ВЕРНУТЬСЯ

           (Бұл күндері Жайық аспанында

ұшатын авиаотряд командирі ұшқышы Алексей
Машуковқа)

Сенің де көзің көгілдір,

Менің де көзім көгілдір,

Жағасы болып Жайықтың

Созады қолын өмір-гүл.

Қызықтап өзен ағынын

Бөлістік Ай, Күн жарығын,

Мен жүзген ерке айдынның

Сен аулап өстің балығын.

Бесіктен таныс дастаны

Жүректе жырдың бастауы.

Сен үшқан кеңістік

Мен туған жердің аспаны.

Бір судан ішіп келеміз,

Бір суға түсіп келеміз,

Тасқынын мынау Жайықтың

Екіге қалай бөлеміз...