ВЕРНУТЬСЯ

       Бар еді
тентектігің бала жастан,

Бойына сақтапты
оны дала - дастан.

Жүйрік жел сені
есіме түсіреді

Мойнымнан
орамалым ала қашқан.

Өтетін күнің
талас, ерегеспен,

Қалмайтын
жанжал, шулы төбелестен.

Қолымнан
қуыршағымды жұлып алып,

Жылатып кететін
де сен емес пе ең?

Өстік біз төбелесіп
қойлы ауылда,

Өткен күн келмей
қалды айналымға,

Сол кезгі сенің
тентек мінезіңді

Мен бүгін
сағынам деп ойладым ба?