйлейді.
-        Мүлде жөнсіз...
Әлі киіз үй, қош, бесбармақ, тазалық жоқ! Жұмыс жүрмей жатыр... Ержанның сырты
қалың болғанмен, іші тым жұқа еді. Бастықпаған жас колхозды жайсыз жағынан
көріп, жарылып кете жаздады. Саңғыраған контор, түзу көше, тізбектелген көркем
үйлер жоқ. Қызу жұмыс мол өнім, әдемі киінген адамдар жоқ. Мәдениетті, ауқатты
колхозды іздейді Ержан. Соған жету жолын көрсетпейді, бірақ
көрмейсіңдер деп
басқаны тықсыра береді. Одан да одағай бір
мінезі, көзі көргенді ойымен айыра алмай, қағазға қарай-тын.
Қағазда ең ақыры күнде мініп жүрген астындағы торы аланың да погоннайы жазулы. Бір күні сол торыаланың, шоқпардай кекілін тарап алып,
атшысы алдына тартқанда, Ержан жалма-жан погоннайына қарап, жер тепкілеп ұрысыпты атшыға:
-        Есалаң, әлдекімнің атын әкеп тұрсың?..
-        Құдай ақына, өз атыңыз.
-        Кекілін көрмейсің бе, ақымақ!..
-        Ойбай, өзім тарағам, тым қалың болған
соң... Атшысы сөйтіп азар дегенде сендіріпті. Ержан қазір
соншылап тұр.
Ауқат, мәдениет оның ойындағыдай толық күйінде
келіп тап етпеген соң, там-түмдап, келгендерін танымай,
тырс-тырс етеді. Жаңада келген басшыларын колхозшылар
да түсіне алмай, біріне-бірі қарайды. Су маманы Төкен де бұрынғысындай жайдары
емес. Екеуінің ыңғайымен өзгесі бой
бағып, тым-тырыс отыр. Сол тыныштықты жастықтан басын жаңа көтерген бәйбіше бұза бастады. Әрқайсысымен қысқа-қысқа
амандасып, орнынан тұрды да сары самауырды
көтере жөнелді.
-        Біз шайға қарамаймыз,- деді Ержан.
-        Неге асықтыңыздар, лезде қайнайды! - деп
ықылас білдірген бәйбіше ырзалық күтіп
тұрып-тұрып, самауырынды
орнына қайта қойды. Қонақтардың жайласуын күткең Шығанақ
әңгімесін енді бастай берді:
-        Міне, отыр ғой жұрт, сұрай беріңіздер, -
дегенде Төкен салған жерден
сөзді бөліп әкетті:
-        Не сұрайтыны бар, машине ойыншық емес.
Әуелі жерді білу керек.
-        Жерді білеміз, су сұрайды, су машине сұрайды.
-        Халық астық сұрайды, берері бар ма
жеріңнің?
-        Ала білсек, берері көп.
-        Әлі күнге бергені жоқ, не керек соқыр
үміт! - деп Төкш қолын сермеп
тастады. - Машине жұмысы өнімді екенін
әркім біледі. Жері келіскен күннің өзінде оған қадр, мұнай, мастерекой... керек. Мұның бірі
бар ма сенде? Қаңыраған далада
машиненің соқа басы сояудай боп немді бітірмск?
Құр далбаса. Бұл - малдың даласы, құм... Шығанақ
үмітін қылтанақтап келе жатқанда, Төкен ескектеп
жұлды. Әрқайсысы өз ішіне үңіліп, осының сөзінің де
жаны бар-ау деп отырған сияқты. Ойыл даласын көріп тұрып қарсы жауап айту қиын-ақ еді.
Шығанақ ширай сөйледі:
-        "Қалауын тапса қар жанады".
Бабын тапса құм да жанады. Осы қазақ
жердің бетін көріп, астын әлі көрмей жүр.
"Төкен, Төкен" дегенге лепіре бермей, артыңа, мына бізге де бір қарашы! Ел аузындағы аруана
алты атаға барғанда туады. Еңкейген кәрі - еңбектеген жасты ер жетеді деп қуанады. Машине жемісінің пісуі
осыдан ұзақ боп па? Әйтпесе,
жақсылық, тіпті, жақын көрінеді маған. "Ақыл ойдан
артық емес", көре келе осы отырғанның бәрі машиненің
құлағында ойнайды. Бір қаупің май болса, анау тамның
түбін тартып қалшы, май атқып кетеді. Бәрін айтта бірін айт, тәуекелді айт.
Сенің тәуекелің жетпесе, Олжабек
екеуміздікі жетеді. Солай емес пе, Олжабек? Олжабек уәде бойынша
басын изеп-изеп жіберді. Томсарып қалғандардың бірсыпырасы томағасын алғандай
жайраң қағып, ондалып отырды. Төкен
мырс етті:
-        Қызыл сзу, құрғақ тәуекелден не шығады!
-        Тәуекелді де суарамыз ба енді? - деді
Амантай қалжыңдап. Өзгелері
күліп жіберді.
Сары Төкен
қып-қызыл боп кетті.
-        Не күлкі!
"Еркектің қоры күлегеш, әйелдің қары күлегеш". Төкен Амантайды
түйреймін деп, бәрін бір-ақ түйреді. Жанботаның дәл жүрегінен қадалған тәрізді,
қынжылып отыр.
- Ақсақал құсып жіберді ғой! - деп сұрте бастады Күлкі
қайта көтерілді. Шығанақ
маңындағы Амантай,
Жанбота сияқты
өткір жастар, Қабыш сияқты жатып атар егде
адамдар кыңыр сөзге келгенде жайнап кетеді.
Шығанақ жөн сөзді өзі басқарып, қыңыр сөзді соларға беріп отырады. Кекеп, тұқыртпақ болған Төкен
қақпақылға түсе бастаған соң, бетін
Ержанға бұрды.
-        Бұлар жұмыс жасамайды, ылғи осындай қылжақ жасайды, Ержан жолдас!
-        Қалжың ғой, - деді Ержан, іші кең адам
сияқты.Кендігін білдіргендей қасын керіп, баппен сөйледі Шәңгерейге.-
Шәңгерей, сен не айтасың? Мынау шалдарың қыңқылдай береді, артелыс жауапты кісі
сен түбінде. Шәңгерейдің жауабы дайын екен, ұстата
қойды:
-        Мен Төкеннен артық не білем, ештемеге
көз жетпей колхоз ақшасын шаша
берсек, алдымен мені табады. Төкен екеуіңіздің
айтқаныңызға мен де қол қоямын.
-        Өз ойың жоқ па?
-        Мен ертеңгі құйрықтан, бүгінгі өкпені
артық көрем. Шәңгерей колхоз бастығы оның беті қалай ауса,
Ержанның да беті
солай аумақ еді, Қабыш ыңыранды. Бұл не айтар
екен деп аузына қараған жұрт, түсіне алмай аң-таң.
-        Шәңгерейдікі айтарлық сөз, - деді Қабыш
ыңыранып, - қазына мүлкіне мұқият болмаса бола ма? Шығанақтікі де дұрыс, көптің
қамы ғой, айтқаны. Төкен де алысты болжап отырған сияқты. Алдын көрмей шаппайын
деп отыр ғой, түрі. Сонда теріс кім? Талас неден шықты? Қабыш
кімді қостады? Жұмыр
ойға түсіне алмай домалатып отыр әрқайсысы.
Амантай күліп жіберді:
-        Қабекең мысықтан да епті, сыбдыр етпей
өте шығуын қарашы.
-        Түйеден де аңқаусың, - деді Жанбота, -
"рит соқ" деп
отырған жоқ па ол кісі.
Бұдан әрі
Қабышты Шығанақ өз қолына алды:
-        Жанбота тапты. "Сенікі де дұрыс,
сенікі де дұрыс, қай жеңгенің
менікі", - деп отыр Қабыш. Сөзі жұмыр болғанымен
өзі сопақ сорлы ғой, ұстатып алды. Қабыштың ұсталғаны жалғыз бұл ма, осы
шіркіннін, ойнап шалатынын, шын шалатынын білмеймін. Білдірсе екен бетін. Шығанақ
қалжыңмен айтса да, шын айтса да Қабышқа ауыр тиді. Төмен қарап салбырап кеткен басын көтеріп
алды.
-        Ендеше сенікі теріс! Баяғының
мәңгісіндей оймең байымай, қоя қой.
Қолқам осы сенен.
-        Көп қой десе қолқасыз да қоярмыз.
Арманды атқа, көпті етке
айырбастайтын күн өткен. Ендігі сөз көпке берілген
сияқты. Қабыштың ерте кезде
елубасы, ауылнай болғаны бар еді.
Жұмған аузын аша алмады.
-        Ал, көбің не айтасың? -деп Ержан көпке
қарады. Көп біріне-бірі қарады. Сен айт, сен айтпен іштен тіресіп тұр.
Амантай соны аңғарып,
ел көзін Олжабекке аударды:
-        Олжекеңе бердік сөзді. Осы
сұмдықтың боларын әлдеқашан сезіп, Олжабектің жүрегі дүрсілдеп отыр еді, енді
тура аузына келіп тығылды. Қаша
жөнелуге қадалған көздер жіберер емес. Қысылғанынан
қызыл
нарттай болып, көзі шарасына сыймай бара жатса...
Ержан:
-        Сөйлеңіз! - деп қыса түседі. Ұстап берсе де, араға Амантай түсті:
-        Азырақ тойпаңы бар еді, сабыр етіңіздер. Тойпаңы
жазылып, сөз бітетін де уақыт өтті. Олжабектің жүрегі әлі орнына келген жоқ. Ержан тықпалатып
барады.
-        Енді қашан? Бөгемеңіз жұртты. Құтылмасына
көзі жеткен соң, Олжабек қалпағын қолына алды. Өткен жиылыста облыстан келген
бір уәкіл бөркімен тұрып сөйлегендерді сөккен. Содан бері оған шақырайған күн,
сақылдаған аяз болса да, сөйлеушінің жалаңбас тұруы парыз сияқты еді. Қалпағын қолына
алысымен ұшатын
құстай қомданып тұрып:
-        Машине керек! - деді де шыға жөнелді.
Олжабек кетсе де оның шып-шып
терлеген тақыр басы, алақтаған үлкен
көзі, жуан дауысы Ержанның есінен кетпеді. Ел адамдарының ішкі сарайына енбеген
Ержан, Олжабекке ашуланып кетті, бұл колхоз шетінен қыңыр екен деп қалды. Жол
бойы Төкеннің айтқаны расқа айналып келеді. Тәртіпке шақырмаса болмас деп
отырғанда, Амантай ол ойын тағы ушықтыра түсті.
-        Олжабек айтпақшы машине керек, - деді
Амантай. Шәнгерейдің шекесі зырқ етті:
-        Иә, машине істеп береді, жатыңдар бәрің.
-        Әй, Шәңгерей! Осы егіннің өзін салатын
болсан көкесін танытып салайық. Әйтпесе бұл не
әуре! Алпыс үй ала жаздай алты гектар
жер шұқылаумен болады. Ол шыққанда кімді жарытады, шықпағанда кім мұқайды?
- Олжабек екеуің айтты деп, Шәңгерей шекке
қол қоя алмас.
- Көп айтса қайтесің? - деді Шығанақ.
-        Онда көрерміз?
- Тәуекел! Шақыр
ендеше жалпы жиналысыңды. Мына
кісілер де ішінде болсын.    
-Тағы да тәуекел? - деді Төкен кекесін күлкімен. Шығанақ шамданып қалды. Мұрты сербиіп,
шоқша сақа-
лы қозғалып
кетті.
-        Иә,
"тәуекел дариясына салдым кеме, кемесіз ол дариядан өтем деме!". Сен оқыған қазақсың ғой. Оқысаң да ұсақсың. Ұсақтығыңды мен көргелі
қашан!
-        Қойыңызшы, Шықа! -- деді Амантай,
Төкенді қостаған болып құтырта
түсті. - Осы кісінің денесі колхоздың қара
бурасындай-ақ емес пе!
-        Рас, денесі, тартыншақтығы келеді.
Тақыстығы одан артық. Көкжар
бекінісінде көп ақылдасқан антұрған, сол күндерді
әлі ұмытпай ма, дейім. Ержан бөліп жіберді. Ызбармен айтқан екі
сөзінде үйдей екі пәле жатыр.
-        Тереңге
бойламаңыз, шығалмай жүрерсіз! Шығанақ сөзден тоқтап, сол тереңге бойлап
кетті...
Ойылдың кең даласы ерте кездерде Кіші жүздің бірсыпырасына
жайлау болған. Бай руынан тараған он екі рудың бірсыпырасы, әсіресе Адайлар жыл
сайын Ойылдың көк мөлдіріне бір шомылып қайтатын. Көптің суаты болған өзенді
патша өкіметі де ескерусіз қалдырған жоқ. Соның жағасындағы көк жарға Ойыл
қаласын салдырды. Ойыл әуелгі кезде қазақ даласын бағындыратын әскери күштің бір
бекінісі болса, кейінгі кезде бай саудагерлердің қаласына айналды. Ойыл
жәрмеңкесіне толықсып келген Адайларды жалақтаған саудагерлер сүліктей сорып,
тырсия қалатын. Төкен осы
Ойылдың бел баласы. Шығанақ оның
төңірегіндегі
жатақтың бірі. Көп ішіндегі жалғыз Төкенді Шығанақ
жақсы біледі. Кебеже қарын, салпы бұғақ бай-батша, біресе жуан жұдырық Төкен бүгін
маман болып тағы да әмір етсе,
Шығанақ шыдар емес. Ісламғали
марқұмның бір сөзі осы арада есіне түсе кетті.
-        Дүржығұл, Жүсібәлілермен кескілесіп
жүріп, Төкенмен тату қала алмайсың. Бірі тау
қасқыры, екіншісі орман қасқыры. Айырмасы
не? Ұлысады да табысады, -деген еді ауырып жатып. Дүржығұл, Жүсібәлі
дегендер Шығанақпен аталас, қаламдас шонжарлар. Штат сайлауына жатақта жатқан кедейлердің
көнбегенін қамшымен әкелетін. Үш баласымен Берсе қарт қана қарсы тұрды. Үлкен
баласы Шығанақ жас кезінде дойыр соғысына талай кірген кісі. Қолы тым қатты болса керек:
-        Өліп кетпесін! - дейді екен әкесі. Жұмысқа
да апат сияқты.
-        Ой, мұрныңды ұрайын түрікпен мұрын,
төбемді бұлтқа тигізесің бе? -
деп бір көпенені бір-ақ түйреп лақтырған баласына, арба үстінде тұрып мақтанады
екен қарт. Он жасында атқа мініп, ағаш соқамен алғашқы борозданы тартқан
жерде:
-        Балам,
сенен бірдеме шығар, - депті Берсе қарт, оқтай дүзу бороздаға сүйсініп.
-        Болатын
бала алдымен әке-шешесіне, үй-ішіне, одан ауылға ұнайды, - дейді. Бірақ елуден
асқанша Шығанақтың аты ауылдан алты шақырым ұзамапты. Еламғали енді көрем деп
жүргенде қайтыс болды. Шығанақ тұрған колхоз сол Еламғали Құрмановтың атымен
"Құрман" колхозы аталады. Қабірі
де сол маңда. Жалындаған жас комиссар алаштың бір ордасы болған Ойылдан Досмұхамбетовтерді
қуып шығып, Ревком орнатады да, өзі басқарады.
Бірақ ұзақ жасамай, 1923 жылы құрт
аурудан қайтыс болған. Шығанақтың еске түсіріп отырғаны осы Еламғали,
осы Төкен. Ержанның "Тереңге бойламаңыз" дегенінен қорқып тоқтаған жоқ
Шығанақ. "Осының өзі тау қасқыры емес пе?" деген ой келіп қалды. Ол
ойының ұшығы таптырмаған соң, әңгімеге қайта оралды.
-        Ал,
жиналысыңды шақыр, Шәңгерей.
-        Шақырамыз,
ат үстінде бітетін әңгіме
емес қой бұл.
-        Созбұйдамен күн өтіп барады, - деп Шығанақ Ержанға қарады. - Осының бір тынымын
істеп кетіңіз. Әйтпесе менің көңілім жай таппайды.
-        Әуелі
өздеріңіз бір пікірге келіңіздер! - деді Ержан. Сенделе-сенделс аяғы талса
керек, жантая кетті. Бір қолымен шынтақтап, екінші қолындағы қамшысын екі
бүктеп, өз аяғын өзі сабалап жатыр. Аяқ жағында керіле ұйықтаған сұр тазы, қамшы
сартылдаған сайын көзін бір ашады. Қонағы қырындау келсе де шынтағына жастық
қоймақ  болған бәйбіше, қабылдамаған соң
қайта алып қойды. Шығанақ
дағдарған кісідей сұлық отырып, күрсініп алды
да:
-        Мен түсіне алмадым онда! - деді. Өңінен
де, лебізінен де іштегі өзгеріс байқалып тұр.
Сырмінез болған Амантай мен Жанбота
біріне-бірі қарады. Ержан "көрейін күшінді"
дегендей тиісе сөйледі.
-        Түсінбесеңіз, түсінгеніңіз де оңып тұрған
жоқ. Әлі күнге бір рет су
жүрмеген атыздар бар. Белгілеген срок өтіп кетті. Сіз әлі қияепен жүрсіз.
-        Мен мерзімге қарамаймын, тарының райына
қараймын. Тары судың райына қарайды.
-        Агрономдар білмей белгілеген ғой онда?
-        Білгенінен
білмегені көп сияқты. Маған қалай суаруды үйреткенше, су берсеңіздер екен
тезірек.
-        Өзіңіз нағыз
бунтаръ екенсіз! - деп, Ержан ежірең ете түсті.
-        Морт
сындың-ау, шырағым! - деді де Шығанақ Амантайға қарады. Амантай Жанботаға көзді
бір қысып қалып, іліп әкетті сөзді:
-        Келгенде-ақ шатынап тұрған.
-        Онысын білгенде ептеп ұстау керек еді, -
деді Жанбота, - әлі де септеп көрсе қайтеді?
-        Қысқарт! - деп, Ержан басын көтеріп
алды. Қамшысы арт жағындағы сұр
арланға барып тиді. Арс етіп ала түсті
арлан. Көзі қып-қызыл боп, жеңінен қапсыра тістеп қатып
қапты. Амантай кеп арашалап жүр...
-        Қой, әй, Сұркиік, қой деймін, бізден көреді... Кет енді антұрған! -дегенде, тазы бір күр
етіп үйден шыға жөнелді. - Қап, боқтап
кетті-ау қонақты! Ержан алқынып отыр.
"Әттең, 20 жыл-ай" дейді ішінен.
Әкімшілік құралының
қайсысын алса да бір сілтеуге жарамады. Соттауға қылмысы жоқ, шайқалатын бақ,
дәулеті тағы жоқ, кетпен
көтерген өқкей кедейге не істерін білмей:
-        Көрсетермін екеуіңе, тұра тұр! - деді де
Шығанаққа ауды беті. - ІІІал, сен
жақсы ұсыныс жатпайды дегенге көки берме,
өнерің сыймай бара жатса көрерміз. Әзірге айтқанды істемесең, шоқ басқан
тайлақтай боласың! Сөзін бітірер-бітірместен Ержан тұра жөнелді, Төкен қоса жөнелді.
Амантай мен Жанбота есікті бермей Ержанның, алдынан келіп тұрды.
-        Немене?
-        Әлгі көрсетем дегеніңізді көріп қалсақ
деп едік?
-        Түу, жалықпайды екенсіңдер! - деп күліп
жіберді Ержан.
-        Онда қойдық, - деді де есік ашты екеуі.
Ештеме болмағандай ойнап-күліп, қонақтарды тандырғалы
барады. Шығанақта үн жоқ. Өзі қара кісі, әңгімеден кейін тұңғиық
қара судай түнеріп қалыпты...