ВЕРНУТЬСЯ

Жамылмаған кез еді жер желегін,Сен маған «Келме» дедің, «Келме» дедің...Содан бері...Ай аунап, апта жылжып... Дүние дөңгеледі.Сезбедің ғой сен деген жүрегімніңКеберсіп еріндері, шөлдегенін. Содан бері...Қаншама көп күн өтті,Сағыныштың салмақты сары бұлтыТүйіліп кеп, түнеріп, төкті-кетті.Аңсау толы шаршаңқы жанарымдыАймалап аңқау самал,Ақ түн өпті.Неге ұмыттың құс-күндер, түс-түндерді?!Егіліппін...Ертеңіме елеуреп ұшқым келді.Беліңнен қылдай нәзік қысып тұрып,Бейнеңді қызыл ала халат кигенҚұдірет құштарлықпен құшқым келді. Сен мені керек етпей,Мен жүрдім меңіреу-хал көбелектей.Дариға-ай, неге қалдым бұл тамұқта,Көзімнен бұл-бұл ұшқан көгілдірлеуЕлесіңе ере кетпей?!1992 жыл, 24 қаңтар.Алматы.