ВЕРНУТЬСЯ

«Айдыныңнан аққу ұшып, қаз қонып»,Алдағанға асыр салдық мәз болып.«Аһаһаулап», ал билейік кіл жынды,Ала құйқаң ағарғанша таз болып. Мәнсіз көзбен қарайды Арым өшіге:«Мәңгүрт өңшең, мәз боласың несіне?!Лақпа кілең, турап-турап туыңды,Лақтырар ма ем тұл даламның төсіне?!». «Қарама олай қантүленген пішінде,Мен жоқпын ғой ол тобырдың ішінде.Кешір, Арым, кейбір пасық ісімді,«Кері кеттің» деп, еңсеңді тым түсірме!».Дей беріп ем...Қанға көңілі қаталап,Жақ отымды жарқ еткізді шапалақ.Ұнамсыз түс ұйығына батырмай,Ұйқым қашып, жылап тұрдым «Папалап». Қанжауғырдың қаталын-ай!..Жай атты...Жаным тағы жеді солай таяқты.Мәңгілікке қалар ма едім мәңгіріп,Өлі ұйқымнан Өлең түртіп оятты.1992 жыл, 14 наурыз.Алматы.