ВЕРНУТЬСЯ

    Жығылғандар жерден көзін алмайды,

Жеңімпаздар жерге көзін салмайды.

Тапталғандар кірер тесік іздейді,

Бақ қонғандар тек биікті көздейді...

...Шабынуын арыстандай пәленің,

Намысымды жықпай жатып қорлаған.

Босқа кетті кішіпейіл сәлемім,

Сәл күте тұр, тәрбиесіз сорлы адам.

Анам, жарым, ұлым, қызым қарап тұр,

Палуанға тендесі жоқ балап бір.

Әулиелер, бүгін жерге қаратпа,

Сен, өзің де, сал барынды, талап қыл.

Анам мені батырым деп атадың,

Ұлым, қызым - періштесі арымның.

Еркекпін деп қалай барып жатамын,

Жерге аунап ап, төсегіне жарымның.

Шыда, шыда сабырлық қыл шырағым,

Сәті түссе жанар кәзір шырағың...

...Сенем, ұлым, тыраң еткен жауымның,

белін басып, қол көтеріп тұрарым.

24.03.1989.