ВЕРНУТЬСЯ

      Мұхтар
аға!

Мықтар аға едіңіз,

Мықтылықты көзбен көрдік енді біз.

Рахмет сізге, ақындардың ағасы,

Бәйгемізден қасқайып бір келдіңіз!

Лауреаты ең құрметті
сыйлықтың,

Бүгінгі күн аузындасыз сіз жұрттың.

Ертең елдің көкірегіне орнайсыз,

Даңқы сізде топтан озған жүйріктің.

Жаса, біздің асыл ойлы ағамыз,

Сіз бенен біз талай құрмет табамыз.

Сізге риза қалың қазақ баласы,

Сізге риза сонау Абай бабаңыз.

Кеудеңізде алтын ғасыр суреті,

Тұлғаңызға
бір қарасын жер беті.

Ұқсын әлем
- қандай екен жанымыз,

Рахмет сізге, дана халық перзенті.

Туған жердің еменіндей бойлаған,

Көп тусын деп ақын жанды ойлы адам,

Тойыңызда тұйғындай
боп толғанам,

Өзіңіздей өссем деп те ойланам.

Келші, достар, көтерелік сол үшін,

Әпкел бері мөлдір бокал толысын.

Қайнап тасқан болаттай боп төгілсін,

Күлкі аралас күлдір-күлдір соғылсын!