ВЕРНУТЬСЯ

         Мен есімді
білер-білмес кезде, біздің үй «Күрілдектің Күтірі» деген участокте отырды.

Күрілдек -
Құтырлаған атты қазақ-орыс станиасы, орысша аты Екатериновка. Оның қалайша -
«Құтырлаған» атауы туралы ауыл арасында төмендегідей аңыз бар: қару-құралды қазақ-орыстар
ең алғаш біздің араға келгенде, бұрын орыс көрмеген ауыл адамдары тығылып
қалады. Мезгіл жаз екен дейді. Әр үйдің есігінің алдында сөреге жайған құрт
тұрады екен, соны таңсық көрген қазақ-орыстар қалталарына салып алып кетеді.
Олар «Үлкен» және «Кіші» аталатын екі Сары көлдің арасынан станица салып, атын
Екатериновка қояды. Кешікпей екі халық дос боп кетеді. Содан кейін қазақтар
қалжыңдап станицаның атын «Құртұрлаған» қояды, Құтырлаған содан барып шығады.

«Құтырлағанда»
аса бай қазақ-орыстар болған, солардың біреуін қазақтар «Мәтке» дейді, онысы -
«Митька», өйткені бұл орыстың аты - Дмитрий, әкесінің аты - Никифор, фамилиясы
- Колесников.

Қазақтар
«Мәткені» «Күрілдек» деп те атайды екен. Олай дейтіні - дауысы жуан, күрілдеп
сөйлейтін кісі екен.

Білетін
адамдардың айтуынша, «Құтырлағанда» Мәткеден бай орыс болмаған. Ол қазақ
байларымен дос болады, езі қазақ тілін ете жақсы біледі.

Күрілдек екі-үш
жүздеп егіз жинап, сауда да істейді екен. Саудасын Сатыбалды дейтін қазақ
жүргізіпті. Сол маңдағы орыс, қазақта алғаш «ірбіт»  шапқан бай Күрілдек қана болыпты.

«Ірбіт» (Ирбит)
қазіргі Свердлов облысындағы орыс қаласы. бұл ол зор сауда орны боп, қазақтар
да барған, ең ірі бай «Ірбіт шапқан» аталған.

Байлығының үстіне
Күрілдек неше жыл атаман да болады. Өзі кеп жасап өледі.

-        Қартайған кезінде Күрілдек айтып отырар
еді,- деседі, таныс қарттар,- «құдайға арманым жоқ, бастан тартқанмен, дәулет
пен бақтан тартқан жоқ. Өзім ат жалын тартып мінгелі, үйіме үш наследник  түсті: «Александр II. Александр III. Николай
II.»

-        Онысы рас та еді,- деседі қарттар,-
әрбір наследник таққа отырарда Сібір бойына қоныстаған қазақ-орыстарды аралап
қайтатын. Солардың бәрі Күрілдектің үйіне түсетін.

Күрілдектің
меншікті үлкен участогі болған, сол участокке мекен салдырып, жаздай пішен
шаптырады екен де, қыстай сауда өгізін асыратады екен. Осы участоктің атын
қазақтар - «Күрілдектің күтірі» қойған.

Участок
Күрілдектің күтірі боп тұрған кезде, менің әкем шөгі шабуға, шешем пішеншілерге
ас қып беруге жалданады. Ол кезде мен - есімді шала-шарпы ғана білетін,
төрт-бес жастағы баламын. Сондықтан әкем мен шешемнің, не солар сияқты
жалшылардың не бейнет кергенін білмеймін. Тек, менің есімнен со бір күндері
әке-шешемнің басына түскен аса бір ауыр хал, әлі күнге дейін кетпейді...

Менің артымнан
тағы бір қыз туады да, ұлдың артынан туды деп қуаныш керіп, атын әке-шешем
Балтуған қояды. Балтуғанның тірі күніндегі бейнесі менің есімде жоқ. Мен оның
елгеннен кейінгі кескінін ғана шала-шарпы кез алдыма елестетем...

Күрілдектің кезінде
жұрт шепті қол шалғымен шабады екен. Күрілдек пішенге қырық-елулеп жігіт
жалдайды екен де, тамағына деп бірнеше сауын сиыр ұстайды. Сиырларды сауатын
да, пішеншілердің ас-суын даярлайтын да менің шешем болады. Ас-судың орны -
біздің кішкентай қарақұрым үй.

Күрілдек
пішеншілерді «жүздікке» жалдайды екен. «Жүздік» дегеніміз - жүз кепене шөп. Бір
жүздікке Күрілдектің телейтіні не бір қой, не үш сом ақша. Және ол - екеуі бір
арба шығатын кепенені ғана есепке алады.

Күрілдектің
пішеншілері сондай ауыр еңбек атқарып жүрген күндердің біреуінде, түнде масалап
өре берген сиырларды тоқтатпақ боп шешем тезектен түтін салады да,

Патшаның баласы.

«Күтір» дегені -
«хугор» (кішкене поселок).

Жұмыстан қалжырап
жүрген сорлы, бесікке бөлеген баласын емізіп отырып ұйықтайды...

Бір уақытта
сиырлар өкірген дауыс естіледі. Шошып оянған шешем далаға жүгіре шықса, түтін
салған тезектен өрт тұтанып жайылып барады!.. Со кезде жел де көтеріледі, өрт
ілезде кеңейіп сала береді...

Әлі күнге кез
алдымда: қараңғы түн... Аспанда қоршаған бұлт... Ішін тарта ышқынып соққан
жел... Алыста дөңгелене өрттің қызыл құрсауы жер жүзін түгел орап алған
сияқты... Жер де, көк те тұп-тұнық, қап-қара... Жер де, көк те от сасиды... Осы
қара дүниенің ортасында, менің тетелес екі апам Ұлтуған мен Бағила және шешем
үшеуі біріне бірі тығыла зар қағып жылап тұр!

Өрт кете барды.
Ол, әрине, жолшыбайғы дүниені жалап барады. Өзге дүниенің бәрі өртелсе де,
Мұқан және соның қасындағы езге жалшылар «ләм-мим» демес еді, егер Күрілдекке
деп шауып жатқан жүздіктері аман қалса!.. Кейін естуімізше, жүздік атаулының
бәрі ерттің ығында екен. Құлашын кең жазып алған өрт, сол жүздіктерден түк тастамай,
ұйпа-тұйпа қылады да кетеді.

Өртке ие бола
алмаған, көп күнгі еңбектерін ерт жалап кеткен қайғылы пішеншілер қосқа
қайтады. Өртке айыпты шешем екенін білген соң, ызалы әкем жатады да сабайды...
Пішеншілер арашаламайды...

Арашалайтын -
шешемнің ержетіп қалған екі қызы!.. Бірақ балуан денелі, әрі ыза қысқан әкем ол
екеуіне бой берсін бе!..

Әкем Балтуғанды
жанындай жақсы көреді екен, егер бірдемеге ашулана қалса, екі қыздың біреуі
бесіктегі нәрестені алдына тоса қояды екен, әкемнің ашуы сонда ғана басылады
екен...

Манағы өртті
сендірем деп жүріп Бағила оң қолын түгелімен күйдіріп алады. Сөйте тұра ол
әкесі сүйрелеп сабап жүрген шешесін арашалай алмаған соң, дағдылы әдісін
Қолданбақ боп, жүгіріп үйге кіреді де, бесіктегі Балтуғанды көтеріп алып
шығады...

Мұндай шуда
Балтуған оянып кетуге тиісті ғой... Бірақ оянбайды, дыбыс та бермейді... Не хал
болғанын ұқпаған Бағила, әкесіне әкеліп, сүйікті нәрестесін ұстата береді... Ашу
сөндірген әкемнің ақылы сонда ғана тұтанып, ұсынған сәбиді ұстай ап бауыры сұп-суық!
Жүрегі тітіркене қалған қан жоқ!.. Ұзын сөздің қысқасы,қалжырап кеп емізген
шешем, бесік үстінде ұйықтап қалады да, бала емшекке тұншығып өледі...

Сол бір
трагедиядан менін, есімде болар-болмас сақталған елес: жел басылған, бұлт
ыдыраған, күн шашырап шығып келеді... жансыз денесі боп-боз баланы алдына алып,
басы төмен салбыраған әкем отыр... Онын, қасында, қара-күйік шақ жапқан, бетін
жерге төсей, күңірене, өкси жылап, етбеттеп шешем жатыр... Оларды айнала,
бастары төмен салбыраған, беті-қолдары қара күйе, жыртық киімді пішеншілер
отыр...

Со бір кезде:
«Ойбай, кеп қалды» - деген дыбыс берді біреу. Бәрі жалт қараса, салт мінген көп
адам шауып келеді...

- Қожайын кеп
қалды! - деп үрейлене түрегелісті пішеншілер... Әркім баспана іздеп,
бет-бетімен қашып жатты... Мен де солармен бірге қаштым...

Кейін естісем,
манағы өлген баласын құшақтап орнында жалғыз Мұқан, қасында жалғыз шешем қалады
да, Күрілдектің шабармандары қаптап келген бетінде қолдарының уын соған
төгеді... Жауған қамшының астгында әкем талып қалады...