ВЕРНУТЬСЯ

«Дүние-ай!» деймін –Дүниенің бәрін сол сөзгеСыйғызып жіберердей сызданып өңім, шіреніп.Пенденің бәрі қазіргісінен болса өзге,Тұрар еді әлем түнеріп емес, нұр еміп. «Арман-ай!» деймін –Армандарымның баршасынАспан-көкпенен астастырып-ақ тастардай.Дегендей Дүние: «Сағымды қуып, шаршасын»,Демімді бастым.Бар жолым қалды басталмай. «Жалған-ай!» деймін –Жалғанның жалған екенінЖаңалық етіп жариялағандай жаңа мен.Сайқал-дүние көтеріп қашып етегін,Алдамшы бояу жағып алыпты ақ әлем.«Құдай-ай!» деймін –Құдайды көзім көргендей,Құрғыр жанарды «Құс жолы» жаққа ұзатып.Тәңір-ай, сені тәрк етіп кетті-ау пендең кей,Кімнің көз жасы – кірпігіме ілінген мұз-ақық?! «Өмір-ай!» деймін –Өмірге жаңа келгендей,Өзімнің өртті деміме өзім тұншығып....Енді ойласам кеп,Ем қонбай және емделмей,Науқасы асқынған нас дүние екен ғой Тіршілік...1992 жыл, 20 ақпан.Алматы.