ВЕРНУТЬСЯ

    Құдіреттің сұсындай боп,

Қас-қабағы жалбырап

Түнергеңде, қорқыныштан

Дір-дір етті тал, құрақ.

Шықпады ма иесінің

Көңілінен бұлт, пақыр...

...Жырта салды. Жер аңсаған

Бал шәрбатын жұтты ақыр.

Бұлт ызақор... Бұлқан-талқан,

Долы ұлдай еңіреп...

Күн көңілшек... Күліп еді,

Жайнап кетті төңірек...

Ақтау. 25.11.04 ж.