ВЕРНУТЬСЯ

     Жұмақ па екен, Жер ме екен?,

Ауыл ма екен, ел ме екен?..

Ақынның жаны аңсаған,

Қайдасың, қайда сол мекен?..

...Кіл пайғамбар қарттары,

Жігіттер қандай - мәрт бәрі.

Ұлы жол, ұлы керуен,

Арманы елдің, артқаны.

Аналар атты керімдер,

Қызғалдақ қыздар, өрімдер.

Әр түндікте жұлдыз боп,

Тұтқасы ошақ - келіндер.

Ағасы елдің үні боп,

Ибалы кіші іні боп.

Қаумалаған қарындас,

Шеттерінен міні жоқ.

Жүздері жылы сыз атпай,

Өкпесі болса ұзатпай.

Кілең бауыр, жаты жоқ,

Жанарлары мұз атпай...

...Осындай қазақ санасы,

Көңілдің болмай аласы,

Жайнайды қызы, баласы,

Гүлдейді байтақ даласы...

...Көктем бе екен, күз бе екен?,

Ертең бе екен, біз бе екен?..

Бұлбұл жанса ұл-қызым,

Гүл-гүл жанса түз, мекен!..

...Сенемін, Күнім атасың..

Табар-ау жұртым қатасын...

...Ой-қиял менің бақытым,

Оңашада бататын...

Астана, 17.02.200