ВЕРНУТЬСЯ

Биіктік

«Өле берсін күншілдер күйігінде,Өз ғасырым өзімнің иінімде.Ақ жаңбырлар тоздырған тау секілдіМен өлемін өзімнің биігімде..»                                      (Төлеген Айбергенов) Ау, биіктер, зау биіктер, биіктер!Өздеріңмен жаны заңғар, иықты ел.Аспан жаққа алақаным тосайын,Бұлттарыңнан бұлақ суын құйып бер! Оу, биіктер, құлау биік, құзар шың,Жан сырымды жалғыз сендер ұғарсың.Жерқұрт сынды жердің мынау төсіндеТұлғаң Тұран сипатты боп тұрарсың. Уа, биіктер!Көңілім саған тартады,Заман жүгі жаншып бітті арқаны.Тылсымың бар тартатұғын өзіңе,Бас айналар құд

Жаздың ең соңғы күні

Жаздың ең соңғы күні!Жанарыма жас үйірме сен бұлай,Түнермеші, тілеуіңді бергір-ай!Қысқа ғұмыр қиналыспен өтпесін,Кешірімің көп еді ғой, кең Құдай! Ең соңғы күн!Ауыр неткен салмағың!Аяғыңда жанышталды Арманым.«Қолдағай!» деп, қолым жайдым аспанға,Қозғап бүкіл ата-баба әруағын. Соңғы медет тұтарым да сол бүгін,Сорғалаған көз жасын көр сорлының.Қайғыңменен қамырша илеп бейбақты,Қабағыңды түйе берме, соңғы күн! Қарсы алатын қауқарым жоқ қатерді,(Азамат деп санамағын аты ерді).Ең соңғы күн!Еңіретіп бір кездеАрамыздан ап кеткенсің Әкемді.Тағы қысып тасбет тағдыр кісені,Үзілген-ді үмітімнің ішегі.

Асыл әке

                       Сазы: Аманғали НұрдәулетовтікіАсыл әке,Ақ жүзіңді сағындым,Сен кеткелі көңілім – пәс, жаным – мұң.Кете бардың қарамастан артыңа,«Бір көрсем» деп Жаратқанға жалындым.Асыл әке,Қысқа болды-ау ғұмырың,Жүрегімде жаңғырығып жүр үнің.Шағаладай жетім қалған айдынсыз,Шарқ ұрады өзіңді іздеп құлының.Асыл әке,Аппақ еді тілегің,Адамзатқа ашық еді жүрегің.Есіміңді ескерусіз қалдырмас,Тірі болса ұл-қыздарың – тірегің.Сен кеткелі жаз да өтіп, күз келді,Күзбен бірге көңіліме сыз келді.Жатқан жерің жайлы болсын, жан әке,Желеп-жебеп жата бер тек біздерді!                               

Біздің ұрпақ

Біздің ұрпақ – бүгінді көрген ұрпақ,Дүниеге дүбір боп келген ұрпақ,Санатына ерлердің енген ұрпақ.Сапырылысқан сан қилы кезде туып,Садақаға жастығын берген ұрпақ. Біздің ұрпақ – тағыдай тарпаң ұрпақ,Жамалына қарайтын жан таңырқап.Дала мінез, дария, дархан ұрпақ,Екі ғасыр есігін еркін ашқан,Еңкеймеген еліне қалқан ұрпақ. Біздің ұрпақ – атылған асау ұрпақ,(Қарт тарихтың қайла-тіл, қашауын тап!)«Келер ұрпақ, не болар келешегің?»Деп біз үшін кім енді бас ауыртад?! Біздің ұрпақ – сәбидей аңқау ұрпақ,Сәбиіңе сәл бұрыл, қартаң ұрпақ!Мына сіздер секілді мықты ұрпақ бұл,Және сіздер секілді жалтаң ұрп

Ғасыр жайлы ғазал

«..Мен қауіп етіп айтамын:Ақ борықтай иілген,Кейінгі туған баланыңҰстай ма деп білегін,Шая ма деп жүрегін;Шашын-мұртын қойдырып,Ащы суға тойдырып,Бұза ма деп реңін;Адыра қалғыр заманныңМен жаратпаймын сүреңін..»(Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» дастанынан) Уақыт!Мені айырма тірегімнен,Кездерім аз жолыма гүл егілген.Күн өткенге көкірегім қарс айрылар,Күңірене біледі күле білген... ...Түлкі-жанар жымсияр түнегіңнен,Түршігемін түтіккен түр-өңіңнен.Келер ғасыр!Келмей-ақ қойшы бізге,Мен қорқамын сенің сол сүреңіңнен!Мен қорқамын:«Мейірім жоғалар» деп,«Адам жанын әзәзіл аралар» деп.Інілердің ізеті түг

Страницы