ВЕРНУТЬСЯ

Жалшылықта жүріп күн көрген кіші жүздің Кете еліндегіІзтілеу кедейдің баласы Тұрмағамбет қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданыЛенин ауыл советінде 1882 жылдың 9 июлінде туған.Жасынан оқуға ойы сергек, әкесі ерте өліп жетім қалғанжігері бар бала ауылдағы мұсылман мектебінен алғаш білімге қанағаттанбай,таудай талаппен оқу іздеп Орта Азияға аттанады. Белгілі жазушы, көрнекті ғалымСадриддин Айнимен бірге Бұхара қаласындағы «Көгелташ» медресесін бітіріпшығады. {mospagebreak}1905 жылы туған жеріне келіп, өз ауылындағы жаңадан ашылған мектептесабақ беріп, жиырма жылдай мұғалім болады. Тұрмағамбет іргесін қалаған сол оқуорны қазіргі Қармақшы ауданына қараған Ленин атындағы совхоздағы №29 қазақ ортамектебі. Ұстаздығымен, ақындығымен өскен ортасына екі дәуірде де адал еңбекеткен Тұрмағамбетті 1935 жылы республикадағы үкімет орны Алматыға қызметкешақырып алды. Содан бастап өмірінің ақырына дейін Қазақ ССР Оқу халықкомиссариатында ғылыми қызметкер болып істеді. Ол 1939 жылы 15 майда қайтысболды.Тұрмағамбет творчествосы сан алуан. Ол поэзияның барлықжанрына да қалам тартқан адам. Сауатты болғандықтан ерте кезден-ақ  Абай шығармаларымен жақсы таныс болған(«Абайды оқығанда» деген өлеңін 1910 жылы жазған). Революциядан бұрын аты шыққанақын совет тақырыбына арнап бірқатар шығармалар жазған. Шығыс тақырыбына батылбарып, байсалды еңбек жасаған (поэмалары «Мәрді диқан», «Рауа бану», «Данышпанқарт», «Тұтқын қыз» т.б.) қазақ ақындарының бірі Тұрмағамбет дейміз. Әсіресеоның ақындығының шыңы - қазақ әдебиетінің қазынасына қосқан Фирдоуси«Шахнамасының» 40 мың жолдық аудармасы. Бұл күрделі еңбектің бір бөлімі -«Рүстем-дастан» 1961 жылы өз алдына жеке кітап боп көп тиражбен басылып шықты.

Тұрмағанбет