ВЕРНУТЬСЯ

       Көңілі бұлақ
әнін тыңдап алаң,

Бақтарда гүл
болмас ол жырламаған.

Белгісіз неге
ғашық екені де

Әйтеуір, ақын
деген жұмбақ адам.

Өмірдің бар
үніне алаңдаған,

Іздеген әуен
сазын әр арнадан,

Әйтеуір, ақын
деген мазасыз жан

Тірліктен еш
қанағат таба алмаған.

Өзгеге ақын
деген жалынды үғым,

Мақтайды жаттап
алып ағын жырын.

Өзгелер еш
уақытта түсінбейді

Ақынның
сорлылығын, халін, мұңын.

Жүр дейді
дүниені шайқап ақын,

Гүл дейді көңілі
оның жайқалатын.

Бақытты дейді
ақынды сүйгеніне

Өлеңмен жүрек
сырын айта алатын.

Білмейді өлең
оңай шықпайтынын,

Таланттың досы
азын құптайтүғын.

Ақынның
жүрегінде не жатқанын

Кей кезде сүйген
жар да ұқпайтынын.