ВЕРНУТЬСЯ

    Аппақ, аппақ аққудың

Ақ мамығын таңдап ап -

Себелесе ақ аспан,

Ғажайып шақ, жанға бап!

Жып-жылы қар, жұп-жұмсақ,

Мейір төккен Көкте кім?

Бал сезімге кенеліп,

Қарық болдым теп-тегін

Дейтін болар көктемде,

Көк-жасыл боп түлесін!

Маңғыстаудың даласы

Алып жатыр үлесін.

Ақ пердесін тұтыңды,

Аспан асты ағарып.

Аққа бәрі бағынған,

Аппақ бәрі тазарып.

Ғажап сезім шарпиды

Жүрек, тіпті сүйекті.

...Кетсе кенет ағартып,

Шіркін, қара ниетті...

Ақтау. 20.01.1995ж.