ВЕРНУТЬСЯ

          Риганың самолеті кешікті,

Қалды бөгеп оны нендей керемет?

Жүрегімде қара
дауыл есіп тұр,

Жүрегімде
алай-дүлей, не керек...

Әлде тауға
қалғанында жақындап

Найзағайлар
түсті мен екен шатырлап?

Көңілімде
талай-талай күдік бар,

Көңілімде өзің
салған жатыр дақ.

Аспан жаққа
қарап қайта жүдеймін,

Алыс бұлттар бейнесіндей үрейдің.

Сен келгенше,
сен қонғанша аман-сау,

Күн көзінің
ашықтығын тілеймін.

Риганың самолеті
кешікті,

Жүрегімде қара
дауыл есіп тұр.