ВЕРНУТЬСЯ

   Секілдімін бақытты - бәрі де бар,

(Қол қысқа боп біреулер бәріне зар).

Байлық та бар, бақ та бар, атақ, даңқ,

"Арман жоқ дер" ілінген біріне азар.

Десе біреу "бақытты" келер күлкің,

Ол тұрмайды соғады дүркін-дүркін.

Қалам алсаң, бұл қалай, көңілденіп,

Жасын төгіп тұрады өлең шіркін...