ВЕРНУТЬСЯ

    (әнші Айгүл Қосановаға)

Таң да жақын, той әлі тарқамаған,

Шырқа солай, өз әнің шырқа балам.

Ән жұпарын сіңіріп манаурайды

Таң алдында анау бел - қырқа, далаң.

Салшы кеңге, шат шағың, жасқанбай бір,

Сезім сыйла, әніңмен шашқандай гүл.

Шырқау кеттің, сен кәзір биіктесің,

Өнерімен атаңның аспандай біл.

Шырқа жаным тек қана қанатты әнді,

Елің әнмен ержетті, қанаттаңды.

Сәулесі де биязы - жанарының,

Қозғалғаны демімен анарының -

Еске түсіп сырлы саз, ұмытылған,

Ажыраттым өзгеден азар үнін.

О, ғажайып, ғасырға бағынбаған,

Табиғатта сезімді жағында жан.

Мен танымай кеткенмен басын иіп,

Сезім бүгін ұсынды тағын маған.

Жаңаөзен. 21.04.1994 ж.