ВЕРНУТЬСЯ

Көзімнің шуағындай,Жанымның бұлағындай,Жалын-күш-қуатымдай,Көктегі қыранымдай,Мәңгілік мұратымдай –Балаларым. Сендермен мақтанам да,Қуанып, шаттанам да,Өмірлік бақ табам да,Көңілім елжірейдіБаладай тәтті адамға. Бақытты жүздеріңдеМәз күлкі жүзгенінде,Тағдырға тағзым еттім,Әке еткен өздеріңе. Балапан құрақтарым,Жанарым-шырақтарым,Балауса шыбықтарым,Қошақан, лақтарым –Сүріңдер ғұмыр тәтті,Болыңдар шын бақытты.

Автор: