ВЕРНУТЬСЯ

«..Мен қауіп етіп айтамын:Ақ борықтай иілген,Кейінгі туған баланыңҰстай ма деп білегін,Шая ма деп жүрегін;Шашын-мұртын қойдырып,Ащы суға тойдырып,Бұза ма деп реңін;Адыра қалғыр заманныңМен жаратпаймын сүреңін..»(Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» дастанынан) Уақыт!Мені айырма тірегімнен,Кездерім аз жолыма гүл егілген.Күн өткенге көкірегім қарс айрылар,Күңірене біледі күле білген... ...Түлкі-жанар жымсияр түнегіңнен,Түршігемін түтіккен түр-өңіңнен.Келер ғасыр!Келмей-ақ қойшы бізге,Мен қорқамын сенің сол сүреңіңнен!Мен қорқамын:«Мейірім жоғалар» деп,«Адам жанын әзәзіл аралар» деп.Інілердің ізеті түгесіліп,Аярлыққа бой ұрар ағалар көп. Мен қорқамын:«Адамдар аза ма» деп,«Заман азып, заңың да тоза ма» деп.«Санасызға жібімей Жер жарықтық,Сазбеттеніп төнер, - деп, - сазара Көк». Мен қорқамын:«Арналар тартылар» деп,«Адамзаттың арманы сарқылар» деп.«Қыздан қылық кетіріп, ұлдан ұят,Пенделердің пейілін тар қылар» деп. Қорқыныштан жүрегім жүз бүктелер,Уменен тең уайым тізбектелер.Мен күтемін сол сәтті –Соры қайнағанПенделерді періште іздеп келер.Мен қорқамын:«Бір зауал жете ме» деп,«Басымыздан бақсыз күн өте ме» деп.Мен қорқамын:«Қазақтың қаны сұйып,Елдің-дағы елдігі кете ме» деп. Мен қорқамын:«Жауыздық жалғасар» деп,«Дарындыны дүмшелер дарға асар» деп.«Қазақстан» дегеннің орнына«Азапстан» деген сөз алмасар» деп. Мен қорқамын:Өз басын даралау көп,«Кете ме, - деп, - кесірлер керенау боп».«Іздегендей түйір дән түмен-құмнанТүк таба алмай түбінде қалам-ау» деп.Қорқамын мен,Қолымнан не келеді?!Қорқау-уақыт бәрін де шегереді.Келер ғасыр!Кетпеші келемеш қып,Төбемізге төңкеріп тегенені! Парықсыз күн зерлемес таңды нұрмен,Пайдаланар сәтіңді сәл бүгілген.Мейірімге шөлдейді мынау ғасыр,Мен жақсылық күтпеймін алғы күннен! Осыны ойлап, әз-жаным күйінеді,Қасіреттен қабағым түйіледі.Жиырма бірінші ғасырға жеткім келмей,Шақырып жүр Жер-бесік жиі мені...1994 жыл, 5 тамыз.Сыңғырлау.