ВЕРНУТЬСЯ

(Жүніс Еміреден)

Бір өзің деп жанын салған,

Бейшарамын сенделген.

Алды-артымды жалын шалған,

Сенсіз күнім-сергелдең.

Сау-тамтық жоқ жүрегімде,

Мұнан ары қинама.

Сенсіз ғаріп мына өмірде,

Мен бір жүрген диуана.

Сенің отты теңізіңе

Батып кетсем кешкенде,

Құтқаратын жер жүзінде,

Табылмайды-ау еш пенде.

Сегіз ұжмақ рахатын

Бірге көрер бар
ма күн?

Үмітімді жұбататын

Өзің ғана,
ардағым.

Уын жұтып мұң-қайғының,

Ғашығыңа еңіре.

Жалғыз қалсаң тыңдайды
кім,

Бейбақ, Жүніс
Еміре!?