ВЕРНУТЬСЯ

Сазы: Алтынбек Сарғожаевтікі. Көргеннен ғашық болып,Көңілім бекінді шын.Пейілім тасып-толып,Періштем секілдісің.       Қайырмасы:Қалқатай, арманымсың,Қол жетпес ардағымсың.Көлдегі аққуымсың,Көктегі заңғарымсың.Алысқа самғарымсың,Арайлы таңдарымсың,Аяулы ән-бағымсың.Өзіңді іздеумененӨлкені шарладым шын.Өмірде жолың болып,Ойдағың оңғарылсын!Жарқ еткен жанарыңнанЖаныма гүл егілді.Айналдым қабағыңнан,Жауладың жүрегімді.      Қайырмасы.Жұпардай тәтті лебіңБаурады көңілімді.Өзіңе ақ тілегім:Нұрлы етсін өміріңді!        Қайырмасы.Бір сен деп күйген жаным,Ғажайып арман-әнім.Өмірлік сүйген жарым,Өзіңсің таңдағаным.        Қайырмасы.2009 жыл, 29 қараша, 15 желтоқсан.Ақтау.