ВЕРНУТЬСЯ

        Ай артынан
айлар, жыл артынан жылдар өтіп жаты Халық
Комиссарлары Советі мен Орталық Партия

Комитетінің
қаулысы шықты."СССР-дың
оңтүстік-шығысындағы қуаң аудандарда тұрақты
өнім алу қамтамасыз етілсін..." - депті. Осы салмақпен
айтылған аз сөз тасқындай тез жайылды елге. Қолдан
колға, ауыздан-ауызға жетті. Әсіресе, оңтүстік- шығыстағы
аудандарда топ-топ болып талқылап жатты. Сол талқының жуан ортасында болған
Шығанақ, қырман басында жалғыз отыр. Егін басылып, қапқа түскен.

Қырман
сыпырындысы, болмашы топан үйіндісі ғана бар. Шығанақтың күйбеңі сонда
да біткен жоқ. Қасында басылмаған екі бау тары жатыр. Тарыны қолымен үгіп, алақанына
салып қарайды да, жымыңдап қояды. Үге береді, жанындағы сары дорба толды.
Толған дорбаны қайта төгіп құммен ойнаған балаша сапырады. Ойынқұмар бала да жалығар уақыт болды. Шығанақ құмары
тарқар емес. Сапыра береді, сұрыптай береді... Арт
жағында ақырын басып Олжабек келеді. Екі қолында
екі кесе, жымиып күліп келеді. Екеуін Шығанаққа әкеліп
бірден ұсынды.

-        Е, мұның не?

-        Түк те айырмасы жоқ. Ішіп көр. Шығанақ сүтке салған екі кесе тарыны екі
қолына ұстап

отырып күліп жіберді:

-        Жұрт мені дуана дейді, сен ғой нағыз
дуана.

-        Жоқ, сен дуана. Ішіп көр әуелі өзің. Кезек ұрттап, Шығанақ екі кесені бірдей
босатты.

-        Тағы бар ма? Дәмін айыра алмадым.

-        Ой, шіркін-ай, айыра алмаған шығарсың.
Одан да женілдім десеңші.

Екеуінің таласы
ойламаған жерден басталған еді. Егін әбден
піскен кезде Шығанақ қалың тарыны аралап жүріп, қайсы бірінің басын қырқып ала берді. Олжабек мұны
бір күн
емес, әр күн көретін. Бір күні әдейілеясұрады:

-        Сен осыны қайткелі жүрсің?

.- Қайткені
несі, жеймін.

-        Жеуіңе басқа тары жетпеді ме?

-        Қолдан қырқып, қолдан үксең балдай тәтті
болады.

-        Япырай, ә, - деді де кете барды Олжабек.
Бірақ бұл сөз есінен кетпеді. Балдай тәтті
тарының дәмін татуға ынтығып,
жұмыстан қайтқанда қолдан үгеді де, ақтайды. Сол ақтаған тарысын
бүгін сүткс салып жеп көрсе, түк айырмасы жоқ. Сонсоң Шығанақтың қатесін
дәлелдеуге қолдан үккенін де, бастырып алғанын да әкеліп отыр еді.

-        Сен "аспан
асты кең" деп тағы да бір жаққа шығып кетерсің. Шын сөйлесейік,- деді
Шығанақ, - партия тарыны көбейт депті. Ол
құр көп салғанмен көбеймейді. Бабын
білу керек. Әуелі тұқымын сайлау керек. Ойылдың ақ
тарысы әбден тазарған емес. Оның ішінде, міне ағы да, ала бүйрегі де, қызылы да жүр. Жетіле
келгенде тары басының бірі шоқпарланып тұрса, енді бірі кұлтеленіп тұрады. Ең
бітік шығатыны ұйыспа келіп, дәні таза болады. Мен сол ұйыспасын іріктеп отырмын. Мұның тағы
бір қасиеті - піскен кезде
Саратовтың қызыл тарысынан аз төгіледі. Ыстыққа шыдамды.

-        Ой,
Шығанақ, Шығанақ! - деді Олжабек, - тағы да бір ермек тапқан екенсің ғой.

-        Мұның енді ермектігі шамалы. Бес жыл
болды соңына түскелі. Тұқым дайын. Бірақ осыны жаңа
жергесаламын. Машинаны жаңа жерге орнатамын.
Міне, үлкен ермек сол болар.

-        Е-е-е, - деп ыңылдай жөнелді Олжабек.
Көзіне алда тұрған қауырт жұмыс
елестеп кетті...

-        Бір жаман жерің құйқылжи береді екенсің.
Тағы да машина орнату керек.
Арық қазу керек. Ұстаған жерден қатып
қалса ғой кісінің кісілігі.

-        Сынып кетсең қайтесің?

-        Сынсаң сынып кет, не керек бұраңдап.

-        Ә-ә-әй, Олжабек, Олжабек! - деді
Шығанақ. - Сынатын да жер бар,
майысатын да жер бар. Пайдалы іске қарай
майыссам да ұрсасың ба?

-        Ал, не кінә таптың? Үш шығырдың бергенін
бір өзі беріп тұр?

-        Он шығырдікін неге бермейді?

-        Е, қайдан білейін.

-        Сен білмесең мен білем. Жер тегіс емес. Топырағы нашар.

Олжабек ойланып қалды.
Шығанақ тарысын сұрыптай берді.
Ессіз қырманда үнсіз шошиған екеуін басынғандай бір
топ қара торғай дүр етіп қона қалды. Шығанақ жұмысын тастап, орнынан ақырын тұрды
да, торғайларды алыстан орағытып, ортаға таман қайырды. Ортада шашылған дән, шыпырлаған тұзақ жатыр. Олжабек мұның
бірің де байқаған жоқ еді,
"әлгі қайда!" деп артына қараса, Шығанақ баланың ісін істеп жүр.
"Осы шын ауысқан шығар", -
деді ішінен. Торғайлар дүр етті. Орнында қалған

бірнешеуін
сыпырып әкеліп, Шығанақ Олжабектің алдына қойды.

-        Нешеуін аласың, ала бер.

-        Бала болдың ба? Бұл бейшараларды не
қыласың?

-        Бейшара емес. Тарының бір жауы осы. Адам
жасаған айланы кезінде пайдаланып қал

Олжабек елеген
жоқ. Ойында әлі де жаңа қоныс, жаңа арық
отыр екен:

-        Төкен не айтады бұған? - деді.

-        Төкен қостай ма? Басында орнаттырған
өзі, сол жерге.

-        Тағы да бір мол дауға енді де.

-        Дегенмен беті қайтып қалған тәрізді. Иі жұмсақтау.

-        Істейтін болсаң суыққа қалмай тез істе.

-        Оның суығынан да жазғы егіске қарбалас
болғаны жаман ғой. Бүгін бір
беті ашылар.

-        Қайда кетті өздері?

-        Шәңгерейді ертіп сол жерді көргелі
кетті. Аспаннан жаңа түскендей боласың да отырасың. Неге араласпайсың сөзге?

-        Сөзді қайтемін. Жұмыс орындалса бопты.

-        Сені енді екі асықтың арасына салып ыспасам болатын емессің.

-        Тек, күтырмай отыр! Жетер сол-дағы. Олжабек сескеніп қалды. "Жетер
сол-дағы" дегені

баяғы обкомда
қысылғаны еді. Сол жаңа ұмыт бола бастағанда Шығанақ екі асықтың арасына
саламын деген соң қан
жүгіріп, ұлқен көзі бір төңкеріліп кетті. Мұндай  насыбай атып жіберетін. Бүгін қас пен көздіңарасында шақшасы жоғалғаны есінен шығып,
қолын қалтасына сұғып қалды да, тартып алды. Әттең бір
атым насыбай  деп отырғанда, сұр шақша
алдына келіп топ етті. Күліп
жіберді Олжабек:

-        
Сен
екенсің ғой ұрлаған?   

-        
Ұрласам
беремін бе, тауып алдым.

-        
 

-        
Қой-қой. Сенен басқа ешкім емес. Насыбай атқан соң Олжабектің бойы жадырап
сала

Берді.  Көңілі
түскенде ол әжептәуір ашық сөйлеседі. Шығанақтың қасында көп болуы, ұзақ жолға
бірге шығуы, қанша ысылмаймын десе де, біраз ысқанын өзі байқамайды.

- Насыбайды
екі шақшамен ататын едім. Бірі үйде қалатын
еді. Жамал бейшараның қалтасында кете барып-

ты -
деп босаған көңілін басқаға аудару үшін басын көтеріп,
жан-жаққа қарады. - Мынау үш атты солар болдыма
екен?

-        Солар, - деді Шығанақ қарап қалып. - Ал
енді, сен өзіне-өзің берік бол. Биттей жарықшақ
шықса, Төкенсоны көздейді. Шығанақ
тарысын болып, дорбаның аузын буып жатқанда Төкен мен Шәңгерей де келді.
Қастарында жаңа агроном Сергей бар.

-        "Бүркіт
қартайса тышқаншы" деген еді, Шығанақ енді торғайға түскен бе, - деп қалжыңдай
келді Төкен. Ақтөбеден қайтқалы жалаң Төкен емес, Шәңгерей де Шығанақпен жылы
сөйлесетін болған. Ақтөбе сапары Шығанақтың өзіне де, басқаларға да көп әсер
еткен еді. Бүгінгі әңгімс бұрынғыдай керіске соқпай, сыпайы сөзбен, іштей
арбасумен өтетін түрі бар.

-        Егінге
зияндының үлкен-кішісін талғамаймын, - деп Шығанақ та күліп қойды.

-        Көрдік
жеріңді, - деді Төкен. - Күнде көріп жүрген жер ғой. Топырағында менің жұмысым жоқ, агроном
айтар. Су бармайды. Сумен екі арада бір белес жатыр.

-        Сұрағанымыз ол емес еді ғой.

-        Ә, анау ма! Оны "Қара көлге"
беріп қойғанбыз.

-        Тым асығыс берілген екен. Сонымен
машинаны орнынан қозғама
деймісің?

- Оны өздерің
білесің. Мен айтарымды айтқамын, - деді
Төкен. Шығанақ ойланып қалды. Шәңгерей сөзді іліпәкетті.

-        Біз сұраған жерді "Қара көлге"
бергендеріңіз қалай? Машина
бізде. Бізден артық ұқсатпақ па, олар?

-        Машинаны орнатқандарың кеше ғана ғой. Көше бересіңдер
ме?

-        Өзіңіз айтыңызшы, сол арадан қошпеске
бола ма? Су баруға жақсы деп, қайдағы бір ащылы жарыққа қамадыңыз да
тастадыңыз. Жөнді егін ала алдық па биыл?!

-        Мен еріксіз
апарғаным жоқ. Келіскенбіз. Жаман жердің топырағын өзгерте ала ма, машина?

Шәңгерей
тоқталып қалды. Шығанақ жауабын қайырды:

-        Келіскеніміз
де рас. Жердің жаман екені де рас. Кім кінәлі екенін құдай білсін. Ал, енді сол
жерде отыра бергенмен жақсара ма? Еңбек орынсыз кетіп жатыр. Партия тарыны көбейт
деп жатыр. Алдағы көктемге жаңа машинамен жаңа жерге шығып, жаңа тұқым сепсек,
жарқырап бір көрінсек дейміз. Әлі
де болса сұраған жерімізді бер,
Төкен.

-        Беріліп қойды, болмайды.

-        Ендеше, амал бар ма, жаңағы дөңесті
қашап өтеміз де, - деді Шығанақ. Шәңгерей
ыршып түсті.

-        Ойбай, шама келе ме оған! Дөңесті
қашаумен қабат жаңадан арық қазу керек,
жерді тыңнан жырту керек... Қыруар
жұмыс емес пе!

-        Бәрінен де тары кымбат. Қымбат нәрсс
оңайлықпен табылмас болар. Мұндайда көз жұмбай керек.

-        Япырай, ие бермей кетпесе?

-        Осының билігін де маған бер, шырағым.
Қара баспаса, бір қараға жетіп токтармын, жолда қалмаспын.Шәңгерей үндемей отырып-отырып:

-        Мейліңіз ендеше, - дегенде, Шығанақ
Төкенге:

-        Ал біз көштік. Қарсылығың бар ма?-деді. Төкен мұны күтпеген еді. Не қарсылығын,
не ризалы-

ғын айта алмай
отырып қалды. Әлден уақытта ойламаған жерден
бір сылтау тапты:

-        Тағы да Төкен көшірді деп жүрмеңдер. Сергей Александрович, сіздің де есіңізде болсын.
Мен қарсымын. Қарсы да болсам рұқсат берсмін.
Бірақ осыдан келетін зиянды,
жауапкерлікті Шығанақ пен Шәңгерейдің қара басына
жүктеп, тілхат аламын. Бұл өзі үлкен жұмыс. Біреуімізді
соттамай тынбайды.

-        Иә, ойлану керек. Колхоз егінсіз қалуы
мүмкін. Қолға алған соң бітірмей болмайды,- деді манадан бері үндемей
тыңдап отырған Сергей. "Тілхат
аламын" деген Шәнгерей де лоблыды:

-        
 Тілхатты қойсаңшы, Төкен, онсыз-ақ рұқсат
беріп тұрсың ғой.

-        
Мұның
жөні бір бөлек. Құдай ақына, жауапкерлігінен қорқып
отырмын. Әйтпесе, аудан басшылығынан бір жапырақ қағаз әкеле қойыңдар.

     

-        
Болмайды! - деді Шығанақ. - Сен үшін аудан жауапты бола
ма? Сенсең бер, сенбесең тілхатыңды алып бер. Мен тұрдым неге болса да.

- Шәңгерей,
сеңің сөзің де осы ма? - деп Төкен қағазын
ала бастағанда:

- Шықаңмен
жасаса берсеңші, - деп күмілжіді

Шәнгерей. Төкен
ершелей түсті.

-        Айтпады деме, колхоз бастығы алдымен сен
жауаптысың. Сенсіз қағаз жасалмайды.

-        Япырау, мен Шықаңды шығардым ғой.

-        Жоқ, болмайды, - деп Текен қағазын сумқасына қайта салды. - Бәсе, бұл ойландыратын жұмыс.

Шынында бұл
ойланатын жұмыс екені рас. Шығанақ таласып,
тартысып жүріп машина әкелді. Әкелген машинасына бірсыпыра еңбек, пұл шықса да,
елеулі өнім бере алған жоқ. Сол машинаны енді екінші жерге
орнатумен байланысты қыруар жұмыстар
тұр. Қалған аз уақыттың ішінде
орындала ма, жоқ қысқа соғып, бітпей қала ма? Бітпей қалса колхоз
мықтап омбылағаны. Төкен омбылата түскісі келгендей, сұраған жерді бермей, енді
белесті қашап өтуге тура келіп тұр.

-        Шәңгерей! -
деді Шығанақ. - "Шешінген судан тайынбайды" деген қайда? Маған билеткенің рас болса,мен кетіп бара жатқанда сен аман
қалмайсың. Қоя бер қолды. Қорқатын түк те
жоқ. Екі жүздей кісі бар, жауып жібереміз.

-        Бір тәуекел ендеше! - деп Шәңгерей
білегін сыбанды. Төкен үндеместен қағазын алып жаза берді...

Шеткерірек
жантайып жатқан Сергей әңгімеден де шеткері.
Ой басты ма, ат соқты ма, әлде өзінің мінезі ме,

әйтеуір ашылған
жоқ. Бұрынғы агрономдар басалқы айғып,
мінеп те, жон сілтеп те кететін. Бұл тек көруге, тыңдауға келген сияқты. Бергенінен алғаны
көп, өзі айтпайды,
айтқанды блокнотына түрте береді. Сөйлемейді, сөйлете
береді. Бір күнде осымен міне екінші рет кездесіп отыр. Бағана Шығанақты бір сағат сөйлетіп,
бір блокноты жазып бітірген. Әлі де
анда-санда бір түртіп қояды. Жана келген
жас агроном жұмбақ еді. Шығанақ оқта-текте көңіл құйрығын тастап отырып:         

-        Иә, агроном
жолдас, ойыңызды айта отырыңыз  араладыңыз,
көрдіңіз, - деді.

-        Мен әзір ештеме
айтпаймын, - деп басын шайқады Сергей. Қағазға қол қойылып тарқар кезде ғана бір
қолқа салды:

-        Мүмкін болса,
жаңа тұқымнан маған бір уыс беріңізші?

-        Алыңыз, -
деп, Шығанақ қолдан үккен тарысынан салып берді.  Әңгіме ың-шыңсыз осылай аяқталып әрқайсысы жөніне
кетті.

II

Сабақтан шыққалы Кәрібайда дамыл жоқ. Үш коммунистің
жиылысын өткізді. Көп отырып қаулы алды.

План жасады өздерінше. Міндет бөлісті. Енді осы жөнде Шәңгерей
мен Шығанақты жайланып отырып сөйлесуге, кешкі шайға шақырды. Дәм тастамайтын
Шығанақ, құп алды. Қолы тисе
Шәңгерей де келмек. Ақ самауыр ызылдап тұр, Кәрібай күтіп отыр. Қорасан бетінің
шұқырлары тереңдей түсіп, ауыр
отыр.

Сыртта ат
аяғының дүрсілі әлі басылған жоқ. Қарасуды жиектей. алшақ-алшақ отырған колхоз
ауылы шекшешұбалып кете береді: ұзындығы
ат шаптырым, көлденеңі таяқ
тастам. Бірсыпыра адам мал басында, пішенде. Шығанақ пен Шәңгерей, он шақты үй,
киіз үй тігіп, көңнің жел
жағында, Ойылдың ығында отыр. Әр жерге шалыған кішкене
колхозды атпен жиыстырып, хабаршылар жүр. "Ерте
келіңдер! Кетпендеріңді ала келіңдер" деген дауыс бірссе ана жақтан, біресс мына шеттен
естіледі. "Құрман" колхозы
осылайша қауырт дайындалып, ертеңгі жорыққа шыққалы
жатты.

-        Кеш жарық, - деп Шығанақ кірді.
Олжабекті бұл шайдан да қалдырмапты,
ала кірді. Кәрібай ұшып тұрып, үйіріле бастады.

-        Жоғарылаңыздар, қош келдіңіздер, - деп
отырар- отырмастан жастық ала
жүгірді. Бұларды жайластырып болғанша
Шәңгерей де келіп жетті. Бәрі дастарқанға иірілді.
Қара шайға сары қаймақты, сары қаймаққа сары талқанды
араластырып, ара-арасында аршыған ақ жұмыртқаны тұзға батырып асап қойып,
әңгімені қозғай отырды.

- Қайырлы болсын. Үлкен игі іске кірістіңіздер, Кәрібай,
- бұл, партияның жыл сайын кемінде 7-8

миллиард пұт астық алайық, оңтүстік-шығыстағы аудандарда тұрақты,
мол өнім алайық деген ұранын орындау жорығы ғой. Осының орындалар жолын анықтап қарастырдыңыздар  ма?

-        
Шықаңнан
сұра, - деді Шәңгерей. - Мен осы кісіге бердім
билікті. Ере берем соңынан.

-        
Менің
білетінім: қорықпа, ерінбе, жұмыла қимылда - деп, Шығанақ шыны аяғын ілгерірек сырып қойды.Кәрібай шай құйдырып,
шыны аяқты қайта алып қойған соң Шығанақтың сөзін ежіктей сөйледі: - Сол
қорықпау үшін, ерінбей, жұмыла қимылдау үшін не керек, Шықа?

-        Мұның бір
үгіті бар, соны айтқалы келеді, - деп қарқ-қарқ күлді Шығанақ. - Айта бер. Қарсы емеспіз.

-        Жоқ, менің басқа да айтарым бар, - деді
Кәрібай.

-        Айтшы, кәне?

-        Елді жапа-тармағай жібермей, бірнеше бригадаға бөлсе деймін. Әрбір бригадаға жерді
өлшеп, сыбаға берсе. Сонан соң социалистік жарыс ұйымдастырса.
Колхоз басқармасы көшпелі қызыл ту жасап, оны озық бригаданың қосына тігіп
қойса. Бұл, Шықаң
айтқан үгітке жатады. Ал енді,
қазақтың "мың сіз-бізден, бір шыж-мыж" дегені де бар ғой. Кішігірім екі қара бәйге
жарияласа деймін. Шәңгерей "екі қара бәйгені" естігенде шоқ басқан
тайлақтай ыршыды.

-        Атай көрме мұныңды!
Шығанақ та ұнатқан жоқ.

-        Ту дегенің,
бригадаға бөліп, сыбаға бер дегенің дұрыс, - деді, қара сақалын сипап отырып. -
Бәйге

дегеніңді ми
алмай тұр. Әркім өзі үшін істейді. Бәрі мол өнім
алып, соларды молықтырудың қамы. Бұдан артық шыж-мыж
бола ма?

-        Несиеге жұрттың бәрі сене бермейді,
Шықа. Көз алдына сендірерліктей
бірдеңе ұстау керек қой.

Шығанақ
сөйлеместен бұрын қолын бір сермеп тастады. Көзі ойнақшып басылды.

-        Сенбегеніне жол әні! Ортадағы малды
олжаға үлестіре берсе не қалады?

Әңгіме біразға
дейін суып қалды. Бар салмақ шайға түскендей.
Қара шай құйған сайын қоюлана береді.

Қонақтар сіміре
береді. Тер судай ағып, тері әбден кеңіген Кезде,
Кәрібай әңгімеге қайта оралады:

- Бұл менің өз басымнан шыққан нәрсе емес
ед Артельдің уставында да бар. Партия мен
үкіметіміздің

қазіргі күнде
көңіл бөліп отырған мәселенің бірі. Сонсоң партия
ұйымында осылай болса деп қаулы алып едік ендігісін
өздеріңіз білесіздер. Айналып келгенде бәрі адамның көңілін алу қарызы.
Көңілденіп істесе, жұмыс өнімді болмақ,
- деген кезде, манадан бері үндемей отырған Олжабек
киіп кетті.

-        Дұрыс айтады! Көңілденсе жұмыс шақ келе ме! Қатаң
отырған Шығанақ та жібіп сала берді:

-        Манадан
бері осылай десеңші екеуің, - деді күлімсіреп. - Олай болса, партия мен
үкіметтен артық

кім біледі?
Шәңгерей билікті маған берсе, мен Олжабекке бердім.

Олжабек бұл жолы
бөгелген жоқ, жауапты қолма-қол қайырды.

-        Маған салсаңдар, тіктім бәйгені! - деді.
- алдымен өзім түсем
жарысқа. Осы, үлкен қызық болғалы

тұр өзі. Әлі де үндемей отырған Шәңгерейге Кәрібай
енді турасынан қойды сұрақты:

-        Неге үндемейсің? Ұнатпасаң ашып айт. Ашып айтуға Шәңгерей қатты қиналды.
Билікті Шы-

ғанаққа беріп
қойған, енді қайтып алуға реті жоқ. Қайтып алмаса
- колхоздың екі қарасы кеткелі тұр. Жоспаркемиді.
Мал толдеп жатқан уақыт болса бір сәрі. Жыл аяғы жақындағанда
екі қараның орны қалай толмақ? Жоспар толмаса
жақсы председатель қалай болмақ? Шәңгерей осыған
қиналып отыр еді.

-        Япырай,
Шықа, - деді бір уақытта, - ойланбай айтып
қалдыңыз-ау. Мал жоспары орындалмайын деп тұр.

-        Жоқ, мен әбден ойланып айттым. Жоспар
толмаса менің екі бұзауымды
аларсың.

-        Дұрыс онда, - деп Шәңгерей күліп
жіберді.

III

Қарқынмен соққан
көп кетпен жалаңаш даланын тозаңын
аспанға шығарды. Әр жерде бір топ. Топтан

топырақ көп. Жұмылған
көп төбе-төбе қылып топырақты үйіп
барады...

Екі топтың
қимылы өзгеше. Бірі - әйелдер тобы - Жанбота
басқарады. Екіншісі - еркектер тобы - Амантай  басқарады. Екеуі дөңесті екі балағынан түріп,
біріне-бірі қарсы келеді. Табыспақ
жері дөңес үстіндегі қызыл ту. Амантай мен Жанботаның арасында сөз, мінез
бәсекесі еңбек бәсекесіне айналып, осы дөңеске бұрын шыққаны, екіншісінің
төбесіне шыққандай көреді. Бірақ бұл екі адамның арасындағы бәсекеден, еркек
пен әйелдің арасындағы жарысқа айналған сияқты. Шығанақ, Шәңгерей, Кәрібайлар
дөң үстінде ту түбінде тұрып:

-        Әйелдер
озып барады!..

-        Еркектер ұзаққа
сермейді!.. - деп егестіргенде, үдей соққан күшті дүрсіл дөңесті солқ-солқ
еткізеді.

Көйлегінің етегін ышқырына түрінген Айсұлу дөңеске жүгіре
шығып, етекте, қазған жердің ішінде төбелері қылтылдап көрінген еркектерге өлең
айта бастады:

Қызыл тудың астында,

Қызыл тайынша
ыңылдар.

Көз құртындай
жануар,

Бәріміз саған
ынтызар.

Қарсы алдында
Олжабек,

Күжілдейді жетем
деп.

Құр күжілі неге
сеп,

Қажыр, айла
болмаса еп.

Амантай жүр
шықылдап,

Пілге үрген қандендей,

Белес жатыр бүлк
етпей,

Түк өнбесін
білгендей.

Амантай мен
Олжабек,

Өктегенмен
озбассың.

Бір соқыр мен
бір тазсың,

Әңгі, әулекі құр
мәзсің,-

деген кезде
Амантай бір кесекті ала сала тұра ұмтылды.

-        Сауысқанша шықылықтап, не деп тұрсың! Айсұлу
тұра қашты. Кесек тимей кетті.

-        Мұлт кеттім! - деп жерге қайта
еңкейгенде:

-        Ендігісі мұрныңа! - деді де белден асып
Айсұлу жоқ болды. Дөң басындағылар шек-сілесі қатып күліп жатыр. Амантайдың бір
көзінің алдында, жас кезінде күйдіргі шығып, азырақ тыртығы бар. Олжабектің
басына Жамалдан айрылатын жерде қашқындар салған сойылдағы шұбартып тұрғаны
болмаса, құлан таза. Антұрған Айсұлу  түймедейді түйедей қылып кетті. Амантай бригадасы
намыстанып қалды.

-        Саспаңдар, жігіттер! - деді Амантай. -
Ол емес бәрін істетіп отырған Жанбота. Құтырып өзі сүйкенді. Сыбағасын алар әлі. Тек осы жарыста
мүдіртіп кетпесе олардың жайы мәлім еді
ғой.

Олжабек те
шамданып қалған екен. Тақиясын алып басын
көрсетті:

-        Осы таз ба? Сойылдағы. Сен соқыр
емессің. Өтірік неге айтады жұрт.

-        Олар бізден озықтау, соның желігі ғой, -
деді Амантай. Олжабек қайтып тіл қатқан жоқ, дөңді кеулей берді. Жер
әркімге өлшеп берілген, оз сыбағасын болып қапты. Айсұлу айтса айтқандай,
өзгеден озық, кетпенді соққан сайын ыңқ етіп, күж етіп, ілгерілеп барады.

-        Тағы да осындай бір жер, - деді
Амантайға. Амантай бірдің орнына екі норма беріп еді, үндеген жоқ.Төмен
қарап жымиып Шығанақ келеді. Шәңгерей мен Кәрібай Жанботаның бригадасына барды.

-        Бұл қалай
болды? - деді Шығанақ күліп тұрып, - әйелдер туды сұрап жатыр. Бірде-бірі
естімеген сияқты төмен құдиып, кетпенді үсті-үстіне сілтей береді. Шығанақ
әрқайсысының қасына бір барып, қимылдарын байқап жүр.

-        Аптықпа! -
деді Айтжанға келгенде. - Жүгірсең әудем жерге бармай сілең қатады. Ілби
берсең, күні бойы жүрсең де кылшығың сынбайды. Қазір екеуі де керек емес. Әліңе
қарап орташа қарқын ал. Тым алыстан сермейді екенсің. Бері әкелші, - деп
кетпенді өзі ұстады. Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да
бір қалыпқа түсті. Тыпырлаған шапшаң, ыбылжыған шабан да емес, сырғып барады
қарт. Аптыққан жоқ, терлеген жоқ, алымы өнімді бір әуенмен белді кертіп барады.
Көлденең қараған кісіге кетпен шабудан оңай ештеме жоқ сияқты еді. Амантай келіп Айтжанға ұрыса бастады:

-        Шалғұрлы, қатынғұрлы қауқарың жоқ!
Сендейлердің кесірінен ту кеткелі тұр. Бәріктінің намысы қоса кеткелі тұр... - дегенде:

-        Сап, сап! - деп қолын көтерді Шығанақ. ақылшы Амантайдың
өзінде де бірсыпыра мін бар екен. Міней бастады. - "Жұмыскерді мініскер жұмсайды".
Мұның мініскерлік емес. Опыр, істе - деу бәрінен оңай. Соныңбін, жолын табу қиын. Шолақ өкілдерше
кідіңдемей, жәрдемдесу керек,
үйрету керек. Бұл онша қарусызкөрінбейді,
айласы жетпей жатыр. Түлкіде алпыс екі, адамда
алпыс үш айла бар. Соның бірі ғана күшке келеді. Өзгенің
бәрін айламен алады адам...          е

-        Ендеше айласымен алсын„ адам ғой бұл да,
- деді Амантай. Айтжанды көзімен ішіп-жеп барады.
Ол кетпенін алып, жерді қаза берді.

-        Бес саусағыңа қара, бәрі бірдей ме? -
деп, саусақтарын Амантайдың көз алдыиа әкеп, бір тарбитты да,Шығанақ жүріп кетті. Онымен Амантайдың
көзін жеткізе  алған жоқ. Амантайдың өз ойы, өз ессбі
бар. "Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады", - деді ол. Нағыз шындық  қысылғанда
ғана шығады, кеңшіліктегінің бәрі тақыстық деп
біледі. Сондықтан, қазіргідей асығыста Шығанақтың кеңнен
толғауы оған ұнамады. Ерс келіп, Олжабектің қасында
тұрғанда екеуі біраз сөзге келіп қалды.

-        Елдің бәрі бала болса, мектепке қамап
Кәрібайға біраз оқытып алайық.
Әйтпесе, осы әлдиді қойсаңыз екен, ақсақал,
- деді Шығанаққа. Қалжыңы ма, шыны ма
дегендей Шығанақ бетіне жалт

қарады.

-        Одан не зиян тарттың?

-        Соны арқа тұтып, жұрттың белбеуі босап
барады.

-        Қайтсек қатаймақ?

-        Ширатып ұстау керек. Қаулы алынды, норма берілді, орындасын қайтсе де!

-        Норма, қаулы бәріне бірдей міндет
болғанмен, адам қилы-қилы емес пе!
Бабын таппай болған бар ма? Оны неге ойламайсың?

-        Сіз ылғи бабын іздейсіз. Менің
білетінім: адам қысылса бәрін өзі
табады. Қысылмаса көксейтіні ылғи кең жайлау. Шығанақ бір мырс етті:

-        Адамды сен шабан торы деп тұрсың. Байқа,
қамшылай берсең қос аяқтап салып та жіберер.

-        Қамшыламасаң тұрып алады, онда қайтесің?
- деді Амантай.

Шығанақ жауап
қайырған жоқ. Ойы алысқа кеткендей үндемей
тұр. Ренжіп қалған сияқты, қабағы салыңқы ауыр тұр. Әлден уақытта малдасын құрып, жайланып
отырып, ақырын ғана күрсінді
де, Амантайға тура қарады.

-        Әй, шіркін!
- деді қолын бір көтеріп қойып.-Торыны айтамын деп торыққан көңілді қозғадың-ау.
Арқасын ер тессе, борбайын қамшы тілсе, тұлпар да ыңыршақ. Торының көзіне көк
шыбын үймелеген кезін көріпсің. Қоң бітіп, құлағы селтеңдеген кезін неге
көрмейсің? Айтпа қазақтың өткенін, айтпа. Не көрмеді ол сорлы? Басы байлауда,
малы талауда, ойлап тұрсаң ылғи бір "ақтабан шұбырынды" заманды кешіп
келіп, осы күнге жетті, әйтеуір көп кедей. Үйірме, қамшынды. Қамшы дағы жаңа кетіп келеді. Тіліңмен жала, жаз соны. Жас бала
деп біл, ая, үйрет. Баулысаң бәрін
алады, көрмейсің бе, аянып жатыр ма,
осылар? Тек, ақыл-айла ғана керек. Басқардым деп тұрған
сен де, ақсақал мен деп тұрған мен де, сыртымыз қампиғанмен
ішіміз олқы, ілім-білімге кедей. Мен кетермін осымен.
Сен жассың, қармансаң қолың жетіп тұр.

Байыппен істеп,
бабын тап, шырағым. Әпербақан шадыр болма,
сабырлы бол, ел мінезіне көнтерілі бол, шырағым. Ақылмен мыңды, ақырумен
бірді ғана көндіресің.

-        Әй,
Шығанақ-ай, осы мінезің ғой сенің, - деп, Олжабек тұқырған басын көтеріп алды. Ар
жағын айтқанша, насыбайын ауызға қағып та жіберді. - Әрнемені ойлап, кейде
толқысаң да, арқандаулы аттай айнала бересің. Жұрттың бәрі осылай болса заман не болар еді! - деп, кілт тоқтады. Сүйсінген көңілге тіл жете
алмай тоқтағанын біліп тұрса да, Амантай
Олжабекке сұрақ қойды:

-        Ал, сонда не болады?

-        Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар еді.

-        Тауық жұмыртқасынан шығып, торғай жұмыртқасын
жегің келді ме?

-        Ойын не керек, - Олжабек кетпенін қолына
алғанда:

-        Ендеше, кел төбелесейік, - деді де ұстай
алды Амантай. Ұстарын ұстаса да қақпанға түскен
суырдайшыңғырды. Елдің бәрі
рас төбелес екен деп қалды. Олжабек
бұрын алысып ойнамайтын, сығымдап жатыр.

-        Жібер, жібер! - деді Шығанақ. -
Антұрғанның даусы тілінен де ащы
екен.

-        Жіберме, жіберме! - деген әйел даусына
бәрі жалт қараса, Жанбота келіп
қалған екен. Қасында Шәңгерей мен Кәрібай
бар.

 

 

 

 

-        Е, сен бе
едің шыңғырған, суыр ма десем? - деп Шығанақтың қасына отыра кетті, үстінің
шаңын қақпастан.

-        Иә, мен едім, - деді Амантай. Басқа
айтарың бар ма дегендей Жанботаға
тесіліп қапты.

-        Саған не көрінді? Әйелден де, шалдан да
жығыласың?

-        Әйелден жығылсам айып емес, кімнің
тізесін бүкпеген ол қасқа. Шал
дегенді байқап айт, шамырқансашарт
үзетін күші бар.           

-        Тышқанға мысықтан күшті жоқ дегең ғой.
Саған Олжабектен күшті кім болсын енді.
Үстіңнің шаңын қақ.

-        Ештеме етпес. Шаңға сен де аунаған
шығарсың.

-        Қылжаққа уақыт жоқ, туға келдім.

-        Аһ! - деді Амантай. Ашылған аузын
жаппастан алақғап қарай берді
әркімге бір. Ентігіп Олжабек келді.

-        Шын айтасың ба, Жанбота, - деді
келісімен.

-        Шын!

Бәсеке басылып қалды.
Әңгіменің мән-жайын бажайлап отырып Кәрібай айтты.

-        Біз әйелдер бригадасына барып келдік.
Қабыш бастаған еркектер бригадасының да жұмысын білдік. Әзірге үш бригаданың озығы Жанбота бригадасы.

-        Сонда, ең алды неше норма орындапты? -
деді Олжабек. Өзінен озып ту алатын әйелді білгенше,
көргенше ынтығып тұр.

-        Бір жарым.

-        Е-е, ендеше менікі екі жарым.

-        Сенің бригадаң кейіндеу келеді.

-        Соған мен күймекпін бе? Әркім өзіне
жауапты.

-        Күймейсің. Жалғыз өзің ту да алмайсың. Олжабек аңырып қалды. Екі көзі Кәрібайды
ішіп-жеп

барады.

-        Өзің не деп тұрсың? Тумен қоса екі қашар
да кете ме?

-        Жоқ. Қашар қашан жұмыс біткенде
беріледі. Оған дейін озған туды алып
отырады.

-        Осы қулығына түсінбеймін! - деді, Олжабек
басын шайқап.

-        Ту құласа қол тарайды. Ту тұрған жерде
аруақ тұрады деуші еді. Шығанақ, сен сөйлеші.

Олжабек ту
кеткенін жақсылыққа жорымады. Екі қашар
қоса кетеді, абырой тағы жоқ, бәрі туға байланыс-

ты. Шығанақ кірісес
осының да бір есебін табар еді деп тұр
ішінен. Шығанақтың өзіне бұратынына қандай сенсе, бір
амал табатынына сондай сенімді. Не айтар екен, қисынын қалай келтірер екен деп,
оның аузын бағып тұрғанда:

-        Досым, жөні кетіңкіреп қалған екен, - деді
Шығанақ. - Қуып жетіп озып алмаса, артта келе жатып бердегенге бере ме бұлар. Кәрібай, сен
озғанын айттың. Қалай озғанын
айт енді?

-        Әйелдердің күші асып, айласы асып жатқан
жоқ. Оларда денені ылғи қыздырып тұратын еңбек көрігі  өзара жарыс күшті көрінеді. Қатар бара жатқан
екі әйел бірінен-бірі озамын деп егеседі. Бригада ортасында балалар туындай ғана бір жапырақ ту бар.
Осы туда дамыл жоқ. "Анау озып кетті,
мынау озып кетті..." деп, Жанбота әрқайсысының
қасына апарып бір селтитеді. Сонымеқ екі әйелдің
арасындағы егес ұласып, бүкіл бригаданы көтеріп жіберіпті.
Бар хикмет осы ғана.

-        Амантай, санаң болса осыны ұқ! - деді
Шығанақ. Басқа ештеме айтпады. Олжабек жаңа ғана тудан күдер үзді.
Ішінен: "Осының кейде шатасатыны шын болуы керек", - деп тұр. Олжабек
айтсын, айтпасын кейінгі кезде Шығанақ жайында "шатасыпты",
"жалғыз шығып кетеді екен...", "өзімен- өзі сөйлесіп жүреді екен..."
деген сыбыс бір көтеріліп, бір басылып, рас, өтірігін де, қайдан шыққанын да
таптырмай жүр. Табамын
деп соңына түсуші де жоқ. Олжабек те келіп
қалған ойды ұзатып салып, Шығанақты қайта тапты.

Шәңгерей,
Кәрібай, Шығанақ үшеуі Жанботаны ертіп, дөң
басына қарай аяңдады. Олар кетісімен Амантай

орнынан ұшып тұрып,
Айтжанның басындағы қызыл орамалын жұлып алды.

-        Ойнама, басымнан күн өтеді, - деп еді од
Амантай:

-        Ойын емес, жолдас. Орамалың ту болғалы тұр,
- деп бір ағаштың басына байлады да,
Олжабектің қасына әкеліп тікті.

 

-        Мұның аты
қара жарыс. Озғаның бәйгеге қосыласың. Ал,
озыңдар Олжабектен.

Олжабектің
көңілі әлі де үлкен туда, қос қашарда еді. Өзіне-өзі сенгендігі ме, жоқ шыдамады ма,
кішкене туға алаңдамастан үлкен тудың соңынан жүгірді. Соңырақ  ұмтылса
да, дөң басына басқалардан бұрын шықты.

-        Ал, жігіттер, қимылдаңдар, - деді
Амантай.

- Анау онымен шатасып жүргенде, қуып жетіп мына туды біреуің
ала қой. Аузы аппақ болсын.

Олжабектің кеткені
дұрыс болды. Ол кетпесе одан озам деп
ешқайсысы дәмеленбейтін сияқты еді. Енді бірінен-бірі озамын деп сыбана
бастады. Олжабек барысымен-ақ екі тайыншаны алдына салып қуа жөнелді.
Шығанақтың "тоқта" деуге шамасы келген жоқ, күлкіден шегі түйіліп
отырып қалды. Ол,
"екі қашар

тумен коса
кетеді. Ту қайтса, қайтар, осы екеуі қайта ма, қайтпай
ма" деп, Жанботаның қолына түсіргісі келмеді. Түбінде өзі жеңетініне, тайыншаның сонда
өзіне тиетініне сенімді екен.

-        Онда нең бар? - деп айғайлаған Шәңгерейге:

-        Кесір болмаса бірі менікі! - деді де кете
барды. Дөң басында, ту түбінде, туды Жанботаға бергелі

тұрып,
Шығанақтың шаттықпен көзіне жас келді. Қуанышын да, қайғысын да жуықта
сездірмейтін қара сұр

жүзінде қан
ойнап, лепірген жүректің лебі тұр. Үні дірілдеңкіреп,
сөзі қапелімде түйіліп жазылғандай мүдіріп-мүдіріп шықты.

-        Балам! - деді Жанботаға. - Ту алғаныңа
сен қуансаң, бергеніме мен қуанам. Адам шіркін қуанышқа құмар. Қуанса шүкірлік етпейді, тағы тілейді.
Мен шүкірлік етіп те, тілеп те тұрмын.
Анау Амантай сенен көріп, әнебіреу шүберекті
желбіретіп қойыпты. Олжабек сенен қорқып екі қашарды
қуып барады. Бәрің көз алдыңдағыға мәзсің. Сол көз алдыңдағыға еріп қайда бара
жатқандарыңды көріп,

мен мәзбін.
Біреу осы қуанышты таразының екі басына салып
жіберсе, бәріңдікін бір менікі басып кетер еді. Егер біреу бәрін жинап алып, мынау Ойылға
шашып жіберсе, бәріңдікі батып
кеткенде, менікі қалқып жүрер еді. Бұл 
мақтаныш емес, мысал.
Әр істі ұғынып, пайымдап істе, келешегін
көріп істе демекпін. Келешегіне қызықсаң қажымайсың, қайрат бітеді бойыңа.
Осынау түйдегімен тиген көп
кетпен қу даланың шаңын көтеріп жатқан жоқ, тарысын сапырып жатыр, шырағым.
Шаңды кермей тек сол тарыны
көрсең болғаны. Шығанақтан көз алмай
қадалып тұрған Жанбота  әдеппен бір иіліп:

-        Ұқтым, әке, - деді де туды көтеріп жүріп
кетті. Дөң үстінде, ту көтеріп бара жатқан Жанботаға көзі түсіп, ойда тұрған
Амантай:

-        Сен қызға
соны қойсам, Амантай атым өшеін! - деп ант етті.

Қабыш бастаған топтың аралары арқан бойы бір-бірден тізбектеліп
кете барады. Әркім алдындағы
арқан

ойлы
жерді болғанда, ұзындығы бір шақырымдай жер үстіне топырақ астау көтеріледі. Бұл
егіншілер тіліменайтқанда
"айғыржап". Машина Ойыл суын осы айғыржапқа кұяды. Айғыржаптан
"қысқа мойын", атыздар арқылы егіске
тарайды. Суарма егіспен күн көрген елдің, айғыржап жасаудан бастап,
егінді орып, жинап алғанша қолынан кетпені түспейді. Бұл жақта жерден астық алу
алтын алудан қиынырақ. Міне, дүниені күйдіріп бара жатқан күн астында, күреңіткен
көп адам кимылдап жүр. "Болмаймын" деп, безер жер бедірейе береді.
"Қоймаймын" деп көк кетпен қадала түседі. Екеуі жеңіскенше жеңілтек
адамның

жаны шығып
кеткендей. Ұзақ күрес біреуді жалықтырады, біреуді құнықтырады. Қабыш
жалыққан тәрізді. Қазылған жердің салқын топырағына бауырын төсеп, етпетінен
жатыр. Бұрын бай, ел билеген жуан болмаса да, еңбекке жаншылмаған атқамінер.
колхоз тұсында ауырдың үсті, жеңілдің астымен келген тақыстау кісі еді. Жұмыстан
жүрегі айнып жатқан сияқты. Бастық жантайған соң әркім-ақ жантайған Айғыржапта
ет кызуы ерте басылып, қысыр әңгімелер қозғалды. Бұл мезгілсіз
дамылға мазасы кетіп, Елеусін Қабышқа келді.

-        Құрдас-ау, ел баяулап қалды ғой.
Көтермейсің бе? - деді келісімен.

-        Күн ыстық. Аялдасын азырақ, - деп Қабыш
басын көтеріп алды. - Сенің байың қыра ма
деймін осы елді.

-        Неге? Ел ол үшін істеп жатыр ма?

-        Оным әншейін сөз, - деді Қабыш.
Елеусіннің ұнатпай қалғанын сезіп, майдалай бастады. - Әркім өзі үшін істейді. Өз табысын жейді. Әйтсе де осы жұмысқа
Шығанақ мұрындық болды. Бұл арада ешкім жоқ, бар салмақ  көпке
түсіп тұр, көтере алмай ма деп қорқамын.

 

 

-        Олар белді қазып
бітірсе, біз айғыржапты бітіре алмаймыз ба, сонда? - деп Елеусін таңданғанда,
Қабыш жымиып койып, жұмысты ауырлата түсті:

-        Бір жылдың ішінде екі айғыржап жасаймыз.
Бұрын бірнеше жылда біреуін азар жасамаушы ма
едік? Егін жайы екі ауысып, машина екі
көшкелі тұр. Бұрын бір шығырмен төрт-бес
гектар жерді суарып болғанша жан шыға жаздаса, енді қырық-елу гектарды қалай
суармақсың? Аяқты көрпеге қарап көсілу
керек еді.

-        Осы жұмыс орындалмайды деп отырсың ба? -
деді Елеусін. Қабыш қайғының үлкенін енді
шығарды:

-        Бұл өз алдына бір уайым.
Орындалмағанынан орындалғаны қайғы.

-        Бетім-ау, не деп кеттің?

--Бет шымшыр күн
әлі ілгері. Бұл орындалмаса, қайла қалмаған бір еңбек, қалар. Орындалса, осы
мойын ағай мойныннан түсер деме.
Жерді көп жыртармыз, тарыны көп алармыз,
таласпаймын. Соның пайдасы не?

-        Өзің ауысқаннан амансың ба? - деп түршігіп
қалды Елеусін. 

-        Мен аманмын. Сенің байың аман емес, -
деді Қабыш. - Елді, қазнаны Құрман колхозы асырамақ.
Көпастықтың кәдесі де көп. Өзімен-өзі тоқ,
талапайы жоқ қайран түйешығыр-ай деуіңе әкел қолыңды!

-        Бұл сұмдығыңды бұрын неге айтпадың, құрдас-ау?

-        Айтқанмын. Сенің қара бураң шабынса
шөкпей тоқтаған
ба, шөгіп тынсын. Аузынан көбігі ағып, серейіпжатқанда
сөйлесем енді, - деді де, Қабыш орнынан тұрып айғай
салды. - Тыныстаған шығарсыңдар, тұрыңдар! Мыжғылай берейік, әйтеуір. Еті суып қалған
ел, орнынан баяу көтеріліп, кетпенді

қайта қолға
алды. Елеусін де Қабыш сөзінен кейін сылбыр аяңдап,
өз орнына барды. Күн шыжи түсті. Құмайт жердің жаңар
шөбі шамалы, табаннан өткен ыстық лебі бетке шабады.
Қозғалсаң тер құйылып, ағып барасың. Қозғалмасаң
көнің кеуіп барады. Әйтеуір шақырайған күн сазайыңды
беріп тұр. Кетпеңдер
ауыр көтеріліп, ақырын сермеліп
жатыр. Аяғын ширақ басып осы жаққа Шығанақ
келеді. Бәрін көріп келеді. Бөкен
қабағының астындағы қара көзі болашақ
егін жайға байыппен қарап, Қабышқа жеткенде

қадалып тұра
қалды.

-        Күн өткеннен аман ба? Көзің кіртиіп
кетіпті ғой.

-        Сонда да сенен көлеңке сұрамаспын, -
деді Қабыш көңілсіздеу тұрып.

-        Дала кең ендеше. Етегіңді түріп қой да,
отыра бер.

-        Бір мен түрсем ештеңе етпес. Мынау елдің
бәрі түрсе, аяқ басар жер қалмас.

-        Ойнасаң да, ойынды айтып тұрсың-ау. Әлі
де бірдеме бар ғой, сірә? -деп
Шығанақ Елеусінді шақырды.

-        Сусының бар ма, әкелші? Жерге
көмген қара торсығын суырып алды, Елеусін келді. Быжылдаған сары шұбатты сұп-суық
қылып ұсына бергенде:

-        Әуелі
мынаған бер, - деді Шығанақ, Қабышты нұсқап. - Қарны ортайса қоңқылдап түсе
қалатын антұрған, қоңқылдап отыр.

-        Жоқ, оның
бұл жолғы қорсылы басқаша, - деді де, ар жағын айтайын ба, айтпайын ба
дегендей, Елеусің Қабышқа қарады. Қабыш үндеместен шұбатты сылқ-сылқ жұта
берді. Сол екі арада Шығанақ Елеусінді де бір қағып өтті.

-        Екеуіңнің
араң тіпті жақын екен. Оңашада келіскенсіңдер ғой, сірә.

-        Келісуге жақынбыз.
Жақсы келдің өзің. Осынша бейнеттен елдің көрер пайдасы не, соны айтшы?

-        Сені де күн соққан ба, не сөйлеп
отырсың?

-        Еңбегімді сөйлеп отырмын. Өнерін айт,
білгім  келеді.

-        Білмесең, тары өнеді. Тарыға бәрі
келеді.

-        Өнгенін қайтейін, бәрін сыпырып алатын
болса.

-- Құлағыңа
сайтан сыбырлап кетті ме? Кім сыпырып алады?

-        Қазна сыпырып алады дейді, мына құрдас.

-        Құрдас та, сен де былшылдапсың. Бар
орныңа! - деді Шығанақ. Кесені
шамданып ырғытып жіберді. Елеусін жауап
қайтармастан торсығын алды да тайып тұрды. Ол кеткен
соң біраз үндемей отырып, Шығанақ Қабышқа тиісті:

-        Осы сенің не ойың бар? Ашып айтшы.

-        Менде бөтен ой жоқ.

-        Жаңағы не сөз?

-        Жаңа естіп отырмысың? Алдақашан айтқаным
қайда?

-        Рас, - деді Шығанақ. - Сен алдақашан айтқансың.
Мен алдақашан қалды ма деп едім. Қалдырмағанекенсің.
Кел, осы арада жеңісейік. Сен ғой, әуелде колхоздан
тартпақтадың. Мен еніп кеттім. Кейін келіпқыңқылдаған
соң, бірсыпыра жұрт қарсы болса да колхозға алдық.
Бұл бір жеңілгенің еді. Одан кейін машина алу тартысына түстік. Сен Төкеннің
атын қамшыладың. Төкен шалқасынан құлады. Бұл екі жеңілгенің еді. Осы егінжайға көшуге келгенде, көмекті сырттан сұрап
жатып алдың. Қолдан келмейтін іс деген
шығарсың. Дәл қазір айта аласың ба соны? Бұл үшінші жеңілуің. Енді кеп егіннің
шығыны да кеп деп отырсың. Рас, шығыны көп. Баяғыда Дүржығұл, Жүрсібәлінің сойған соғымын бүкіл
Телғараболыпсоймайтын. Онымен Дүржығұл, Жүрсібәлі
кедей болды ма? Олар есесін елден алса, біз
жерден аламыз. Жер

елден байырақ.
Неге қорқа бересіңдер осы?

-        
Жұмыстан
қорқамын, - деді Қабыш. - Жұмыс ырлап
барады. Сен ауырлатып барасың. Бәрі жан үшінболса,
жанның да аялына бір қарау керек. Сергу керек. Итбергендей
итшілеп мал жиғанша,
кедбйліктің өзі артық. Шығанақ көпке дейін жауап қайырмай ойланып
қалды Қабыш дәрет сындырып келіп, қайта отырғанда ғана сөзін бастады:

- Сөзіңнің тамыры бар, тарауы көп. Таратам деп бөгеліп қалдым.
Дұрыс айтасың, Итбергендей бай

болғанша Қабыштай кедей болған артық. Итберген байи білсе
де кызығын көре білмеді. Қабыш қызығын көре білетін  еді, байи білмеді. Колхоз мұның, екеуі де
емес. Байи да, байлықтың қызығын көре де біледі. Ал енді, өзің жомарт Қабыш,
сері Қабыш бола тұра сараңдығыңды Итбергеннен де асырып отырсың. Колхоз ешкімге
бермесе екен дейсің. Мен, дүниенің ең кызығы алу емес, беру деп білем. Берудің
кызығын көрген - алудың да қызығынкөреді. Алудың ғана қызығын көрген, берудің
қызығын көре бермейді. Қазна алсын, ел алсын, кемтар алсын, бар болса ала
берсін. "Қойнынан төгіліп, қонышқа құйылғанның" несі өкініш. Білем,
сенің қорқынышың бұл емес. Жасыңнан еңбекке қырбай едің. Есіңде ме, екеумізді
де әкеміз пішенге аяғымызды тұсап, салды. Мен сол күні түске жетпей-ақ тұсауымды
алдым. Сен екінші жылы да шөпті тұсаумен жүріп шаптың. Сонда-ақ түңілгем сен
иттен. Бірақ әлі айырылысқанымыз жоқ. Жас алпысқа келс жатыр. Бір туған төлміз.
Талай шарт сынатын жер келсе де, соны ойлап, қайыса берем. Әйтпесе, сенің орның алдақашан түрме.
Барғың келсе, қайтейін, бықсыта бер әрнені, тұтанбай
қалмас. Барғың келмесе, аузыңды бақ. Әлің келгенше
істей бер. Тіпті, істей алмасаң оны айт: аңшылық бар, дүкен бар, қыл-қыбыр, тері-терсек
жинау бар - бәрі еңбек. Таңда
бірін. Ендігі қиқаңыңа көне алмаймын.

Ірітпе жұртты.
Ойлан да жауабын бер, - деді де орнынан тұрып
кетті. Жол бойы тізбектелген бригаданы сыдырта аралап, таяғын беліне көлденең ұстап,
Шығанақ қатты аяңмен барады. Ешқайсысына
бөгелген де, сөйлескен де жоқ. Көзбен сүзіп,
өте шықты. Беті сонау бұлдырап көрінген ескі егінжай,
жаңа машина. Ой-шұқырлы жазық далаға бір батып, бір көтеріліп, заулап барады. Қайда
барады, кімге барады? Белгісіз.

Қабыш тапжылмай
отырып қалды. Зіл басқандай ауыр отыр.
Алды соңы, арты қиыр, жөн таппай отырған сияқты. Жол
көрссткен Шығанаққа күдігі көп. Бірге өсіп, біте қайнаған
құрбы болса да қомсынады: ...Не көрді бұл? Жұмыс жөнін білген соң "Шықа"
дегенге мәз. Әйтпесе мен басқан жерді басқан жоқ. Мен шыққан төбеге шыққан жоқ.
Өмірінде екі кісіге төрелік айтпаған сорлының көңілі тым көтеріңкі. Көзі неге жетеді? Шарқына неге қарамайды?
Жігіт ағасы болмаса да, есі дұрыс адам еді, есіріп барады. Құлай ма деп қорқамын. Қоқаңдаса
күндеймін Қайтсем
шыдармын?.." Осы ойдың ұшығына жете
алмай көп отырды. Шыдап қара жұмысқа
қалуын, шыдамай жеңіл жұмысқа шығуын шешкенше бір дөңестен Төкен кылт ете
түсті. Олкөрінгеннен-ақ Қабыштың
көңілі селт еткен еді, келген соң екеуі
үлкен әңгімеге кірді.

-        Жұмыс қалай, - деді Төкен. Қалай екенін көріп- біліп тұрса да осылай сөйлеу әдеті.

-        Істеп жатырмыз, әйтеуір. Қалай екенін
өзің айтпасаң, мен білмеймін, - деп, Қабыш шөп ширата берді. Біле тұра бірін-бірі сен айт, сен айтпен
арбасты.

-        Істеп жатқан сен білмегенде, жаңа келген
мен білемін бе, айтсаңшы бәлсінбей.

-        Мен, болған соң айтамын. Сендер білгіш,
болмай да айта бересіңдер.

-        Шығанақ болмаса, менің ондай
сәуегейлігім жоқ,- деп Төкен қарқ-қарқ күлді. Күлкісі өтірік те болса шынға бергісіз
еді. Қабыш нанып қалды. Көптен бері көңіліне ұнаған
қартпен кезі келгенде сөзі үйлескені болмаса, іш ақтарып
сырласқан емес. Оқыған, көпті көрген, талай заманды басынан атқарған Төкен,
Қабышқа бір дария сияқты. Сол дарияға сүңгіп кетіп, тереңде жатқан асылдарын алып шығар ма еді, иектен еркін жүзер ме
еді деп қызығатын. Қызыққан
дариясы ыстық күнде, қақ алдында тұрғанда Қабыш қалай шешінгенін байқамай да қалды:

-        Төкен, сен көпті көрген тарлансың ғой,
бір ақыл сұрағалы отырмын, -
деді.

-        Сұра, - деді Төкен іркілместен. -
Ақылдың да тарлан тартқан кезі бұл,
жарамаса тастарсың.

-        Осы машина не дейді? Шығанақ не дейді? Мен түсінбеймін.

-        Шығанақ жердің бермесін аламын дейді.
Машина соны алып береді, - дейді.

-        Қашан алады? Қашан алып береді?

-        Оған неше "бесжылдықтар" керек
екенін мен де білмеймін.

-   Соған
дейін көретініміз осы ма?

-    Оны
маған несін айтасың. Мен айтарымды айтқанын  Қазақ жер кәсібіне
көндікпеген халық, өктемеңдер

едім, болды ма.
Ал, не шықты? Бір жыл болмай машина да
екі көшті. Егін жайы екі
ауысты. Бергені қайда жердің? Қазақтын киіз үйі емес бұл, түйеге артып
тарта беретін. Бірақ бұл жұмыс та бір бітер. Жаңа қонысқа да жайласарсыздар-
Сонда сенген машинаң не дер? - деп Төкен Қабышқа тесірейіп тұрып қалды. Төмен
қарап сұлық тыңдап отыртан Қабыш өзіне берілген сұраққа жауапты әлден уақытта сұрақпен
қайырды:

-        Иә, машинаның не сыры бар?

-        Машинаға да тамақ керек. Әлден май сұрап
тұр. Жүрегім қарайды дейді. Бәріңнің, бір жыл
жегеніңді ол бір айда жейді.

-        Май тасудың өзі нөсер жұмыс десеңші.

-        Майдан басқа да таситындарың аз ба?

-        Иә, астық тасу бар әлі. Құдай-ау, бұл неғылған
көп жұмыс... Сіңбіруге мұрша келмей ме
деймін.

-        Еңбегің жанса оған да көнерсің. Құм дала
жігеріңді құм кылса қайтесің?

-        Жоқ, су болса, еңбек зая кетпейді, - деп
басын шайқады Қабыш. Төкен ызадан күліп те
жіберді, қызарып та кетті:

-        Осы жұртқа қайранмын!-деді басын көтеріп
алып.

- Ексең, күтсең,
күлге де бірдеме шығады. Мәселе онда емес.
Қанша күш жұмсалып жатыр? Сол күштің құнытөлене
ме? Төленбесе неге төгесің текке? Қара топырақтың бергенін
құм қашан беріп еді? Қабыш
бөгеліп қалды. Кімді ұстары, қалай беттері белгісіз.
Бұрын мол астық талапайға түседі деп қорықса,

енді астық жоқ, мұрнын
ұстап отырған тәрізді. Задында мұның
екеуін де елмен бірге көруге шыдайтын, әттеңдүние,
ауыр жұмыс шыдатар емес. Ойласа жаны түршігеді, жүрегі
айниды. Отырып-отырып:

-        Әй, Төкен! - деді бір уақытта. - Бұл
тарысы құрғыр шықса бір пәле,
шықпаса екі пәле екен. Тары

жемесем де өлмеепін.
Жанға тынышын айтшы.

-        Міне, нағыз қазақ! - деп тағы да күлді
Төкен. Мұнысы шын күлкі. Көзінен жас шыққанша
күлді.

Төкен қазақтың
өткенін көп көріп, көңіліне берік тоқыған.
Бүгінгісін аз көріп, елемей өте шыққан.

Тоқығанының
өзін теріс тоқыпты. Қазақ тек далада мал бағып,
жеңілдің үстімен жүрген ел. Мал өз
аяғымен

оттайды. Қазекең
тегін ет, тегін қымызға семіре береді Қала тұрмысын,
егін кәсібін білмейді. Білдіріп те керегі жоқ. Адайлықтар Ойыл жәрмеңкесіне бір
келгенде айналасы атшаптырым қызыл сарайлар қызыл алтынға лық толады. Ойыл
малдың астында қалады..." - деп, шетке шыққанда талай серпіген болатын.
Мынау келіп қалғаң машиналы өмір, сол тегін байлықты Төкен аузынан жырып
әкетіп, басқа бір арнаға құйғалы жатыр. Төкеннің машинаға қырын қарайтыны да,
Қабышты "нағыз қазақ" деуі де осыдан. Ол осы сөзін қайталап:

-        Сен нағыз қазақсың! - деді Қабышқа.-
Қазақ жер кәсібіне көндікпеген.
Ол сорлының қолы мал ғой. Мынау ен
даланы сайрандап жүрсе... Лоблыған Қабышты малға қарай итермелегенде
Төкен

баяғы заманның қайта келеріне сенген жоқ. Осы заманның
өзінен де бірдеме жырып қалмақ еді. Қабыш

беттемеді:

-        Мал бағу да оңай емес. Басқа бірдеме
айт.

-        Қазақтың малдан қашқанын көргенім осы.

-        Малың егіннен де қиын. Жауында, қара
суық боранда басқалар жатса да, малшы
жатпайды. Қартайғанда ұшып өлер жайым жоқ.

-        Онда кладовщик бол, берсе.

-        Ол құрғыр да мазасыз. Ананы бер, мынаны
бер деп отырғызбайды.

-        Таптым! - деді Төкен санын соғып
жіберіп. - Аң аула.

-        Мылтықтың қалай атуын да, іздің қалай
жүргенін де білмеймін. Аңшы
болып не бітірем?

Қабышқа колхоз
ішіндегі қызмет, жұмыстың бірі жақпай отырғанда, Ермағамбет көрінді. Қасында Шәңгереймен
Кәрібай бар. Үшеуі де атты. Істеліп жатқан жұмысты аралап келеді. Айғыржаптың бойы лезде бір
күйге түсті. Кетпендер шапшаң-шапшаң көтеріліп, әркімнің-ақ танауы желбеңдеп,
маңдайы терши бастады. Төкен мен Қабыш әңгімені тоқтатып, келушілердің алдынан шықты.

-        Бригадирдің
бірі, Қабыш ақсақал осы кісі, - деді Шәңгерей таныстырып тұрып. Ермағамбет сұрақты табанда қойды:

-        Жұмысыңыз не күйде, отағасы?

-        Жаман емес.

-        Ең алды кім, бұл бригадыда? Қабыш
мүдіріп қалып

еді, тағы сұрады:

-        Ең арты кім?

-   Бәрі
қарайлас қой,- дей салды Қабыш. Алдын да, яптын
да аңдамаған екен сорлы. Сұрақ
көбейе берді:

- Озуда қарайлас
па, қалуда дарайлас па? Екі ұшты ғой сөзіңіз.

- Әзірге озып
шыққаны да, кейін қалғаны да көрінбейді. Қаз-қатар келеді. Тұяқты тұяқ жібере ме?

-        Сондай-ақ парлап салғансыз ба? -деп
күліп қойды Ермағамбет.- Араларында
социалистік жарыс бар ма? Мына бригадалардікіндей ту сізде неге жоқ?
Қабыш үндемей, төмен қарап сипақтай берді. Басқа

бір жай адам
болса сөйлесіп көретін еді. Қорғалап, сескеніп
тұр. Өтірік айтса күмәні қазір ашылады. Шынын айтса өзін-өзі ұстап береді. "Үндемеген
үйдей пәледен құтылған" деп тұр Қабыш. Бірақ Ермағамбет онымен құтқарар емес, көзігіп алыпты:

-        Кездескен кедергілерді айтыңыз. Оны
қалай жойып жатырсыз? Жұмыс
жайын білмегені былай тұрсын, білгісі келмеген адам нені айтсын. Қабыш тағы да айта алмады.

-        "Кедергі" деген осы кісінің
өзі болмасын,- деді де Ермағамбет
жүріп кетті. Олардың соңын ала Төкен мен Қабыш
та келеді. Өзара күңкілдеп сөйлесіп келеді:

-        Райком қырын келді-ау саған

-        Өзіңмен қалай еді? - дейді Қабыш. Төкен
желкесін қасыды. Жұмысты аралап барады. Барған сайын
Қабышқа сұрау қоюлап барады.
Айғыржаптың ең шетіне шыққанда, Қабышты қалдырды
да, өзгесі тұра шапты.

-        Өрт! Өрт!..
- деп шауып барады. Машинаның түбінен бұрқ еткен қою түтін тымық күнде тік
көтеріліп, будақтап жатыр. Жалыны әзір көрінбейді, жаңа тұтанды... Шығанақ бұл
кезде атпен жүретін жерге жаяу жетіп, Ойылдың дәл жарлауыт жиегінде отырған.
Қасында машинист көмекшісі Сембі бар. Екеуінің ортасында бір қазан. Қазанда
топырақ пен су.

-        Иә сәт! -
деді Шығанақ, қазан астына от қойып жатып. Шытырлап тұрған қурай лап етті. Қара
түтін бұрқ  етті. Дүрсіл, дабыр естілді. Сонша
болмады машина қорасының тасасынан
шыға келген аттылар, көздері адырайып,
желбезектері желпілдеп, ағызып өте шықты. Жолындағы
қазанды да, Шығанақты да басып кете жаздады.
Қайта оралғанда:

-        О, не болды! Не болды! - деді, шошып
қалған Шығанақ.

-        Бәсе, не болды?! - деді Ермағамбет. Бірін-бірі
жаңа танып, жаңа түсіністі.

-        Жоқ жерде елді дүрліктірдіңіз ғой. Не
асып жатырсыз?

-        Ауға біраз балық оралған екен. Соны асып
жатырмыз. Сембі жымыңдап Шығанақтың өтірігін шығарғалы тұр. Теріс
айналып, жымың-жымың етеді, түртіп қалса, жарылып кететін. Ешқайсысы ежіктемеді
бірақ, Шығанақ көзін бір қысып қойды. Қазанның астына мол қылып тезек қалай бастағанда:

-        Әдейі келген
соң, отағасының балығын жеп аттанатын шығармыз, - деп Ермағамбет аттан түсті.
Сембі қысылса да оған Шығанақ қысылмады:

-        Бұйырса
жерсіздер. Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті. Машпнаның тыныстап тұрған
кезі. Машинист Федор бос болған соң Ойылға кеткен. Ол барда жақ ашпайтын Сембі
қазір жақ жапиайды.

-- Мынау, головқа, - деп шойын бәрікті төбесінен түртті.
- Осыны өтпен кыздырамыз. Жез түтікпен келіп май тамғанда, головқа газға толып,
газ цилиндрдің ішіндегі поршеньды кейін итереді. Кейін серіпкен поршеньды, коленчатый
валдың басындағы мына дөңгелек өз салмағымен қайта серпеді. Газ оған серпеді...

Сембі машинаның
әр тетігін бір түртіп, әр винтін бір ұстап
жүріп қолын майлады. Қолымен бетін майлады. Оны су
жұққан құрлы көрген жоқ. Қара тұмсығын көкитіп қойып,
соғып тұр. Өзіне бір дес тиген күн. Өзінен білгіш те,
өзінен қуанышты да жоқ бұл жерде. Балалығы арылып болмаған
жас жігітке еріп Шығанақ та жайнаңдап тұр. Өзгелердің көзі машинада болса, оның көзі
Сембіде. Көңілі толып, рақаттанып тұр.

-        Осы бала өзі жүргізе бастады енді!
Білмеймін, Шодырдың үйретуі күшті
ме, өзі болғалы тұрған бала ма,-
дегенде:

-        Онша қиын машина емес қой, - деп Төкен бүлк етті.

-        Біресе киын дейсің, біресе оңай дейсің.
Құдай сені алса алжытпай алса
екен, - деді Шығанақ.

-        Сорыңа қарай алатын емес, қайтесің. -   Ол
да керегін алады.

-     Екі
шал қажасуға кетті,- деп Ермағамбет араласты әнгімеге.- Екеуің қашан жеңісер
екенсің. Жеңісші.

-        Есі болса Төкеннің тоқталар кезі жетті,
- деді Шығанақ.
Ойнаса да екеуі ойындағысын айтып жатыр. -Сақал,
шашы ағарған шақта талай өтірігі ұсталды, сонда да
шылп етпейді антұрған.

- Не өтірігімді ұстадың?

-        Жұрт көрмей тұрғанда, осы қойдан қоңыр
машинаны айдаһар деген жоқпысың?

-        Рас. Тілін білмегенге  сондай
тағы еді.

-        Біздің Сембі ерттеп мініп алды. Енді не
айтасың?

-        Мінсін. Ал, сонда не бітірді?

-        Аял бер кішкене. Алдағы егісте көресің.

-        Көрерміз, оған дейін машинаң көтерем
болмаса.

-        Күмәнің сол ғана ма?

-        Өзгесін сен мойындаймысың? Тарыдан тау
жасағалы, құм жерге қарыс сүйем қыртыс бітіргелі жатырсың, - деп, Төкен қарқ-қарқ күлді. Сембі
далаға шығып келіп, Шығанақтың кұлағына сыбырлады. Өңінде қуаныш белгісі бар,
тығылып, демігіп сөзін азар айтты. Шығанақ
үндемей шығып кетіп, қайта

енді де:

-        Жүр ендеше! - деді Төкенге. - Күмәніңді
көкке ұшырайын! Төкен
де, басқалары да түсінбей тысқа шықты. Қара қазан бырқ-бырқ қайнап жатыр. Қасына
келіп отырғанда бәрі балық жейміз деп отырды. Шығанақ қақпақты ашып қойып:

-        Балығымыз
май боп кетіпті, көріңіздер! - деді. Қонақтар:

-        Семіз балық
солай болады! - деп көре бастады да, таңдана қалды.

-        Не май өзі!

-        Кәдімгі мұнай
емес пе?!

-        Ойбай, түбі топырақ қалпымен.

-        Тамағымызды ісірдіңіз-ау, отағасы! -
деп, балық жегісі келген
Ермағамбет басын шайқап күлді. - Мұнынеге
қайнатып жатырсыз?

-        Тамағың іспес, шырағым, - деді Шығанақ.
Көз ұшында жусан басқан көк белге қарап, қолымен
нұсқады.Анау белдің үстіндегі жалғыз тамның ар жағы жалаңаш ашы. Құдай
осы ащыны да тегін жаратпаған шығар деп, әрі-бері өткенде абайлап қарайтын
едім. Топырағы иленіп қолға жұқса кетпейді. Іркілген ащы судың бетіне қаймақ-шып
май тұрып қалады. Ә-ә, сенде бірдеме бар екен деп ішке түйген едім. Енді мені "дуана" демес ел. Сол
жердің топырағы мына қайнап жатқан. Сол
топырақтың майы мына

кілкіген Тек
шүкысаң мұнайдың көзі ашылғалы тұр. Шұқи бер
де, іше бер, Төкен. Жыланың болса да тоясың. Ал енді, біздің үйге жүріңдер. Мұнай табылды. Үлкен жұмыс жасалып
жатыр. Оның үстіне Ермағамбеттің тамағы іспесін. Бір қоңыр тұсақ бар еді,
сояйық та тояйық.

- Әуелі жұмыс басына баралық. Жұмыс жайын кеңеселік, -
деді Ермағамбет. Дуылдасып,
қалжыңдасып, қағысып бәрі атқа мінді.

V

Күн қарыған
даланың тыныштыққа кеткен кезі. Жер бетінде
көк буалдыр, жалтыр аспанда жарық ай, тапжылмай тұрған сияқты. Көк Ойылда тыным
жоқ. Сылдыр еткен шолпының, шөп еткен
еріннің дыбысындай су сылдыры, балық
ойыны естіледі. "Мен ояу" деп күркілдеп бақа жатыр бір жақта. Басқа сыбыстың
бәрі басылған. Маужыраған түн басып, бүкіл әлем алып ұйқыда...Күні бойы жермен
алысқан жұрт жусап қалыпты. Көп таласы
қызыл ту, өзен жағасында, Жанбота бригадасының тұсында
тұр. Жанбота ұйықтаған жоқ. Шешінбей жантайған күйінде, қалқа астында көзі
жаудырап жатыр. Амантай да ояу. Әудем
жерде, өз қалқасының астында, көзін Жанбота жақтан алмайды. Қанша тырбанса да Жанбота бүгін оздырмады. Еркек басымен
әйелден қалу бір қорлық болса, Жанботадан
қалу екі қорлық сияқты. Екеуі де өр мінез, өткір тілді жас, бір
қазанға сыя алмай жас күнінен егес. Сол егес келе-келс шынға айналып бара-

ды. Амантай көп
қырындап, аламын деп талаптанған қызы Жанботаның
сөзімен басқа жігітке тиіп кетті. Дөң басында тұрып, еркектерді, әсіресе
Амантайды өлеңмен мазақтаған Айсұлу - сол қыз болатын. Онымен қоймай Жанбота туды тағы алды. Ту тұрған жақтың көңілі
шат, мерейі үстем. Сөйлесе кетсе
жұрт соларды қостайды. Амантайға қыздан
айрылғаннан көрі, тудан айрылғаны батты. Басқа біреуі алса дәл мұндай батпайтындай.
Жанботадан ту кетсе теңдесетіндей ұйықтай алмай жатып-жатып, бір уақытта басын
көтерді. Бұл кезде Жанбота да орнынан тұрып, бойы ауырлаған сон өзенге қарай
аяңдады. Күнде осы уақытта өзенге келіп бір шомылып кететін. Күндіз түсуге
Амантайдан қоркып, суға түнде түсу әдетке айналыпты. Ат тұяғы батпайтын шиыр құмда,
арна ішінде, өзен ағысына қарап көп тұрды. Желсіз түн жарық ай, мөлдір су оңаша
шыққан жастың есіне ұмыт болып бара жатқан бір нәрсені әкеліп1салды...

Бұдан екі жыл бұрын осы өзеннің жағасында, жарық айдын
астында, жанына балап алғаш сүйген жігіті елестеді. Сол шақтың минуты дүниенің
бар қызығына тұрарлық, сол жігіттің бір сөзі жанға дауа боларлықтай еді.

-        Сенсіз дүние арам, - дейтін ол.

-        Сенсіз күнім қараң, - дейтін Жанбота. Жігіт
аз уақыт ойнап-күліп жүріп, бір күні қош деместен тайып тұрды. Содан бері еркек
атаулыға Жанботаның көңілі суыған. Махаббат шырағы өшіп қалғандай, еркекке
еркекше, әйелге әйелше ғана қарайтын. Өмірімде ерге шықпаспын, ерден тағы кем де болмаспын

деген ой бекіген
еді. Қазір сол ой қайта лоблыды. Өзен жағасы
өткенді есіне салып, бойды бір қыздырып, бір суытып, мазаны кетіре бастады... Амантай
Жанботаның қайтуын күтіп отырып қалды. Ел жатқанда оңаша шыққан қыз түгіл, оң
жақтағы қызға тыныштық бермейтін Амантай тым сабырлы отыр. Ақылға

салып, артынан
баруға лоблыса да, талай рет қайтқан көңіл беттемеді.
"Мені сүймесе де бір сүйгені болу керек. Онысы қайда? Неге ешкім білмейді? Осы кыздың
жаратылысында бір кемшілік жоқ па? Әлде мысықша ырылдасып табысатын антұрған
ба..." деген ойларға да кетеді. Әйелге жаңасудың талай айласы істелсе де
"мысық  мінез" әйелге істелетін
айла істелмеген екен. Амантай бұғып, өзенге қарай жөнелді. Құдды тышқан аңдыған
мысық. Еппен еңбектеп келіп, өзеннің жарлауыт ернеуінен баспалап қарады да
жатты. Сойыл сілтем жерде жатыр. Жанботаның бар сипаты, бар қимылы көз алдында.
Ол мелшиіп тұрып-тұрып шешіне бастады. Жарық айда ақ дене жарық етіп су
жағасына жетіп барғанда "енді кішкене кідірсе" деп еді Амантай. Жанбота
суға төніп біраз тұрды. Суға түскен өз суретіне қарап тұр. Амантай оның өзін

көріп жатып:

-        Құрғыр, сымбатты-ақ екен ғой, - деді
ішінен. Шынында да Жанбота өте
сымбатты. Үлбіреген,

ілмиген нәзік
емес. Дүрдиген қалық емес, кеуделі, жіңішке белді,
орта бойлы, тіп-тік. Бет ажары айтарлық сұлу болмағанмен,
бар сұлулық, бар мінез көзіне біткен. Қарақаттай қара, жалтыраған ала, дариядай
көк те емес. Мөлдіреген ботақөз де
емес. Кәдімгі қазақтың қоңыр
көзі. Бірақ жаңарында, кірпігінде өзгеше бір
қуат бар. Жаратпай қараса - жүрегіңе шоқтай басылады, найзадай қадалады. Жақсы
қараса - көңілге жаққан шамшырақ. Амантай
осы екі қарастың екеуін де көрген. Жақсы дерін
де, жаман дерін де білмейді. "Мысық мінезді" болар ма деп ақырғы күдігін ашқалы жатыр. Егер
солай боп шықса, таң атқанша
кууға жалығар емес, бетін тырнап тастаса
да қайтар емес. Жанбота таранып. қаралып
тұрып-тұрып, еуға койып

кетті, Амантай
атып түсіп, бар киімін сыпырып алды.

-        Ой әдепсіз! - деді Жанбота көре салып.

-        Сен әдепсіз! - деп Амантай киімді астына
басып алып:

-        Мен неге әдепсіз?

-        Е, менің көзімше неге жалаңаштанасың?

-        Қашан сенің көзіңше? Жаңа келдің ғой
жалақтап.

-        Жоқ, мен манадан бері көріп жатқанмын.

-        Көзің тойса киімді бер.

-        Көңлім әлі тойған жоқ. Шық бері!

-        Сен көрген етімді шабақ жесе болмай ма?

-        Ендеше, отыр солай, - деді де, Амантай
киімді қолтықтап жүре берді.

-        Токта, тоқта! - деді Жанбота шыдай
алмай. Амантай қайта оралды.

-        Не айтасың?

-        Сен қазақтың ескі салтын істедің. Лайық
па осы бойыңа?

-        Өзгесін білмеймін, қазақтың осынысы ұнайды
маған.

-        Мәдениеттен безіп пе ең?

-        Малталап езер уақытым жоқ. Мәдениетің
сол болса сорлыға берсін. Мен
балталап, домбайлап-ақ келтіре берем.

-        Махаббат нәзік нәрсе, домбайыңа көне бере
ме?

-        Жоқ. Махаббат берік нәрсе, балталасаң да
сынбайды. Кейбіреулер өңдеймін деп мойнын қылдай, сирағын шидей қылады да, сынып кетсе ойбай сап
отыра қалады. Менің махаббатықі
докірлеу болар, бірақ сынуға жоқ. Өмірге
кетеді.

-        Әй, тентек, рас па осы сөзің? - деді
Жанбота. Айға шағылысып
көзінен от жарқ етті. Айнымас жар тапқандай, алданған жүрек жұбанғандай шырайы
ене қалып еді. Амантай:

-        Мен бір сөзді қазақ. Мынау ай куә, арыма
сен! - дегенде Жанботаның лепірген көңілі қайта
басылды.

-        Айыңа да, арыңа да сенбеймін! - деп
қабағын түйіп алды. Осы айдың көзінше,
осы озеннің бойында, дәл осындай
армен алдаған сүйгені есіне тағы түсті. Амантай оны
білмейді. Антқа балап айтқан сөзі өтпеген соң дағдарып отырып сұрақ қойды:

-        Сертіме сенбедің, сенерің бар ма, сірә?

-        Алғашкы сөзіңе сеніп қалып едім, кейінгі
сөзіңе сезіктеніп қалдым. Көзім жеткенде ғана сенемін.

-        Көзің қайтсе жетеді?

-        Бәсе, қайтсе жетеді? Тап өзің. Амантай табамын деп көп ойланды. Таппады.

-        Кеудемді жарып, жүрегімді қолыңа
бермесем, басқаға сенбейсің. Енді қайтем?

-        Онда да сенбеген болар едім. Қызу үстінде
жанқиярлар толып жатыр.

Үн-түн жоқ
киімді құшақтап Амантай орнынан тұрды.

-        Қайда
апарасың? Тастап кет! - деді Жанбота қатуланып.

-        Сендей
кесірге сөз өте ме, - деді де жүре берді. Үш рет шақырғанда ғана қайта барды.

-        Немене?

-        Өтірігің осы арада ұсталған жоқ па?
Әділмін дейсің, тең көрсм дейсің,
айнымас жар болам дейсің, зорлығың не?

-        Басқа амал біткенде зорлық қана қалады.

-        Ендеше мен сол зорлық біткенде ғана
сенем. Әуелі киімімді бер. Сонсоң дұрыс
сөйлесейік.

Амантай жауап
қайырмастан тұрып-тұрып киімді тастай берді.

-        Әрі қара! Көзің тесіп барады ғой. Амантайды
теріс қаратып қойып, судан шықты да киініп алды Жанбота. Киініп болған соң дыбыс бермей, күліп тұрды. "Есті
тентексің-ау" деп тұрған сияқты. Өңінде

өзгеше бір
жылылық бар.

-        Болдың ба? - деді Амантай көбірек тұрып
қалған соң. Жанбота:

-        Жоқ, - деді
де құлаған жардың арасына барып тығылды. Тағы
да біраз уақыт өтті.

-        Енді қашан. енді қашан? - деп тұрып
жауап қатпаған соң артына ақырын ғана қайрылды да:

-        Алда албасты-ай, алдап соқты-ау! - деп қосқа қарай жүгіргенде Жанбота орнынан атып тұрды.

-        Тоқта! Еркек күшті болса, әйел айлалы.
Оны да ойла. Кел енді шын сөйлесейік.

-        Әй, өзің тоқ етерін бір-ақ айтшы!

-        Ендеше, сен маған бір тілек қойдың, мен
саған үш тілек қоям.

-        Он үш неге қоймайсың?!

-        Өзің істегеніңді маған істеме демейсің. Бұл
бірінші тілек.

-        Басқамен жүрме дегенің ғой.

-        Дәл таптың.

-        Айта бер!

-        Екінші тілегім - екеуміз де өткен үшін
кек сақтамайық.

-        Мұның да болады.

 

-        Үшінші - мені
өзіңмен тең санағанда ғана қосылам.

-        Тең түгіл, төбеме
шығарайын,- деп, Амантай тік көтеріп алды.

-        Болмайды, жолдас! Теңдік деген терең
сөз, бойлау керек. Әлі бетінде жүрсің.

-        Жаным дедім, күнім дедім... Бар
тілегіңді қабылдап арыммен серт еттім. Әлі бойламасам,- түпсіз тұңғиық болды ғой ол құрғыр, - деді Амантай.
Жабыңқы пішінмен отыра кетті. Жанбота
отырмастан тіл қатпай, телміре қарап
қалды. Ай бесіндікке барды. Үркер төбеге келді. Түннің кәзі өтсс де ұйқы,
тынығу, ертеңгі жұмыс екеуінің ойында жоқ. Махаббат қызуы бір көтеріліп, бір
басылып, өзінен өзгенің бәрін ұмыт қалдырған. Амантай енді-енді ғана ертеңгі
күнді есіне алып, "мысық мінезді" деген ойдан арыла бастағанда,
Жанбота қасына келіп, жақындай отырды. Өңі де, мінезі де өзгерген тәрізді еді,
сөзі де солай шықты.

-        Амантай, -
деді салмақпен, - екеуміз бала күннен бірге оссек те, ойымыз жеке есіпті. Біз қосылғанмен
ой қосылмаса, біздің қосылғанымыздан не шығады? Ой қосылса, біздің қосылмауымыз
неге тұрады? Осы арасын жете ойлайық. Сені қыздырған жастық жалыны мені де шарпымай
койған жоқ. Жалын басылады,
шоқ қалады. Сол шоқ көмірдікі ме, қидікі ме, әлде жалынмен
бірге сөнетін шөптікі ме, әзір
білмеймін. Бірақ білдіретін бір нәрсе бар. Ол -
тендік. Тең түссек қана көмір шоғы көңілде жайнамақ. Мен саған тең емеепін; көп
жерде кіріптармын. Кіріптар боп отырып қанша әділ болсаң да, теңсің десең де
нанбаймын. Шын
әділдік - теңдікте. Шын теңдік еңбекте екеніне көзім жетті. Осы Шығайақ
күні кеше

елсусіздің бірі
емес пе еді, бүгін кім боп барады? Ісімен, еңбегімен
теңеліп отырған жоқ па? Рас, теңдік заңы совет орнағаннан
бері бар. Бірақ ол тек тұйықтан шығаратын жол
ғана. Сол жолмен мүддеге жүріп жету оз міндетің. Мен
әлі жеткенім жоқ. Еңбеккүніміз теңелген уақытта теңмін
деп санаймын өзімді. Сонда сертсіз де сөзіңе сенемін. Амантай Жанботаны жаңа ұқты. Бұған дейін
басына келмеген бір ой қорқыныш пен қуанышты
қосақтап әкеліп, "таңда" деп тұрған
сияқты. "Жанботадай жар - жан саясы. Ол кем болса да, тең болса да
көнерсің. Егер артылып кетсе?.."
деп шешуін таппай көп отырды. Бәріне көнее де дәл
осыған көне алмады. Әлден уақытта:

-        Мен сені жанымдай жақсы көрем. Бірақ
әйелге кіріптар болғанша абақтыңның өзі артық! -
деді.

Жанбота күліп
жіберді:

-        Маған да солай. Кіріптарлық кімге ұнайды.

-        Ендеше еңбеккүн санауға мен де тұрдым.
Әкел қолыңды! Екеуі қол ұстасып, серт
байласып тұрып, арт жақтан келіп қалған аттыны байқаған жоқ. Атты да ойпатта,
шыралжын арасындағы екі жасты байқамады. Ат үркіп жалт еткенде үшеуі үш жаққа
кетті.

-        Ойбай,
Шықаң! - деді Жанбота кетіп бара жатып. Дәл
тапты. Қатты ұялды. Қонақтарды жатқызып тастап,жұмыс
басындағы бригаданы бір шолып қайтуға келген Шығанақ
еді. Атының басын бұра сала Жанботаға жетіп барды.

-        Бұл қайсың?

-        Мен ғой...

Одан әрі сұраған
да, бөгелген де жоқ. Амантайды сыртынан танып, Шығанақ жүре берді. Былай шыға:

-        Шіркін жастық!.. - деп бір күрсінді. -
Көктем өтті. Жаз бітті. Күзбенен тең біз енді.

III

Күн артынан
күндер өте берді. Күн кызуы бәсеңдеп, түн
салқын тартты. Көп таласы кызыл ту қолдан қолға

көшіп, Амантай бригадасына
келгенде жұмыс та бітті. Бірақ.
егес біткен жоқ. Жанбота туды екі алды. Амантай да
екі алды...

Үшіншіде қайсысы
алары белгісіз еді. Жанбота "жер жақын
болды" деп өкінеді. Амантай "қарақшыға бұрынкелдім" деп есіреді. Бір "Құрманның"
адамдары екіге жарылып. Ойыл жағасында
үлкен керіс болып жатыр.Қара қазан үш жерден құрылғаа Қарақұрықтың
ішінен қою түтін ауыр көтеріліп, тік ұшты. Олжабек сол түтіннің дәл түбінде,
көк өгізшені жіліктеп бұзып отыр. Таласқа енген жоқ. Бір өзі үш кісінің жұмысын
істеген соң бәйгені талассыз алатындығына сенімді. Тек екі қызыл қашардың әне
біреу шаңқан қызылы тисе, қашып кеткен сияқты, бес-алты айда бұзаулы сиыр болып
шыға келер еді дейді ішінен. Сонда
оны кім сауады? Кімді асыраймын?

- деген сұрақты өзіне-өзі беріп, жауап таппай дағдарса да
мал қызығынан көңілі қайтар емес. Жанботаның:

-        Қарақшыға талас келдік. Бәйгені бөліп
аламыз, - дегенін естігенде, жер
ошақ басында отырып:

-        Қой, шырағым! - деп бір күж етті.
Жанбота қойғаны сол, өршелене
түсті:

-        Бәйге бригадаға беріледі. Сіз өз
басыңызды ғана ойламаңыз. Жұмыс көптің
күшімен бітті...

Олжабек таласқан
жоқ. Шапшаңырақ қимылдап, той сойысын
жайғады да, қолының қанын жумастан

комиссияға жөнелді.
Түрінген жеңін түсірмей, пышағын қолынан
тастамай, қарыштай басып барады. Көзінің аласы үлкейіп, өні күрең тартқан. Тұлғасына,
жүрісіне қараған кісі қапелімде сескенерлік еді. Салып ұрып комиссияға жетіп келгенде:

-        Не болды?! - деді Шығанақ. Олжабек жауап
қайырмастан жеңінен жетелеп оңаша алып шықты.

-        Анау сойқан кыз тағы да бір сойқан
шығарды. Бәйге бригадаға беріледі,
бөліп аламыз деп жатыр. Олай болса  мен бұл бәйгеден бір суыртпақ та
алмаймын. Сол қызға-ақ
беріңдер.

-        Бұл кызға өкпелегенің бе, бізге
өкпелегенің бе?

-        Жоқ, соның сөзіне шыдай алмай келдім.
Әділін неге айтпайды қазақ.

- Жұрттың бәрі
әділ болса, әділдіктің қадірі бола ма?

-        Е, жауыз болса. жан қоя ма?

-        Екеуінсіз өмір жоқ. Қайтесің.

-        Басым кетсе де қиянатқа шыдамаймын. Азар
болса кірме дейтін шығар. Бетіңді білдір.

-        Бетім - өзің көрген біреу-ақ, - деді
Шығанақ, -еркін, қыз шымшығанға
осынша қызарғаның не? Бара бер,
кесір болмаса бас бәйге сенікі.  Олжабек сабасына
түсіп кейін қайтты. Шығанақ комиссияға келіп қайта қосылды. Шәңгерей басын
орамалмен таңып алған, өзгеден оқшау тұр. Бұрын да аз сөзді адам еді, бүгін
мүлде сөзден қалыпты. Кәрібай қасына келгенде, тура қарамай қырындай берді.

-        Басың
қалай? - деді Кәрібай, қырындаса да қоймастан.

-        Бір қалпы.

-        Шай
ішпегендікі болар.

-        Жалаң шай
емес, - деп Шәңгерей ар жағын айтпастан түйілді.

-        Ендеше үйге барып жатсаншы. Басқарма
мүшелері бармыз ғой, басқарармыз
мұнда.

-        Жатпаймын. Басқардыңдар келістіріп! Шәңгерей жыбырлап, мүлде теріс айналып
кетті.

Кәрібай жымиып
күлді де, ол тұрақтаған кезде қарсы алдынан келіп тұрды.

-        Өкпең болса ашып неге айтпайсың?

-        Өкпем жоқ. Колхоз қамқоры жалғыз мен бе?
Не қылсаңдар, о қылыңдар.
Маған десең тағы біреуін сой.

-        Мұныңды мана неге айтпадың?

-        Айтқыздыңдар ма, бәрің бір ауыз болып.
Не райком қой демейді.

-        Онда біздікі дұрыс шығар. Әйтпесе ол
кісі бірдеме дер еді ғой.

-        Білем. Ет жеуге бірің қарсы емессің. Ал,
жоспар орындалмаса, алдымен Шәңгерей жауапты.

-        Аңдамай айтып тұрсың, - деді Кәрібай,
салқын қанмен бойын кең ұстап. - Колхозда жоспар
көп. Бірісізбірінің күні жоқ. Үш
тайыншамен осынша жұмыс біте берсе,
колхоздың суы сүтке айналар.

-        Алғашқы екеуін қойшы. Дәл жұмыс біткен
күні мына көк өгізшенің сойылуы естен кетпес.
Тіпті елдіңесінде жоқ еді, бәрін бүлдірген
сен.

-        Түбі көк өгізшеден көңіл қымбат. Көңілді
алсаң бәрің аласың, - деді де
Кәрібай жылыстап жүре берді. Ол кеткен соң үндемей тұрып-тұрып Шәңгерей шарт сынды:

-        "Көңіл-көңіл" деп қоймайды,
көні жарымаған қу өңкей. Айтарын айтса да естіп қалды ма дегендей
артына жалт қарады. Арттағылар
естіген жоқ. Шәңгерей өзімен-өзі болып
тұрғанда әрірек жылжып машинаға барған. Жер жұмысы басталысымен қолға алған Федор
мен Сембі машинаны орнатып болыпты. Көп жабылған үлкен жұмыстың бір күдігі
қазір ашылмақ. Дөңді қашап, ішін шарбақтап тоқып, шегендеп, қолдан жасаған
терең сай Ойылды өзіне бұрып алып, суға лық толы. Сол су қырға  шыға ма, шықпай ма, - көз әзір жетпейді.
Инженер басқарған жұмыс емес. Шығанақтың долбарына Төкен әуел баста қарсы болып
тілхат алған. Су қырға шықпай қалса науыт болған осынша еңбек Шәңгерей мен
Шығанақты тыныш қалдырмайды. Жаңа сайдың жиегінен, айғыржаптың дәл басынан
орнаған машина, сайдың суын жоғары

көтеріп, айғыржаптың арнасына құйып жіберсе, жұрттың көңілі
осы судай тасып кетпек. Шығанақ бәрін ойлады. Қауіп - құзға, шаттық - шыңға
тартса да, темірқазықтай тәуекел тырп еткізбеді

оны.

Тәуекел
дариясына салдым кеме,

Кемесіз ол
дариядан өтем деме,

Жүйткіген көк
дөнендей көңіл жүйрік,

Өрге сап, төске
шаппай жеткізе ме? - деп
ыңылдап сол кемеде бара жатқандай ой билеп

толқып
өзімен-өзі болып кетеді кейде. Не "көк дөненге" мініп жүйткіп келе жатқандай сөзіне,
жүрісіне өзгеше бір екпін
пайда болады. Бұл мінезге бойламаған адам: Шығанақ "ауысты",
"дуана" деп жүр. Егер Шығанақ тынымсыз ойды
тынымсыз қимылмен таратпаса, ол қимыл бірде болмаса,
бірде мүддеге жеткізбесе шын ауысқан болар еді. Машиниетер
машинаны жүргізгенше Кәрібайдың қасына үш
рет келді. Үшеуінде де айтқаны бір сөз:

-        Бұдан құласа - Шығанақ жуырда оңалмас. Бұдан өтсе - Шығанақ жанға шалдырмас.

Кәрібай тек жұбата
берді. Шығанақ жұбанған да, қайғырған да қалпын білдірген жоқ. "Бір
тәуекелді" айта

берді. Машина бір кезде күркілдей жөнелді. Жұрт
лап қойды. Көз
айғыржаппен жалғасқан жуан трубаның аузы-қадалды. Су жеткенше, ой жетіп
"Енді қашан, енді қашан..." - Деп анталап тұр.

Труба дір етті
де лақ етті. Түйе шығырдың 40 шелегін бір лақ
еткенде-ақ төгіп жібергендей еді. Айғыржаптанбұрын
аптыққан көңіл толды. Сарқыраған сумен қосыла дауылдаған
көп бірін-бірі трубаның ауызына йтермелеп, арыққа
лақтыра бастады. Мәз-мейрам... Тек Төкен ғана қалпын
бұзған жоқ. Бастығы райком секретары Ермағамбет болып
лай суға бір-бір аунап шықты.

- Су қожасы құрғақ
тұр, - деп көпшілік Төкенге шүйілді.
Төкен суға малтып жатқанда, Олжабек келіп

Шығанақты
артынан құшақтай алды.

-        Лақтырайын ба осы.

-        Лақтыр,- деді Шығанақ. Лақтырғанша бір бұлқынып,
қолды жауырыннан салып қалды да, іштен орап тастап кеп жіберді. Олжабек ыңқ
етті. Үш кісінің жұмысын істеген
өгіз күшті Олжабек, қалай жығылғанын тіпті байқаған жоқ. Аңырып Шығанақтан көз
алмады.

-        Әдісқой екенсің! - деп басты шайқап тұр. Шынында әдіской ғана емес. Штат сайлауы
кезінде

бірсыпыра елді
қамшымен алатын Дүржығұл, Жүсібәлілер Берсенің
үш ұлын ала алмай қойған. Қартайса да Шығанақ әлі әлді екен.

-        Арқаның аңғалы, қолым тигенде ұшып
кеттің, дойыр тисе қайтер едің?
- деп қалжыңдайды. Дойыр тисеОлжабек
жатып қалатын. Ақтөбе сапарында көрген дәу

дойыры ссіне
түсіп:

-        Астапыралда, - деді, жағасын ұстап. Көпке
созылған ойын-күлкі ас пісіп, алқа-қотан отырғанда да басылған жоқ. Комиссия жұмыс
қорытындысын жариялаймыз, бәйге бөлеміз дегенде ғана жұрт тына бастады.

-        Жұмыс
бітті! - деді комиссия ағасы Шәңгерей. Сөзін де тез бітірді - Тоқетерін
айтқанда, қашардың бірі Олжабекке, бірі Жанботаға берілетін болды.

-        Қалайша
Жанботаға?! - деп Амантай жүгініп отырды.

-        Е, қойсаңшы, итжығыс түстіңдер. Оның
әйелдігі бар емес пе.?!

-        Әйелмін деп жүрген Жанбота жоқ. Мен бұл
қаулыға ырза емеспін. Ермағамбет жолдас, Шәңгерей қызға бұрды. Амантайдың ұсынысын еркектер жағы қостай
жөнелді

-        Дұрыс
айтады Амантай. Еркекті иығымен соғып жүрген қыз.

-        Иә, алса,
жеңіп алсын.

-        Тіпті
болмаса, бөліп алсын. Олжабек те өшігіп қалыпты:

-        Бұл арада
еркек-әйелдігі есеп емес. Норма есеп! - деп Қабыш ешқайсысына қосылған жоқ.
Ешкімге

естіртпей өзіне күбірледі:

-        Жалғыз
Арғынға бергендері несі!.. Өзімізден ешкімді таппады ма? Сабыр тұтып отырған
Жанбота Айсұлуды серігіне алып шырқап жібергенде бәрі аңырып қалды:

Ауылым екі өзеннің арасында,

Отырмыз көк Ойылдың жағасында:

"Жігітті кыз женіпті" деген атты,

Амантай, ұялсаң
да аласың да.

Айтыспен жеңе
алмайсың, Амантайым,

Жарыста болды
мәлім барлық жайың.

Одан да басыңды
и, сауға сұра,

Беретін қайыршыға
наным дайын.

-        Ой, бәрекелді!

-        Міне, нағыз айтыс!

-        Жаның бар ма, Амантай?!.

Көп делебесі
қайта қозды. Амантай өлең басталғаннан-ақ бір жігітті бүйірден нұқылап отыр
еді, сол жігіт

барылдай
бастады.

Е-е-е-е-ей,

Жанбоға, сенің өзің
не деп отырсың,

Қызыл ту біздің
жақта тұрған шақта.

Бергіш болсаң
бере бер көрінгенге,

Амантай бармайды
саған ту сұрап,

Уа-а-ай:

Қотыр өлең жұрттың
қытығына тиіп, күлкіден өліп жатыр.
Жанбота:

Сыртың жетісіп
тұрғандай,

Ішіңді, сорлы,
ашасың.

Бегке ұстары сен
болса,

Жасасын тайым, жасасын,- деді де өлеңін тоқтатты.

-        
Қап.
Бар еңбеккүнімді берсем де, сен қызға бір енші
табармын,- деп Амантай жантая кетті.

Ермағамбет
комиссия қаулысының ішінде болса да, алғашқы бетін кергенде, өз бетін көрсете алмай

ойланып
отыр еді. Енді сол көптің өзі комиссияны
қостап, Жанбота жаққа шыққан соң еркін сөйледі:

-        
Жолдастар,
Амантай тайыншадан безді ме деймін. Жанботадан тайынша даулаймын деп, шапанға
борышты шықты. Бірақ
ол борышты өтеуге мұрсат
берелік. Келесі

күзден
қалдырмасын.

-        
Иә, ұмытуға
ұзақтауы жақсы! - деп күліп жіберді

Жанбота.       

-        
 Олай емес, - деді
Ермағамбет. - Жер жақын болып, екеуіңіз биыл еркін жеңісе алмадыңыз. Сонсоң
алысқа айдап отырмын. Келесі күз жалаң сіздердің емес, бәріміздің, әсіресе
"Құрман" колхозының алдына таудай талап қояды, - деп қалтасынан бір
хат алды да Шығанаққа ұсынды.

-        Бұл кімнен?

-        Үлкен кісіден.

-        Үлкен кісіден? - деп қайталап айтып,
Шығанақ қызарып кетті. Қуанғаны
- ұялғандай; салалы саусақтары қалтырағандай көрінді көпке. Бәрі тым-тырыс,
хатқа қадалды. Оқушы: "Шығаиақ, аға!

Сізбен аз
сөйлессем де, есімде көп қалыпты. Тағы бір кездесуге құмар едім. Ауылды сағынғаныңыз ба,
қалаймаіиина қолға тиісімен Ойылға
бір-ақ артыпсыз. Уақа емес, жеңгей қуанса болғаны. Машина құтты болсын, құтты болсын айтқашна екі қолын  улгірген екенсіз.
Бұл қазақ ағайынның салты ма, жоқ, қатігез жердің шарты ма, ол арасын әзір айта
алмаймын. Қайсысы болса да заман жарлығына
бас июге тура келіп тұр. Биылғы жыл дайындықпен өтті. Алдағы жылға не айтасыз? Басқалар
"қатігез" дегенде, сіз -
"береген " деген едіңіз сол жерді. Келесі күз несиеге конетін емес. Береген жердің берері қанша? Ермағамбетпен ақылдасып, ойланып
айтыңыз. Лартияға әркім осындай уәде беріп жатыр. Берілген уәдені орындасуға
мен дайын. Василий Антонов. Ермағамбет хатты оқып болысымен:

-        Бұл қай
Антонов, - деді Амантай.

-        Обкомдағы
үлкен кісінің өзі, - деп Шығанақ сау сақтарын шыртылдата берді. Ой шайқап, көздері

ойнақшып кетті. Темір
астау арнадан тереңге төніп, "түбі қандай"
деп тұрған сияқты. Бір түйіліп, бір жадырапотырып,
сол тереңге сүңгіп кеткендей соз шықты аузынан:

-        Партияға беретін уәде сүйектілеу болу
керек Егілген жердің алдынан жүз, артынан қырық
ңентнер тарыалуға мен тұрдым. Асып
кетсе айыптамас ешкім. Көпшілік
жақ ашпады. Құлаққа ұрған танадай тым-

тырыс. Табақ-табақ
ег қазан манында иіріліп қалды... Әлден уақытта әр жерден күңкілдер шықты. Құлақ
айыра алмаса да. салқын лепті жүрек сезді. Егер жаңағы бір жапырақ қағаз
болмаса, Шығанақты осы көп долыдай соққалы, не "дуана" деп айдар
таққалы тұр.

-        Осыны
ойланып айттыңыз ба? - деді Ермағамбет. Өзі қатты ойланып отырып.

-        Ойланып
айттым, - деді Шығанақ. - Оралдың Абдуллині 68 центнер алғанда, біз жүзді қалай
алмаймыз?

-        200 де көп емес.
Бірақ ондай өнімді жер жүзі әлі көрген жоқ. Ұятты болмаймыз ба?

-        Жер жүзін мен аз білемін. Ойылды көп
білемін. Көргенімнің бәрі сиқыр болмаса, сөзіме халайық сене бер...

-        Олай болса мен де тұрдым. Әкеліңдер
етті, - деді Ермағамбет. Етке ме. мықты
сертке ме, жабылып қалған көп қабағы қайта көтеріліп сала берді. Тек Шәңгерейдің ғана құрысы жазылып біткен жоқ.

-        Осының ақыры тағы да малға соғады, - деп
бір күңк етті. Жұрт табаққа бас койып қабыл-қабыл
асапжатқанда, оның аузы азар қимылдап, құр
сүлдері отыр. Әр өңешке бір өгізше кіріп бара жатқандай, әркімнің аузына
қадалады. Шығанақ
соны сезіп:

-        Же, Шәңгерей, же, - деді дауыстап. - Көк
өгізше түгіл, жерді көтерген көк өгіз де
сойылады кезі келгенде... Жұрт
күліп жатыр. Шәңгерей сонда ғана табаққа бас қойды.