ВЕРНУТЬСЯ

    Сезгелі қашан маған қыстың демін! 
Сексенге селт ететін мүскін бе едім.
Қазір мен, Қас қылғанда, Астында емес,
Алқынған тоқсаныңның үстіндемін!
Ақша бұлт - бұлт емес ол -
Аспан мұңы.
Атқарып келемін-ау бастан мұны.
Жағалай өліп жатыр құрдастарым -
 Жасаған маған, сірә,
қастандығы!
Мұңым көп,
Ақша бұлт боп жүзбек бәрі.
Азайды соңғы он жылда жүздеп кәрі.
Кеткеннен мені тастап мүйіз шықса,
Көрермін оларды да іздеп барып!
Қоштасу соңғы кезде етек алды...
Қарттар-ды білетұғын жете малды.
Қазірде бие сауар келіндер жоқ,
Қисайып кемпірім де кете барды!
Жастықтың той-думаны тарағалы
Жоғалды ұшты-күйде шарап әні.
Жанының тыныштығын іздеп кеткен,
Жазасын кемпірімнің берем әлі!
Қалдым мен жалғыздықтың қоршауында.
Көбіне, міне, содан шаршауым да!
Құрбылар,
Құрдастарым аман ба деп,
Құламен барып тұрам көрші ауылға!
Қасарған түғырына тақым басып,
Қалмапты ол жақта да мақұлдасым.
Бәрі де мені жалғыз қалдыруға
Қойғандай бір-бірімен ақылдасып.
Кетеді қалай тастап қора малын?!
Кемпірін -
Ақ жаулығын,
Орамалын.
Соларға ерегісіп,
Өлейін-ақ
Деп едім,
Таппай қойдым бір амалын!
Бөрі кез келе ме енді қайырылып!
Болды ғой соның көбі, тәйірі, ұмыт!
Қаланған ақ мәрмәрдай тістерімнен
Қалғаным болмай-ақ тұр айырылып!
Құр қалу қандай азап адал астан!
Қарусыз қызыл иек,
Қара басқан!
Ет бар да,
Азуың жоқ,
Қазақ үшін
Апырм-ай, қорлық бар ма одан асқан!
Басқаны болмаса да, Жеке мені
Қырсықтық біраз жерге жетеледі.
Ет еді - қимасымның бірі өмірден,
Оны да жеуден қалдым,
Жетеді енді!
Деуші едім жерден безбе!
Қырдан безбе!
Сұлулық бар ма деуіііі ем жырдан да өзге!
Тіс кетсе - күш кетеді,
Жоғалайын
Молдалар өліп бітпей тұрған кезде!