ВЕРНУТЬСЯ

      Көрейін деп ертемен

Колхоз күні шыққанын,

Араладым жеке мен

Қалың ауыл сырт жағын.

Нұрға
бөлеп Таң сүлу

Күн келбетті сәбиін,

Жатты жырлап қалың ну

Таңның күйін - әлдиін.

Шықты сол көз
алдымнан

Күн көтерген қарындас -

Таң шапағын жамылған

Жаз бейнелі балғын жас.

-Күн көтеріп келесің,

Толқып таңғы назыңмен.

Мұны кімге
бересің? -

Деп сұрадым
әзілмен.

Күн көтерген балғын қыз

Жауап қатты күлімдеп:

-Сыйлағаным, алыңыз,

Көп қой менің күнім, - деп.

Күн емес деп кім айтар

Сырдың сары қауынын!

Сүйсіндірер, жырлатар

Еңбек еткен ауылым.

1949-1950