ВЕРНУТЬСЯ

      Алдым, аға, хатыңызды,

Тақсам ба екен бойтұмар ғып?

Сіздің махаббатыңызды

Көкірегіме құйдым нәр ғып.

Көкірегіме құйдым нәр ғып,

Тапқандай-ақ жаным дауа.

Орынымнан тұрдым қарғып,

Шығып естен ауыр жара.

Тән жарасын алдым жазып,

Алдым жазып, жоқ уақасы.

Көңіл нәзік, ойлап қажып,

Қатты батты жан жарасы.

Жасыра алман қасіретімді,

Жасыра алман жұрт
күлер деп.

Өзгерте алман мен бетімді,

Бояп-сылап, «мені көр» деп.

Қулығы жоқ мен бір солдат,

Шинелінен
сыққан қанын.

Сызып жалау, қойып ноқат

Қартасына Европаның

Отырғам жоқ кабинетте,

Карындашпен қиратып жау...

Ағажаным, айып етпе,

Кетсе шығып сөзім шашау.

1945.