Жұлдыз жауып жатыр екен көлге бір,
Мажыра шақ, жайбарақат көлде өмір.
Аспан жерге қонақ бола келгендей,
Тылсым түнде - сәнді бояу, өңде нұр
Жалғыз дыбыс, асыр салған ақ шабақ,
Көл кеткен бе бүгін бала бақша боп.
Жер мен Көктің ортақ сірә тойы бар,
Мына түнге осы теңеу шап-шақ-ақ!
Отырмақ ем, балық аулап, жайланып
Есесіне елестеттім тойды анық.
Ақшабақтар шоршығанда аспанға,
Кетті бәрі жұлдыздарға айналып...
Астана. 3.06.2002.
- 111 просмотров