ВЕРНУТЬСЯ

Обалына қалған талай жас тәнніңО баста мен қара түннен қашқанмын.Жыпырлаған жұлдыз толды көзіме,Түнегіне қарай-қарай аспанның. Қара маған –«Бізге де от бергей!» деп,Маңғазсынба,Маған десең, көрмей кет!Жүрегімде жұлдыз жаққан сөнбейді от...Аспанымнан құлаған сол ақ жұлдызМаңдайыма жарасса ғой меңдей боп. Жаз-мекенім – жалпақ жаһан Жер еді,Ғалам мынау – ғарыш Көктің сенегі.Жанарымды жұлдыздарға толтырып,Жалғыз өзім кезіп кеткім келеді.Көк-Тәңірі көкірегімнен теппеді,Жер-Жаратқан: «Жетесіз ұл, кет!» - деді.Өз көзіме жұлдыз іздеп жүргенде,Өшіп қалды жұлдыз біткен көктегі. Мұнарамды Мұңалжармен мұңдасқанМұндар пенде қор қылды елең қылмастан.Жанарымнан жай ұшыра жалт еткенЖұлдызымды жұтып жатты түнгі аспан...1991 жыл, 7 желтоқсан.Алматы.