ВЕРНУТЬСЯ

         Шыжыған ыстық
айларда

Не жетсін тауда
жайлауға!

Жайылған малға
қосылып

Жатады бұлттар
сайларда.

Теңіздей майса
толқиды

Желпіп жел, жауын
шайғанда;

Жазығы жайған
кілемдей

Жарысып құлын
ойнауға.

Қатарлап ақ үй
қондырдық

Қар көмген басын
құздарға,

Жартасқа біткен
қарағай

Ұсайды біздің
қыздарға.

Қиядан қойшы
қарайды

Қөз тастап алыс
шыңдарға.

Жылқышы даусы
жаңғырар

Әндетіп біраз
тынғанда.

Шырқай түс,
жігіт, шырқай түс,

Әзірміз талмай
тыңдауға

1957