ВЕРНУТЬСЯ

         Тыңда, тыңда,
тыңда мені,

Ұлы жұртым - орыс
халқым!

Арнап саған
жазамын жыр

Жалынды өлең -
жанған жалқын.

Өз ұлыңмын туған
сенен

Бесігімсің -
қызыл алтын.

Сен тербетіп
өсіргенсің,

Сенің даңқың -
менің даңқым.

Алтын таңның
аясында

Арқыраттың, ат
ойнаттың

Алмас семсер
жарқылдаттың,

Ескі әлемді
қалтыраттың.

Океандарда,
далаларда

Темір әскер шеру
тарттың.

Түнге, түннің
сұмдарына

Тегеурінмен қарсы
шаптың.

Патшаларды тәж
тағымен

Бейне допша аспанға
аттың.

Кайзерлерді
сыпырдың сен,

Ұлы Отаннан
сілкіп қақтың.

Баулап сонда
мені, баурым,

Ақ сұңқардай
сорғалаттың.

Жарылуын
жаттаттың сен

Жау ішінде гранаттың.

Құдіретіңнен қуат
алдым,

Қатарында бірге
шаптым;

Үзенгісін мен де
қақтым,

Желдей жүйрік
арғымактың

Сонда өсірген ер
ұлыңмын,

Иесімін ең
қайраттың;

Сөйлер тілім:
Ленин тілі,

Сүйген тілі
адамзаттың.

1938