Хош келдік пе,
балдай тәтті келіншек?
Болып алдық сіздің
үйге келімсек.
үйге келімсек.
Мына әзілің қызық
екен...
екен...
соншама
Жолды кесіп, келеміз
бе ерінсек?
бе ерінсек?
Жолды кесіп, келеміз
бе ерінсек?
бе ерінсек?
Мін ғой бізге -
уәдемізден шегінсек.
Сыйласаңшы тіл үйірген
бір кәмпит,
бір кәмпит,
Заузадағы балдай тәтті
келіншек.
келіншек.
Іңір түсті...
түн де ауды...
таң атты...
Уақытыңды қай есепші
санапты!
санапты!
Тойдық әбден көңіліңе
көктемдей,
көктемдей,
Біз қойғалы қашан
арақ-шарапты!
арақ-шарапты!
Әдемі ұғып әдеп
пенен ар тілін,
пенен ар тілін,
Ертегідей өтіп жатыр әр күнің.
Сендей ару бұл өмірде бар
ма екен?
ма екен?
Әй, жоқ шығар...
қайдан болсын, жарқыным!
Сәл-пәл күпті көңіліміз
түзелді.
түзелді.
Жүріп кетсек, дұрыс
болар, біз енді.
болар, біз енді.
Иығыңды ақ шәлімен
қымтама,
қымтама,
Таң самалдан тасалама
тізеңді!
тізеңді!
Қыздырғандай қыз-қырқынның шекесін
Әзілдің де ұнатамын
төтесін.
төтесін.
Сабыр, сабыр!..
Сәл шыда, біз
кеткесін
кеткесін
Жалын сөнген төсегіңе
жетесің.
жетесің.
- 77 просмотров