ВЕРНУТЬСЯ

                       (атеистік өлең)Талай тағдыр шырқ үйірілген тар шеңбердің ішіндеТаланыңа жазған сый бар.Түсін, мейлі, түсінбе.Айналыстан шықпайтұғын ақсақ, соқыр ЖАН барда«АДАМ – ПЕНДЕ» деген сөзге, айналайын, таңғалма! Маңып келем: жүрегіме жүк қып артқан мұңым бар,Маңдайымда – қан тамыр боп жамырасқан бұлақтар.Екі дәмді, ей, ТІРШІЛІК: бірің – тұз да, бірің – бал,Сенен әбден жеріп біттім...ҚҰДАЙ!Сізге сұрақ бар: Салмағымен сансыратып, атан нарды құлатар,Ауыр-ауыр қылмысыңды артатұғын жоқ па есек?!Менің мынау қанға батқан қолдарыммен КҮНӘҺАРОйландың ба бір сәт болсын «Отырмын, - деп, - от көсеп»?!Сен емес пе шығарған да ләукун-махфуз тақтаны,*Сендірдің ғой «ЖАЗМЫШ» яки «ПЕШЕНЕ» деп айдарлап.Шахматыңның тасы болса шаттығымның шақпағы,Қақ басымнан теппей қайтсін қаңғып жүрген қайран бақ?! Бір шындық бар айнымайтын ақырзаман болса да:Біздің бүткіл қыбырымыз – ҚҰДІРЕТТІҢ қолында.Біз – тек қана ҚҰЛДАРЫМЫЗ қошеметтер қол соға,Қылығыңа сай сыйың бар – бағың ба, әлде сорың ба?! Ал, ендеше, АХИРЕТТЕ атып шығып алдымнан,Айыптайсың неге мені, АР-ТАРАЗЫ дайындап?!БЕС КҮН ТІРЛІК – белгім ғой ол жер бетінде қалдырған,Бекер шөгіп кетпес пе едім, у ішсем тек уайымдап?!___________________________________________*Ләукун-махфуз – діни наным-сенім бойынша, адамның тағдыры алдын-ала жазылып қоятын тақта.Мүмкіндік жоқ ақталатын АҚТЫҚ СӨЗДІ айтуға –МҮҢКІР-НӘҢКІР – жарты Құдай жалаңдатар қылышын.Қаһарман боп қарсы сөйлеп, қайрат қылар қай тұлға,Қатар қойдың СЕН дүниенің ұлысын да, ұрысын. Жоқ, ЖАРАТҚАН!Жерінші өзің жоба-дәстүр, жолыңнан,Ғаділдіктің ақ жолында қанша ғазиз көз жұмды!Соның бәрі – Сенің жалғыз сермеп қалған қолыңнан,Сорлылардың күнәсі үшін СОТТАУ КЕРЕК ӨЗІҢДІ! ...Өз ойымнан өзім шошып, өзіме-өзім қосылмай, Өлең-жырдан өрген күміс тұсау салар Сезімге Ой.Кей кездерде ойға қалам осындай да-осындай,КЕШІР, ТӘҢІР!..Бұл сөздерді айтқызған да – ӨЗІҢ ғой...1992 жыл, 25 сәуір.Алматы.