ВЕРНУТЬСЯ

          Ғашық
едім, қайтейін,

Кеттің аулақ алыстап.

Айтып-айтпай не дейін,

Жоқ қой енді табыспақ.

Жүрекке арман орнады,

Қосыла алмай, көп жылап.

Тілегенім болмады,

Сол батады-ау жалғыз-ақ.

Қайда жүрсең, аман бол,

Өміріңді тілеймін.

Сенен басқа, сертім сол,

Ешбір жанды сүймеймін.

Ашу, ыза аралас

Ренжіткен болсам сені егер,

Өкпелеме, жарамас,

Бір кінәмді кеше гөр.

Ғашық едім, қайтейін,

Оны білер жан қайда?

Арманда боп өтейін,

Армансыз боп не пайда.

Жалғыз ғана тілегім:

Көкірегімнен кетсін мұз,

Жылып қалсын жүрегім,

Ақтық рет бір сүйгіз.

10 сәуір, 1940.