ВЕРНУТЬСЯ

Жетіқарақшы, Темірқазық, ҮркерденБасқа жұлдыз танымайтын бала едік.Бата алдық та Үркерден де Үлкеннен,Көп жұлдызым сала берді көнеріп. Ашатаяқ «А»-дан өзге қаріпті«Таяқ-ау» деп танымайтын тас ми ек.Арқасында қырық екі әріптіңҚыздарға да хат жаздық қой бас сүйеп. Кері бетін көрсетеді кей өңір,Жазира-жер жайқалтпастан желегін......Қырық екі қыртысыңды,Ей, өмір,Оңдырып бір оқи алмай келемін1992 жыл, 14 наурыз.Алматы.