ВЕРНУТЬСЯ

                            Әбіш Кекілбаевқа----------------------Өмір  тәтті дер едім күніменен,Өмір тәтті дер едім мұңыменен.Бар әлемді өткізіп жүрегімнен,Мен ұйықтамай жатамын түніменен.Бұл сырымды жарым мен қызым білер,Ой-мұхитта жайым бар жүзіп жүрер.Бойымдағы жұмбақты ұғар ма едің,Сараласаң сараптап түсімді егер.Менің көрген түстерім бір ғаламат,Киелеймін әрбірін сырға балап.Өзім үшін өшпейтін тарих сындыТуындаған тылсымнан бұл мұрағат.Тілек қосқан тілекке ата-баба,Толғатқанда төл ұлы жата ала ма?Қолтығымнан жүреді демеп дәйімМынау жатқан көсіліп дана дала.Әулиелер дем берді, аян берді,Періштедей жаныма таяу келді.Солар мені біртүрлі қоритындай,Аман сақтап жүргендей аяулы ерді.Ағат кетсем ақылын аямады,Жәннат-төрден құшағын жая алады.Артығырақ жол шеккен сапарлардаҒалым талай бабасын саялады.Жалын құйды Пір Бекет сиынғанда,Арыстан бол дейтіндей сиың барда.Ұлағатын ұғындым миым барда,Көзім қадап қырандай қиырларға.Шалыс бассам, шалдарым демесіндей,Тербетеді Пайғамбар кемесіндей.Ата-баба, әруақ қолдағанда,Жарқылдаймын алдаспан-жебесіндей.Түс көремін...тағы да талай-талай,Жүреді ылғи жақ болып маған Құдай.Көне күмбез –баһадүр бабаларымҒұмыр кеш деп тұрғандай алаңдамай.Елдің әрбір ісіне солар себеп,Жасампаздық дәстүрді тұрар демеп.Сәлем айтып жатады әулиелер,Рухына ұлтының ұран-қорек.Мұсылманын демейді, текті жұртын,Жаңғыртса деп тілейді сәнді ғұрпын.Сәлем тасып әулие әлемінен,Тағатсыз мен күтемін таңды әр күн.Түс көріппін...Тағы да...Қадыр-түнде,Арыла алмас шаттықтан жаным мүлде,Қожаназар ұрпағы –Қыдыр ата-Кекілбайдың Әбіші тағып жүлде:Құшақтапты дөненін бәйгедегі,Қазақ тәнті данышпан, әйгілі Ері.Қадыр түні дем берсе Әулие Әбіш,Қор болмаспын дейтіндей ой-кемелі.                                            14.01.2000

Автор: