ВЕРНУТЬСЯ

       Сары атан
тайталақтап желіп келеді. Желмеске амалы не, өткір қамшы жуан санды тіліп
келеді. Алдында не тұрса да тайынған жоқ, тұмсығын қыл бүйда жырып барады. Ортаға
алған бес қасқыр арсылдап келіп ұмтылғанда аяғы анда-санда бір-ақ тиеді жерге.
Епсіз аяқ бір кезде жағадағы тасқа соқты. Ебедейсіз дене тоңқалаң аса құлады. Жамал
да, Сағынтай да үстінен ұшып кетті. Сүйір тасқа шаншыла құлаған Сағынтайдан
қызыл қан бұрқ етті, жас ұлан шыр
етті. Жартас та бір қаңқ етіп, "қош" дегендей болды...

Құлаған жерінен
қозғалмай, ыңырсып Жамал жатыр. Есалаң боп сары атан тұр. Томағадай ақ отау құлталқан боп
шашылды. Қанша қасқыр болса да, бес қашқын осы арада
бір аңырған секілді.

-        Қайтеміз? - деді біреуі. Жауап қайтпай тұрғанда, елуге келген қырқылжың аузынан от шаша
сөйледі:

-        Не бар дағдаратын! Ел емес бұл жатқан!
Елге сыйсақ, неге жүрміз тағы боп? Тағы тағылығын істейді. Тыға сал ана шарананы бір қуысқа, қайда
қалмаған шарана! Мыналардың жарағанын
жинап ал. Қатынды түйеге таңып ал,
тарта бер сонсоң. Осы айтқанын бұлжытпай
орындады да, қашқындар тарта
берді. Тар кезең, терең сайдың талайынан өтті. Жақпар тас, құз-қияның арасымен
жыландай иір-иір жүріп

келеді. Жамал
өзіне-өзі әлі келген жоқ. Сары атан теңселіп келеді,
жаншьшған дене қозғалған сайын жанды жеп барады... Қайдан
келіп, қайдан тұрғаны белгісіз, бір кезде Жамал есін жиды. Қыран ғана шығатын шыңда жатыр. Шыңның
беті терең күз. Құздың түбінде емес, кіреберісінде жатыр. Алдына қараса, анау етекте зымырап
аққан көк бұлақ сықылықтап
күлгендей боп естілді. Артына қараса -
қара үңгір, жұтқалы тұрғандай боп көрінеді... Тор астында ақ қоян, босануға
дәрмен жоқ, аласұрып тыпырлайды. Жамалда да дәрмен жоқ, ақырын ғана күрсінеді.
Жемі дайын бес қасқыр үңгір түбінде қарқ-қарқ
күлісіп жатыр.

- Бұл кім болды
екен? Сөзге келсе сұрашы!-деді қырқылжын басшы. Баспалап келіп әрқайсысы тыңдайды,

Жамал тіл
қатпайды, жаудыраған мөлдір көзін ақырын ғана ұзын
кірпігімен жаба салады. Аңдушы етісімен қара кірпік қайта көтеріліп, мөлдір көз тағы
жаудырайды... Осылайша бір күн жатты Жамал. Екінші күні есі де, ақылы да
еніп қалған сияқты. Алдымен Сағынтайды сұрады:

-        Сақышымды
көрсетіңдерші! Қарақшылар жауап бере алмай, біріне-бірі қарады. Қайсар басшы ойланып қалып, әп-сәтте бір
желеу тапты:

-        Баланы әкесіне беріп кеткеміз.

-        Ә! Әкесі қайдан кездесті?

-        Мана Айбас апарып берді. Жамал
нанарын да, нанбасын да білмей, шындықты Айбастың бетінен ғана күтіп, қадалып
жатыр.

-        Бала өлмей қалған екен әйтеуір. Ауырмап
па еш жері?

-        Лақтай ойнайды. Өзің тез тұр. Бар тойды
бір-ақ жасаймыз, - деді Айбас. Қай той екенін
түсінее де, Жамал алғашқы
бетпен ежіктей берді:

-        Әкесі бейшара не күйде екен?

-        Өлетін емес. Керегі осы еді, басқасы
бойыңа судай сіңсін, - деп құшақтай
алды баланы.

-        Иә, Сақышты жанындай көретін, - деді де
Жамал көз жасын бір төкті. - Екі сорлы ит-құсқа
жем болып қайда қалар екен? Екеуімен бірге өлсем арман не еді? Арандаған
ақ жанның кейісі қара жүректі де бір шымыр еткізсе керек, қарақшылар төмен
қарап кетті. Тек қайсар басшы ғана қара үңгірде жылан көзі жылт етіп, басын көтеріп
алды.

-        Нешедесің, олжа келіншек?

-        Отызға шығамын.

-        Ендеше, бала белде, бай жолда, жылама!
Бәрінен айрылып, мен де өлмей
отырмын.

-        Отағасы-ай, сіз де мендей қаралы ма
едіңіз! - деп жалт қарады Жамал. Іші
жылып кеткендей боп мұңды мұңмен
жуғанша асықты. Бірақ отағасының мұңы басқарақ екен, айтқан сайын мұздай берді
Жамал.

-        Әуелі бақты алды. Бақтан кейін жерді
алды. Екеуінің артынан мал кетті.
Малмен қоса қатын-бала, ел кетті. Сонсоң мен тағы болып тауға шықтым, қасқыр
болып қойға шаптым...

-        Дәулстті адам болғансыз ғой, сірә? - деді
Жамал ақырын ғана.

-        Бір болыс ел Ақмет демей, Ақа дейтін
еді.

-        Бәсе. Мына кісілер кім? Бәріңіз бір
жердікі ме?

-        Жоқ, - деді Ақмет. - Анау отырған Айбас,
қандыбалақ ұры. Ақаң күнімде ауылымның жел жағынан өтсежиренетін едім. Енді немді қызғанайын, қасыма
қосып алдым. Мынау, кісі қанын ұрттаған Жақып қашқын. Өзім қашқын болған соң, бұдан да қашқаным жоқ.
Өзіңе тақау отырған мысық мұрт -
колхозды борсықтай сорған Елемес.
Жегені желкесінен шығатын болған соң, өзі келіп тағыты бізді. Анау, жіпсік көздің кім екенін
жақсы білмеймін, әйтеуір түрмеден қашқан. Онымен
шыққанда жолымыз бола берген
соң, Жолдыаяқ қойдық атын. Әрқайсымыздың басымызда бір-бір қисса бар.
Жата-жастана оқырсың, келіншек. Жамал
ішінен: "Құдай сүйер қылықтарың жоқ екен" десе де, тағылық өмірге
қимады. Жалғандағы ең
ауырлық

-        елден кеткен адамның басында деп білді.
Егер елде болсам, басқа түскен
осы күнді жатып емес, жылай жүре, көңіл
шерін шерте жүре бастасыма
жеткізер едім-ау! Кімге шағам
бұл жерде? - деп бар қайратын жиып жатыр. Айтқаным см болар деген жоқ, осы
ойдың әуенімен аузынан сөз
қалай шығып кеткенін аңдамай
қалды:

-        Әйтсе де бекер кеткенсіздер. Ел іші
алтын бесік қой,

-        дегенде Ақмет ақырып жіберді.

-        Тарт! Елің құрсын! Алыстан да, жақыннан
да түңілгем. Түңілген көңіл енді қайтып
меңіренбес. Бір құлаған бәйтерек, орнатсаң да орнамас. Колхозсыз ел қалды ма?. Мені тонаған колхоз. Сондықтан мен
колхозды тонаймын.

-        Ойбай-ау, біз колхоз ба едік? Осынша
қызыл жоса болғанымыз не? -деп
Жамал басын бір көтеріп жатты.

-        Қолға түскен
соң құлақпын да дерсің, сұм келіншек.

-        Бір шыбындай жаным бар. Құлақ та, колхоз
да емес едік. Жаратқан-ай,
қосақ арасында кетіппіз ғой...

-        Орташа болсаң тым жақсы. Бай таңдаған
қыздай- ақ кылып едің қылықты!

-        Таңдап жүргеніміз жоқ. Колхозсыз жер бар
ма деп, шыға қалып едік, тап
болдық осыған, - деп Жамалкүрсінді.
Қарақшылар ду күлді. Келемеждеп жатыр:

-        Жел жаңа оңынан шықты.

-        Аңқау бозбалаға айтып қалған сөзі де.

-   Елсіз
де жүрген соң ештеме білмейді,- дейді ғой.

-    Қайта
айтшы, құрбым, не іздеп шықтық дейсің? - Айбас
жақындай түсті Жамалға:

 -    "Жер ала, бұлт шола. Аспан асты
кең", колхозсыз жер
табылар деп, болмап еді жолдасым.

Қарақшылар тағы
да мәз болды. Ақмет сезікті пішінмен
көзін қадай отырып сөйледі:          

-    Күйеуің сондай
мондыбас-ақ шығар. Сен бекерге жортпассың. Қазір колхозсыз ел жоғын он жасар
бала да біледі. Шыныңды айт, шатылмай! Жамал шынын қарғанып та, жалынып та
айтты. Қайыра алмады. Нанарлық
та қисыны жоқ. Бірен-саран жекеше болмаса, ауыл жаппай колхозға енген. Мұны тауда
жүрген қашқындар біліп отырғанда, елден келген Жамал білмейді деуге бола ма?
Әуел баста үлкен күдікпен

шыққан Жамал,
көрген мазағы мен азабын осы арада бір өлшеп,
бәрін Олжекеңе арта салды. Артарын артса да, иссіз тауда қызыл-ала қан боп, қаннан сорлыға Сағынтайдың салмағы да жетер деп қайтып алды. Енді
өзімен-өзі болып жатыр.
"...Алдымнан да артыма көп қарадым. Жүрек кейін тартты. Мал кейін қашты... Қалғаным жоқ
тіпті, Сағынтай ойнаса да, ұйқысыраса
да ауылдың әрнемесін айтып, жүйкемді
босатты... Жалғыз кетіп бара жатқан соң Олжекеңнің
көңілін жыға алмадым. Жықсам еді сонда. Жықпағаным
осы ма?!. Ел қадірі елсізде, су қадірі сусызда екен ғой. Қанына қарайған
қарақшылар қан қақсатпай қояр
ма?.. Нанымсыз шындықтан нанымды өтірік өтімді болар
ма? Алдап көрейін, арбап көрейін..." - деп Жамал

тағы да тіл
қатты:

-        Сөзім нанымсыз болса нанбаңыздар,
қайтейін. Бірақ, затым әйел еді, не балаңыз, не қарындасыңыз шығармын.
Осынша неге қатаясыз,
Ақа?! Соққы көтерер не жай бар менде? Ақмет
толған ішін ызалы күлкімен бір босағып, қуьтсты жанғырта сөйледі:

-        Әйел күлсе, алдайды. Әйел жыласа,
арбайды. Дәл өзіңдей нақсүйерім
алдаған да, арбаған да. Елден бір көрсем,
әйелден екі көргем. Жібімен, жібімен, қызыл
түлкі! Қырандай құйылып, екі бүктеп, жылы өкпеңе суық тұмсығым сұғынбай
тегеурінім жазылмас.

-        Олай болса,
тым асқақтама, көк шолақ! - деді Жамал қатуланып. - Мынау отырғанның бәрі қатын
болса амалым жоқ, әйтпесе менен саған бұлт жуық!

-        Шық! Шығыңдар! - деп орнынан ұшып Ақмет. Дәл құтырған иттей көзі қып-қызыл
боп кетті. Бәп

атып тұрды,
Айбас қана тапжылмай отырып қалды.

-        Сабыр етіңіз. Ауру адаммен не керек
байланысып

-        Шық деген соң, шық! Керек емес басалқаң.
Жекс қалам қуыста. Ең болмаса жаныштаймын қара
тасқа!.. Тұр жөнел!

-        Адам деген атымыз бар. Айуан болсаң -
осында екі бие бар. Бар да шаба бер! Сескенді
ме, ой түсті ме, Айбастың сөзінен кейін Ақмет сылқ отыра кетті. Қара үңгірді
қара қайғы басқандай біріне-бірі тіл қатпай қата қалды. Қара тас та үнсіз қарақшылар
да үнсіз. Тек қара бақыр шымыр-шымыр қайнап жатыр. Қақтаған ет үш сойылдың
бойында самсап тұр. Көк шалған көне торсықты мойнын көкке қаратып, бір

сойылға байлап
қойыпты. Осы үйдегі ең қасиетті екі нәрсе -
дүмі жарылған бесатар мен қапсыз алтыатар Ақметтің  тұсына
ілінген. Олжабектің аз дүниесі де Ақметтің астына төселген... Ауыз
жақта жатып бәрін байқаған Жамал, көзі Сағынтайдың жастығына түскенде, көңілі бұзылып
кетті. Көз жасын бір іркіп алып, далаға қарады. Дала да жұбата алған жоқ, қайта
жасқа жас қосты. Есік алдында Олжабек мінген торы қаңтарулы тұр екен, көзіне
оттай басылды, көңілі сөйлеп жүре берді. "...Жолдасымның жолдасы мұңдасар
едік, қайтейін, жаның бар да, тілің жоқ. Басыңа дорба іліп ем, арқаңа терлік
тігіп ем, танимысың жануар?

Жалтақтап неге
қарайсың? Қаңтарулы сен тұрсаң, қанталауда мен отырмын. Олжекең мен Сағынтай
кетті тентіреп. Қойынында тілім наны
жоқ, қолында бір қару жоқ. Қайтып солар күнелтпек?.. Шыбын жан жанып барады, ет жүрек елжіреп барады. Жаратқан-ау, аз ба
әлі де! Алсаңшы, алмасаң құтқарсаңшы..." Осынау
құз жартастай ауыр қайғы күрс құлап басып қалған,
кыбырсыз, дыбыссыз тұншығып жатқан Жамалға бір
сәуле жарқ етті. Ол, торы аттың ар жағында тұрған кежімдеулі
кертөбелдің маңдайындағы ақ жұлдыз еді. Ба-

ғанадан құнысып,
ұйықтап тұрған жануар, шірене керіліп, еліре
қарағанда Жамалдың көзі алдымен маңдайдағы жұлдызға
түсті. Сол жұлдыздан бастап керте белдің бар мүшесін
сынап шықты Жамал. Көп жылқы бітпесе де, есігінен
бір жүйрік кетпеген сыншының қызы: "тегін жылқы емес екен",- деді
ішінен. Әкесінің атты көзден таса алмайтыны, көбінесе кежімдеп мінетіні бұл ойын бекіте кетті Кертөбелдің үстіне бір шықса, құс боп ұшып, оқ  зулайтындай
көрінді. "Бірақ бесатарды қайтесің? судан
артық жүйрік жоғын қайдан білдің?" деп қауіп те ол қылтыңдап.
Қайткенмен кертөбелден басқа үміт жоқ Анықтап
біліп, құтқаратын болса, Жамал қашуға бекіді. Ленесін де қозғап байқады.
Сүйегі аман, еті ауырып қалған тәрізді. Ауырсынады да, қуанады. Арыя ауру алып қалғандай, жанын
кертөбел құтқарғандай көреді. Кертөбел

қолға
түскенше ауыра бермек, қолға түскен сағатта міне сала
қашпақ. Қайда қашарын, қайда барарын білмейді. Бас айналған, жол белгісіз, солтүстікке қарай
тарта берсем, бір ел кездесер деп
шамалайды. Оған дейін жапан далада қараңғы түндерде, жалғыз әйелдің көрешегі көзіне елестесе де, көңілі қобалжымады.
Дүниедегі бар пәле, бар көрқыныш
тек осы үңгірге ғана жиналған тәрізді. Жамал осылай ойдан өрмек тоқып жатқанда,
басқалар да қарап отырған жоқ. Соқыр сонарға шыққандай, әрқайсысы бір сорапқа
түсіп кетті. Біреуі соққандай, біреуі шарлап қайтқандай. Енді ғана олжаларын
ортаға салғалы отыр. Айбас сар шақшаны тас қабырғаға тық-тық қағып атқан соң,
түнеріп қалған Ақметке тастады. Бұрын
көрінбеген

тосын шақша
алдына келіп топ еткенде, Ақметтің іші жылып та, суып та кетті. Жанжалдан бұрын
Жамал бірқозғалып қалтасынан
бірдеме алған сияқты, Айбасқа берген
сияқты еді, сол осы екен ғой, - деді. Осы екенірас,
Олжабек насыбайды екі шақшамен ататын, соның бірі Жамалда
кете барыпты. Жамал қабаған итке сүйек орнына тастады.
Айбас балға балап алды. Ақмет құр қалғандай іші
ашыса да, насыбайдан мейірлене бір атты.

-        Қысты
қайтеміз? - деді Айбас. Дағдарған түрі бар, кімге айтқаны белгісіз. Ешкім жауап
қайырмаған соң әлден уақытта, арнасына түскен Ақметтің солғын даусы шығайын
деді:

-        Осында боламыз да. Ар жағын өздерің реттей бер дегендей
жантая кетті. Бірақ реті келмей
жатыр.

-        Жан сақтау қиын болар, - деді Айбас.
Елемес елпілдетіп тұр бәрін:

-        Осы қуыс, суық жібере ме! Аузын бекіте
қойса болғаны.

-        Малды қалай ұстаймыз? Отын-су қайда?

-        Малды бағамыз. Отынды әзірлеу керек. Осы кезде Жолдыаяқ жолдан қосыла түсті:

-        Мен енді отынға бармаймын, жігіттер.
Үстімнің пәре-пәресі шықты,
көресіңдер ме? Мағазин жоқ, алып кие
қоятын.

-        Тарамасақ, қысқа қарай тобымызбен күн
көру қиын болар, сірә, - деді Жақып. Ақмет басын көтеріп алды. Ендігі сөзінде
ширыққан ыза жоқ, кейіспен қайрау бар тәрізді.

-        "Құм
жиылып тас болмайды. Құл жиылып бас болмайды" дегенде, бірлікті айтқан ғой
бұрынғылар

Әйтпесе, одан-бұдан кұралып, өзімізді қуған колхоз да отыр.
Тобымен шұбырып қанды ауыз қасқыр да жүр. Бізді не адам, не аң кылмаған тәңірге не
айтарсың! Аңмен отаса алмаймыз.
Елге барсақ, терімізді тірідей сояды. Ал, дайын үй, тегін тамақты тастай қашып,
сондағы көздегендеріңді
көрсетші маған?! Ешқайсысы жауап айта алмады. Ақметтің кішкене көзі сынапша
бір жылп еткенде, өңі түгіл бәрінің ойын да шолып шықты. "Ә, қорғалатқан екем?"-деді
ішінен. Бірақ қайта қаша жөнелмесіне
сенген жоқ. Өңдерінде ертеректеболатын
ыза, ашу көрінбей, өкініш дағдарыс сезілді. Бұрын, елдің төбесінде
ойнақтаймын десе, енді табанына жатуға да разы сияқты. Қайсар Ақмет бұған көне
алмады.

-        Өздерің
біл, жігіттер. Меніқ үйім де осы қуыс, көрім де осы қуыс. Өмірім жетсе, сонау
алыста топтанған бұлтты көріп тұрмын.. - деп қайта жантайды. Бірде-бірі үн
қатпай, қыбыр етпей түнеріп отыр. Қүжыр-қүжыр нән жартас мықтап астына басқандай...

II

Таң атады, күн
батады. Күн батады, таң атады. Елсіз таудағы
айқын көрініс осы ғана. Жамал әрбір түнмен сырласты, әрбір күнмен
ымдасты. Сырласқан сайын, ымдасқан сайын өзгере берді. Мұны ешкім сезген жоқ.
Баяғы Жамал жатады, баяғы таң атады. Елсіздегі қарақшылар түнде бейқам, күндіз
сақ. Күндіз өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді. Түнде
тыныштық алады. Осы
тыныштықты ыңқыл-

сыңқылмен бұза
берген соң, бір жағынан оңашалықтын да
бір керегі болар деп, қарақшылар Жамалдың төсегін бұрынғыдан
да алыстата түсіпті. Басы қатқан ауру әйел қайда барады дейсің деп ойлайды. Кейде кертөбелді қарай  деп тапсырады. Кертөбелдің күзеті де бір
сылтау сияқты  соны байқауға түнде тұрып
қарақшылар Жамалдың көңілін сұрап кетіп жүрді.

- Етім емес, сүйегім...- деп қақсайды онда Жамал. Бүгін
торықты ма, шаршап қайтты ма бірде-бірі

өлген жоқ. Қуыс түбінде қатты-қатты қорылдар естіледі. Біреуінікі
тіпті басым, шошқаша қорсылдап, бақаша қақалып жатыр. Кертөбелді күзетіп,
берірек жатқан айбастікіне ұқсайды бұл қорыл. Атты көбірек күзететін де
Жамалдың көңілін көбірек сұрайтын да сол еді. Жамал шәлісін түріп койып тыңдады...

-  Сол! - деді. Дерін десе де орнынан атып тұра алған жоқ.
Шыны ма, өтірігі ме? Бәрі тегіс ұйықтады ма? -деп
тыңдай түсті. Бәрі де сірескен
тәрізді. Сонда да тұра алмады.
Жүрегі тулайды, көңілі құс боп үшады. "Оянып кетсе"
деген қауіп басып алып тұрғызбайды. Өзімен-өзі алысып,
көп жатты Жамал. Жеңіскенше қысқа түн шыдамады. "Енді кешіксең қалдың!"
дегендей Шолпан жұлдызы шыға келгенде, Жамал сып етіп, кертөбелдің үстіне мініп қалды. Тықыр еткен тұяқ дыбысымен
Айбас та оянып кетті. Жастанып жатқан бесатардың
бір оғы Жамалдың құлағынан зу етті... Тау күңіреніп, тас жанып кеткендей. Арт
жақ у да шу.

Сатырлатып куып
келеді. Зымыраған кертөбел көңілге қаптал келе алмай, Жамал қамшыны басып келеді. Озып
шыққан бір дүрсіл кезігіп
алған, қалар емес. Нысанаға іліксе теңгедей
жұлып түсірмек. Бесатары қолында, кезеп-кезеп қояды... Ат
жалына жабысып, зулай берді Жамал. Жығылып жазым
болмаса, кертөбелге кінә жоқ. Жолындағы қой тастан қояндай орғып келеді.
Көлденең жатқан жырадан киіктей
орғып өтеді... Жаудың жетері екіталай! Окқа ғана амал
жоқ. Басын қорғаса, бөксесі оқтың өтінде, бөксесін

көрғаса басы
оқтың өтінде, "Оқ өтпейтін бір шапан болар  ма
еді, тәйір-ай..." деп қояды Жамал. Міне,
күлімдеп таң келеді. Тулаған жүректің арыны басылғандай.
Қуғыншы алыстағандай. Қараңғыда

көрқытқан күшті дүрсілді жарықта көзімен бір көргісі келіп артына қарады Жамал. Ештеме жоқ. Өзіне-өзі сенбей шүйіле қарады, ештеме жоқ. Тау сұйылып, айналасы
кеңіп қалыпты. Көңілі жадырап
сала берді. "Уһ!" - деді атының басын тежеп. Айналаға абайлап қарады енді. Беті
шығысқа тама  ауған екен, солтүстіккс, елге қарай
тартты. Құлан-текірекке салып
келеді. Бойын жиып алған кертөбел, місе түтпай ала

жөнелсе, тежей
түсіп, мойынға қағады Жамал. Жолында көз ұшында
сонау шоқының басында екі адам көрінді. Жау ма,
ел ме? Неғылған адам? Бірі үлкен, екіншісі кішкене  адасып
жүрген, Олжекең мен Сағынтай болар ма? - дегенде
қолы белбеуіне барып қалды. Ат соқпасқа жақсы белім
тоқ болсын деп, беліне үлкен
шәлісін ораған. Шәлінің ішіне
тегін еттен де біраз салған. Олжабек пен Сағытайдың бойын көргендей болғанда,
аштық түсті есіне. Неше күндей
аш бейшараларды осы етпен кәні қылмақ. Екі
адам қозғалмайды. "Жау болса бұғар еді. Сол. солар... Әлі бітіп тұр ма?
Мені көріп тұр ма? Құдай-ай, бере

көр!" - деп
кертөбелдің тізгінін жіберіп-жіберіп алды 
Жамал. Ызғытып
адырға жетті. Екі адам, екі оба боп кетті. Лепірген көңіл су сепкендей басылып,
аңырып біраз тұрды да, тағы жүрді. Жапан далада, жан-жағына алақтап, жалғыз
әйел жорытып барады, жорытып барады. Ой өрмегін тоқып барады, тоқып барады.

III

Бұл кезде тау
ішінде үлкен оқиға болып жатыр еді. Ат аяғының
тықырымен оянып кеткен Айбас Жамал қашты деген
жоқ, сырттан келіп, амалын асырған жалғыз қарақшыны басып салды. Бір-ақ атты.
Екінші атуға, бәрінін жан қорғар
жалғыз оғын қимай, өзі ұмтылды. Оғы дарымай, өзі
жете алмай, "қашып
кетті" деудің орнына, "алып кетті" деп
бара жатты. Қуыста қалған үш қашқын "қайдалап" артында келеді. Бәрі жаяу. Ойдағы атшыға
жетті алқынып. Ол да уйықтап қалған
екен. Ат ұстап, ер салып мінгенше бірталай
уақыт өтті. Жамал бірнеше кезеңдерден асты.

-        Тоқта! - деді Ақмет, атқа мініп алған
жігіттерге.

-        Кертөбелге оқ жетпесе не жетуші еді?
Әуре болмаңдар, ұзап кетті. Сонымен, қумастан тоқтап қалған. Жамал
қаша берген. Оның соңынан қуып келе жатқан көп
дүрсіл өзгеше естілген бір дүрсіл -
бәрі өзінің жүрегі еді. Кейін қалған қарақшылар өзімен-өзі болды.
Әрқайсысы өзінше далбасалап, бірі таппай, терең сайда дағдарып тұрғанда, Ақметтің
ойына Жамал түсті.

-  Ауру
қатын қайда осы? - деді жұлып алғандай.

- Жатқан шығар, - деді Айбас жай ғана.

- Көргенін бар ма?

Көруші қайдан болсын, дүдәмал оймен қуысқа келгенде, Жамалдың жоқ екенін бір-ақ
білді. Санды бір-аққойды  Содан былай
Ақмет ешкімге тіл қатқан жоқ,  ат Жағы
кәрі азуын мықтап басқандай, анда-санда

 бір бүлкілдейді. Кішкене
өткір көзі терең шараның түбіне кеткен, шыңыраудағы судай жылтылдап қана

көрінеді. Өзгеден оқшауырақ, қырын отыр. Танауы қусытылған,
оні құп-қу, арбасқан жыландай тік отыр. Арбағаны
кім? Ойлағаны не? Ішін тіліп алмасаң, шығарар емес. Өзімен-өзі ғана. Жарыса сөйлеп, керісе
түсіп басылған шым-шытырық әңгімс онын құлағына да енбеді.

-   Ақаң
жараған атты мінер. Оны қойшы. Мен осының ақырынан
қорқамын, - деді бір уақытта Айбас. Сайыпкелгенде
кінәнің бәрі соған ауған. Ең мықты қару қолында, ардақты
ат жанында, күзетшінің қысқа таңда ұйықтап қалуы,
мерген қолдың мұлт кетуі күмәнға соққан. Кесір жігітке
ешкім туралап айта алмаса да, бұл тұйткіл жүрек басынан
кетпеді. Оған Жамалдың шақша беруі, Айбастың ара
түсуі, түнде көңілін көбірек сұрауы қосылғанда, "қашырған
осы" деген сөз ауызға лықсып келіп-ақ қалады. Бірақ айтуға сескенеді. Соны
білген Айбас, бет аудару үшін бе, әлде шыны ма, алдағы қауіпті үлкейте түсті:

-        Мен осы арадан кетсек деймін, жігіттер.
Қатыннан хабар алған ел бізді
тыныш қоймайды.

-        Қайда кетеміз? Қуғыншы келсе бәрін қағады,
- деді Жақып. Жер үстіндегі жалғыз
пана осы сияқты еді бұларға. Мұның да панасы болмай қалды. Қыстан қорқып ерекпіген
көңілді, іри бастаған бірлікті тау енді ұстап тұра алатын емес. Қуғыншыдан
шошыған жүрек тығылуға жер таппай, әр тесікке бір еніп, әр далдаға бір
жасырынды. Бірі де берік мекен бола алған жоқ. Айналып келіп, қалың ормандай қалың
елге сүңгіп-сүңгіп кетпекші болды қарақшылар.

-        Тарамай
болмайды, - деді тағы да Айбас. - "Қылышын сүйретіп қыс келеді".
"Жау қайдалап" ел келеді. Төтеп берер күш қайда? Сол елдің ішіне еніп
кет те, "жау мұндалап" шаба бер! Кімді кім байқап жатыр. Бәрі осыған ұйығандай
Ақметке қарады. Одан көпке дейін  жауап
ала алған жоқ. Тым-тырыс
отыр...

Жалғыз ноқаттай
боп тас төбеде, көз ұшында қалықтаған
қыран жүр. Қыбыр етес құйылып жерге түскендей.Тап желкеден төніп, құз
жартас тұр, опырыла құлап! Жермен-жекеен еткендей. Тапжылмастан Ақмет отты жүрегі
мұз болып кеткендей. Тұңғиық ойға бойлап келіп түбіне шым батса да, Ақмет
тұншықпады.

-        Мақұл! -
деді әлден уақытта. Басқа ештеме айт пастан орнынан тұрды.

-        Онда
әзірленеміз де? - деген Айбастың сұрауына да жауапты ғым қысқа қайырды.

-        Иә, - деп
жүріп кетті. Екі қолын артына ұстап төмен қарап, жай басып. жартасты айналып
барады. Аздан соң, қара қуыстың төбесінде, жақпар тастың ішінде көрінді. Жерде
қалғандары енді көп кідірген жоқ, әрқайсысы өз түйіншегін бөктеріп, жетегіне
бір-бір жылқы ноқталап, дайын болды. Олжабек сорлының сары атаны мен торы биесі
Ақметке қалды. Айбастың құла азбаны Ақметке ерттелді. Бірақ Ақмет әзір қайтар емес. Сонау  жоғарыда, бір тастың үстінде тас боп қатып
қапты. Алдағы күнде көрісуге сенімдері жоқ, қайсысы кімнің қанжығасында кетері
белгісіз. Қоштаспай кете алмады. Бәрі жиылып тас үстіндегі Ақметке келді. Не
айтар деп үлкен үмітпен келген еді. жібімеді. Тым болмаса аузы да жыбырламады.
Қолының ұшын беріп қала берді. Басқалар аттарына мініп, әрқайсысы бір сайды
бойлай жорыта жөнелгенде, Айбас Ақметтің қасында тұрып қалды. Қалың тастың
арасында жеке қалған екеуі жақ ашпас-

тан сіресіп
отыр.

-        Ақа! - деді бір кезде Айбас басын
көтеріп алып, Ақмет үндеген жоқ. Айбас сөйлей берді. - Сіздің өкпеңіз менде
болар? Оны да тарқатайық. Бас пәле Жамалдан шықса, адамшылық дәстүрдің бойда
қалған жалғыз ұрығын қорғадым. Ұры дер, қары дер, адамбыз ғой әйтеуір. Жер
таппағандай, уақыт таппағандай сол арада ұмтылғаныңыз менің еркектік намысымды
да, адамшылық намысымды да қозғап жіберді... Одан кейін Жамал қашты, жанға
балаған кертөбелді ала қашты. Осыдан ақтығыма тас боп қатсам сенесіз бе?!
Әйтпесе, еріңіз құлазбанның  үстінде,
бесатарыңыз міне. Жүріңіз, жолдан қалмайық! Ақмет
тебіренбеді. Айбас тағы сөйледі:

-        Жолдастардың тарауына мұрындық болды
дейтін шығарсыз. Болғаным рас. Болмай қайтейін,
менсіз де өзі бордай тозғалы тұр. Өз
басым керек болса, бөлініп қалдым. Неге де болса шыдап қалдым. Кәні, не
айтасыз? Не ақылыңыз бар,
ақылдасайық. Ақмет үзіп-үзіп,зілдей
үш-ақ ауыз сөз айтты:

-   Сөз
таусылған. Ой бекіген. Жүре бер.

-    Сенбейсіз
бе, әлі де? Сенім де біткен. Айбас қап-қара боп кетті. Отырып-отырып
орнынан ұшып тұрды да, қош деместен жүре берді. Ол етекке түскен кезде Ақмет бесатарды қолына алды.
Ішінде қалған жалғыз оқты ашып
көріп:

-  Сен
де жалғыз, мен де жалғыз. Жалғыздықтан жаман не? Жайласа тұр одан да, - деді де
көздеп қалды.

Мылтық тарс
етті. Айбас мұрттай ұшты. Ақмет оқсыз мылтық қолында, батысқа қарап жападан
жалғыз таспентас боп қатты.

IV

-        Аһ, найсап, найсап!..

-        Құтырған ит неден тайынады!

-        Қызыл бие де осыларда.

-        Бұның көзі құрымай тыныштық жоқ.

-        Ауданға хабарлау керек!.. Біреулер алқынып келіп, одырая қалады.
Біреулер аяп кетіп, лағнат
жаудырады. Көп аузынан кызыл ұшқын ұшып жатыр.
Көп көрігін наза мен мархабат басып жатыр.

Қуаныш, қайғы
бірден қысқан Жамалдың көзі бұлаудай. Күледі де жылайды, жылайды да күледі.
Алтын бесік ел анасындай уатып, тербетіп тұр...

-        Тәңірге
енді ризамын! - деді күрсініп Жамал.- Әйтеуір байқап жүріңіздер, құлақтас бола
жүріңіздер, тірі болса осы маңға бір соғар.

-        Табылады! Бәрі ұмыт болады! - деп жұбатады көпшілік.

-        Айтқандарыңыз келсін! - деп жақсы жоруға
жұбанады Жамал. "Найсаптан" өзге сөзі жоқ, ең алдымен кездескен
қаба сақал тұйық шал Жамалды үйіне ертіп жүрді. Кертөбелді өз қолымен мықтап
байлап, көз тоқтата бір қарады да:

-        Атың келіскен екен, балам, - деді.
Ебедейсіз үлкен қолымен есікті нұсқағанда,
саусақтары сүймендей көрінді Жамалға.
Қамыт аяғын шапшаң алып, алға түсті. Артынан қарағанда
аю секілді түп-тұтас, күдіс екен. Күрбең-күрбең етеді
жүргенде. Қораға енбестен мүңкіген
бір иіс, үйге енгенде де

Жамалдың мұрнынан
кеткен жоқ. Тақыр жерде, төр алдында ала сырмақ жатыр. Терезе жақ мүйісте, қапи

әбдіренің үстіне
едірейте жинаған екі жастық тұр. Мүлікті көбі
сол жақта. Қабырға самсаған қамыт, шілия, тілім-тілім  қайыстар. Жерде жатқан талқыға
бір сиырдың жарты терісін қалиымен асатып қойыпты...

Шал ала сырмақтың үстіне қара тулақты қағып салып екі
жастықтың бірін қойғанша Жамал үй ішін көзімен тегіс шолып шықты.

-        Отыр,
балам. Жат. Тынық, - деді де, қарт кідірмей шығып кетті. "Өзінен басқа
ешкімі жоқ-ау"- деп Жамал жан-жағына қаранып отырғанда он екі-он үш жасар,
бауырсақ мұрын, коңыр қыз енді. Келгеннен-ақ көзі қонақта Қайыс сумкесін терезе
алдына қойып жатып та, қызыл орамалын басынан шешіп жатып та қара көзі телміріп
қарай береді.

-        Осы үйдің баласымысың? - деді Жамал.

-        Иә, - деді қыз бір қымсынып.

-        Шешең қайда кеткен?

-        Өлген Мұңайып тұрған жетім қызды ішінен бір аяп, Жамал тағы да сұрады:

-        Қанша болды өлгелі!

-        Жылын жақында ғана бердік.

-        Үй шаруасын кім істейді?

-        Өзім істеймін. Бұғанасы
қатпаған жас қыздың арқасында қара табан қатынның жүгін көріп, Жамалдың іші
елжіреп кетті. Жетім баланың қай-қайдағы сүр күндері көзіне елестеді. Сол елес сағымдай
жылжып, Сағынтайға апарды...

-        Келші, қарағым, - деді қолын жайып. Қыз
қасына иіліп келіп отыра бергенде, өзіне тартып
алып бетіненсүйді.

-        Сағынтайым сенен де жас қалды, - деп көз
жасын іркіп тастаған соң, іштің шерін ағыта
бастады да тоқтала қалды. "Қам
көңіл сорлыны қажытпайыншы" деген ойға келді. Отағасы көп кешіккен жоқ.
Қолына ұстай кірген қағазын қызына ұсынды.

-        Оқышы,
Майражан. Майра оқығанда, өзі оқымай-ақ алдын орағытып тұр.

Шойынбай Жолдыбековтың складқа тапсырғаны: - бес?

-        Жүген ол.
Оқи бер.

-   Тоғыз?..

-  Тоғыз
болса шілия.

-   Екі қамыт.

-  Иә.
Қамыт екеу. Болды, бері әкел. Қағазды төрт бүктеп, төс қалтасына
салғанда ғана отағасынын көңілі жай тапты.

-        Қарағым, тезірек шай қой. Алдымен сусын
бер апана! - деді Майраға. Өзі отыра қалып,
бастап қойғанқамшысын өре берді. Майра
"мерт" кесемен бірдіні кымыз әкеп беріп, шай қоюға кетті. Қымызды сіміріп алып, Жамалдың көзі
өрімге түсті. Өрескел көрінген отағасы тіпті
икем екен. Жұп-жуан саусақтары
жіңішке таспаның арасында кесте бізіндей сусылдап барады. Бүркіп қойып тартқанда,
қайыс таспа  жібектей жұмсап, бұзау тіс өрім
бөртіп-бөртіп шыға келеді. Шебер қолдан төгілген мор, шикі қайысқа
жан салып бара жатқандай.

-        Өрімші екенсіз,
- деді Жамал сүйсініп кетіп. Олжабектің де өзіндігі бар еді, отағасы одан
артығырақ көрінеді.

-        Қайыс деген кәсіп пе еді бұрын.
Қартайғанда осының өзі нан болды, -
деп, бүркіп-бүркіп жіберді қарт.

-        Не береді осыған?

-        Бәрін қосқанда бір жарым, екі еңбеккүн
тауып отырам. Қайысқа соққан жұмыс маған соқпай
кетпейді.

-        Сол еңбеккүнге қанша тиеді?

-        Оның өзі әр қилы болатын көрінеді.
Былтыр мына "Он жылдыққа"
жөнді ештеме тимеді. Ал, біз кәдімгідей қаузанып
қалдық. Бір құлынды бие сатып алдым. Шүкір, ішермендігіміз
де бар. Мұның өзі пайдаға қарай, бірақ...

-        Пайдаңыз не?

-        Егін жақсы шықса, мал көп балаласа,
сол-дағы. Ал енді, осының өзі,
салақтың, еріншектің қолы емес-ақ.Отағасының әңгімесі Жамалдың құлағына
жағып барады. Әр сөзін баптап айтып қисынсыз жерде "осының өзі, оның
өзі" дегенде жымиып күліп қояды. Көп мінезі Олжабектікіне
ұқсайды екен. Саспайды. Түрткілепотырмасаң,
сөйлемейді. Жамал колхоздың  ішкі жайын жете

білгісі келді.
Отағасы тағы да тоқтап қалды.

-        Колхозға басынан еніп пе едіңіз?

-        Осының өзіне біразға дейін түсінбей
жүрдім. Былтырдан бері ғана мүшемін.

-        Кейін келгендерді бұрынғылар қағажу
қылмай ма?

-        Бұның өзінде ондай мінез көрінбейді. Жұмысын ұқсатсаң болғаны.

-        Онда біреудің ақысы біреуде кетпей ме
екен?

-        Басында мен де осылай ойлаған едім.
Осының өзің жоғарғы жақ қатты
ежіктеп кетті. Кімнің не істегенің жазып отырады қазір. Жаманын
"жалқау" деп қара тақтайға жақсысын
"екпінді" деп қызыл тақтайға шығарады. Ал енді пайда да соған қарай бөлінеді. Мұның өзі
жақсы болды. Бір жаман жері бар: қадағалап отырмасаң, кейде күнің жоғалып кетеді. Есепшінің аузы қисайса, артық та
жазып жібереді

Осының өзі ұнамады
маған. Сонсоң басқармаға айттым.

-        Ол не деді?

-        Сотқа берді. Соттың не дерін қайдам! Бір қамытты екі бөліп ұстап, жетіп келген
жігіт әңгімені

бұзып жіберді.
Бір көзін адырайта, бір көзін сығырайта қарайтын
шапыраш екен.

-        Мынаны тез жамай қойыңыз! - деп
желпілдетіп тұр. Отағасы сасқан жоқ.
Қолына алмастан екі көзі қамытта.

-        Япырай, тағы бөліп тастай бердің бе?

-        Әдейі істеді дейсіз бе?

-        Күтіп ұстау керек кой.

-        Күтіп ұстағанда бұл итті өз мойныма ілем
бе, енді?!

-        Жарамайсың, шырақ, бері әкел.

-        Еңбеккүн тапсаңыз бопты да. Істей
беріңіз.

-        Табыстан не пайда, шығыны асып жатса.

-        Сізден шығары не? - деп жігіт сақ-сақ
күлді. Қарт жігітке қолымен нұсқап тұрып, Жамалға қара-

ды.

-        Осы түсінбей тұр ма, мен түсінбей тұрмын
ба, балам? Жамал екеуін де түсіне қойған жоқ.

-        Қайдам, - дей салды. Отағасы жуан бізді
қамытқа бойлата сұғып қойып, таспаның
ұшын ширата отырыпсөйледі, енді:

-        Осының өзін бірсыпырасы әлі түсінбейді.
Ортада пайда көп болса, еңбеккүнге тиері де көп.
Былтыр "Он жылдықтың" Жабықбегі бақандай 400 күн тапты. Әрбіріне 200 грамнан астық алды. Менікі үш жүз елу
еді, әр күніме 4 килодан астық тиді.
Сайман бүліне берсе, егін шықпаса, төл қосылмаса.
колхоз еңбеккүнді немен өтейді? Осының өзін
оңашада бір ойласаң деймін, шырақ.

-        Нешауа! Колхоз өлтірмейді, табады.

-        Ал, сені басқарма сайладық. Таба қойшы,
кәні?

-        Несі бар? Ауданға шауып барам да,
қазнадан алып қайтам.

-        Қазна өзіңнен сұрап жатыр, бере ме?

-        Береді. Болмаса колхоздан алып береді.

-        Міне, осының өзі жаман, - деп басын шайқап-шайқап
қойды отағасы. - Ол біреудің адал еңбегі. Сен жатып келеді. Саған алып бере берсе, мен, міне,
жамамай ал, - деп қамытты былай
коя салды.- Осының өзіне
боп шықты сонда? Ойлашы, шырақ. Екеуміз бірден тойтиғамыз
жоқ па?!

--Ойбай, сіздікі
дұрыс. Бөгеліп қалдым, жамаңызшы...

-        Ә, солай ма, - деді де отағасы қамытты
қолға қайта алды. Екеуінің әңгімесі Жамалға сабақ бо^ды. Өз жеріндегі колхоздың
тәртібі нашар ма, әлде түсінігі қате ме? Жоқ, байқұлақтың үгіті ме, әйтеуір
колхозды құбыжық көретін. Олжабекте: "Істеген мен істемеген попалам.
Істемеске тағы болмайды",- деп кеткен еді колхоздан. Отағасы тұрған колхоз
олай емес. Адамды
еңбегімен'бағалайтын, пайданы еңбекке

қарай бөлетін
әділ екен. Жамалға ұнай бастады. Әйтсе де мықты бір күдік жүрек басында қалғандай
еді сұрап тынды:

-        Жеке меншікте малдарыңыз қанша?

-        Отағасыда бір бие, бір сиыр бар. Менде
сымпылбай да жоқ,- деді жігіт. Екі көзі екі жаққа қарап тұр екен,"Көзіңе сөзің сай шықты"
дегендей Жамал бір жымиды да:

-        Сізде неге жоқ? - деді. Жігіт қалжыңға
айналдырғысы келді.

-        Мен өзім жұрт үстіндегі адаммын. Малды
қайтем? Кеше мынау үйге қондым.
Бүгін осында да қона кетем, - деп
төменгі көзін қысып қойды. Жамал елеген жоқ.

-        Сіздейлер көп пе?

-        Көп болса үй жете ме, орын жете ме?

-        Әйткенмен бар, - деді отағасы. - Тайбек, Боранқұл Сейтжан - тертеуі қара тақтайдың
үстінен

түспейді. Осының
өзінің ақыры неге соғарын кім білсін?

-        Соның бәрі бойдақтықтың кесірі,- деп
төменгі көзді жігіт тағы да бір
қысқанда, Жамал аузына келіп қалған сөзін тоқтатпады:

-        Сорақысы адырайғаны ма десем, сығырайғаны
екен ғой. Жігіт қызараңдап, жақ аша алмай қалды. Отағасы қамытқа
айналып аңдамаса керек, жалт қарады Жамалға.

-        Маған бірдеме дедің бе, балам?

-        Әншейін, анау талқының тістерін айтам.
Біреуі олай, біреуі былай, онысы
несі?

-        Асығыста бобаламдай салған нәрсе ғой.

-        Бәсе.

-        Осының өзіне талай заман болды. Күтіп ұстаған
соң келе
жатыр әлі. Ту жігіт күнімнен бар.

-        Жасыңыздан ұқыпты екенсіз, ата.

-        "Жасыңда салақ болсаң, бара-бара
былық боларсың"; "Жасыңда қылжың
болсаң, қартайғанда мыл-

жың
боларсың" деген бар. Шырақ, сен, осыны да бір ойланғайсың, - деп отағасы қамытты
жігіттің қолына ұстата берді. Қысылып отырған жігіт атып шыға жөнелді.

-        Бұл кім? - деді Жамал жігіт кеткен соң.

-        Бекбау деген жігітіміз. Мен жасаймын, ол жоғалтады. мен жамаймын, ол жыртады.
Осының өзіне ол

ұялмайды. Мен
жалықпаймын. "Нешауамен" келе жатырмыз. Жамал
күліп жіберді.

-        Өзі орысша біле ме деймін?

-        Өзгесін қайдам, "нешауаны"
біледі, әйтеуір. Майра келіп дастарқан
жайды. Үй ұстаған жас қыз-

дың әр қимылын
Жамал байқап отырды. Алдымен жүріс- тұрысы
ұнады. Сартылдаған шапшаң, ыбылжыған шабан да
емес, салмақпен жүріп бәрін жайғады. Шыны аяқтарында кіршік жоқ. Салған майы
алтын асықтай. Таба наны үгіліп
тұр. Самауыр, дастарқандары тап-таза. Бәрін әкеп қойған соң, әкесінің алдына барып, леген ұстап
иілді. Өрімге құныққан әкесі, төмен қарап құдиған басын сонда ғана көтерді. Қолын жуып, дастарқан басына келгенде:

-        Биенің сауыны асып кетті-ау, - деп
қобалжып еді:

-        Отыра беріңіз, Бекбауға сауғызып алдым,
- деді Майра. Отағасы алапсыз отырып
шай үстінде әңгімеге кірісті...

V

Жамал бір
дөңестің үстінде тұр... Күн сары белге шұқшиып барып қалыпты. Тұс-тұстан
көтерілген қою шаң, тымық әуе де жайымен ғана ыдырап барады. Әлдеқайда шырқаған ән естіледі. Ойды
өзіне тартып ап, бойды тербеп тұрғандай. Әр жақтан шоғырмақтар келеді. Бәріне осы ара қара қазандай.
Ауыл шымыр-шы-

мыр қайнайды:
өрістен мал қайтты, көшеде - ойнаған бала,
жүгірген ит-құс...

Жамал бар
қимылды көзімен өткізіп тұр. Бар дыбысты құлағымен
естіп тұр. Қыдырған көз дәл алдындағы бір үйге тоқтады.
Жаңада салынғақ қобдидай кірпіш үй. Сырты шағаладай аппақ. Батар күнмен
шағылысып терезесі көз ұялтады. Есік алдында, көк сиырдың желініне жабысып жас
әйел отыр. Батпырауығын жамап, қалшиып бала тұр.
Үй қожасы жұмыстан жаңа келеді.
Жолындағы бақшасына байыппен ап
бөгеле келеді. Бала мен ала төбет жарыса жөнелді. Екеуі
де еркелеп барып басқа
шапшыды. Бірін басынан сипап, екіншісін маңдайынан сүйіп, үшеуі үйге бір келді.
Әйел де орнынан тұрды.
Төртеуі бас қосып, бір отырды.

Кешкі әуеде,
есік алдында еркін сөйлескен үй ішінің бар
сыры Жамалдың құлағына жетіп тұр.

-   Мен
бір нәрсе ойлап келдім, -- деді үй қожасы. -Бір велосипед алсақ, көр-жерге
көлік сұрай берудің өзіынғайсыз,
сен қалай көресің? Әйелі жауап бергенше баласы құйрығын жерге түйіп-түйіп
жіберіп, алақанын шарт еткізді.

-        Алақай, мен мінем!

-        Серікжан екеуіңнен шығып мен қайда
барам. Бірақ неменеңе аласың, ақша
қайда? - деді әйел.

-        Астыққа аламыз да. Бұйырса, биыл егін
жақсы ғой.

-        Көп керек шығар?

-        Екі жүз елу пұт жетеді.

-        Сонда ішерменге іштеме қала ма?

-        Есептейік, менікі бес жүзге айналып
барады. Сенікі қанша?

-        Қайдам? Әзірге екі жүз елу.

-        Бір жүзді қайтсең де қосарсың. Сонда
сегіз жүз елу. Сегіз килодан айналуына
сөз жоқ...

-        Өз еңбегіме пұліштен бір пальто алып бер
әуелі. Сонан соңғысында жұмысым жоқ, - деді әйел. Есепкешорқақтау
екен, күйеуі біраз келемеж қылды.

-        Ендігі жыл аларсың, асығысы не?

-        Өзің неғып отырсың! Бір жылғы табысқа
бір пальто келмей ме? - деп аңырып
қалды әйел.

Жамал дөң
басында отырып, жымиып қана күлді. Ішінен бұл да есептеп, велосипед пен
пальтоға қосып жібек шәлі, ботинқа алып қойып еді. Екеуіне төрт жүз елу пұт астық
тиеді екен, мұны қайда қояды?! - деп таңданады, қызығады. Белсеніп жұмысқа да түсіп кетеді. Осындай әдемі үй салып алып, алдында Олжабек,
Сағынтай үшеуі әңгімелесіп те
отырады... Әлден уақытта дөң басында шошайған
өзін ғана көреді. Жылайды, жас балаша солқылдағаны
ссік алдында отырғандарға естілді ме қарқ-қарқ
күліп жатыр...

Екі қолын артына
ұстап, ақырын басып отағасы келеді. Көз жасын тыйып, Жамал бойын бекітті. Күн
батып, қара келеңке қоюланып қалыпты. Ауыл дыбысы бәсеңдеп қалғып бара жатқан
сияқты. Отағасы
қасына келіп отырып жатып,
құмалағын қолына алды.

-        Тарта отырайық, неміз кетіп барады.

- Көзіңіз көре
ме?

-        Әзір мұндығы бар.

-        Мынаған тартыңыз, - деп Жамал шапанының
етегің жайды.

-- Осының өзі,
әйтеуір жақсылыққа жоридьт, - деді  отағасы құмалақты жайып қойып. - Қашан
тартсам даталайың жоғары тұрады.
Кеп талайда ғой. Қазір "бесенесі бестен"
түсті. Екі езуің екі құлағыңда. Жүрек қуанышты. Арты
да сүйінші екен. Еншалла, табысарсыңдар. Мұның өзін
енді тартып керегі жоқ. Алжып кетеді, - деді де құмалақты жиып алды. Жамал кәдімгідей қуанып, көзі күлімдеп
кетті.

-        Айтқаныңыз келсе, кертөбел сіздікі.

-        Атыңды неғылайын, шырағым. Тәңірі тек
табысуға жазсын.

-        Осынау үй кімдікі? - деп, манадан бері
көңілін бөлген кірпіш үйге нұсқады
Жамал.

-        Кәрімдікі ғой. Бұл бір, болғалы тұрған
үй өзі. Жатпайтын жігіт. Осы үйдің өзін жұмыс-жұмыстың арасында, бітіріп алды. Еңбеккүні жақсы деп есітем.
Ал енді, әйелі өзінен өткен: бірсыпыра
әйел жұмыстан қашып, үй сағалайды. Бұл екеуін де ұқсатып жүр. Осыны әлі бригада қояды
деген сөз бар.

-        Есеп білмейді ғой, бола ала ма?

-        Есепті шотоботтар жасайды да. Жұмысты
білу қиын. Бұл жұмыс дегеннің
өзінің тілі көп. Соған жұрттың өзі түсінбей
істейді, шырағым. Әнебіреу үй Құтжан дегендікі. Өзі
соқашы. Осының жұмысы неге өнбейді? -деп бір күні әдейі
келсем, жерді тепкілеп, соқаны сарт-сұрт ұрып, бәрін сыпыра боқтап тұр екен. "Жер шығып
кетті", "соқа соқа емес" дейді.
Байқасам, жер әлі шыққан жоқ. Соқаның жүзі бір елі.

Өгіздерінің
мойны тиіп қалғаң жұмыс енді қалай өнсін? "Егін шықпады", "колхоз жаман"
деп айыптайды тағы. Осының өзін айтпасаң,
біле бермейді. Қызығы айтқызбай білу ғой. Саспай сөйлеп, бәрін қамтып, әр сөзді
орнына нық қойып отырған отағасыны Жамал өзінің ұстазындай көрді. Әр сөзі бір сабақ. Колхоз өмірін оқытып
отыр. Оқыған сайын бір сарайдың есігі ашылып, ішін аралап кетеді Жамал. Жаңа
дүние көреді. Тозған қоныстан жаңа қонысқа көшіп келіп, көнілі жаңарғандай
болады... Қанша жаңарса
да, қан-

ша көшее де, қол
ұстасқан екі сорлы соңынан бір қалмайды. Үсті-басы жұлым-жұлым, беті көнектей,
борбайы шидей боп ереді де отырады. Қарамайыншы, көрмейінші деп, кертөбелмен ызғытып кетіп бел асады. Құтылам
ба деп артына қараса, екеуі алдынан шығады. Дәл жолында, қолын жағып,
сарнап тұрған сорлыларды қия алмай, аттан түседі. Ұзақ әнгімеге келеді.
Қасірет дариясына ғарық боп, тұншығады, "құтқар" деп қол созады Жамал
Отағасымен отырғанда Жамал дәл осы халде еді. Құтқарушы да отағасы деп білді.

-        Дүние-ай, ел қатарына біз де енер ме
екенбіз? Не ақылыныз бар,
айтсаңызшы, - деді көкірегі қарс айрылып
- Ойлай-ойлай басым қатты. Осы қасіретті көтере- көтере
әлім де бітті. Қайда барам енді, неге барам? Қайда қалам, неге қалам? Әкем де, ақылшым да
сіз болдыңыз. Осы жөнде әлі сөз
айтқан жоқсыз. Неге айтпайсыз? Сөзіңіз тұмар,
ақылыңыз ем сияқты маған. Көз
байланып кетті. Ауыл тым-тырыс. Анда-санда манк
еткен ит даусы ғана естіледі. Түн мүлгіп, тыңдап тұр.  Терезеден көрінген көмескі шам жылт-жылт
сығалап тұрғандай. Отағасы тұңғиық үйірімдей қозғала отырып сөйлейді:

-        Осы, құйқылжыған
өмір шіркін ойлап тұрсаң рақаттың да, азаптың да базары ғой, балам. Аралап
келіп бір ауырына кездескенің рас. Осының өзіне шыдамдылық керек, бірақ... Шыдасаң ғана бірдеме дегім келеді...

-        Шыдадым, ата, айта беріңіз, - деді Жамал

-        Ендеше бүлк
етпе. Ыңғайынды байқағанша үндемеп едім. Қайда
барасың бүлк еткенде? Балаңды, жолдасыңды іздесең
осы жақта. Әлі күдер үзген жоқсың. Елің алыс, жолың
қорқыныш. Сол қашқындар тағы кездеспесін қайдан білдің! Жата бер, балам. Өзің
жалықпасаң мен ауырламаспын. Майраға серік бол Сол баланың қамын ойлап, қайсыбір
түндерде ұйықтамай шығам. Ал, сен есіме түскенде қабырғам
қайысады. Тәңір жазып, табысатын күн болса, қуаныштарыңның ішінде болып, қолымнан
аттандырамын.

Жоқ басқаша
болса, қалғанына мен дайын. "Әкем" дедің, "ақылшым" дедің, қара шалды
қара атанның жүгі басып, қайысып
отыр, шырағым. Осының ар жағын ұғынарсың.

-        Ұқтым, - деді Жамал кідірместен. -
Екеуін артыма тастап кете алатын емеепін. Тауып айттыңыз. Ал сонда күдер үзгенше күнді немен еткізем?

-        Күн өте береді, шырағым. Тоқтамайды ол
Күн сайын кертөбелге ер сал да, ел арала. Жоғынды ізде, елмен таныс. Жақсысын
көріп есірме, жаманын керіп жеріме. Жаңа қоныс
ел ғой, жайланғанша сол болып жатыр. Жақтырсаң сен де соның бір жерінен ірге теп.
Бозторғай да ұя салады.

-        Менің ұям, сіз, ата! Жоғымды тапсам да,
таппасам да
тапжылмасқа бекідім осы арадан, - деді Жамал.Екеуі
орнынан тұрып үйге аяндады.