ВЕРНУТЬСЯ

Қияға құмар
Жастанды
Қасірет пенен
күйікті,
Қайтесің, досым,
аспанды!
Қайтесің, досым,
биікті!
Құйғытып жүйрік атпенен,
Қара тер болған
жаурай ма?!
      Қияға құмар
Жастанды
Қасірет пенен
күйікті,
Қайтесің, досым,
аспанды!
Қайтесің, досым,
биікті!
Құйғытып жүйрік атпенен,
Қара тер болған
жаурай ма?!
Бау-бақша деген,
Бақ деген
Баурайда болар,
Баурайда!
Арманға адам
тоймайды,
Ағайын бар ма ұғарлық.
Қоймайды бірақ,
Қоймайды
Қияға деген құмарлық!