ВЕРНУТЬСЯ

«Ләйлінің сұлулығын сезіну үшін оған тек қана Мәжнүннің көзімен қарау керек».(Халық даналығы) Жұрт сені «менмен» дейді,Сене алмаймын,Жел сөздің жетегіне ере алмаймын.Өзіме жететұғын өрлігім бар,Тәкаппар көкірекке көне алмаймын.Мейлі, жұрт не десе де, о десе де,Мен сені ешкімге де бере алмаймын! «Мінезсіз» дейді сені мына халық,Көңілімде көп пікірі тұрары анық.Дегенмен, өз ойымды өзгертпеймін,Мойыман, мойынымды бұра қалып.Тап сендей таң сипатты, қыз-қылықтыТаппаспын іздесем де шырақ алып.Айта алман «Көңілім бөлек күйге енді» деп,«Елге еріп, сенен көңілім жиренді» деп.Кеудемнен қаншама рет итерсең де,Мен саған қол сілтемен «Мейлі, енді» деп.«Ол сенің теңің емес» деген сөздіӨлшемің ете алмады сүйген жүрек. Ғашықпын саған ғана,                                  саған, жаным,Жауқазын жаны гүлдей ақ арманым.Рас екен «Сүйген жүрек – соқыр» деген,Бойыңнан бір кінәрат таба алмадым.Сан-саққа жүгірткенмен санасыз жұрт,Саған мен тарыдай мін таға алмадым. Өзгеше ләззат алып өнеріңнен,Ту қылып, тұмар етіп келемін мен.Тұнығы лайланбаған көлдей көріп,Тұмадай қанып іштім тереңіңнен.Әйтеуір мені сендей көтеретінЕшкім жоқ екеніне сенемін мен. Көңілі сүйген жанның қала ма екен?!Сезімімді көрге бірге ала кетем.Ешкімнің қолы жетпес еңлікгүлдейШыңдағы шынарыма балап өтем.Мәңгілік Ләйлі сынды дидарыңаМәжнүннің көзіменен қарап өтем!Көз тігіп үмітпенен кешкі күнге,Жас жүрек зарыққан күй кешті мүлде.Сергелдең болған сондай сәттерімдеСен ғана сөйлесетін дос тілінде.Жүгінем жүрегімнің үніне тек,Келмейді басқа ештеңе естігім де! Мен – сенің жұлдыз шашқан жолыңдаймын,Сенсіз өмір – қараңғы,Мойындаймын.Кетсек те жер түбіне жеткізбейтін,Қол ұстасып жүруге қорынбаймын.Жүз жерден лауласа да өсек өрті,Жүрегімнің айтқанын орындаймын. Беу, дүние, нағыз сөзді надан көрген!Арасын арам ойлы адам бөлгенАз ба еді арманда өткен ғашық жандар,Солардың махаббатын маған берген.Өсегін айта берсін өзге халық,Кеселін көріп алдым содан келген.Сен – менің сезімімді қозғап кеткен,Сол шоқтан сөнбес алау маздап кеткен.Айтарын айта берсін ақымақ жұрт,Кесірі кейде тие жаздап кеткен.«Ит үрер, керуен көшер, сенім қалар»Деген бір бұрынғыдан сөз қап кеткен. Жырласам сені таңды таңға ұрып мен,Жан сырым жетер ме екен жаңғырықпен?!«Күлімдеп тұрса екен, - деп, - алдымнан тек»,Күтемін нәркес көңіл, нәрлі үмітпен.Тәңірдің шың басына қойған гүлі,Тәу етіп өтем саған мәңгілік мен!2002 жыл, 1 қазан. Ақтау.         *          *          *Уақыт шіркіннің келе ме күзі,Ұлы соқпақтың көнереді ізі.Мен саған неге байланып қалдым,М... ақсақалдың немере қызы?! Мен сені, қалқам, неге қаладым?!Мейірімімді төге қарадым.Басқа сұлу да аз емес еді,Бақытқа сені неге баладым?! Жүрегің тола ән шығар мүмкін,Жүзіңді көрсем, аршылар бұлтым.Үштаған менен Сам құмдарыныңҰқсастығы да бар шығар мүмкін?! Ақсұңқар-көңіл жүрегі жанып,Аққуын көлдің іледі барып...«Алты жас үлкен аруға ғашықАлаңғасар» деп күледі халық.Өкінген сәтте «Өмір-ай!» дедім,Орындалса ойым, «О, Құдай!» дедім.Талай шықпай қап шақырған сәтте,Талқан қылдың ғой көңіл әйнегін. Демеймін саған:«Жәй, бекер едің»,Төбеме сені Ай көтеремін.Біреудің жарын құлай сүюдіңБілмеппін артық қайғы әкелерін. Ашығын айтсам, оғаш па, қалқам?!Алдағы күнге бал ашпа, қалқам.Сені сүюдің азап екенінСезбедім, рас, о баста, қалқам. Құдірет-өрттей құшағыма алып,Құлын мүшеңді құшамын барып.Жарының асау, арда жүрегінЖаңайдың қызы, тұсадың анық.Ұғынтса уақыт бәрі бекерін,Неғып мен енді налып өтемін?!Жарығым менің,Сен сезіндірдіңЖар төсегінің жалын екенін. Теңіз-сезімнің тегін ұқтырдың,Кеудеңе жыр боп төгіліп кірдім.Қатал жүрегіңді мен жібіттім де,Қамсыз күлкімді сен ұмыттырдың. Көңіліме күлкің лағылша қонды,Табады жүрек жаңылса жолды.Тек менің кейде тентек нөсерімдіТежейтін күшің табылса болды...2002 жыл, 6 қазан.Ақтау.           *          *          *«Антыма, - деуші ем, - берікпін»,Аяқ астынан желіктім.«Кек аламын» деп өзіңнен,Кемақыл-ойға еріппін. Таңдаған жаным таз болды,Табалап дұшпан, мәз болды.«Еркекпін» қанша десем де,Ерік-жігерім аз болды. Адасқан тағдыр – қорлық-ау,Айырылған алдан жол мынау.Айдаладағы біреугеАйырбастағандай болдым-ау. Жоқ еттім бәрін, жоқ еттім,Жолым да бүгін бөлекпін.Аяққа таптап арыңды,Асыл сезіміңді қор еттім.«Мазақ қып мені көп күнге,Мақсатқа, - дейсің, - жеттің бе?!».Шынымды айтсам, шынарым,Ондай бір ойым жоқ мүлде. Дидарың ұқсап шоқ гүлге,Диуана мені еттің де;Қаратып алып өзіңе,Қайтадан жеріп кеттің бе?! Сырымды терең ұғарсың,Сыңсып бір сосын жыларсың.Қызғаншағым-ау кішкентай,Қия алмайтұғын шығарсың. Елдің сөзіне ермеймін,Ешкімге сені бермеймін.«Санамнан мәңгі сүртемін»Деген сөзіңе сенбеймін.Өзің едің ғой ақ арман,Өшпеуге мәңгі жаралған.Сен ұмытсаң да, жарығым,Мен өшіре алман санамнан! Жақсы көрсе, адам шын айтар,Жан сырым талай мұңайтар.«Жаным-ау, көкем!» деп мағанЖарығым, енді кім айтар?! Сен болып қана атар күн,Сен болып қана батар күн.«Көкем-ау!» деген сөзіңдіКөрімде де естіп жатармын. Мен ұмытар деп еш күтпе,Қоя алмаймын мен еш нүкте.Ұмытылмайды ол сәттер,Ұмытылар күндер кештік пе?!Әуендей еді-ау әр үнің,Дариядай еді-ау дарының.Жазылмай кеткен дастаным,Жаңылмай тапқан жарығым! Жыраққа жетер жыр-үнім,Жығылтқан асау қыр ұлын.Қана алмай кеткен тұнығым,Тоя алмай кеткен шырыным. Бір адамдай билігің,Мың адамдай сыйлығың.Қызыл тілде жүйрігім,Қызғалдақтай сүйрігім. Топ ішінде тұйғыным,Қылыш мінез қиғырым.Пенделерге қор болды-ауПеріштедей пиғылың.Ақылыңды айтып ақынға,Лапылда, жаным, лапылда!Өмірге өрт боп келдің сен,Бар оған және хақың да! Асылтас сынды атың да,Ақ алмас сынды затың да.Қайрат бар сенде –БітпегенҚазақта ешбір қатынға. Түрегел, жаным, түрегел,Жүрегіңе гүл өнер.Түн түндігін көтеріп,Күн келерін біле бер! Жасын түскендей жай күнім,Аяқ астынан айныдым.Кеше алсаң мені, кеш, қалқам,Кейіндеу қалсын қайғы-мұң.Ал енді бүгін бекер, кеш,Алдыңда кінәм өтелмес.Жасаған мынау күнәмдіЖан баласы да көтермес. Шаттық пен қайғы – жүгендес,Шамырқансаң да, түк өнбес.Көңілің енді жібімес,Көз жасың мені жібермес! Қайткенде бұлтты сөгілтем,Қабарған мұңды сейілтем?!Қара жер сынды қайғыңдыҚайткенде, жаным, жеңілтем?! Тәңірім неге көрмеді,Тәрк етіп сені, жерледі.Талантыңды мол ғып бергенше,Тағдырыңды кең ғып бермеді?!Өмірдің қиын жалғаны,Өкініш болып қалғаны.Орындалмайды екен ғойАдамның ешбір арманы. Аспанымды бұлт торлады,Айықпас қайғы орнады......Теңгермен сені ешкімге,Тек соны білсең, болғаны...2003 жыл, 19 қаңтар.Ақтау.               *            *          *Бақытты күндердің бәрі артта қалды,Мәңгілік не бар өмірде?!Бергенін өзі Жаратқан алды,Қоштасар сәтім келді ғой, күнім, менің де,Езіліп босқа, егілме! Бергенін өзі алатын ҚұдайТағы да бермес деймісің?!Тауқыметті басқа салатын ҚұдайКөз жасты көрмес деймісің?! Бұғалық білмес бұла күндердіБура-бұлт басты көмескі.Айқайлап тұрып жылағым келді,Амал не, қатын емеспін. Қуаныш нұрын құйып ек, сәулем,Көздерден сөздер төгіліп.Қоштасу қандай қиын ед, сәулем,Қабырғам қалды сөгіліп.Үніңмен мені үйіріп едің,Сен барда таумен теңестім.Ең ұлы сенің биігің едім,Енді мен...Ешкім емеспін. Тірегің санап тірлікте жалғыз,Тіредің маған арқаңды.Жылы сезім мен жыр күткен Ән-қыз,Шалқыған пейілің шалқар-ды. Әз-жүрегіңнен қала-далағаӘн емес, енді қан тамды.Қайыру көрмеген қара бала даҚара арғымақты қаңтарды. Есер жел қуған ебелек пе едім,Ерте айрылған басымнан?!Көрсоқыр, көзсіз көбелек пе едім,Көрінген жанға бас ұрған?!Өкінем –Сонша керемет пе едім,Шартарапқа аты шашылған?!Садаға болып неге кетпедімКөзіңнен аққан жасыңнан?! «Қасірет» деген қандауыр көрсе,Қан жылап жүрек, қансырап;Жалғыз қалудан бар ма ауыр нәрсеЖанардан жасы тамшылап?! Өзің де шыдап зорға отыр едің,Сызатты көңіл сынды ақыр.Түзелу білмес өр көкірегімТүбіме жетіп тынды ақыр...2003 жыл, 22 қыркүйек.Ақтау.                                               *          *          *«Бірімен-бірі мәңгілік тоғыспайтын, бірақ ажырап та кетпейтін, бір қадамдай жерден бір-біріне үздіге қарап, өмір-бақи қатар жүріп отыратын, қосылмайтұғын қос рельс секілді біздің ғұмырымыз».(Күнделіктен. 08.Х.2002 ж.)Білмеймін –Өкініш пе, аңсау ма не,Бір сезім түсірді осы қанша әуреге.Ақ қағаз, қара қалам, айналайын,Жеткізші жан сырымды жан сәулеме. Күтсем де күндей жүзін гүл-ертеңнің,Күңіреніп, жүрегімнен жыр өртермін.Мейлі ғой, менсіз де таң атар саған,Мен бірақ осы жолы тірі өртендім.Өлі мен тірінің тек ортасындаСенсіз де бірдеңе қып күнелтермін.«Махаббат» деген бейбақ сәби ғанаҚалады-ау жылап босқа күні ертең күн. Аралап біраз арман айтақырын,Алады жүрек сосын қайта тыным.Кезінде маған айтқан сөздеріңдіБатады басқа жанға айтатының.Талқандап жіберердей тас қамалдыЖанымда жабырқау күй басталар-ды.Асылған мойыныма ақ білегіңҚұдай-ай, құшақтайды-ау басқа адамды! Құмар қып, құлақкесті құлынша ертіп,«Басқаны бағындыру» күйін шертіп;Жан көкем, жаутаңдайды-ау жанарларың,Өзгеге ынтызарлық сырын шертіп. Тұмантып тұла бойың, тұсалып ой,Өзге қол омырауыңды қысады ғой.Бәрінен,Бәрінен де гүл-ерініңБал сыйлап, басқа жанды құшады ғой. Қалайша сезіп бәрін, тірі жүремін,Не деген ез боп туған былжыр едім?!Ойласам осылардың бәрін, жаным,Суынып кетеді ғой сұм жүрегім.Өмірде жаза бастым, бос секеңдеп,«Көңілге көктегіні көксетем» деп.Басқаға бәрін сыйға берсең-дағы,Жүрегің жалғыз мен деп соқса екен тек!2003 жыл, 22 қыркүйек.Ақтау.                                                        *          *          *«Әйелге сенсең де – ұтыласың, сенбесең де – ұтыласың. Сенбесең – әйел кешпейді, ал сенсең – алдай бастайды».(Ғабит Мүсірепов)Ішіңе түскен ащы іріткі сындыБүктелтіп, бір уайым бүк түсірді.Мен – сенсіз, сенің – менсіз тұра алмасынБіз түгілі, былайғы жұрт түсінді.Араға қырық төрт күн салып келгенЖүздесу жүрегіме жүк түсірді.Қызғаныш – қызыл азу жолбарысым,Қалайша жүгендеймін жыртқышымды?! Көркіңді көзбен сұлу мүсіндесем,Сымбатың сымдай түзу пішінде сен;Құтыртып нәпсі құртын өзгелердің,Құмарсың жұрт көзіне түсуге сен.Бақыт-құс баяғыда қонар еді-ау –                          Бағаңды басқаларға түсірмесең.Қаншама ескерткенмен, ем болмады,Қайтейін, қателігіңді түсінбесең?!Аққудай айдындағы кербездендің,Күн шыға көлеңкеңді көлде іздермін.Емін кім табушы еді екі дүниеде,Есінен айрылып, ел кезгеннің?!Мен де сол – «ғашықпын» деп ғазал жазып,Жетесіз диуанадай жер кезгенмін.Ақыры салқын ой мен сабыр жеңді,Бұл күнде сен де өзгердің, мен де өзгердім. Бұлақтай жылап аққан жылғадағыЖанымда жалғыз шыбық ырғалады.Құдай-ау,Күткен күндер қайда қалды«Кешікпей кеп қалар, - деп, - бір хабары»?!Жолыңнан жаңылыстың –СуретшідейҚолынан ұшып түскен қылқаламы.Қамыққан сәтіңде сол, қалқам, сеніңЖас-тамшы жанарыңнан сырғанады.Жандарын ғашықтардың ғарыш күтпек,Арманын аялаумен бар іс бітпек.Арада қаншама күн өтсе-дағы,Айтпаймын «Бақыт құшып, бал іштік» деп.Екеуміз бір алыстап, бір жақындап,Антұрған алуан оймен алыстық көп.Қанбаған қайғы уына қасқалардай,Таңғалам «Сол шәрбаттан тағы іштік» деп.«Көрмесе, тұра алмайтын сезім қайда,Ендеше, неге біздер табыстық?!» деп. Көңілім қиялменен көріп көкті,Өмірін өзгелердің көрікті етті.Қаншама мен тұрақсыз болсам-дағы,«Сен олай етпейді» деп сеніп кепті.Кеудеме бір күмәнді ой еніп кетті,Жанымды күдік кеулеп, жеріп кетті.Жүрегім – жүз қыздан да артық көргенШыдамай бұл сыныңа, өліп кетті.Аттамау керек еді ардан, жаным,                                Көз сүзіп көне берсең, бөрік көп-ті.Қаншама «шыдамдымын» десең-дағы,Қайтейін, әйелдігің жеңіп кетті.Ебідей ерке желі есіп алдан,Тірлікте талайлардың көші қалған.Құмарлық құс-жастықты құшақтатып,Қу нәпсі талайлардың есін алған.Сен де сол көптің бірі болып қалдың,Аңдамай ар көйлегін шешіп алған.Немесе семсер білек секілдісіңЖарасын тырнаймын деп тесіп алған.Өкініш өртеп сосын өзегіңді,Бармағын байқаусызда кесіп алған.Мейлі, сен не десең де, о десең де,Мен сені осы жолы кешіре алман! «Сүйем» деп өзіңді-өзің босқа алдадың,Сөйттің де, болашақты бос қармадың.Жеңілтек ойларыңның жетегіменЖелпініп, кемел ойды кеш қолдадың.«Серігім болады» деп сенген едім,Сен маған сезімге адал дос болмадың.Ендігі тіршілікте мағына жоқ,Егілмей, айрылысалық,Қош бол, жаным!2004 жыл, 8 сәуір. Ақтау.                     *       *       *Мен сенен бәрібір де кете алмадым,Жат қыздың жанын мекен ете алмадым.«Басқаға басы бүтін берілдім» деп,Өзімді-өзім, қалқам, өте алдадым.Аттағым келгенімен ала жіпті,Сезімнің шебін бұзып өте алмадым.Ән қылып өмір бойы өтетұғынМәңгілік мені Мәжнүн ет, ардағым!.........................................................................Мен саған кетпестей боп кісенделдім...2004 жыл, 13 сәуір.Ақтау.                         *           *          *Көш кеткен жұртта қалғандай көңілім құлазып,Жалғызсырап жүрмін, жаным-ау, білесің бе сен?!Адам біткеннің бәріне Сенімім жүр азып,Жайқалған бағым – жалаңаш, күл толы күресін – көшем.                                    Түңілтсе-дағы тіршілік түніне құрсап,Бақытқа байғұс адамзат тоймайсың да екен.Күңіреніп жүрген жанымды күлдіріп,Күніне бір сәт,Бір мәрте болсын мен жайлы ойлайсың ба екен?! Теңіздей шалқар сезіммен тереңдік үндес,Жағаға ұрып толқындар жаныңда, көкем, шулады ма екен?!Еске алу, шаршау, сағыну, аңсау дегенді білмесЕш қайғысы жоқ есуас, есек боп неге тумадым екен?! Жанарға тұнды жас болып, жарығым, жанымдағы шық,Сарыуайым жеп, сандалған ғашықтың санасы өзгерді.Жүректің қабы жарылып, тәнімнің тамырлары ісіп,Арнаға сыймай жырларым, ақ өлең, қара сөз болды.Білемін, жаным, емесін саған да оңай,Біз осы соны Тәңірден тіледі дейсің бе?!Алапат сезім ақылды ап, айдайды аранға қарай,Адасқан жүрек ақ жолды ап-айқын біледі дейсің бе?! Қара түндерді қамыт қып, қаншама қажып ақ таңда,Жартыкеш тірлік кешкенше, жалын боп жанып кетсем ғой.Ақ қағазыңды алдыңа ап, жазып жатқандаҚалам ұшына оралып, қайғы боп тамып кетсем ғой...2004 жыл, 11 маусым.Ақтау.